ҚАЗАҚ ТІЛІ 3 сынып (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептерге арналған) Оқу жоспары

ҚАЗАҚ ТІЛІ
(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептерге арналған)

Оқу жоспары

2018-2019 оқу жылы

3-сынып

Мазмұны

Ұзақ мерзімді жоспар 3
Орта мерзімді жоспар 7
1-бөлім: Жанды табиғат 7
2-бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен 27
3-бөлім:Уақыт 45
4-бөлім: Сәулет 68
5-бөлім: Өнер 83
6-бөлім: Атақты тұлғалар 97
7-бөлім: Су-тіршілік көзі 110
8-бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер 120
Қысқа мерзімді жоспар 134
Сабақ жоспары 134

Ұзақ мерзімді жоспар
«Қазақ тілі» пәні 3-сынып
1-тоқсан 2-тоқсан 3-тоқсан 4-тоқсан
Тыңдалым және айтылым:
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту
3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу
3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру
3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту
3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл, т.б.) 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
3.1.5.1 – аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін) өз көзқарасын білдіру
3.1.6.1 — интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту
Оқылым:
3.2.2.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтау
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау 3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау\
3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.2.5.1* түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу 3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын мәнмәтінде түсіну, сөйлеу барысында қолдану
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
Жазылым
3.3.1.1 жоспар/сызба бойынша әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау және пайымдау мәтінін түрлі көмекші сөздер арқылы құрастырып жазу
3.3.3.1 өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
3. 3.7.2 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою

3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазу
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, т.б.) құру/компьютерде теру
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
3.3.7.2 мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою 3.3.1.1* жоспар/сызба бойынша әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау және пайымдау мәтінін түрлі көмекші сөздер арқылы құрап жазу
3.3.2.1* өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/ өмірбаян жазу
3.3.3.1* өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу
3.3.4.1* мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттермен мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация т.б.) құрастыру
3.3.5.1* жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету 3.3.3.1* өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу
3.3.4.1* мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, т.б.) құру/компьютерде теру
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері мен анықтамалығы арқылы түзету
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
• Тілдік нормалардың қолданысы
3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу
3.4.1.3 ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін білу
3.4.1.4 х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазу 3.4.1.2 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу
3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
3.4.2.7 — сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату
3.4.2.8 — мұғалімнің көмегімен жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату 3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу
3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау
3.4.2.6 есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау 3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау

Ескертулер:
Бөлім – бұл берілген тақырыпты қамтитын сабақтар тізбегі.

Тақырыптар ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес оқу мақсаттарын орта мерзімді жоспарда жүзеге асыруға ұсынылған іс-әрекеттерді ұйымдастыру жолы берілген. Әр тоқсанда екі ортақ тақырып қамтылған. Тоқсан ішінде әр ортақ тақырыпқа шамамен уақытты тең бөліп жоспарлауға болады.
Ұ = ұжымдық (сыныппен) жұмыс ОТ = оқушының тәжірибесі
Т = топтық жұмыс МК = мұғалімнің көрсетуі
Ж = жұптық жұмыс Қ = қалыптастырушы (формативті) бағалау
Ө = өзіндік жұмыс

Орта мерзімді жоспар

«Қазақ тілі» пәні. Бастауыш мектеп. 3-сынып
1-бөлім: Жанды табиғат
Осыған дейін меңгерілген білім
1-бөлім материалдары оқушылардың 2-сыныпта үйренгендеріне негізделіп меңгертіледі Олар мәтін түрлерін сұрақтардың көмегімен анықтай алады. Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырата алады.
Мәнмәтін
Бұл бөлімде кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу дағдылары қалыптастырылады, жазу қарқынын жеделдету жұмыстары жүргізіледі. Каллиграфиялық нормаларды сақтау басшылыққа алынады.
Бөлімде сөйлеу әрекетінің түрлерін қалыптастыру оқу мақсаттарына сәйкес «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы аясында жүзеге асырылады. Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға , жазуға дағдыланады. Мәтіннің мазмұнын болжауды, ашық және жабық сұрақтар құрастыруды, шығармадағы негізгі ойды табуды, мәтіндегі сөйлемдердің мағыналық байланыс сақтауды және жоспар құруды үйренеді.
Қысқаша шолу
Бөлім Жанды табиғат туралы мәтіндерді оқудан басталады. Оқушылар тірі табиғат туралы мәтіндермен жұмыс арқылы қаратпа, қыстырма сөздерді ажыратып, жазу емлесін меңгереді. Жанды табиғат туралы фильм арқылы мазмұндама жазуды үйренеді. Оқушылардың сауаттылығын арттыруға, көркем жазу, оқу дағдыларын қалыптастыруға және сөйлеу мәдениетін дамытуға мән беріледі. Оқушылардың өзін-өзі және өзара тексеруі, бағалауы жүзеге асырылады.

Оқу бағдарлама
сына сілтеме Оқу мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Мұғалімге арналған ескертпелер
(оқыту әдістемесі бойынша) Оқыту ресурстары

2.4 Мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау

2.1 Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау

1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау

2.1 Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау

2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

3.5 Қатені табу және түзету

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.2.1.1* тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау1

3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.2.1.1* тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету Жанды табиғат туралы не білемін?
(Ұ,Ж) Мәтіннің тақырыбы және мәтіннің негізгі ойы туралы ұғымды қайталау.
-Мәтіннің тақырыбы деген не?
-Мәтіннің негізгі ойы деген не?
(Ж) Мәтіннің тақырыбын, негізгі ойын анықтау. Ойын негіздеу.

Қой — өте пайдалы түлік. Қазір оның биязы жүнді түрі көп өсіріледі. Жүнінен фабрикада түрлі маталар тоқылады. Терісінен былғары илейді. Одан аяқ киім, тон тігеді. Қой етінен көптеген тағамдар дайындайды. Сүтінен ірімшік, құрт, май өндіреді.
(Ұ,МК) Мәтінді оқу. Мәтіннің құрылымдылық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) анықтау.Тірек сөздерді анықтау. астын сызу. Мәтінді абзацтарға бөлу. Әр абзацтың негізгі ойын анықтау.

Қарлығаш пен торғай
Қарлығаш ұя салды.Дайын ұяға торғай орналасып қалды. Торғайға қарлығаштың жалғыз өзінің шамасы келмеді. Ол көмекке басқа қарлығаштарды шақырды.
Қарлығаштар түгел жиналды. Олар ұядан торғайларды қуып шықты. Сөйтіп, арлығаш өз ұясына қайтадан қоныстанды

Тірек сөздер мен сөз тіркестері:
Қарлығаш, ұя, торғай, орналасты, шамасы келмеді,, көмекке шақырды, қуып шықты, қайтадан қоныстанды

Мәтін түрлерін еске түсіру.
(Ұ) Сызбаға сүйеніп мәтін түрлерін анықтау. Сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжау.
(Т) Мәтін мазмұнын ұсынылған мәтін түріне байланысты болжау
1-топ. Әңгімелеу мәтіні
2-топ. Сипаттау мәтіні
3-топ. Пайымдау мәтіні

Кестені толтыру.
(Ұ) Қорытынды жасау.

(Ө,Ж) Әбді Шынбатыровтың «Ақ кептер» мәтінінен берілген үзіндіні оқу.
.. Еркін үйге кіріп кептердің қан шыққан жеріне үлкендерден көргені бойынша йод жақты. Ашыта ма, денесін ала қашты. Еркін оны қағаз қорапқа салып, алдына дән , нанның үгіндісі, сүт, су қойды. Екі күннен кейін ақ кептер оңалды. Қораптан секіріп шығып, үй ішінде жүре бастады да, олай бір, былай бір ұшты. Өзін өлімнен құтқарған адамдардан үрікпеді. Әбден жазылған соң Еркін оны далаға шығарып, ұшырып жіберді. Ақ кептер күнге шағылысып, бір төмен, бір жоғары көтеріліп, әуеде аунап түсіп ұзақ ойнады. Еркіннің қуанышында шек жоқ.

(Ұ) Берілген үзіндінің мәтіннің қай бөлігіне жататынын анықтау және пікірін негіздеу.

(Ж) Берілген тірек сөздердің мәтіннің қай бөлігіне жататынын анықтау.
Ықтимал тірек сөздер мен сөз тіркестері: Еркін мен қарт әжесі, мектепке барады, сабақтан соң ойнайды, әжесі жұмсады, мысықтың шабуылы, жаралы кептер, Еркіннің кешігу себебі.

Мәтіннің түрлері Әңгімелеу мәтіні Сипаттау мәтіні Пайымдау мәтіні
Жаңа кейіпкерді қосу қажет етеді
Негізгі ойды тұжырымдауға құралады
Бір нәрсе туралы нақты мәлімет жинақталады.

(Ө,Қ) Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру. Қатені табу және түзету.

Мұғалімге арналған ескертпе:
Тыңдалым және айтылым, оқылым бөлімдерінің оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін міндетті түрде жазылым немесе тілдік нормаларды қолдану бөлімдерінің оқу мақсаттарын кіріктіріп жоспарлау қажет. Күнделікті көркем жазу, үйренуші диктант түрлерін, сондай-ақ қатемен жұмыс түрлерін сынып оқушыларының қажеттілігіне орай ұйымдастыру міндеттеледі.

Мұғалім оқушыларды қорытынға жасауға жетелейді: Тақырыбы- не/кім туралы айтылғаны. Негізгі ой – автордың айтқысы келген негізгі идеясы.

Мәтінге : «Қой/Қой – төрт түлік мал.» деген ат қойсақ, тақырыбын көрсетеді, «Қойдың пайдасы» деген ат қойсақ ол мәтіннің негізі ойын білдіріп тұрады. Мәтіннің негізгі ойы оның тақырыбы бола алады.
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтауға бағытталған жұмысты ұйымдастыру.

Оқушыларға қойылатын сұрақтар:

1 Мәтін қандай бөліктерден тұрады?
2 Неге оны бөліктерге бөледі?
3 Неге әр абзац азат жолдан жазылады? (Мәтіннің негізгі ойын жеткізу үшін абзацтарға бөледі. Әр абзац автордың жаңа ойы. Сондықтан әр абзац азат жолдан жазылады). Мәтінді бөліктерге бөліп үйрету үшін әр ойдың басталу мен аяқталу шегін анықтату қажет. Ол үшін мәтінді оқытып, ой аяқталған тұсын абзацқа бөлуді үйрету.

Сұрақтар:
1) 1-абзацта не туралы айтылған?
2) 2-абзацта не туралы айтылған?
3) 3-абзацта не туралы айтылған?
Әр абзацқа ат қою:
Әр абзацқа қойылған ұтымды нұсқасы таңдалып, негізделініп тақтаға жазылады. Мысалы:
1. 1 Қарлығаштың ұясы.
2. 2 Ұяға торғайдың келуі.
3. 3 Қарлығаштардың достығы.
Әр бөліктің атаулары мәтіннің жоспары болатыңдығына назар аударту.
Мұғалім тарапынан оқушыға қолдау көрсету мақсатында мәтіндермен жұмыс жасауда, оқушының қажеттілігіне орай, қима қағаз түрінде нұсқаулық беру ұсынылады.
Ескертпе: Тапсырманың түріне байланысты нұсқаулықта берілген қадамдардың қажеттісін ғана басшылыққа алуды оқушыға ескерту қажет.
Мәтінмен жұмыс жасауға нұсқаулық.
1.Мәтінді оқы.
2.Мәтіннің тақырыбын анықта.
3.Мәтіннің негізгі ойын анықта.
4.Мәтінге ат қой.
5.Мәтінді бөліктерге бөл.
6.Әр бөлікке ат қой.
7.Жоспар құр.
8.Тірек сөздерді анықта.
9.Мәтіннің мазмұнын айт.
10.Мәтіннің мазмұнын есіңе түсіріп жаз.

Осы бөлімде ортақ тақырып аясында мәтін түрлерімен жұмыс ұйымдастырылады.

Оқушыларға сызбаға сүйеніп, мәтін түрлерін еске түсіру ұсынылады.
Сұрақтары беріледі:
1. Не істеді?
2. Қашан?
3. Қандай?
4. Неліктен?
Оқушылар алдымен мәтін түрін, содан соң оның сұрағын анықтайды.

Оқушыларға кептердің суреті беріледі.
Сұрақ қойылады:
-Мәтін не туралы болуы мүмкін?
Әр топқа мәтіннің түрі беріліп, оқитын мәтіннің мазмұнын болжау ұсынылады. Топтық талқылауға уақыт беріледі. Әр топтың болжамы тыңдалып болған соң, кестемен жұмыс ұйымдастырылады.

«Ақ кептер» мәтінімен жұмыс ұйымдастырылады.
Жазбаша сұрақтар құрастыру тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын мұғалімнің көмегімен критерийлер құрастырылады.
Үлгі:
1. Бір ашық, бір жабық түріндегі сұрақ құрастыру.
2. Сұрақ мәтіннің мазмұнына сәйкес болу керек.
3. Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазу. Ө.Ақыпбекұлы «Керек кітап». — Алматыкітап, 2006
1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау

1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

2.1 Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау

3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

3.5 Қатені табу және түзету

3.1 Мәтін түрлерін құрастырып жазу

3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету

3.3.1.1 жоспар/сызба бойынша әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау және пайымдау мәтінін түрлі көмекші сөздер арқылы құрастырып жазу

(МК, Ұ) Мәтіннің берілген тақырыбы мен суреттері бойынша мәтіннің мазмұнын болжау.

