Информатика 9 сынып КМЖ ҚМЖ КТЖ Қысқа мерзімдік жоспарлау Күнтізбелік тақырыптық жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар

Бөлімдер Тақырыптар Сағат саны
Ақпаратпен жұмыс жасау §1 §1.1. Ақпараттың сипаттары 1
§2 §1.2. Құжаттармен бірлесіп жұмыс жасау 1
§3 §1.3. Google drive-та құжатты бірлесіп жұмыс істеу
қызметін пайдалану 1
§4 §1.4. Желілік этикет 1
Компьютер таңдаймыз §5 §2.1. Компьютердің конфигурациясы 1
§6 § 2.2. Программалық қамтамасыз етуді таңдау 1
§7 §2.3. Компьютер құнын есептеу 1
Шығармашылық практикалық жұмыс 1
Тоқсандық жиынтық бағалау

Деректер базасы §8 §3.1. Деректер базасы 1
§9 §3.2. Электрондық кестеде деректер базасын құру 1
§10 §3.3. Ақпаратты іздеу әдістері 1
§11 §3.4. Деректерді сұрыптау 1
§12 §3.5. Деректерді сүзгілеу 1
§13 §3.6. Деректерді кеңейтілген сүзгі арқылы іріктеу 1
§14 §3.7. Деректер базасымен жұмыс 1
§15 §3.8. Деректер базасымен жұмыс 1
Тоқсандық жиынтық бағалау

Python программалау тілінде алгоритмдерді программалау §16 §4.1. Бірөлшемді массив 1
§17 §4.2. Бірөлшемді массивте деректерді енгізу және
шығару 1
§18 4.3. Белгіленген сипаттары бар элементті іздеу 1
§19 § 4.4. Бірөлшемді массивтер. Практикалық жұмыс 1
§20 §4.5. Элементтердің орнын ауыстыру 1
§21 §4.6. Сұрыптау 1
§22 §4.7. Элементті өшіру және кірістіру 1
§23 §4.8. Екіөлшемді массив 1
§24 §4.9. Екіөлшемді массивті сұрыптау, жолды өшіру 1
§25 §4.10. Бірөлшемді және екіөлшемді массивтерге
арналған шығармашылық-практикалық жұмыс 1
Тоқсандық жиынтық бағалау

Python программалау тілінде 2D ойынын құру §26 §5.1. PyGame кітапханасы 1
§27 §5.2. Артқы фон мен ойын кейіпкерлері 1
§28 §5.3. Ойын кейіпкерлерін таңдау 1
§29 §5.4. Кейіпкерлерді анимациялау 1
§30 §5.5. Кейіпкерді пернетақтадан басқару 1
§31 §5.6. Спрайттар соқтығысуын анықтау 1
§32 §5.7. Шарттарды программалау («Футболшы»
ойыны) 1
Тоқсандық жиынтық бағалау 1
Барлығы 34

Қысқа мерзімді жоспар

1-бөлім. Ақпаратпен жұмыс

Оқушылар:

1-сабақ
1.1. Ақпараттың сипаттары

Ақпараттың өзектілігін, құндылығын, анық және нақтылығын анықтау жолдарын үйренеді.
Тақырып: Ақпараттың сипаттары Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары 9.2.1.1- ақпараттың қасиеттерін анықтау (өзектілігі, нақтылығы, анықтығы, құндылығы және тағыбасқа)
9.4.1.1 — компьютерді ұзақ уақыт бойы қолдануға байланысты қауіптерді сынап бағалау
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар үшін:
Ақпарат ұғымы мен түрлерін анықтау.
Көптеген оқушылар үшін:
Ақпарат қасиеттерін салыстыру.
Кейбір оқушылар үшін:
Ақпарат қасиеттерін анықтаудың қажеттілігін түсіндіру.