Нығмет Ғабдуллиннің «Бозша торғай» мәтінін тыңдау. Тыңдаған материалынан тірек сөздерді белгілеу.

Бозша торғай

Ерте тұрған Омар атай үй сыртындағы бақшаны аралап келе жатты. Түні бойы жаңбыр жауған. Жер сыз. Омар атай бір топ жусанның ығында бүрісіп отырған бір құсты көрді. Ұшуға жарап қалған бозторғайдың балапаны. Өзіне әбден жаңбыр өткен. Екі қанаты салбырап, дір-дір етеді. Балапан Омар атайға жасқана қарады. Қорқып кетті. Салбыраған қанатын жаюға шамасы келмей, сүйреткен бойы жусанды сырт айнала берді. Бірақ жығылып қалды.
Омар атай бозша торғайды жерден көтеріп алды. Әрі тоңған, әрі қорыққан кішкене құс қалшылдап тұр. Омар атай бозша торғайды үйіне әкеліп, терезе жақтауына отырғызды. Алдына ыдысқа салып жем әкеп қойды. Бозша торғай жем жемеді. Омар атайға жалтақтап қарай берді. Атай оның сырын сезіп, сыртқа шығып кетті. Сәлден кейін терезеден сығаласа, торғай жемді жеп жатыр екен. Үсті де құрғап, кеуіпті …

(Т, Ж) Топта, жұпта белгіленген тірек сөздерді талқылау. Таңдалған тірек сөздер нұсқасын дәлелдеу.

(Ұ) Тыңдалған материал бойынша жабық сұрақтарға жауап беру.
Тыңдалған мәтін мен жасалған болжамның сәйкестігін тексеру.

(Т) Мәтіннің соңын болжау.

(Т, Қ) Оқылған «Бозша торғай»мәтінініңбасын, негізгі бөлігін, соңын және түрін анықтау. Жоспар құру.
Мәтіндегі етістіктерді табу, Омар атайдың іс-әрекетін білдіретін етістіктерді теріп, көркем жазу.

(Т, Қ) «Бозша торғай»мәтініндегі негізгі ойды анықтау. Негізгі ойды анықтауға көмектесетін мақал-мәтелдерді табу және жатқа жазу.

Қаз келсе, жаз келер.
***
Өзін ғана ойлаған –
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған –
Адамдықтың белгісі.
***
Басыңа іс түссе,
Жақсы көмек етеді,
Жаман күліп кетеді.
***
Құстың тілін құс біледі.

(Т,Ұ) Бозторғай туралы мәліметтерді түрлі дереккөздерден табу. Керекті мағлұматтарды іріктеу.
«ББҮ» кестесін толтыру. Сынып оқушыларының алдында таныстыру.

(Ө) Бес жолды өлең құрастыру («Синквейн» стратегиясы).
(Ж, Қ) Құрастырған өлеңді өзара тексеру. Қателерді анықтау және түзету.

(Ж,Ө) Сызбаға сүйеніп, бозторғай туралы сипаттау мәтінін құрастырып жазу.

«Бозша торғай» мәтінінің мазмұнына сәйкес суреттер дайындалады. Берілген сурет/суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжау жұмысы ұйымдастырылады.
Н. Ғабдуллиннің «Бозша торғай» мәтінін тыңдатылады немесе оқып беріледі. Мәтіндегі етістіктердің реттілігіне назар аудартылады. Тыңдаған материалынан тірек сөздерді белгілеу үшін мұғалім мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Әр сұрақтың құрамындағы сұраулы мағына білдіретін сөздің жауабы тірек сөздердің қатарын құрайтындығына оқушылардың назары аудартылады. Мысалы,
1. Кім бақшаны аралап келе жатты? (Омар атай)
2. Ол нені көрді? (бозторғай балапаны) т.с.с
Осылай тірек сөздерді анықтау жолы үйретілгеннен кейін, оқушылардың топта, жұпта, өз бетінше белгілеуге мүмкіндік беріледі. Топта, жұпта, өз бетінше табылған тірек сөздер қатары сыныпта талқыланып, ортақ шешім шығарылады.
Ескерту. Қажет болған жағдайда оқушыларға тірек сөздер туралы түсінік беруге болады. Ол үшін «Бұл қай ертегі?» ойыны ұйымдастырылады. Мысалы, мұғалім «Қыз, мысық, мейіз …» сөздерін айтып, «Бұл қай ертегі?» деп сұрайды.
Тыңдалған материал бойынша жабық сұрақтарға жауап алынады.
Мысалы, «Оқиға жылдың қай мезгілінде болған, деп ойлайсың? Оны қай сөздердің көмегімен анықтадың?»
Оқушыларға «Бозша торғай»мәтіні іштей оқуға уақыт беріледі. Мәтіннің құрылымдық бөліктері анықталады. Әр бөлігі бойынша ат қойылып, жоспар түзіледі.Оқылған мәтінінің түрі анықталады. Омар атайдың іс-әрекетіне назар аудартылады.
Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің жазылу үлгісі (көлемі) көрсетіледі. Көлбеу, үзбей және біркелкі жазуға төселдіру жұмыстары жүргізіледі.
Оқушылардың кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, көлбеу, үзбей және біркелкі жазуы қадағаланады.
Каллиграфиясы бойынша жеке қолдауды қажет ететін оқушылармен жұмыс ұйымдастырылады.

«Бозша торғай» мәтініндегі негізгі ойды анықтату үшін бірнеше мақал-мәтелдер беріледі. Оқушылар топта негізгі ойды ашатын мақал-мәтелдерді анықтап, өз ойларын дәлелдейді. Тапқан мақал-мәтелдерін жатқа жазуға уақыт беріледі.

Бозторғай туралы мәліметтері бар балаларға арналған газет-журнал, энциклопедия, cөздіктерден «Оқу бұрышы» ұйымдастырылады.
Әр топ өз мағлұматтарын сынып алдында таныстыруына уақыт бөлінеді.

Мұғалім жазу үдерісінде оқушылардың орындаған жұмыста-рын бақылап, олардың жіберген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерін түртіп алады. Қатемен жұмыс ұйымдастырылады.
«Бірлесіп жазу»стратегиясын қолданып, сипаттау мәтінін жазу үйретіледі. Мұғалім оқушылармен талқылай отырып, алғашқы сөйлемді құрастыртады. Тақтаға сөйлемді жазып көрсетеді. Сөйлемдердің мағыналық байланысына, тыныс белгілерінің дұрыс қойылуына назар аудартып, келесі екі сөйлемді бірлесіп құрастыртып жазады. Оқушылар алғашқы үш сөйлемді дәптеріне көшіріп жазады. Мәтіннің келесі сөйлемін құрастыру (ламинатталған параққа немесе шимай параққа) жұппен орындалады. Әр жұптың сөйлемі тыңдалып, қатесі түзетіледі. Тыңдалған сөйлемдердің арасынан ұтымды құрастырылған сөйлем таңдалып, тақтаға жазылады және дәптерге көшіріледі. Осы ретпен тағы бір сөйлем құрастырып үйренеді. Мәтіннің соңын оқушы өз бетінше аяқтайды. Құрастырылған сөйлем өзара тексеріледі
1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

2.1 Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау

2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

3.7 Пунктуация
лық норма-ларды сақтау

3.5 Қатені табу және түзету

3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

3.7 Пунктуациялық нормаларды сақтау

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу
3.2.1.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтау

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

3.3.7.1* қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету

3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту
3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою
Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын
(Т) «Ойлан, тап» ойыны арқылы пайымдау.

(Т) Пайымдау мәтіні бөліктерін табу.

Құстардың ішінде қазақ халқының қадірлейтіні – бүркіт. Ол ұясын ең биік ағаштың басына, тау шыңдарының ең биік төбесіне, жел мен аяздың ең күшті өтіне салады. Сондықтан да, бүркіттің балапандары ыстық пен суыққа шынығып, сомдалып өседі.
Бүркіттің қас жауы – түтін. Кеудесін түтін шалса, табанда өледі. Сол себепті оны түтінсіз жерде ұстайды. Қыста қора мен сарайда, жаз кезінде ашық далада ұсталады.
Сәбит Мұқановтан
(Т) Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. Топ пайымдауларын ортаға салу.

(Ө) Мәтіннен қорытынды пікірлерді теріп жазу.
Нұржан кішкентай ағаштың артық бұтақтарын қия бастады. Байқамай ағаштың қабығымен қоса, діңін кертіп тастады.
— — Балам-ау, мұның не? Ағашты жарақаттадың ғой, енді ол жылайтын болды?
Нұржан қалт тұрып қалды.
— Қалайша ағаш та жылай ма?–деді
таңданып.
— Әрине, оның да жаны бар, тіршілік
иесі, — деді бағбан.
— Көз жасы қайсы, көрінбейді ғой?
— Оны кез келген адам көре бермейді.
Сендер ағашты аялап өсіріп, жүректеріңмен сезіне білулерің керек, — деді бағбан.
«Балдырған» журналынан

(Ө) Көру диктантын жазу. Қатемен жұмыс жасау.
Ата, Қарагердің үйірі қашан келеді?

— Е, балам, сәті түскен күні келеді, — деді атасы.

-Ата, Күреңтөбел аман-сау келсе, өзім білдіремін, — деді Жарас.

-Жарасжан, Күреңтөбел саған көне қоймас, асау ғой, — деді атасы.

(Ұ,МК) Қаратпа және қыстырма сөздердің тыныс белгілеріне назар аудару және одан қорытынды шығару. Қаратпа және қыстырма сөздері бар сөйлемдердің графикалық сызбасын сызу. Сызбаға сәйкес сөйлем құрастырып жазу.

Қыстырма сөздердің мағынасына қарай түрі Мысалы
Қуанышты, ренішті білдіреді Керемет, шіркін, амал қанша, әттең
Ойдың кімнен, қайдан екенін көрсетеді Меніңше, менің ойымша, оның айтуынша
Ойды санамалап дәлелдеу үшін жұмасалады Біріншіден, екіншіден, бір жағынан, әуелі.
Қорытынды жасау ретінде Олай болса, демек, сөйтіп, сонымен, қысқасы.
Сызбанұсқа бойынша сөйлемдер құрастыру. Кестені қолдана отырып, қыстырма сөздер сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын анықтау.
_____ ______ _____ ______ , ______.
______ , _______ ______ ______ ______.
____ ______ ,______, ______ _____.
_______ ______ ______ ,______ , ______.

(МК,Ұ) «Адамдар Жанды табиғатсыз өмір сүре ала ма?» тақырыбында көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін ауызша құрастыру.
(Ж, Ө) Мәтінді жазу.

(Т,Қ) «Адамдар Жанды табиғатсыз өмір сүре ала ма?» тақырыбындағы жұмысын қорғау және тексеру (өзін өзі тексеру, өзара бағалау).

Әр топқа пайымдауға жетелейтін проблемалық сұрақтар беріледі. Мысалы, Жапырақ неге жасыл түсті болады? Балықтар неге сөйлемейді? т.б.
Ескерту: Берілген сұрақтардың дәлелденетін пікірді, жауаптың қорытынды пікірді құрайтындығын оқушыларға білдіру.
Пайымдау мәтіні бөліктері таптырылып, ол дәлелденетін және қорытынды пікірге ажыратылады. «Сондықтан», «сол себепті» көмекші сөздеріне назар аудартылады.

Мәтіннің соңғы бөлігіне қатысты пікір білдіруге бағытталған сұрақ құрастыру тапсырылады. Ең мықты құстың түтін шалса, неліктен өліп қалатынын өзара пікірлесіп анықтайды. Бірнеше пайымдау мәтіндерін дайындап, құрылымдық бөліктерін анықтауға жаттықтырылады.

Мұғалім мәтінмен жұмысты «Бірлесіп оқу» стратегиясы арқылы ұйымдастырады.
Мәтіндегі қаратпа, қыстырма сөздерге назар аудартылады. Қарамен берілген «Балам-ау» қаратпа сөзін басқа балама сөздермен («Нұржан-ау», «Күнім-ау», «Құлыным-ау» т.с.с) алмастырып, осы сөздерді іс жүзінде қолданып жаттығып көреді.
Осындай жұмыс қыстырма сөздермен де ұйымдастырылады. Оқушыларға бірнеше қыстырма сөздер беріледі, «әрине» сөзінің орнына қолдануға болатын сөздер анықтатылады. Мысалы, қысқасы, әлбетте, демек, рас, ең алдымен, шынында, тоқ етері,сәті түсіп.
Қаратпа және қыстырма сөздердің сөйлемнің басында, ортасында, соңында келетін жағдайлары үйретіледі, олардың тыныс белгілеріне назар аудартылады. Оқушылардың қорытынды шығаруына мүмкіндік жасалады.

Мұғалімге ескертпе:
Көру диктанты оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатымен жүргізіледі. Бұл диктантқа жазылуы қиын сөздермен бірге сөз тіркестері, шағын мәтіндер, жұмбақ, мақал – мәтелдер және өлеңдер алынады.
Диктант мәтіні алдын ала тақтаға немесе плакатқа жазылып қойылады. Оларды оқушылардың екі- үш рет оқып – шығуна, жадында сақтауына 1 -2 минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім мәтінді жауып қояды. Оқушылар оқығандарын естеріне түсіріп жазады. Мұндай диктанттарды жазу арқылы оқушылар сол сөздердің жазылуына ерекше мән беруге үйренеді.

Мұғалім ортақ тақырып аясында үйрету диктантын (графикалық) ұйымдастыра алады.
«Біріншіден», «екіншіден», «үшіншіден», «меніңше», «шындығында» т.б. қыстырма сөздері арқылы «Адамдар Жанды табиғатсыз өмір сүре ала ма?» тақырыбында пайымдау мәтінін ауызша құрастыруды ұйымдастырады.
«Бірлесіп жазу» стратегиясы басшылыққа алынады. Қажет жағдайда қатемен жұмыс жүргізіледі.
Оқушылар топ алдында сөйлеу барысында интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аудартуына көңіл бөлінеді.
Мұғалім орындаған жұмысты өз бетінші тексеру үлгісін ұсынады. Тексерілген жұмысты өзара алмасып, қарындашпен тексеру. Өзара бағалау. Мұғалімнің басшылығымен қатемен жұмыс ұйымдастырылады.
1.3 Түрлі жағдаяттар
да тілдік нормаларды дұрыс қолдану

1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу

3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап жазу

3.7 Пунктуациялық нормаларды сақтау

3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

3.5 Қатені табу және түзету

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

3.3.3.1 өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу

3.3.1.1* жоспар, сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу

3.3.7.2 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету1

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету
Жанды табиғат туралы мазмұндама жазамын

(Ж) «Хайуанаттар бағындағы жануарларды таныстыру» жағдаятын құрастыру.

(Ұ) Жанды табиғат туралы қысқаша фильмді көру. Оқушылардың алғашқы әсерлерімен бөлісу.
(Ө,Ж,Т) Фильмді тірек сөздерді белгілеу мақсатымен қайта көру. Керекті тұстарына тоқталу. Олардың нені білгендерін жұптарда талқылау. Тірек сөздерді белгілеу.
«Бес қадам» ойынына қатысу. Тірек сөзді қатыстырып құрастырған сөйлеміндегі ойды жалғап келесі сөйлемді құрастыру.
(МК,Ұ) Жоспар құру.
(Ұ) Жануарлардың негізгі ерекшеліктеріне назар аударту мақсатында фильмдіқайта көру,талдау.
(МК,Ж,Ө) Алғашқы екі-үш сөйлемді мұғалімнің көмегімен, келесі екі-үш сөйлемді жұпта талқылап, жалғасын өздігінен жазу. Жоспар бойынша мазмұндау. Мазмұндау барысында жануарлардың ерекшеліктерін көмекші сөздер арқылы (біріншіден, екіншіден, менің ойымша, сондықтан, т.б ) көрсету.

(Ө,Қ) Жоспар бойынша мазмұндама жазу.

(Ұ, МК) Мәтінді оқу, мәтіннің түрін анықтау, ойын дәйектеу.

Ақ күшік пен көк күшік

Ермек деген баланың ақ күшігі мен көк күшігі бар. Ақ аюдың баласындай ақ күшіктің аты – Аппақай да, көк бөрінің бөлтірігіндей көк күшіктің аты – Көкжал. Олар өте сүйкімді және ойынпаз. Екеуі де үйшікте бірге жатады, бірге ұйықтайды. Бір ыдыстан тамақ ішіп, жұп жазбай бірге жүріп, бірге ойнайды.
Дегенмен екеуінің мінез-құлқы екі басқалау. Ақ күшік сәл жуастау, көк күшік болса бұзақылау. Кейде оның ақ күшікке әлімжеттік жасайтын жаман әдеті де бар. Сол мінезінің кесірінен бірде ол өте қиын жағдайда қалды.
Тұрдақын Жексенбай

Салыстыра сипаттау мәтінін құрап жазамын

(Ұ, Ө, Қ) Суреттер, тірек сөздер мен жоспар бойынша салыстыра сипаттау мәтінін жазу. Мұғалімнің қолдауымен қателерді тауып түзету.
Бақбақ Түймедақ

Тірек сөздер: Бақбақ, түймедақ, бір бақта, өседі, сабағы, түсі, аласа, биік, күлтесі, емдік қасиеті, микробтарды жояды, жараларды емдейді. шөптесін тектес.
Жоспар:
1 Бір бақтағы өсімдіктер.
2. Бақбақ пен түймедақтың ерекшелігі.
3 Өсімдіктердің пайдасы. Хайуанаттар бағындағы жануарларды таныстыру жұп арқылы жүзеге асырылады. Әр жұп өздері таңдаған суретке сәйкес деректі сынып бөлмесі ішінен іздеп табады. Әр жұп өз тапсырмасын сынып оқушыларының алдында таныстырады.
Оқушыларға «Жануарлар мен аңдардың біз білмейтін ерекшеліктері» фильмінен үзінді көрсетіледі ( алғашқы 1 минуты)
«Бес қадам» ойынын ұйымдастыру үшін оқушылар бес-бестен топтастырылады. Топтағы әр оқушы тірек сөзді қатыстырып сөйлем құрастырып бір қадам жасайды. Солай бес оқушы бес қадам жасап, құрастырған сөйлемдерін айтуға мүмкіндік алады. Мұғалім әр топты аралап бақылайды және көмекке келеді. Сынып оқушыларымен «Бірлесіп жазу» әдістемесі бойынша жұмыс ұйымдастырылады.
Жануарлардың негізгі ерекшеліктері туралы айтылған ақпарат тұсында фильмтоқтатылады. Талдау жұмысы ұйымдастырылады.
Әр топ оқушыларының жоспар бойыншамазмұндауы қадағаланады.
Оқушылардың жұмыстары жай қарындашпен тексеріледі, қателердің тұсына белгі қойылады. Қатемен жұмыста саралау жүзеге асырылады. Қате жіберілген сөздің асты сызылады немесе жазу жолының тұсына белгі қойылады.
Мұғалім мәтін түрін анықтауға бағытталған жұмыс түрін ұйымдастырады.
Сұрақтар қойылады:
1 Мәтін не туралы?
2 Берілген мәтін мәтіннің қандай түріне жатады?
3 Неге?
4 Нелерді сипаттап тұр?
5 Қүшіктерді салыстырып сипаттап тұр деп айтуға бола ма?
6 Оны неден байқауға болады?
7 Күшіктердің ұқсастықтары мен айрмашылықтары неде?
Мұғалім берілген мәтіннің салыстыра сипаттау мәтін түріне жататынын анықтауына мүмкіндік жасайды, дұрыс жауап болмаған жағдайда ерекшелігіне назар аудартады.
Қорытынды жұмыс ретінде мұғалімнің қолдауымен салыстыра сипаттау мәтінінің критерийі құрылады. Мысалы:
1 Мәтін «қандай?» деген сұраққа жауап беру керек.
2 Мәтінде кемінде екі объект немесе зат болуы тиіс.
3 Объект немесе заттар өзара салыстырылуы тиіс.

Мұғалім суреттер, тірек сөздер мен жоспар бойынша салыстыра сипаттау мәтінін жазуға дайындық жұмысын ұйымдастырады.
Жоғарыда берілген критерий басшылыққа ала отырып, салыстыра сипаттау мәтінінің жазу жолын үйретеді. Қатемен жұмыс ұйымдастырады.
Таң шолпан бағдарламасы «Жануарлар мен аңдардың біз білмейтін ерекшеліктері» фильмі

«Қазақ тілі» пәні. Бастауыш мектеп. 3-сынып
2-бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Осыған дейін меңгерілген білім
Бұл бөлімді оқытуда алдыңғы сыныптарда игерілген білім, білік, дағдылары басшылыққа алынады. Оқушылар мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін ажырата білуі, жоспарлауы, баяндай алуы қажет.
Мәнмәтін
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» (Жарық пен қараңғы) лексикалық тақырыбы өнермен байланыста қарастырылады. Тыңдалым, оқылым және аудиовизуалды материалдар негізінде мәтіннің соңын болжау, пікір білдіру, пікіралмасу, шығармашылық жұмыстар жүргізіледі. Кейіпкерлерді суреттеу арқылы жақсы мен жаманды айыра білу, рухани-адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге бағытталған жұмыс түрлері ұйымдастырыла-ды.
Қысқаша шолу
Ф, ц, ч, щ, х,Һ, э дыбыстары бар сөздердің жазылу емлесі мәтінмен жұмыс аясында үйретіледі. Оқушылардың сауаттылығын арттыруға, көркем жазу, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыруға және сөйлеу мәдениетін дамытуға мән беріледі.

Оқу бағдарлама
сына сілтеме Оқу мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Мұғалімге арналған ескертпелер
(оқыту әдістемесі бойынша) Оқыту ресурстары
1.1
Тыңдалған
материал-
дың мазмұ-нын түсіну

2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

4.1 Орфографиялық, орфо-эпиялық нормаларды сақтау

3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу

3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

3.5 Қатені табу және түзету 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу
3.4.1.3 ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін білу
3.4.1.4 х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазу

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету1

3.3.3.1 өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету Жақсы мен жаманды айыра білемін
(Ұ) Мәтінді тыңдау, мағынасын түсінбеген сөздерін түртіп алу.
Данышпанның жауабы
Данышпан Конфуцийдің Гун, Лун, Чжон деген үш шәкірті болыпты.
Бір күні ел кезуші дәруіш қариядан:
 – Шәкіртіңіз Гун туралы не айтасыз? -деп сұрайды.
Қария:
 – Оның ақылына тіпті ғалымдар да қайран қалады.
 – Ал Лунның қандай қасиеттері бар?
 – Оның батылдығы даңқты жауынгердің ерліктерінен де асып түседі.
 – Үшінші шәкіртіңіз ше?
 – Чжонның еңбексүйгіштігін мақтаныш етемін.
Қарттың сөзіне таңданған дәруіш:
— – Егер Гун сондай ақылды, Лун сондай батыл, Чжон тамаша еңбексүйгіш болса, сізден олар енді не үйренулері керек? – деп сауал қояды.
— – Гун ақылды, бірақ еріншек; Лун батыл, бірақ даңғойлау; Чжон еңбексүйгіш, бірақ күншіл. Гун еріншекті ақыл баққа жеткізе алмайтынын білмейді. Лун көзсіз ерлік апатқа ұшыратынын, Чжон қуаныш қызғаншақтықпен сыйыса алмайтынын аңғармайды. Осы ақиқаттарға көздері жеткенше, мен оларға ұстаздық етуім керек, ал олар тілалғыш шәкірт болуға міндетті, – депті данышпан.
(Балдырған журналынан)
(Т)Мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарды құрастыру. Басқа топтардың сұрақтарына жауап жазу. Әр топ өз сұрақтарына алған жауаптарын бағалайды.

(Т,Ө) Мәтінді өз бетінше түсініп оқу. Кестені толтыру. Өз ойын білдіру.
Шәкірттер Жақсы қасиеттер Жағымсыз қасиеттер
Гун
Лун
Чжон
(Ұ, МК) Мәтіндегі негізгі ойды табу. Өз ойын білдіру.
(Ұ, МК) «Данышпанның жауабы»
мәтініндегі қарамен жазылған сөздерге назар аудару. Конфуций, Чжон сөздерін жазу және ф, ц, ч әріптерінің астын сызу.

(Ө) Ф, ц, ч әріптері бар сөздерді табу, жазу.

(Ө,Ж, Қ) Шығармашылық диктант. Көп нүктенің орнына б-в, п-ф әріптерінің тиістісін қойып жазу. Өзара тексеру.
1.Аулада …онтан бар.2. Бұл – темір жол …окзалы. 3. …арида …ерғанада тұрады.4. Аяқ киім …абрикасы қала шетіне орналасқан. 5. Менің анам …ермада істейді. 6. Сендер …елосипедтің қандай түрлерін білесіңдер?