Бағалау критерийі 1. Ақпарат ұғымы мен түрлерінанықтайды.
2. Ақпарат қасиеттерін салыстырады.
3. Ақпарат қасиеттерін анықтаудың қажеттілігінтүсіндіреді.
Құндылықтарға баулу «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын жүзеге асыру. Топта бірлесіп жұмыс жасау, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдау, сыйлау.
Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады:
Ақпарат қасиеттерін анықтаудың қажеттілігін.
Пәндік лексика және терминология:
Ақпарат-информация-information, ақпарат көзі-источник информации-the source of information, көру-видеть-to see, сезу- чувствовать-feeling, есту-слышать-hearing, сенімді-надежный-reliable, толық-полный-complete, өзекті-актуальный-actual, құндылық- ценность-value, объективті-объективный-objectively, түсінікті- понятный-understanding.
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Талқылау:
— ақпарат адам үшін қаншалықтымаңызды?
-ақпарат қандай түрде болуы мүмкін?
— ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер?
Жазу:
Ақпараттың қасиеттерін жазыңдар.

Пәнаралық байланыс
Физика пәні бойынша ақпараттың сигнал, дыбыс түрінде алынатыны қолданылады, дыбыс бөлімі.
Тірек білім, білік,
дағдылар Ақпараттың сипаттары.
Жоспар
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Қосымша ресурстар
Басталуы
3 мин

4 мин Ой сергіту жаттығуы: «Телефон» ойыны.
Оқушылар екі қатар болып тұрады. Мұғалім бірінші топтың топбасшысына «Сабақ болмайды» деп, ал екінші топтың топбасшысына «Ертең сағат 10:30-да сабақ болмайды» деп сыбырлайды. Топбасшысы келесі оқушыға сыбырлап айтады, соңғы оқушыға жеткенде оқушы ақпаратты дауыстап айтады. Мұғалім оқушылардан айтылған екі ақпараттың қандай ұқсастығы және айырмашылығы бар екенін сұрайды.
Оқушылар пікірлерін айтады.
Жаңа топ құру: «Мозаика».
-берілген мақал-мәтелдердің қиындыларын құрастыру арқылы топтарға бірігеді:
1. «Мың рет естігенше, бір реткөр».
2. «Еңбегі аздың, өнбегі аз». 3. «Ағаш айғайғакұламайды».
Кестемен жұмыс: Оқушылар кестеге білетіндерінжазады.

Оқу мақсатын таныстыру, оқушылардың қажеттілігінанықтау. Телефон

А4 парағы
Негізгі бөлім
3 мин Миға шабуыл сұрақтарымен жұмыс жасау.
 Ақпарат дегеніміз не?
 Ақпаратты қабылдаудың қандай түрлерібар?
 Ақпараттың адам өміріндегі маңызы жайлы неайтуға болады?

Оқулықпен жұмыс:Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды. (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).

Практикалық тапсырмалар:
1. Өзің ақпарат алатын дереккөздердің тізімінкөрсет.
2. Қызметтің негізгі түрі ақпаратпен жұмыс істеуге болатын мамандықтар тізімін жаса.
3. Өзің ақпарат көзі, ақпарат алушы болатын жағдайлар туралы мысалдаркелтір.
4. Кешке қарай, сабақтан қайтқан кезде, сыныптасың күтпеген жерден қоңырау шалып, ертеңгі сабақ кестесі өзгертілгенін ескертті. Сыныптасың саған жаңа сабақ кестесін берді. Бұл ақпаратта сен үшін қандай қасиеттер бар? (Сенімділік, толық, өзекті, құнды, түсінікті, объективті.)

3 мин Оқулық Bilimland.kz

5 мин

5 мин

5 мин

4мин

1мин

ДескрипторАқпарат көзін анықтайды. Ақпарат қасиеттерінсалыстырады.

Топтық жұмыс:
Ақпараттың барлық қасиеттері маңызды десекте, әртүрлі мамандық иелері үшін осы қасиеттердің бірі басқаларына қарағанда айрықша маңыздылыққа ие болады. Мысалы, журналист үшін бірінші кезекте ақпараттың өзектілігі маңызды. Әрбір мамандық иесі үшін ақпараттың қай қасиеті ерекше маңызды екеніне талдау жасаңдар.
Дескриптор
Ақпарат қасиеттерін анықтайды. Ақпарат қасиеттерін салыстырады. Жұптық жұмыс:
Ақпараттың әрбір қасиетіне күнделікті өмірден алынған бір- бірден дәлелді мысал дайындап, ұсыныңдар.
Дескриптор
Ақпарат қасиеттерін өмірде қолданады.
Жеке жұмыс
Компьютермен жұмыс істеудің зиянды жақтарын ескеріп, өзің үшін комьютерде денсаулығына кері әсер етпейтіндей жұмыс істеу ережесін құрастыр. Құрастырған ережең денсаулығынды қорғауға қаншалықты көмектесетінін бағала.
Дескриптор
Компьютермен жұмыс істеудің зияндық жақтарынан қорғанудың маңыздылығын тұжырымдайды Бағалау
Бағалау шкала әдісі бойынша жүреді. Топбасшы тапсырмаларды орындауына байланысты жасыл, сары, қызыл
түстермен ұяшықтарды бояйды.
№ Аты-жөні Топтық
жұмыс Жұптық
жұмыс Жеке
жұмыс
1.
2.
3.
4.
Аяқталуы
5 мин

1. Ақпараттың қандай түрлерібар?
2. Ақпараттың қандай қасиеттерінбілесің?
3. Ақпаратты адам қай сезім мүшесімен ең көп қабылдайды?
4. Тарихи ақпараттың қандай қасиеттерінайтуға болады?
5. Ақпараттың өзектілігіне қандай мысалдаркелтіруге болады? Оқулық
Рефлексия
1 мин — сабақтағы көңіл күйім қандайболды?
— бүгін қандай ақпарат алдым?
— алған ақпаратты кімдермен бөлісемін?
Үй тапсыр- масы
1мин Шағын мақала дайындап келу: Адамның ақпараттық іс-әрекеті.
Әртүрлі салалардағы ақпаратпен жұмыс.

Оқушылар:

2-сабақ
§1.2. Құжаттармен бірлесіп жұмыс жасау

 Интернет қызметтерін қолдана отырып, құжаттарды құру, өзгерту және қарастыруда бірлесе жұмыс істеуде бұлтты технологияментанысады.

Тақырып: Құжаттармен бірлесіп жұмыс жасау Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқыту мақсаттары 9.1.3.1- интернет қызметтерін қолдана отырып, құжаттарды құру, өзгерту және қарастыруда бірлесе жұмыс істеу (мысалы, жұмыстарды
веб-серверге – бұлттық есептеулерге, блогтарға, Уикипедияға жүктеу).
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар үшін:
Бұлттық технология ұғымы мен түрлерін анықтау.
Көптеген оқушылар үшін:
Бұлттық технологияның артықшылығы мен кемшілігін салыстыру.
Кейбір оқушылар үшін:
Бұлттық технологияны қолданудың маңыздылығын түсіндіріп, тұжырымжасау.

Бағалау критерийі 1. Бұлттық технология ұғымы мен түрлерінанықтайды.
2. Бұлттық технологияның артықшылығы менкемшілігін салыстырады.
3. Бұлтты технологияны қолданудың маңыздылығынтүсіндіріп, тұжырымжасайды.
Құндылықтарға баулу «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын жүзеге асыру. Топта бірлесіп жұмыс жасау, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдау, сыйлау.
Тілдік мақсаттар Пәндік лексика және терминология:
Бұлттық технология-облачная технология-cloud technology, есептеу — вычисление-computing, жеке бұлттар-частные облака-private clouds, ортақ бұлттар-общие облака-public clouds, аралас бұлттар-смешанные облака-mixed clouds, қоғамдық бұлттар-общественные облака-public clouds, бұлттық қосымшалар-облачные приложения-cloud applications, бұлттық қойма-облачное хранилище-cloud storage.
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Талқылау:
 Бүгінгі таңда деректерді жойылып кетуден сақтаудыңқандай сенімді әдістерін білесің?
 Үнемі қолданбалы программалардың жаңа нұсқаларын және соңғы үлгідегі компьютерлер сатып алуға кететін шығынды азайтудың қандай әдістеріненхабардарсың?
 Өзіңе қатысты деректеріңді әлемнің кез келген түкпірінде өңдеудің қандай мүмкіндіктерібар?