Көру диктанты:
1. Ащы, тұщы, борщ, чемодан,щётка, чемпион, плащ, чек, чемпионат, чуваштар,чех.
2. Цех,цирк,циркуль, цемент, цистерна, центнер,центр, циклон, конститутция, целллофан, концерт, авиация.
Шығармашылық диктант.
1. Анама дүкенші … берді. 2. Асқар мектеп асханасынан … ішті. 3. Мектепте … кездесу өтті. 4. Әжем екеуіміз теледидардан … көрдік. 5. Әдемі … үйі қаланың дәл ортасында орналасыпты. 6. Талғат … училищесін үздік бітірді. 7. Жанармай құйылған … жанында ойнауға болмайды.
Керекті сөздер: борщ, чек, цистерна, концерт, чемпионмен, цирк, авиация.
Өздік диктант
…исса, …арауыл, …ат, …атық, жи…ангер, қа…арман, …алық, …абарландыру, …анзада, жи…аз, Гау…ар, Жау…ар, ша…ар, …орған.
Көп нүктенің орнына тиісті қ, х, һ әріптерін қойып жазу.
Терме диктанты
1. Әзімбек Жер планетасы туралы энциклопедиядан оқып білді. 2. Маржан үй шаруасына епті екен. 3. Айгүл досына хатты электронды пошта арқылы жіберді. 4. Үздік оқушылар стон еліне саяхатқа барады. 5.Қалада экспресс автобустар барар жеріңе лезде жеткізеді. 6. Эфир майының хош иісі бар.
 Э әрпі бар сөйлемдерді көшіріп жазу.
 Электрон сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Жақсы мен жаманды зерттеймін
(Ө,Ұ,Т) Өлеңді оқу. Қарамен жазылған сөздердің антонимдерін табу.
Оның атын кім дейміз?
— Шалбар жатыр қуыста,
Жейде жатыр бұрышта,
Бас киім мен бәтеңке
Бірге тұрса дұрыс па?!
Оның атын кім дейміз?
— Салақ бала бұл дейміз.

— Олпы-солпы кигені,
Қадамақ боп түймені,
Саусағына байқамай
Шаншып алды инені.
Оның атын кім дейміз?
— Олақ бала бұл дейміз.

— Бірін түртіп жылатты,
Бірін шалып құлатты.
Аяқ-қолда тыным жоқ
Ала құйын сияқты.
Оның атын кім дейміз?
— Тентек бала бұл дейміз.

— Атқа қарғып мінбейді,
Суда жүзе білмейді.
Көше жарық болса да,
Жалғыз өзі жүрмейді.
Оның атын кім дейміз?
— Қорқақ бала бұл дейміз!

— Күнде ұйқысы қанбайды,
Жұмсағанға бармайды.
Теледидар алдында
…краннан көз алмайды
Оның атын кім дейміз?
— Жалқау бала бұл дейміз!
Ақылбек Қожаұлы
(Т)«Еңбекқор бала», «ұқыпты бала», «өжет бала», «тәртіпті бала», «шыншыл бала» қандай болатындығы туралы әңгімелеу. Сызбаға салу. Сынып алдында жұмысты таныстыру.

(Ж) «Сен қандай баласың?» тақырыбына «расында», «меніңше», «шынымды айтсам», «сеніңше қалай» сөздерін пайдаланып сөйлесу.

(Ұ) «Көк ту және достар» мультфильмінен үзіндіні көру. Алған әсерімен бөлісу.
(Т) Фильмді қайта көру. Фильмдегі әрбір кейіпкердің қандай сезімде, ойда болғанын топта талқылау. Сынып алдында өз ойларын қорғау.
(Ж) «Мағжанның орнында болсаң, не істер едің?» тақырыбында сөйлесу.
(Ұ) Оқиғаның соңын болжау. Мағжанның іс-әрекеті қандай болуы мүмкін?

(Ұ) Оқиғаның соңын көру. Өз болжамдарымен салыстыру.
(Т) Оқиғаны баяндау.
(Ө,Қ) Мазмұндаманы жазу.Өзін-өзі тексеру.
(Ұ) Мазмұндаманы талдау.
«Данышпанның жауабы» мәтіні мәнерлеп оқып беріледі. Мәтіндегі «ел кезуші», «дәруіш қария», «даңғой», «күншіл», «көзсіз ерлік» т.б. сөздердің мағынасын түсін-дірудің тәсілдері қолданылады: синоним сөзбен алмастыру, анықтама беру, өмірден мысалдар келтіру, сөз құрамына ажырату, т.б.

«ДЖИГСО» стратегиясы бойынша жұмыс ұйымдастырылады. Әр топқа бір бет қағаз (ватман/флипчарт), түсті маркер беріледі.
Ескерту. Әр топқа бір түсті ғана маркер таратылады. Топтардағы маркердің түсі қайталанбайды.
Жұмысты орындауға уақыт шектеліп беріледі. Әр топ талқылаудан соң, ең ұтымды бір ашық, бір жабық сұрақты жазады.
Оқушылардың мәтінді өзбетінше оқуы жүзеге асырылады. Кестенің дұрыс толтырылуы қадағаланады. Оқушының 3 шәкірт туралы өз ойын білдіруіне мүмкіндік беріледі.
Мұғалім мәтіндегі негізгі ойды анықтату үшін ең соңғы бөлікке көңіл аудартады. Данышпанның әр шәкіртіне берген мінездемесі жазылған тұсын қайта оқытып талдатады. Соңғы сөйлемге сүйеніп, автордың айтқысы келген негізгі ойы таптырылады.
Мұғалім құрамында ф, ц, ч әріптері бар басқа сөздер ойлап табуға және жазуға мүмкіндік береді. Жазылған сөздерді ортаға салып, ортақ тізім құрастырады және сынып қабырғасына іледі.

«В, э, ф, в, ц, ч, щ, х, Һ» әріптері бар сөздерді сауатты жазуды жетілдіру мақсатында мұғалім диктант түрлерін сабақтың кезеңдерінде логикалық байланысты сақтап, қажетті сәтте кіріктіре отырып үйрету қажет.
Ескертпе:
Диктант түрлерін бір сабақта ғана емес, бөлімді оқыту көлемінде, қайталау мен бекіту мақсатында жүргізіп отыру қажет.
Мысалы: «в, ф» әріптері бар сөздерді сауатты жазуды үйрету үшін шығармашылық диктант ұсынылады.
Шығармашылық диктант — үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктері болады.
«Ч, щ» әріптері бар сөздердің емлесін үйрету мақсатында көру, шығармалық диктанттарын жазу ұсынылады.
«Х, һ» әріптері бар сөздерді ажыратып жазу үшін өздік диктант ұсынылады.
Өздік диктантында оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөз бен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер мен жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, ойлана отырып өз бетінше жазады.
«Э» әріптері бар сөздерді сауатты жазуды үйрету үшін терме диктантын жазу ұсынылады.
Терме диктанты белгілі бір ережені оқушылардың қалай меңгергенін байқау үшін сабақ үстінде жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқып алдында қандай ережеге көңіл аудару керек екендігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған немесе оқыған мәтіннен өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдерді теріп жазады,
Оқушыларға өлеңді іштей оқуға уақыт беріледі және қарамен жазылған сөздердің антонимдері таптырылады.
Әр шумақ мәнерлеп оқытылады. Соңғы шумақтағы көп нүктенің орнындағы әріп таптырылады. Э дыбысы мен әрпінің айтылуы мен жазылуы салыстырылады.
Оқушылар тапқан антоним сөздерінің дұрыстығын тексереді.

Әр топтың тапсырманы орындауын бақылайды. Әр топтың жұмысты таныстыруына уақыт беріледі. Топтардың бірін-бірі тыңдауы қадағаланады және өзге топтардың жауабын толықтыруларына мүмкіндік жасалады.

Жұптағы оқушылардың бірінің сұрақ қойып, екіншісінің жауап беруі бақылау арқылы бағаланады.

«Көк ту және достар» мультфильмінен 2:48–3:09 минут аралығындағы үзінді көрсетіледі.
Эпизод аяқталғаннан кейін фильмді тоқтатылады. Оқушыларға фильмнің соңы қалай аяқталатынын болжау ұсынылады. Фильмнен алған алғашқы әсерлерімен бөлісуге мүмкіндік беріледі.
Фильмдегі әрбір кейіпкердің қандай сезімде, ойда болғанын топта талқылауға, сынып алдында қорғауға уақыт беріледі .
«Көк ту және достар» мультфильмінен 7:05-8:42 минут аралығындағы үзінді көрсетіледі.
Мұғалім топтағы барлық оқушылардың оқиғаны баяндауын қадағалайды.
Жазба жұмысы тексеріледі.
Мұғалім мазмұндаманы талдауды «Бағытталған жазу» стратегия-сын қолдану арқылы жүзеге асырады. Мұндай жұмыс түрі шамамен 5-10 минутты қамтиды. Жазба жұмыстарында жіберілген қателерінің түріне байланысты оқушылар топтастырылады. Тапсырманы қатесіз орындағандар өз алдына топ құрайды және оларға өз бетінше жұмыс беріледі. Мұғалім қате түрлеріне байланысты тапсырмаларды алдын ала дайындап келеді және оқушыларға түсіндірме жұмысын жүргізеді. Топ оқушылары қатеге байланысты берілген тапсырмаларды орындай-ды.

«Көк ту және достар» мультфильмі

2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
2.1 Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау
4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.3.7.1* қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету1

(Ө,Т,Ж) Мәтінді оқу. Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін белгілеу.
Тірек сөздер мен сөз тіркестері: орап алу, өкпе қысу, кесір, өсірмей тастау, мақсатына жету, жамандық ойлау.
Тірек сөздер мен сөз тіркестеріне байланысты есте сақтау диктантын жазу. Өзін-өзі тексеру.

Бидай мен шырмауық
Қатар өсіп тұрған екі бидайдың бірінің басы күн өткен сайын ауырлап, әбден иіліп кетті. Ал қасындағысы басын көтеріп, тіп-тік тұр. Оны шырмауық орап алған. Бір күні тік тұрған Бидай Шырмауыққа:
-Күн өткен сайын өкпемді қысып, өрмелеп ұайда барасығ? – деп сұрады.
— Сені басып өтіп, анау Күнбағысқа жетсем деймін, — деді шырмауық.
Сонда басы иіліп кеткен бидай сөзге араласты.
— Жыл сайын бойы бойшаңға жетем деп тыраштанасың, бірақ күз түсіп кетіп, жылда-жылда арманыңа жете алмай қурап қаласың. Кесірің көпке тиіп жатыр. Сен өкпесін қысып, бидайды өсірмей тастадың. Ал ол өсіп, өркендеп, ұрпағын көбейте алмай тұр. Мақсатыңа жету үшін жолдағынығ бәрін таптап, жаншып кетуіңді қашан қоясың?
— Қап бәлем, келесі көктемде ме, сені орап әбден қыспасам ба, ал өзің не бітіріп тұрсың, — деді кіжініп.
— Мен өкінбеймін, келесі көктемде мен бір жерде емес, мың жерде өсем. Ұрпағым көп. Соның бәрін орауға сенің жібің жете ме, ең бірінші соны ойласайшы, — деді.
— Жетеді! Бидайды тұқымымен құртам, — деп айқайлады Шырмауық.
Шырмауықтың даусын естіп қалған Адам бұлардың қасына келді. Ол Шырмауықты көріп;
— Қап, Бидайды өсірмей тастапты-ау! – деп Шырмауықты түбімен жұлыпалып тастапты тастады.
Сонда тік өскен Бидай:
— Өзің үшін өзгеге жамандық ойлаймын деп, жарты жолда өалай мерт болғаныңды білмей қалдың-ау, бейшара, — деді.
Әдина Жүсіп
(Т) Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіретін сұрақтар құрастыру. Сұраққа жауап бергенде қаратпа және қыстырма сөздер пайдалану.
(Ө) Терме диктанты
Мәтіннен қыстырма және қаратпа сөздері бар екі сөйлемді теріп жазу. Тексеру, тыныс белгілерінің қойылу себебін негіздеу және түсіндіру.
(Ө,Қ) Қыстырма сөздермен жұмысты орындау.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
1 Қыстырма сөздерді тауып, тыныс белгісін қою.
1. Әне Бекзаттың моншасынан будақ-будақ түтін шықты. 2. Айналаңа әсіресе күн шығар жаққа қарай алмайсың.
2 Қыстырма сөздерді қолданып екі сөйлем құрастыру. Мәтінді оқушылар өз бетінше оқуына жеткілікті уақыт бөлінеді. Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау 1 бөлімде көрсетілген нұсқаулық бойынша жүзеге асырылады.
Мәтіннің тақырыбы: Бидай мен шырмауық
Мәтін бойынша кемінде 6-7 тірек сөздер мен сөз тіркестерін белгілетеді. Сөздер мен сөз тіркестерін топта талқылап, тізімін жасайды.
Мұғалімнің алдын-ала дайындаған тізіміндегі сөздер мен сөз тіркестерімен сәйкестігін анықтау мақсатында әр топ кезекпен бір сөз тіркесінен атайды, топ ұсынысын негіздейді.
Мұғалімнің алдын-ала дайындаған тізіміндегі сөздер мен сөз тіркестері сәйкес болған жағдайда тақтаға жазады. Барлық сөздер мен сөз тіркестерді тапқанша жалғасады.
Тақтадағы тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтауға 40-60 секунд уақыт беру. Өз бетінше жазуы мен тексеруін қадағалау.
Жіберілген қателермен жұмыс ұйымдастыру. Жұптық жұмысты ұйымдастыру. Тапсырманы орындау критерийін құрастырту. Мысалы:
1 Сұрақ өзіндік пікір білдіруге бағытталуы қажет.
2 Сұрақ мәтін мазмұнына сәйкес болуы керек.
3 Сұраққа берілген жауаптарда қыстырма, қаратпа сөздер қоданылуы тиіс.
Алдымен оқушылар топтасып бір сұрақ құрастырады. Бірінші топ екінші топқа, екінші топ үшінші топқа т. с.с. сұрақтарды арнап қояды. Әр топтың сұрақтары тақтаға жазылады. Сұраққа критерийлер бойынша жауап беру үшін оқушыларға уақыт беріледі.
Кейіпкердің әрекетін бағалайтын сұрақтар болмаған жағдайда, қосымша сұрақтар жұптық талқылауға ұсынылады.
Сұрақтар:
1 Шырмауықтың іс-әрекетін бағала.
2 Адамның орнында болсаң, сен не істер едің?
Терме диктантты тексеру барысында жазылған сөйлемдердің тыныс белгілеріне назар аударылып, ережесі еске түсіріледі.
Мұғалім қыстырма сөздермен жұмысты жетілдіру үшін оқушыларға деңгейлік тарсырмалар ұсынады.
Ескертпе: Деңгейлік тапсырманы оқушылардың өздері таңдау жасауына мүмкіндік беру.