Жазу:
Есептегіш бұлттардың мақсатына қарай бөліну түрлерін жазыңдар. Бұлттық технологияның артықшылығы мен кемшілігін жазыңдар.
Пәнаралық байланыс
Ағылшын, орыс тіліндегі сөздер қолданылады.
Тірек білім, білік, дағдылар Бұлттық технология. Құжаттармен бірлесіп жұмыс жасау.
Жоспар
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Қосымша ресурстар
Басталуы
3мин

5мин

Ой сергіту жаттығуы және топ құру:
«Атомдар мен молекулалар» ойыны.
Мұғалім «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке- дара жүреді де, «молекулалар бесеуден» немесе
«молекулалар үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады.
Үй тапсырмасы
«Мен саған, сен маған» әдісі
Оқушылар өткен сабақта берілген зерттеу жұмыстарын жұптасып бір-бірлеріне түсіндіріп береді.
Ауызша мадақтау, ынталандыру

Оқушы дәптерімен жұмыс
Негізгі бөлім
3мин

5мин

3мин

Ой қозғау сұрақтары:

 Бүгінгі таңда деректерді жойылып кетуден сақтаудың қандай сенімді әдістерінбілесің?
 Үнемі қолданбалы программалардың жаңа нұсқаларын және соңғы үлгідегі компьютерлер сатып алуға кететін шығынды азайтудың қандай әдістеріненхабардарсың?
 Өзіңнің деректеріңді әлемнің кез келген түкпірінде өңдеудің қандай мүмкіндіктерібар?

Оқулықпен жұмыс
Тақырыптың тапсырмасын орындайды. Оқулықта берілген теориялық ақпаратпен танысады.

Топтық жұмыс: Кестемен жұмыс.
Кестеде берілген мәліметтерге сәйкес бос ұяшықтарды мәліметпен толықтыру

Дескриптор
Бұлттық технология ұғымымен танысады.

Оқулық,
Bilimland.kz

А4 парағы

6 мин

7 мин

Бұлттық технология түрлерін анықтайды.

Компьютермен жұмыс:
2-тапсырма. Google-құжат. Информатика сабағында газет шығару
Берілген тақырып бойынша ұжымдық өңдеу жүргізіп, материал жинап, құжат дайында. Газеттің тақырып атауын таңдау, шығу күнін және нөмірін қою, авторлар атын және мекенжайын көрсету. Әр топ мақала атын қойып, сурет, цитата кірістіру, негізгі мақалаларын қалыптастыруы тиіс. Жұмысты орындау барысында топтың мүшелерінің идеяларын талдау, оларды бірігіп өңдеу, шығармашыл идеяларға қолдау көрсетіп отыру.

Дескриптор
1. Бұлтты технологияның артықшылығы мен кемшілігін салыстырады.

3-тапсырма. Google презентация. Бұлттық технологиялар
Google презентация қызметі көмегімен «Бұлттық технологиялар» тақырыбына (ортақ қолжетімділік режімінде) ұжымдық немесе кіші топта презентация құру. Слайд тақырыбын анықтап, мәтін түсін таңдап, әртүрлі слайд макеттерін қолданып жасаған презентациясын Показ слайдов режімінде көрсетуі тиіс.
Жұптық жұмыс
Компьютер программаларына тікелей қолжетімділік пен бұлтты қолжетімділікті салыстырып талда.
Олардың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктерін сарапта.

Компьютер
Аяқталуы
6 мин

Рефлексия
1 мин Шағын эссе жазу
Бұлттық технологияның дамуының бүгіні мен болашағына баға беріңдер.
1. Бұлттық технология дегеніміз не және оны қандай мақсаттақолданады?
2. Бұлттық технологияның қандай артықшылықтары мен кемшіліктерін айтуға болады?
3. Қандай бұлтты қызмет түрлерінбілесің?
4. «Есептегі бұлттар» дегенді қалайтүсіндіресің?
5. «Есептегіш бұлттардың» қандай түрлерібар?
6. Google бұлттық қызметінің қандай түрлерінайта аласың?
Бүгін не үйрендім? Көңіл күйім қандай болды? Неден қиналдым? Үйде нені қайталаймын?
Оқушы дәптерімен жұмыс
Үй тапсырмасы
1 мин
«Құжаттармен бірлесіп жұмыс жасау» тақырыбында жоба дайындау.

3-сабақ
§ 1.3. Google drive -та құжатты бірлесіп жұмыс істеу қызметін пайдалану Оқушылар:
Бұлттық қызметті қолдана отырып, құжаттарды құру, өзгерту және қарастыруда бірлесе жұмыс істеуді практикалық тұрғыдан меңгереді.

Тақырып: Google Drivе-та құжатты бірлесіп жұмыс істеу қызметін пайдалану Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары 9.1.3.1- интернет қызметтерін қолдана отырып, құжаттарды құру, өзгерту және қарастыруда бірлесе жұмыс істеу (мысалы, жұмыстарды веб-серверге – бұлттық есептеулерге, блогтарға, Уикипедияға
жүктеу)
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар үшін:
Web 2.0 жобалау жүйесімен танысу.
Көптеген оқушылар үшін:
Google Docs қызметтерін анықтау, салыстыру.
Кейбір оқушылар үшін:
Google Drive қызметінің маңыздылығын түсіндіріп, тұжырым жасау.

Бағалау критерийі 1. Web 2.0 жобалау жүйесіментанысады;
2. Google Docs қызметтерін анықтайды,салыстырады;
3. Google Drive қызметінің маңыздылығын түсіндіріп, тұжырым жасайды.
Құндылықтарға баулу «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын жүзеге асыру. Топта бірлесіп жұмыс жасау, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдау,
сыйлау.
Тілдік мақсаттар Пәндік лексика және терминология:
Web 2.0 сервистері-Web 2.0 сервисы-Web 2.0 services, блог-блог-blog, Уикипедия-Википедиа-wikipedi, әлеуметтік желілер-социальные сети- social networks, Логотип-logo.
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Web 2.0 дегеніміз … .
Google Docs қызметінің түрлерін анықтаңдар.
Google Drive бұлтын пайдалану қандай алгоритмдерден тұрады?
Жазу:
Google Drive қызметін анықтап жазыңдар.
Пәнаралық байланыс Ағылшын, орыс тіліндегі сөздер қолданылады.
Тірек білім, білік, дағдылар Google Drive қызметін пайдалану.
Жоспар
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Қосымша ресурстар
Басталуы
3 мин Ой сергіту.«Көпір» ойыны.
Еденде бормен көпір (түзу) сызылады. Екі топ болып бөлінген, бір-біріне қарсы шыққан балалар көпірден құлап
Бор

7 мин

қалмай өтуі керек. Балалар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-бірін өткізіп жіберулері керек. Бұл ойыннан біз бір ақпаратты бірігіп қолдануымызға, жан- жақты жолмен жүрсек те бір көпірден бірге өту жолын табу қолымыздан келетіндігін түсіндік.
Үй тапсырмасы. «Ғажайып алаң» ойыны
-Оқушылар плакатқа шеңбер сызып бірнеше бөліктерге бөледі. Әр бөлікке топтағы оқушылардың есімдері жазылады. Шеңбердің ортасына қаламды түйреуішпен тіреп тұрып түйреуішті айналдырады. Түйреуіш қай есімде тоқтаса, сол оқушыға өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
Оқушылардың жұмыстарын ауызша мадақтау, ынталандыр.

Плакат, қалам, түйреуіш
Негізгі бөлім
3мин

5мин

7мин

Миға шабуыл сұрақтарымен жұмыс жасау
 Құжаттарды компьютерде бірлесе жасаудыңқандай тиімді жақтарыбар?
 Бұлттық қызмет түрі болмаған жағдайда компьютерде құжаттарды бірлесіп өңдеуді ұйымдастырудың қандай жолдарын айтааласың?

Оқулықпен жұмыс Мұғалім түсіндірмесі
Оқушыларға Google Drive-та құжатты бірлесе өңдеу қызметі туралы ұғымдарын қарапайым түрде түсіндіру керек.