2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.1 Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау

4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.2.1.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтау
3.4.1.4 х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазу

(МК, Т) Шағын әңгімені оқу. Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Думан Астанада тұрады. Ол биыл тоғызға толады.
Сабағын оқып бола саласымен Думан көк сандыққа көп телміреді. Ондағы көретіні таусылып бітпейтін кинолар емес, жасыл орманмен көмкерілген көркем жайлаулар мен алып тау сілемдері. Мұндай көріністер хайуанаттар туралы берілетін бағдарламаларда көп болады. Бірақ Думанға оның да ұнамайтын жерлері бар. Жаңа туған киіктің лағын жолбарыстың не қасқырдың бас салатыны тым аянышты. Ал шөлден қаталап келіп, өзенге бас қойған бұғыны қолтырауынның су астымен келіп, кеңірдектен ала түсетіні тіпті қорқынышты…
«Балдырған» журналынан

(Т) Мәтіннің тақырыбын анықтау, мәтінге ат қою. Негізгі ойды табу.

(Ұ, Қ)Мәтіннің түрін және оның құрылымдық бөліктерін анықтау.

(Т) Мәтіннің соңын болжау. Өз ойларын ортаға салу.
(Ө, Қ) Мәтіннің соңғы бөлігін жазу. Өзін-өзі тексеру. Шағын әңгімемен жұмыс «Бірлесіп оқу» стратегиясы арқылы жүзеге асырылады.
Мәтіндегі «көк сандық», «көп телміреді», «тау сілемдері», «шөлден қаталап келіп», «бас қойған», «кеңірдек» сөздерімен сөздік жұмыс ұйымдастырылады.
«Хайуанаттар» сөзінің жазылуына назар аудартылады. Мұғалім сұрақтардың неліктен? не себепті? қалай ойлайсың? деген бағытта құрастырылуын қадағалайды.

Мұғалім негізгі ойды табу тапсырмасын орындатуда бірінші бөлімде берілген нұсқаулықты басшылыққа ала алады.

Мәтіннің құрылымдық бөліктері тірек сызбаның немесе суреттің (балық) көмегімен анықтатылады.
Мәтіннің берілмеген бөлігіне назар аудартылады.

Мәтіннің соңын болжау себебін түсіндіреді.

1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

1.6 Тыңдарманның назарын аудару

2.5 Түрлі дерек көздерден ақпарат алу

4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу

3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту

3.2.5.1* берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

3.4.1.1* «э», «ф», «в», «ц» әріптері бар сөздерді сауатты жазу

3.4.1.3* «ч», «щ» әріптері бар сөздердің емлесін білу

3.4.1.4* «х», «һ» әріптері бар сөздерді ажыратып жазу

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» пікірталас алаңы
(Ұ) Пікірталасқа түсудің мақсаты мен оған қойылатын талаптарды белгілеу.

(Ұ) Көпшілік алдында сөйлеу үлгісін тамашалау. Сөйлеушінің сөз саптауына, интонациясына, қимыл -қозғалысына назар аудару. Сөйлеуге қойылатын талаптардың қайсысы орындалғаны анықтау.

(Т) «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбында сөйлеуге дереккөздерден материал жинау.Өз сөйлеуіне қажетті деректеді іріктеу.

(Ө,Ұ) Өз сөзін жоспарлау және көпшілік алдында сөйлеуге дайындалу.
Түсірілген үзінділерді талдау, жақсарту және көпшілік алдында сөйлеуге шығару.
(Ұ,МК,Т) Мәтінді оқу. Түсіндірмелі сөздікті немесе смартфонды пайдаланып қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашу.
Жомарт деп кімді айтамыз?
Ертеде бір Атымтай жомарт адам өмір сүріпті. Осы кісіден біреулер: «Өзіңізден асқан жомарт адамды көрдіңіз бі?» — деп сұрапты.
-Бір күні жол жүріп шаршап келе жаттым. Шөл далада тігулі тұрған күрке көрдім. Онда бір кемпір баласымен тұрады екен. Кеш батып қалған кез. Әлгі күркеге аялдауға тура келді. Үй иелері іргеде байлаулы тұрған ешкісін мейман асына сойды. Күркенің ағашын отқа жағып, ет пісірді. Сөйтіп, мені сыйлады. Сөйтсем, бұл үй иелерінің жалғыз ешкісі мен күркесінен басқа ешнәрсесі жоқ екен. Соның өзін аямады. Міне, жомарттық деп осыны айт, — депті өзі.
Әрине, бұл аңыз ғой. Әйтсе де түбінде бір шындық бар. Қазақ халқы ешкімді жатсынбаған. Сондықтан болар, белгілі жиһанкез «Егер қазақ халқы экватор бойымен жағалай қоныстанса, жер шарын аралап шығуға болар еді» — деген екен.
Міне, балалар, ата-бабаларымыздың осындай аяулы салт-дәстүрін сендердің де білгендерің жөн. Қонақ күту, оған сый-сияпат көрсету өз алдына бір өнер десек те болады.
(Ж,Ө, Қ) Мәтіннен сұрақтарға жауап болатын сөздерді анықтау. Сөздерді жатқа жазу.
Сұрақтар:
1 Қонақ күту, сый-сияпат көрсетумен ерекшеленетін ұлт? (қазақ халқы)
2 Жер шарын аралайтын адам? (жиһанкез)
3 Қазақ халқы Жер шарының қай жеріне жағалай қоныстанса жер шарын аралап шығуға болады? (экватор)

Сөздік диктант жазу.
Э әрпі
Эстафета, экспресс, эмаль, эмоция, экран, электрон, энергетикалық, эфир, эстондар, эстрада, эвкалипт,
В әрпі
Трамвай, вагон, велосипед, волейбол, автобус, витамин, аквариум, автомобиль, авиация, пингвин, вокзал.
Ф әрпі
Фабрика, филармония, француз, футболшы, фойе, фигура, фильм, фирма, флейта, факультет
Х, һ әрпі
Хабар, жиһан, гауһар, қаһар, шаһар, жиһанкез, хайуанат, халық, емхана, емтихан, тарих, археолог, мәслихат, жиһаз, қаһарман.
Щ, ч, ц әріптері
Ащы, тұщы, борщ, чемодан,щётка, чемпион, плащ, чек, чемпионат, чуваштар,чех.
Цех,цирк,циркуль, цемент, цистерна, центнер,центр, циклон, конститутция, целллофан, концерт, авиация.

Мұғалім осы бөлімде өтілген материалдарды оқушылардың қай-талап келуін тапсырады. Оқушылармен пікірталастың мақ-саты мен қойылатын талаптарды белгілейді және қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды. Үлгі:
• сөйлеу барысында тақырыптан ауытқымау;
• өз сөйлеуін қанатты сөздер, мақал -мәтелдермен нақтылау;
• өтілген қаратпа, қыстырма сөздерді өзгенің назарын аудару, деректерді нақтылау үшін пайдалану;
• интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
• сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау.
Көпшілік алдында сөйлеу үлгісін көрсету мақсатында Жамбыл Дүйсеновтың «Тіл туралы» бейнематериалын пайдаланады.
Сөйлеуге қойылатын талаптардың қайсысы орындалғаны анықталады.
«Оқу бұрышы» ұйымдастырылады. Әр топтың өзіне қажетті материалдарды жинақтауына мүмкіндік жасалады.
Әр сөйлеушінің сөзі 1минуттан аспау керектігі ескертіледі.
Мұғалім оқушыларға сөйлеу техникасын (айна алдында тұрып жаттығу, смартфонның бейнекамерасына түсіріп қарау) үйретеді.
Қорытынды сабақ оқушылардың жеке таныстырылымымен (сөз сөйлеуі) аяқталады.
Мұғалім жаңа сөздердің мағынасын ашуға бағытталған жұмысқа басшылық етеді. Жаңа сөздердің мағынасы ашылған соң сөздер тақтаға жазылып, есте сақтау диктанты жүргізіледі.

Ескертпе:
Тілдік нормаларды жүзеге асыру үшін мұғалім сабақта сөздік диктантын жүргізу қажет. Ұсынылған сөздік диктанттарындағы сөздерді мөлшерлеп алған дұрыс. Бір сабақ көлемінде берілген әр әріптің емлесіне байланысты кемінде 8-10 сөз жаздырту қажет.

Жамбыл Дүйсенов «Тіл туралы»: https://www.youtube.com/watch?v=v1AOkHaN3xc

«Қазақ тілі» пәні. Бастауыш мектеп. 3-сынып
3-бөлім: Уақыт
Осыған дейін меңгерілген білім
Бұл бөлім материалдарын оқытуда алдыңғы сыныптарда және бөлімдерде алған білім, білік, дағдылары басшылыққа алынады.
Мәнмәтін
«Уақыт» ортақ тақырыбы аясында оқушылардың коммуникативтік дағдылары дамытылады. Сөйлеу әрекетімен жұмыс жүйелі жүргізілуі қажет.
Оқушылардың сауаттылығын арттыруға, көркем жазу, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыруға және сөйлеу мәдениетін дамытуға мән беріледі.
Қысқаша шолу
Оқушылар тақырыпқа байланысты мәтіндерді оқиды, хронологиялық тәртіпке негізделген өмірбаян жазады. Хат, шақыру қағазын жазу дағдыларын дамытады. Уақыт әлеміне саяхат жасау арқылы өзара пікірлесуге, қорытынды жасауға үйренеді. Дыбысталуы мен жазылуы сәйкес келмейтін сөздерді сауатты жазуға төселеді. Сөйлем мүшелері, бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша, жалаң және жайылма сөйлемдер туралы білетін болады.

Оқу бағдарлама
сына сілтеме Оқу мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Мұғалімге арналған ескертпелер
(оқыту әдістемесі бойынша) Оқыту ресурстары
1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау

1.5 Тыңдалған материалдар бойынша өз пікірін білдіру

3.6 Каллигра
фиялық нормаларды сақтау

2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу

3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл, т.б.)

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Уақыт туралы не білемін?
(Ө, Ұ) Уақыт туралы не білеміз? ББҮ кестесінің бірінші бағанын толтыру.

(Ұ) Сурет бойынша ертегі не туралы болуы мүмкіндігін болжау. Болжамының себебін түсіндіру. Жасаған болжамының «уақыт» ұғымына қандай қатысы бар екенін анықтау.

(Ұ, МК) Ертегіні тыңдау және өз болжамының сәйкестігін тексеру. Уақытқа қатысты сөздерді түртіп алу. ББҮ кестесінің екінші бағанын толтыру.

Таңды іздеу
(Бразилия ертегісі)
Күндердің күнінде бір адам өз жұмысымен алыс сапарға аттанады. Қас қарайып, қараңғылық еңсере бастағанда, анадайдан шам жарығы көрінген үйге жақындап кеп, қонуға рұқсат сұрайды. Үй иелері қонақты құшақ жая қарсы алып, тамағын беріп, сыйлап, төсек ұсынады. Алайда олар кешкі тамақтан соң бір жаққа жинала бастайды.
– Мына қараңғы түнде қайда барасыздар? – деп сұрайды жолаушы.
– Біз таңды іздейміз, – дейді үй иесі. Ештеңені жөнді түсінбеген ол жан-жағына қараса, әлгілер қолдарына бір-бір бос қап ұстап, үйден шығады. Алдында отағасы, артынан отанасы, балалары, енелері, аталары тізіліп, асыға қараңғылыққа сүңгігендеріне қарап тұрып, қонақ та жолға шығады.
Жүре-жүре бірнеше сағаттар өткенде таң алаулап ата бастайды. Бір кезде әлгілер қаптарын ашып, таңның жарығын салған сияқты қимыл жасап, артынша аузын буып, кері қайтады. Олар үйге қайтып оралғанда таң да атады. Үй иелері қаптарының аузын ашып, оны сілкіп-сілкіп жібереді. Таңдана қараған жолаушы жақын келіп сұраса: – Біз таңды алып келдік. Өзіңізге айтып едік қой, – дейді олар. Қонақ басын шайқап, қоштасып жолға шығады.
Қайтар жолында әлгі адам инабатты үй иелеріне бір әтешті алып келеді.
Бұл сіздерді таңды іздеуден құтқарады. Биік жерге қонақтатыңыздар. Оның бірінші шақырғаны – «таң әлі алыс» дегені, екінші шақырғаны – «таңның жақындағаны», ал үшінші шақырғанда таң өзі аулаға кіріп келе жатады. «Бұл құстың аты – Әтеш», – дейді жолаушы. Сөйтеді де әтешті жерге қоя береді, ол «ку-ка-ре-ку» деп шақырып жөнеледі. Алғашқыда қорыққанмен, бірте-бірте бойы үйреніп, үй иелеріне әтешті алып, алғысын айтады.
Аударған Шәкен Күмісбайұлы

(Т) «Неліктен ертегі «Таңды іздеу» деп аталады?» сұрағына пікірін білдіру.
Өзгенің пікіріне келісетіндігін немесе келіспейтінін айту.

(Т) Қазақтың уақыт өлшемдері мен атауларын түрлі дереккөздерден табу. Нақты сұрақтарға жауап алатындай ең қажетті кітапты анықтау. Жауаптарды тез табу үшін кітап бетін, мазмұнын, әліпби бойынша берілу ретін және атауларды қолдану. Алынған мәліметтерді жүйелеу және уақыт атауларын қағазға (флипчарт, ватман) жазып алу.

(Т, Ұ) Әр топ сынып алдында өз мәліметтерін таныстыру

(Ө, Қ) Алынған мәліметтерді ескеріп,ББҮ кестесінің соңғы үшінші бағанын толтыру.

Бөлім тақырыбы хабарланады. Кестені алдымен оқушылар жеке толтырып, талқылау арқылы ортақ кесте толтырылады.

Сурет бойынша «Таңды іздеу» ертегісінің тақырыбын болжауды ұйымдастырады.

Мұғалім ертегіні мәнерлеп оқиды. Уақытқа қатысты сөздерге және құбылыстарға назар аудартылады: «күндердің күнінде», «қас қарайып», «қараңғылық еңсере бастағанда», «кешкі», «қараңғы түн», «таң». Сөздік жұмысы ұйымдастырылады. Қажет жағдайда мәтінді қайта тыңдатады.
ББҮ кестесінің екінші бағанын толтыру жұмысы ұйымдастырылады.

Қосымша материал:
Жыл аттары
(Ертегі)
Қадым бір кездерде бір билеуші он екі жылды бір мүшел деп бөліп алып, әрбір жылға жер бетіндегі хайуанаттардың атын бермек болады. Бұл хабарды естіген есті айуандар қуанып, жыл басынан дәмелі болады. Егер бұл сыйлы орынға ие болса, он екі жылда бір айналып келетін «Жыл басы» деген құрметті атаққа қол жеткізіп, үлкен даңққа бөленіп, мәртебесі артады екен. Сондықтан барлығы оған иек қышытып, іштей көңілдері құлай құмартыпты. Межем сәт туғанда бәрі бір жерге жиналып, жылдың келуін күтіпті. Қалған бәсекелестерінен бойы биік түйе өзінің «Жыл басы» болатынына аса сенімді болыпты. Анда-санда мойнын созып, жыл келетін еңселі белдің арғы жағына қарап қояды екен. Бір кезде желдей есіп жыл келіпті. Бірақ «Жыл басы» деген мәртебелі орын түйеге емес, түйенің табанынан да келмейтін тышқанға бұйырыпты. Бұған түйе аң-таң қалыпты. Сөйтсе жер бауырлаған қу тышқан жыл келетін сәтте жүгіріп ойсыл қараның құлағына шығып алған екен. Жыл алдымен соны көріп, соған тоқтапты. «Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты» деген тәмсіл содан қалыпты. Бұл жайды күн өткен соң білген түйе қатты ашуланыпты. Тышқанға зығырданы қайнапты. Тышқанның інін көрсе, жынын шашып, жүгіріп барып, таптап тастағысы келіп тұратыны содан қалыпты.
Кейін мүшелге кірген жануарлар кеңесіп, Үркерді жерде ұстап тұрмақ болады. Себебі Үркер жерге түскен мезгіл – мамыр, маусым айлары мал жанға жайлы, ал көкке көтеріліп кететін күз, қыс маусымы тиімсіз екен. Содан алғашқы кезек «Жыл басынікі» болғандықтан, тышқан бір ай бойы басып отырыпты. Кезек екінші орындағы сиырға келгенде, Зеңгі баба оқыралап кетіп, Үркерден айрылып қалыпты. Соның салдарынан Үркер жерде қырық-ақ күн тұратын болып, қыс ұзарып кетіпті дейді.
(«Балдырған» журналынан)

Мұғалім оқушыларды пікір білдіргенде дәйекті сөйлеуге бағыттайды. Дереккөздермен жұмыс 7-10 минут шамасында ұйымдастырылады. Үлгі: Қай кітапта уақыт жайлы деректер бар? Сіздің ойыңызша, осы сұрақтың жауабын қай тараудан табуға болады?
Мұғалім алдын ала түрлі дереккөздерді: энциклопедия, түсіндірмелі сөздік, мүмкіндік болған жағдайда АКТ құралдары дайындайды.
Таныстырылым барысында топтардың мәліметтерді қайталамауы қадағаланады.
Мұғалім басшылығымен сыныптағы ортақ ББҮ кестесі толтырылады. Сөздерді

сауатты жазуға, каллиграфияға көңіл бөлінеді. Қажет жағдайда қатемен жұмыс ұйымдастырылады.

Қазақтың байырғы өлшемдері:
http://balakai.kz/sen_bilesin_be/888-azaty-bayyry-lshemder.html

Қазақ дүниетанымындағы уақыт өлшем бірліктері:
http://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/8379/

1.3 Түрлі жағдаяттар
да тілдік нормаларды дұрыс қолдану

1.7 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау
3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру

3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту

3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл)

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
(Ұ, Ж) «Жұбыңды тап» ойынына қатысу. Берілген сөздің жұбын табу.Өз жауаптарын дәлелдеу.

(Ұ,Ө,Қ) «Дүйсенбі», «сейсенбі», «сәрсенбі», «бейсенбі», «сенбі», «жексенбі» сөздерінің айтылуы мен жазылуын салыстыру және жазу. Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазу.

(Ұ,Ө) Сөздерді жазылуы және айтылуы бойынша екі бағанға бөліп жазу.
Жыланбалық-жыламбалық, қашша-қазша, ағүрпек-ақ үрпек, ақ жолақ-ағжолақ, құнамбәйге-құнан бәйге, бағбаңға-бағбанға, ата кәсіп-атагәсіп, ала-құла-алағұла.
Үлгі:
Жазылуы Айтылуы
тұтанбау тұтамбау
(Т) Сөздерді сәйкестендіру. Көрсетілмеген жыл мезгілінің атын табу және дұрыс айту. Кестедегі сөздермен сөйлем құрау.

жаздыгүні

қыстыгүні

күздігүні қыркүйек
қаңтар
мамыр
ақпан
қазан
желтоқс
н
шілде
маусым
қараша
сәуір
тамыз
наурыз
Алдын ала сөздер жазылған қима қағаздар дайындалады: «түнеугүні», «алдыңғы күні», «кеше», «бүгін», «ертең», «арғы күні», «дүйсенбі», «сейсенбі», «сәрсенбі», «бейсенбі», «жұма», «сенбі», «жексенбі», «қас қағым сәт»,
«1 секунд», «сүт пісірім уақыт» ,
«5-10 минут», «ет пісірім уақыт», «2-2,5 сағат», «сәске», «күннің бойы көтерілген мезгіл», «екінті», «күн батуға жақындаған мезгіл», «ақшам», «күн батып, шам жағар мезгіл», «биыл», «осы жылы», «былтырғы (өткен) жылы», «1 жыл бұрын», «бұрнағы жылы», «2 жыл бұрын», «одан арғы жылы», «3 жыл бұрын», «бұрынғы жылдар», «бірнеше жыл бұрынғы жылдар». Сөз жұптарының дұрыс сәйкестендірілуі қадағаланады.
Қазақтың байырғы уақыт атаулары мен өлшемдері үйретіледі және айтылуы мен жазылуына назар аудартылады.
Мұғалім оқушыларға берілген сөздерді айтқызып, оларды жазылуымен салыстыртады: дүйсембі– дүйсенбі.
Жоғарыдағы сөздермен сөйлем құратылады.Сөйлем құрау барысында сөйлемдегі сөздердің байланысына, жай және құрмалас болып келуіне назар аударылады. Мысалы, Дүйсенбі күні жаңбыр жауды сөйлемінен гөрі Дүйсенбіде күн түнеріп, себелеп жаңбыр жауа бастады деген сияқтысөйлем құрауға бағыт берілгені жөн.

Мұғалім дыбыс үндестігі тақырыбына байланысты шығармашылық жұмыс ұйымдастырады.
1.5 Тыңдалған материалдар бойынша өз пікірін білдіру

4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

1.6 Тыңдарманның назарын аудару

1.7 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

3.6 Каллигра
фиялық нормаларды сақтау
4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

3.7 Пунктуациялық нормаларды сақтау

3.5 Қатені табу және түзету 3.1.5.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.4.2.7 — сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату

3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту

3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл)

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

3.4.2.7 — сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату
3.4.2.8 мұғалімнің қолдауымен жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату

3.3.7.2 мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету
Сағаттың шығу тарихын зерттеймін
(Ұ,Ө) Сағаттың шығу тарихы туралы бейнематериалды көру. Өз бетінше жаңа маңызды мәліметтерді түртіп алу.

(Т) Кестені толтыру мақсатында бейнематериалды қайта қарау. Жинақтаған мәліметін таныстыру.

Алғашқы сағат түрлері Су сағаты туралы мәліметтер Ең сапалы сағат өндіретін ел

(Т,Қ) Сағаттар түрлерін уақыт хронологиясы бойынша орналастыру.

Дереккөздерден тақырып бойынша мәліметтерді жинақтау.
1-топ: «Астанадағы күн сағаты»
2-топ: «Құм сағаты»
3-топ: «Су сағаты»
4-топ: «Қазіргі заманғы сағаттар»
Мәліметтерді жүйелеп, жарнама жасау.

Дереккөздер үлгісі:
Уақыт туралы
Жүректің соғуы, теңіз суының көтерілуі мен қайтуы, күннің шығуы мен батуы, жыл мезгілдерінің алмасуы белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз қайталанып отырады. Күн мен түннің алмасуын, Күн мен Айдың қозғалысын бақылай отырып, адам баласы жылды айларға, айды күндерге, ал күнді бұдан анағұрлым қысқа уақыт бөліктері сағаттарға бөле бастаған.

Құм сағаты
Құм сағаты екі шыны сауыттан тұрады. Олардың тұтасқан тар мойыны болады. Құм жоғарғы сауыттан төменгі сауытқа сусып ағады. Содан кейін сағатты айналдыру керек. Айналдырғаннан кейін осы үдеріс басынан басталады. Құм сағаты уақытты дәл көрсетеді. Бірақ та оларды белгілі бір уақыттан кейін айналдырып отыру керек. Сол себепті олар қолданыстан шыға бастады.
Қазіргі уақытта құм сағаттарын тек кәдесый ретінде, дәрігерлік емдеу шараларын өткізуде қолданады.

Су сағаты
Су сағаттарының механизмі құм сағаттар тәрізді болған. Су сағатында су бір ыдыстан екінші ыдысқа бірқалыпты тамшылап құйылып тұрған. Мұндайда көрсеткіш тілі бар қалтқы жоғары көтеріліп немесе төмен түсіп, уақыттың дәл мезгілін білдірген. Бұл сағат уақытты күндіз де, түнде де көрсету үшін суын еселеп құйып отырған. Су сағатының түрлері XVII ғасырға дейін қолданыста болған.
Қазіргі заман сағаттары
Соңғы бірнеше жылдарға дейін барлық сағатқа тән маңызды тетіктер — сағаттық, минуттық, секундтық уақыт бірліктерін көрсететін тілдері болып келеді. Ал бүгінгі таңда мұның басқа да түрлері кең тарай бастады. Яғни уақытты көрсететін тілі мен сандық межелері жоқ сағаттар шықты.
Мұның орнына бетіндегі әйнекшелерден сағаттық, минуттық, секундтық, белгілерді санмен көрсетіп тұратын кішкене сағаттар дүниеге келді. ал, кейбір сағаттар, сонымен бірге, жылдың айы мен күнін, аптаның қай күнін де көрсете алады.
Кварц «маятникті» сағаттар отыз жыл ішінде бір секундқа ғана қателесуі мүмкін. Уақытты бұдан да дәлірек көрсететін «маятниктер» іздеу барысында ғылым өте күрделі тербеліс қимылдарын жүзеге асыратын молекулалар мен атомдарға назар аударды. Қазіргі кезде уақытты ең дәл көрсететін де осы атомдық және молекулалық сағаттар.
Астанадағы «Күн сағаты»
Астана қаласының «Студенттер» саябағында Елорданың 15 жылдығына орай күн сағаты орналастырылды. Сағаттың циферблаттары мен 10 метрлік тілі және ондағы жазулар қоладан жасалған. Жобаның авторы – сәулетші Антон Максимов.
Сағаттың тілінде маңызды тарихи күндер бейнеленген. Сағатқа маңызды тарихи оқиғалар мен әйгілі тұлғалардың туған күндері жазылған. Сонымен қатар, сағаттың төменгі жағында келешек ұрпақтың маңызды даталарын жазатын арнайы орын қалдырылған. Бұл сағат циферблатының ортасындағы металдан жасалған тіл дәл уақытты көрсетеді.
Сағаттың дәл қанша болғанын білу үшін тілден түскен көлеңкеге мұқият қарау керек. Циферблаттарда 6,9,12,15 және 18:00 сандары жазылған, көлеңке осы сандарға түскенде сағаттың неше болғанын білуге болады.
Сағатта «Ғұмыр – уақыт… Оны өзіңе бағындыра ала біл» деген сөздер жазылған. Мұнда отырып, 10 метрлік тілдің көлеңкесі қалай жылдам ауысқанын, осылайша, күндеріміздің қалай ғана жылдам сырғып бара жатқанын анық бақылауға болады. Бұл өміріміздің әрбір сәтін мәнді өткізу керек екендігіне үндейді.
(Ұ,Ж,Қ) Ескерту диктантын жазу. Айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөзді салыстыру. Көршілес дыбыстың айтылу кезіндегі өзгеру себебін түсіндіру.
Апта күндері.
Бір аптада жеті күн бар. Олар дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі, Дүйсенбіде мен мектепке барамын. Жексенбі демалыс күні саналады. Мен демалыс күндерді ұнатамын. Біз отбасымен демаламыз.

(Ұ,Ө) Тиісті сөздерді тауып, сөйлемдер құрастырып жазу. Бастауыш пен баяндауыштың астын тиісті сызықтармен сызу.
Уақыт … (жылжиды, тоқтайды).
Сағат … (өтеді, жүреді).
Азамат сағатқа … .
Уақыт тез … .
… кеше келді.
… басталды.

(Ө,Қ) Диктант жазу. Мәтіннің негізгі ойын анықтау. Сөйлем мүшелеріне талдау.

Күн батуға тақап қалған мезгіл. Батыс жақ күннің қызғылт сәулесімен нұрланған. Аспан қызыл торғынның түсіндей. Күн жақтағы бұлттардың түсі өртке қызған темірдей қып-қызыл. Төбеге жақын тұрған аласарақ бұлттардың бір жағы жұқалтаң қызылға боялған. Ала шұбар бұлттар кең жиһанның жүзіне перде болған жоқ. Жел ызғырықтап, жаңа жауған көбік қарды жаяу борасындатып тұр. Күннің қызыл сәулесі даланы да, тауды да өз өңіне кіргізген. Батыс жақтан бораған ұсақ қарда күн асытынан қызғылттанып көрінеді.

Тапсырма:
1 Мәтінде қандай уақыт туралы айтылған?
2 Мәтіннің тақырыбын анықта.
3 Мәтіннің негізгі ойы қандай?4 Соңғы үш сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.

(Т,Ө) Сөйлемдегі сөз санын берілген уақытқа сәйкес құрап жазу.

Сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты анықтап, астын сызу. Екі сөзден тұратын сөйлемнің жалаң, одан көп сөздерден тұратын сөйлемнің жайылма екендігін байқату.
(Ө,Ж,Қ) Диктант жазу. Қатемен жұмыс
Қыс мезгілі
.Қыс келді. Күн суытып кетті. Ұп-ұсақ түйіршіктер бетке құмша тие бастады. Енді жапалақтап қар жауды. Түнерген тап-тастай қараңғылық сәл сейілгендей болды. Төңірек ағара бастады. Далада қардың алғашқы жаууы соншалықты сұлу көрініс еді.

Таңшолпан бағдарламасы дайындаған «Сағаттың шығу тарихы» бейнематериалы (тек 0:14-1:56 уақыт аралығы) ұсынылады.
Топтардың мәліметтерді түртіп алуын қадағалайды, қажет жағдайда қайта көрсетеді. Таныстыру барысында топтардың бірін-бірі толықтыруына, сұрақ қоюына мүмкіндік беріледі.
Мұғалім таныстыру барасындағы әр топтың рөлін бөліп береді. Мысалы:1-топ:таныстырушы
2-топ: толықтырушы
3-топ: сұрақ беруші
4-топ: талдаушы.

Мұғалім ресурстарды дайындау барысында топтардағы суреттердің әр алуан және бір топта сағаттың шығу тарихына байланысты барлық түрінің болуын ескереді.

Оқушыларды алдын ала керекті дереккөздермен қамтамасыз етеді немесе ғаламтор желісінен ақпараттарды алуына мүмкіндік жасайды.

Ескерту диктантын жаздырту қарамен жазылған сөзге назар аудартып, айтылуы мен жазылуын салыстырту.

Ескерту диктанты орфографиялық емлеге қатысты білімді жетілдіру,, сөздік қорын дамыту, алдында өтілген материалды қамту мақсатында жүргізіледі.

Мұғалім 1-4-ші сөйлемдердің етістіктерін сұрақ қою арқылы таптырып, етістіктердің сөйлемдегі қызметін баяндауыш екенін аңғартады. Соңғы екі сөйлемдердегі көп нүктенің орнындағы сөздерге кім? не? сұрақтарын қою арқылы бастауышты анықтатады.
Бастауыш пен баяндауышты анықтаудың алгоритмі үйретіледі. Оқушылардың бастауыш пен баяндауыш туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру жұмыстары бірнеше сағатты қамтиды. Сол сабақтардың барысында грамматикалық тақырыпқа байланысты бақылау диктанты жазылады.

Диктантқа алынған мәтіннің тақырыбы: «Күннің батуы».
Мәтіннің негізгі ойы: Күннің бату ерекшелігі.

Алмат келді. Алмат бүгін келді.
Осы үлгідегі сөйлемдер талдатылып, әр сөйлемдегі сөздер саны анықтатылады. Бірінші сөйлем тек бастауыш пен баяндауыштан, ал екінші сөйлем олардан басқа сөйлем мүшесінен тұратындығы туралы тұжырым жасатылады.
Мұғалім оқушылардың жай сөйлем сызбасының көмегімен жоғарыда құрастырған сөйлемдерін талдауын,
жалаң және жайылма сөйлем туралы қорытынды жасауларын ұйымдастырады.

Жалаң және жайылма сөйлемдерге байланысты диктант жаздырады. Жалаң және жайылма сөйлемдерді анықтатып, жалаң сөйлемдер сөйлем мүшелеріне талдатады.
Таңшолпан бағдарламасы «Сағаттың шығу тарихы» https://www.youtube.com/watch?v=bfqqMECoYn

https://www.google.com/search?q=%D0%B2%D0%B8%D0%B4%D1%8B+%D1%87%D0%B0%D1%81%D0%BE%D0%B2&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwj4r7bCk7TPAhWMCpoKHVPTAgYQ_AUICCgB&biw=786&bih=440
Күн сағаттары:

Астанадағы күн сағаты:

2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

3.4 Жазба жұмыстарын түрлі формада ұсыну

3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

3.5 Қатені табу және түзету

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

3.3.4.1* мұғалімнің қолдауымен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құру/компьютерде теру

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету
(Ө,Ұ) Ертегіні мәнерлеп, түсініп оқу.

Неге айдың көйлегі жоқ?
(Серб ертегісі)
Бір күні жаңа туған Айдың көйлек кигісі келеді. Сөйтіп ол тігіншіге келіп:
– Маған әдемі көйлек тігіп беріңізші. Менің де жалаңаш жүргім келмейді, – дейді ол.
– Жарайды, – дейді тігінші, – бес күннен кейін келіп, киіп көр.
Уәделескендей бес күннен соң Ай тігінші үйінің табалдырығын аттады. Өкінішке орай, көйлек Айға қысқа әрі тар болып шықты.
– Ойпырай, мен шынымен қателестім бе? – деп ыңғайсызданды тігінші, – бір аптадан кейін келіңіз.
Ай айтқан уақытында келіп жетті. Бірақ көйлек тағы да қысқа әрі тар болды.
– Қалай дегенде де тағы бір рет келіңіз. Мен Сіз үшін жаңа көйлек тігемін, – дейді ұялған тігінші.
Бес күннен соң Ай тағы тігіншінің үйіне жетті. Жаңа көйлек дайын еді. Ол бұрынғы көйлектен екі есе үлкен еді. Алайда Айға тағы да тар әрі қысқа болды. Ай ашуланып, қолын бір сілтеп, жөніне кетті.
Балалар, сендер айтыңдаршы, Айға көйлектің тура келмеген себебі не?
Аударған Шәкен Күмісбайұлы.
(Ө,Ж,Қ) Ертегі мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

(Т) Айға көйлектің неліктен сыймағанын талқылау. Дереккөздерден ақпарат табу. Сынып алдында таныстыру.

(Ө,Қ) Тігіншіге хат жазу. Өзін-өзі тексеру. Өз жұмысының қатесін түзеу, жетілдіру.

(Т,МК,Қ) «Орныңды тап» ойыны бойынша тапсырманы орындау. Сөйлем құрылымын негіздеу.
Сөйлемдерді үлгі бойынша тексеру.
1 Тулақ – жүні қырқылған, иленбеген, кептірілген шикі тері.
2 Жүгері – астық тұқымдас өсімдік.
3 Қорқыт – қобызшы, ұлы сазгер әрі жыршы.
4 Бөгенбай – қазақ халқының даңқты батыр ұлы.
Таңдауы бойынша екі сөйлемді жатқа жазу.

Мұғалім оқушылардың «Неге айдың көйлегі жоқ?» ертегісін мәнерлеп, түсініп оқуын қадағалайды. Ертегі мазмұны бойынша жұмыс ұйымдастырылады.

Мұғалім оқушы сұрақтарының неліктен? не себепті? қалай ойлайсың? мазмұнында болуын қадағалайды. Жауап болатын пікірдің нақты, дәйектермен берілуін бағалайды.
Топтық жұмысқа қажетті ресурстардан «оқу бұрышы» ұйымдастырылады немесе ғаламтор желісін пайдалануға мүмкіндік жасалады.
Жазба жұмысы РАФТ стратегиясы арқылы ұйымдастырылады.
Рөл – жас ғалым
Аудитория – тігінші
Форма — хат
Тақырыбы – Неліктен Айға көйлегі шақ келмеді?
«Орныңды тап» ойынының негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша тақырыбын үйрету. Оқушыларды топтастырып, әр топқа жеке-жеке қима қағаздарға жазылған сөйлем құрамына кіретін сөздер мен тыныс белгісін бала санына байланысты ұсыну. (Егер сөйлемде 5 сөз және 1 тыныс белгісі болса, онда ол топ 6 баладан құрылады) Ұсынылған сөздер мен тыныс белгісін пайдаланып, сөйлем құрастыруға және орындарын тауып, бір сызық бойымен орналасуына уақыт беріледі. Үлгі бойынша сөйлемдер тексеріледі. Әр сөйлемдегі баяндауыш пен бастауыш анықтатылады. Оқушылар тыныс белгісін дұрыс орналастырмаған жағдайда мұғалім жетелеуші сұрақтар қойып, сызықшаның қойылу себебін түсіндіреді. Құрылған сөйлемдердің ішіндегі қою әріппен жазылған сөзге назар аудартылып, сөздің айтылуы мен жазылуына мән беріледі. Екі сөйлемді жатқа жаздыртады, тексеріледі.

2.6 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

3.7 Пунктуациялық нормаларды сақтау

3.2 Түрлі стильде мәтін жазу

3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

3.5 Қатені табу және түзету
3.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін/ жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу

3.4.2.7* сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату

3.3.7.2 мұғалімнің қолдауымен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою

3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік, өмірбаян жазу

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету Хронологиялық даталардың көмегімен өмірбаянымды жазамын

(Ұ,Т) «Хронологиялық даталары бар мәтін түрлері бола ма?» сұрағына
Ия, себебі…, мысалы….
Жоқ, себебі,… мысалы, …. бағытын сақтап жауап беру.

(Т,Қ) Ойды тексеру. Екі мәтінді салыстыру.
Екі мәтіннің ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтау. Топтың қорытындысын таныстыру.

Ұтымды жауап Өмірбаян

Ұтымды жауап

Болашақ суретші сегіз жасынан бастап ауылдың қойы мен сиырын бақты.Ол жан-жануарлардың, өсімдіктер мен ағаштардың түрі мен түсін танып өсті.Қойшы бала қойын жусатып тастап,өзен жағалап,тау аралап кететін.Тастан мүсіндер жасайды, тасқа түрлі суреттер салады.
Талабы таудай бала бір күні:«13 жыл қой бақтым. Енді оқимын, таяқ қуат болса да,мұрат емес»,-деп ақ таяғын лақтырып тастап, Жаркентке жаяу кетеді.
Жаркентте байларға жалшы болып, аздаған тиын-тебен табады. Ол ақшасына қағаз, бояу сатып алатын.Әбілхан жиырма бес жасқа келгенде, оқу іздеп Алматыға жол тартады.Оның небары екі сыныптық білімі болды. Атақты суретші Николай Гаврилович Хлудовқа салған суреттерін көрсеткенде, ол қазақтың қара домалақ баласы мұндай өнерден хабары бар екеніне қайран қалыпты. Сурет салуды қайдан және кім үйреткенін сұрағанда, Әбілхан Қастеев:
«Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан
Анамның киізінен,
Ешкімнің мүйізінен», — деп жауап берген екен.

Өмірбаян

Мен, Әбілхан Қастеев, 1904 жылы Алматы облысының Жаркент өңіріндегі Шежін аулында дүниеге келдім. Әкем – малшы. Шешем – кілем, алаша, бау-басқұр тоқыған, сырмақ сырған шеберадам.
Еңбек жолымды 1928 жылдары Түрксібте қара жұмыстан бастадым. Жас кезімнен білімге құштар болып, өз бетіммен арабша, кейіннен латынша оқу- жазуды үйрендім. 25жасымда Алматыға келіп, өзімнен кіші балалармен ересектерге арналған кешкі мектепте оқыдым. Мектеп директоры менің бейнелеу сабағына көбірек қызығатынымды байқап, жас суретші Николай Хлудовқа таныстырды. Оның студиясында1929-1932 жылдары оқыдым. Содан кейін білімімді 1934-1937 жылдары Мәскеудегі Крупская атындағы көркем сурет студиясында жалғастырдым. Менің 1932 жылы «Түрксіб», 1937 жылы «Жамбыл портреті» 1945 жылы «Жас Абай» атты өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген шығармаларым дүниеге келді. 1944 жылы Қазақстанның халық суретшісі атағын алдым. 1945-1956 жылдары Қазақстан Суретшілер одағын басқардым. Өнерден бөлек оқытушылық және қоғамдық жұмыстармен деайналыстым.

(МК,Ұ) Өмірбаяндағы қарамен жазылған сөйлемдердің бастауышы мен баяндауышын анықтау.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылу себебін тұжырымдау.
Сөйлемдерді көшіріп жазу, бастауыш пен баяндауыштың астын сызу.

(Т,Ж) Сызбаға сүйеніп, сөйлемдер құрау.

Сөйлемдерді көркем жазу, сөйлем мүшелерінің астын сызу.

(Т, Ө) Дереккөздерден қазақстандық танымал тұлғалардың өмірбаянын оқу және талдау.
Өмірбаянда кездесетін жаңа сөздерді, маңызды тұстарды анықтау, солардың көмегімен 2-3сұрақ құрастыру.

(Ұ) Өмірбаян құрылымын талдау.

(Т) Өмірбаян құрылымын сақтап өз өмірбаянын айту.

(Ө,Қ) Өз өмірбаянын жазу. Өз жұмысын тексеру. Қатемен жұмыс.

(Ө,Ж,Ұ) Диктант жазу.
Сәлім ұзынша бойлы, сымбатты бала. Ол бүгін мектептен ерте келді. Киімін жылдам ауыстырды да, ат қораға барды. Әкесі балаға жұмсақ, мейірімді жан. Былтыр әкесі бір тай сатып әперген. Биыл құнан болды. Бір кезде қора сыртынан мал қайырған дауысы шықты. Сәлім жылдам басып, қора сыртына барды. Әкесі бір қора қойды ауылға қарай жедел айдап келеді екен. Сәлім мұның тегін емес екенін түсінді.
Тапсырма:
1 Уақытты білдіретін сөздерді теріп жаз.
2 Бастауыш пен баяндауыш арасында қойылатын тыныс белгісінің орнын тауып, жаз.

«Ия-жоқ» тәсілін қолдану арқылы «Хронологиялық даталары бар мәтін түрлері бола ма?» сұрағына жауап беруін ұйымдастыру алгоритмі сақталады:
1. Оқушылардың өз ойын білдіруге қажетті бағытты таңдауы;
2. «Ия», «Жоқ» бағыттары бойынша екі топқа топтасуы;
3. Өз сөйлеуінде бағытына сәйкес «Ия, себебі…, мысалы..». немесе «Жоқ, себебі,… мысалы, …» жауап беруі.
Венн диаграммасы арқылы «Ұтымды жауап» және «Өмірбаян» мәтіндерін салыстыруды ұйымдастырады.
Мәтіндердің ұқсастығын таптыруда кім туралы екендігіне назар аудартылады. Мәтін кімнің атынан (нешінші жақтан) айтылып тұрғаны анықтатылады, Мәтіннің сюжетіне, берілу формасына көңіл бөлінеді.

Сөйлем мүшелерін табуда сұрақтардың дұрыс қойылуына, тыныс белгісіне назар аудартылады.

Оқушылардың бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы білігі қалыптасқанша, бірнеше сағат жаттығу жұмыстары ұйымдастырылады. Сөйлем сызбасын тақтаға сызып беру.

Мұғалім сыныпта «Оқу бұрышын» ұйымдастырады. Қажетті дереккөз-дермен қамтамасыз етеді.

Өмірбаян құрылымын талдауда төмендегі қадамдар ескеріледі:
1. Өмірбаянның жеке адамның атынан жазылатыны;
2. Қай жақтан берілетіні;
3. Хронологиялық даталардың болуы.
Мұғалім тарапынан оқушы өмірбаянын айтуда/жазуда туған жылы мен күнінің болуы, туған жері, отбасы мүшелері, осы күнге дейінгі өзі маңызды деп санаған хронологиялық даталарын қамтуы қадағаланады.

Уақытты білдіретін сөздерді анықтауға, бастауыш пен баяндауыш арасында қойылатын сызықшаның орнын анықтатуға диктант жаздыртады.

1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау

3.4 Жазба жұмыстарын түрлі формада ұсыну

3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

3.5 Қатені табу және түзету

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, т.б.) құру/компьютерде теру
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету
Уақыт әлеміне саяхат
(Ұ) Суретте қай кезең бейнеленгенін шамамен анықтау. Сурет детальдерін талқылау.

(Ж) Уақыт мәшинесімен саяхат жасау. Жоғарыдағы суреттер бойынша «Саяхатшы журналын» толтыру.
(Т) «Саяхатшы журналын» таныстыру. Не көріп, сезініп, естіп тұрғаны жайлы ой бөлісу.

(Т,Ж) Саяхаттың көрінісін рөлмен бейнелеу. «Стоп-кадрда» бейнеленген көрініске қатысты сұрақтар қою арқылы болатын әңгімеге қосылу.

(Ұ,Т) Саяхатқа шақыру мақсатында постер жасау. Топта талқылау. Топ жұмысын таныстыру.

(Ө,Қ) Саяхатқа шақыру мақсатында жазба жұмысын орындау.
Өзін-өзі тексеру. Қатемен жұмыс.

Талқылауға арналған сұрақ үлгілері:
• Суретте нені көріп тұрсың?
• Бұл қай кезеңді суреттейді деп ойлайсың? Неліктен?
• Бүгінгі күнмен салыстырғанда қандай айырмашылықтар байқадың?
• Сурет несімен ұнады?

Сыныптың ішіне мата ілініп, оқушыларды көне өркениеттің белгілі кезеңіне апаратын «уақыт мәшинесі» жасатылады.
Мәшинедегі орын белдіктерін тағу арқылы саяхатқа дайындық жасатылады және т.б. Оның саундтрегін жасау үшін сәйкес дыбыстар қолданылады.

Оқушыларды жұпқа біріктіріп, оларға жазбаларды жасауға көмектесетін материал беріледі. Уақыт мәшинесімен серуендейтін саяхатшы журналы немесе сандық дауыс жазушылар түрінде болуы мүмкін.
Төрт бөлікті қамтитын қағаз парағы-на жазу ұсынылады, мысалы:

Оқушылардың топтарға бірлесіп, суреттегі адамдарды қайтадан бейнелеуі (қимыл-қозғалыспен) ұйымдастырылады.
Әр топтың суретте бейнеленген адамдардың көріністеріне еліктеп, стоп-кадр жасауы қадағаланады. Оқушылардың өткен сабақтарда зерттеу барысында алған білімдері еске түсіріледі.
Оқушыларға тарихи контекст жайлы білетіндерін, оның ішінде терминдер мен нысандар, адамдар мен мекен атауларын қолдану ескертіледі.
Сынып оқушыларымен шақыру қағазын жазуға қойылатын талаптар белгіленеді.
1. Құрметті сөзімен қаратылып айтылатын тіркестің болуы;
2. Шақырудың себебін немесе мақсатын көрсетуі;
3. Өтетін орны мен уақытының белгіленуі;
4. Мәтіннің ең соңғы сөзінің шақырамын деп аяқталуы;
5. Шақырушы аты-жөнінің көрсетілуі. Балаларға арналған тарихи кітаптарда қоныс-мекендердің белгіленген суреттері бар.
Тиімді дыбыс эффектілерді осы вебсайттан табуға болады: http://www.youtube.com/watch?v=k0hs4KrkFp8

1.5 Тыңдалған материалдар бойынша өз пікірін білдіру

3.4 Жазба жұмыстарын түрлі формада ұсыну

3.5 Қатені табу және түзету

3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау 3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу, келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру
3.3.4.1* мұғалімнің қолдауымен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құру/компьютерде теру
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету Уақытыңды бағала

(Ұ) Бейнематериал тамашалау.
Көрген бейнематериалға өз көзқарасын білдіру. Пікірталасқа қатысу. Ой қорытындысын жасау.

Пікірталас сұрақтарының үлгісі:
— Неліктен қызметші уақытын қайтарып бере алмады?
— Өтіп кеткен жарты сағат уақыт Эйнштейнге неліктен қымбат болды?
— Өзің кеше өткен уақытыңды қайтарып ала аласың ба?

(Т) «Уақытыңды бағала» тақырыбында жоспарлап сөйлеу.

(Ө,Қ) «Уақытыңды бағала» тақырыбында нұсқаулық жазу. Өзін-өзі тексеру.
Қатемен жұмыс жасау.

Таңшолпан бағдарламасындағы «Сағаттың шығу тарихы» бейнематериалынан 1:57– 2:27 уақыт аралығындағы үзінді көрсетіледі.
«Карусель» әдісі бойынша ұйымдастыруға болады. Сынып оқушылары ішкі және сыртқы шеңберге топтасады. Екі шеңбердегі оқушылар саны тең болуы қадағаланады. Ішкі жиын оқушылары орнында тұрып, сыртқы жиын оқушылары қозғалады.
Шеңберде сөйлеуге нақты уақыт беріледі. Мысалы, 20 секунд. Әр сыртқы шеңбердегі оқушы өзінің ішкі шеңбердегі жұбына өз сөзін айтқан соң, ішкі шеңбердегі оқушы құптау сөзін айтады. Белгі беріледі де, ол келесі оқушыға қарай бір қадам жасайды. Жаңа жұбына өз сөзін айтады. Осылай толық шеңберді айналып шығады.
Нұсқаулық жазудың талаптары оқушылармен бірге еске түсіріледі.

Таңшолпан бағдарламасы «Сағаттың шығу тарихы» https://www.youtube.com/watch?v=bfqqMECoYn

«Қазақ тілі» пәні. Бастауыш мектеп. 3-сынып
4-бөлім: Сәулет
Осыған дейін меңгерілген білім
4-бөлім материалдарын оқытуда 2- сыныпта «Грамматикалық нормаларды сақтау» бөлімшесі бойынша «Түбір мен қосымша» тақырыбында, сөз мағыналары (омоним, синоним, антоним) алған білім, білік, дағдылары басшылыққа алынады.
Мәнмәтін
Бөлім сәулет өнері туралы ақпараттарды зерттеуден басталады. Әсіресе халқымыздың мәдени мұрасына айналған жергілікті ғимараттарға ерекше көңіл бөлінеді. Оқушылар сәулет өнеріне қатысты мәтіндерді оқи отырып, талдау жұмыстарын жүргізеді. Ғимарат туралы тыңдаған материалдар бойынша өз ойларын айтады және өзінің қиялындағы ғимаратты сипаттап жазады.

Қысқаша шолу
«Сәулет» лексикалық тақырыбы аясында сөз құрамы (түбір, жұрнақ, жалғау), туынды сөз және түбірлес сөздер туралы білетін және оларды бір-бірінен ажырата алатын болады. Сөз мағыналары юойынша жұмыс жүргізіліп, сөздің өзінің тура мағынасынан басқа ауыспалы мағынада қолданылатыны және бір сөздің бірнеше мағынада жұмсалатыны практикада байқатылады. Оқушылардың сауаттылығын арттыруға, көркем жазу дағдыларын қалыптастыруға және сөйлеу мәдениетін дамытуға жаттығу жұмыстары жүргізіледі.

Оқу бағдарлама
сына сілтеме Оқу мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Мұғалімге арналған ескертпелер
(оқыту әдістемесі бойынша) Оқыту ресурстары
1.1 Тыңдаған материал
дың мазмұнын түсіну

1.6 Тыңдарман
ның назарын аудару

4.2 Грамматикалық норма-ларды сақ-тау

3.3 Оқыған, тыңдаған және аудио-визуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу

1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау

2.2 Мәтіндегі лексикалық бірліктердің қолданылуын түсіну

1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау

2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

3.4 Жазба жұмыстарын түрлі формада ұсыну

2.6 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

1.5 Тыңдалған материалдар бойынша өз пікірін білдіру

3.3 Оқыған, тыңдаған және аудио-визуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу

1.3 Түрлі жағдаяттар
да тілдік нормаларды дұрыс қолдану

2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

3.4 Жазба жұмыстарын түрлі формада