Компьютермен жұмыс
1. Word-та жасалған құжаттың бірінтаңда.
2. Бұл құжатты Google Drive қоймасынажүкте.
3. Жүктелген құжатты Google Drive-таредакцияла.
Жұмысты орындау қадамдары:
1. Интернетте www. google.kz серверін іске қосып, өз аккаунтыңды белсендіет.
2. Адрес алаңына https://drive.google.com/ адресінтеріп,
Google Диск серверін іске қос.
3. Сервердің оң жақ жоғары бұрышында Google Қосымшалар (Приложения Google) батырмасын бас (1- сурет).
4. «Ата-аналар жиналысының бағдарламасын» мәтіндік редакторда жаса. Ол үшін Құру (Создать) батырмасын бас (1-сурет). Ашылған мәзірден Google Документы командасын таңдап, құжаттыредакцияла.
5. Берілген тапсырма мәтінін енгіз. Редактортерезесінде орналасқан құралдарды пайдаланып, өз қалауың бойынша мәтіндіпішімде.
6. Файл – Переименовать командаларын орындап, жасалған файлдың атын «9-сынып ата-аналар жиналысы» атауымен қайта ата.
7. Үнсіздік бойынша, жасалған файл тек құжат иесіне ғана қолжетімді болады. Құжатқа барлықИнтернет Оқулық

Оқулық, интернет материалы bilimland.kz

Компьютер

3мин

5мин қолданушыларға қолжетімді болу үшін редактор терезесінде Қолжетімділікті Баптаулар (Настройки доступа) командасын орында.
8. Ортақ қолжетімділік (Совместный доступ) терезесінен құжатты бірлесе өңдеуге шақыратын пайдаланушылардың электрондық пошталарын енгізіп, Жөнелту (Отправить) батырмасын бас.(2-сурет).
9. «Ата-аналар жиналысыныңбағдарламасын»
сыныптастарыңмен бірге өңдеулеріңе болады.
Дескриптор
Мәтіндік редакторда жасалған құжатты Google Drive қызметіне ауыстырады;
Құжатты бірлесіп өңдейді.

Топтық жұмыс
Сыныптастарыңмен бірлесіп өңдеуге арналған құжатты жоспарлаңдар.
Құжатқа тақырып таңдап, құжатты өңдеуді өзара бөлісіңдер.
Дескриптор
Google Drive-те құжатты бірлесіп өңдейді.

Шағын эссе
Құжатты бірлесіп өңдеудің тиімділігі мен кедергілері туралы шағын эссе жазыңдар.

Оқушылардың жұмыстарын бағалау кестесіне балл қою арқылы бағалау.

Бағалау кестесі
Аяқталуы
5 мин

Рефлексия
1мин 1. Web 2.0 қызметінің Web 1.0 қызметінен қандай айырмашылығыбар?
2. Google Docs қызметі қандай бұлтты қызметтер ұсынаалады?
3. Google Drive бұлтын пайдалануқандай алгоритмдердентұрады?
4. Құжатқа барлық Интернет қолданушыларға қолжетімді болу үшін қандай командаларды орындаукерек?
«Табыс сатысы»әдісі
Оқушылар не білемін, не білдім, не білгім келеді? Сатыларына өз пікірлерін жазады.

А4 парағы
Үй тапсырмасы 1 мин Тақырып бойынша тест дайындап келу.

Оқушылар:

4-сабақ
§1.4. Желілік этикет

— Желіде жұмыс істеу барысында этикалық және құқықтық нормалардың бұзылу салдары туралы ой қорытыпайтады.

Тақырып: Желілік этикет Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары 9.4.2.1 — желіде жұмыс істеу барысында этикалық және
құқықтық нормалардың бұзылу салдары туралы ой қорытып айту
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар үшін:
Желілік этикет ұғымы мен ережелерімен танысу.
Көптеген оқушылар үшін:
Чаттардағы желілік этикеттерді анықтау.
Кейбір оқушылар үшін:
Желілік этикеттің қолданылу қажеттілігін тұжырымдау.

Бағалау критерийі 1. Желілік этикет ұғымы мен ережелеріментанысады.
2. Чаттардағы желілік этикеттердіанықтайды.
3. Желілік этикеттің қолданылуқажеттілігін тұжырымдайды.
Құндылықтарға баулу «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын жүзеге асыру. Топта бірлесіп жұмыс жасау, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдау, сыйлау.
Тілдік мақсаттар Пәндік лексика және терминология:
Этикет-этикет-etiket, форум-forum, чат-chat, флейм-flame, флуд- flooding, смайлик-smiley, электрондық пошта-электронная почта-Email.
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
 — Желіде жұмыс жасағанда қандай ережелердіұстанасың?
 Этикет, желілік этикетті қалайтүсінесің?
 Авторлық құқық, плагиат дегенімізне?
Жазу:
Желілік этикет ережелерін жазыңдар. Чаттардағы желілік этикеттерді жазыңдар.
Пәнаралық байланыс
Ағылшын, орыс тілінде сөздер қолданылады.
Тірек білім, білік, дағдылар Желілік этикет, чаттардағы желілік этикет.
Жоспар
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Қосымша ресурстар

Басталуы
2мин

5мин

Ой сергіту
«Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып,
«Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз … қайырымды адамсыз», – дейді. Әр қатысушы жүрекшені алып, жалғастырады. Бірақ бір оқушы айтқан тілекті басқа оқушы қайталамауы керек. Қайталаса айыбын өтейді.
Айтылған сөздің авторының тапсырмасын орындайды.
Үй тапсырмасын пысықтау
Оқушылар өткен тақырып бойынша дайындап келген тест тапсырмаларын бір-бірлеріне береді. Жауаптарын бірге талдайды.
Бір-бірлерін бағалайды.

Жүрекше

А4 қағазы
Негізгі бөлім
2 мин

5мин

8мин

5мин

3мин

Миға шабуыл сұрақтарымен жұмыс жасау
 Желіде жұмыс жасағанда қандайережелерді ұстанасың?
 Этикет, желілік этикетті қалайтүсінесің?
 Авторлық құқық, плагиат дегенімізне?

Оқулықпен жұмыс. (Мұғалімнің көмегімен)
Мұғалім түсіндірмесі
Суреттерді мұғалім түсіндірерде миға шабуыл сұрақтарын пайдаланады. Бұл жерде мұғалім балалардың күнделікті тұрмыста үлкендерден көріп жүрген компьютерде файл, бума, жарлықтармен жұмыс жасау сәттері жайлы әңгімелеуге шақырады.
-мұғалім интербелсенді тақтадан Әдістемелік түсіндірме бойынша жұмыс жасайды. Балалар мұғалімнің айтқан қадамдарын бірлесіп орындайды. Топтық жұмыс: «Айналдыру» әдісі
1-топ:Желіде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен желілік этикет.
2-топ: Электронды поштада хат жазудағы сыпайылық ережелері.
3-топ: Чаттардағы желілік этикет.
Дескриптор
Желілік этикет ережелерін анықтайды, салыстырады.
Компьютермен жұмыс
Электронды пошта арқылы бір-бірлеріңмен қызмет төңірегінде танысып, мәліметтер алыңдар.
Дескриптор
Электронды поштада желілік этикет ережесін сақтайды.
Жұптық жұмыс
Бүгінгі таңда құрдастарың желіде қарым-қатынас құрудың қандай түрлерін қолданады? Несебепті? Талдау жасаңдар. Дәлелді мысалдар келтіріңдер. Дескриптор
Желілік этикеттің қажеттілігін тұжырымдайды.

Оқушылардың жұмыстары «Температура» әдісі бойынша бағаланады. Термометр шкаласына оқушылардың аттарын стикерге жазып жапсыру. Оқулық

Bilimland.kz

Плакат, маркер

Компьютер

Плакат, маркер, стикер

Аяқталуы
8 мин

Рефлексия
1 мин Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.

1. Интернетте бүгінгі таңда ақпарат алмасудың, қарым-қатынас жасаудың қандаймүмкіндіктері бар?
2. Этикет дегеніміз не?
3. Желіде пайдаланатын қандай ұғымдармен таныссың?
4. Желідегі этикеттің ережелері недентұрады?
5. Электронды поштада хат жазуда, форуммен чаттарда ұстанатын сыпайылық ережелерінеден тұрады?
6. Желідегі ақпараттарды пайдаланудыңқандай құқықтық нормаларыбар?

Мен бүгін қандай жаңа ақпаратпен таныстым? Не қызық болды? Оқушы дәптерімен Жұмыс.

Компьютер
Үй тап- сырмасы 1 мин
Ғаламтордан қосымша ақпараттар жинау
1. Әлеуметтік желіде ақпараталмасу.
2. Плагиат дегеніміз не?

Оқушылар:

2-бөлім. Компьютер таңдаймыз

3 Replies to “Информатика 9 сынып КМЖ ҚМЖ КТЖ Қысқа мерзімдік жоспарлау Күнтізбелік тақырыптық жоспары”

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *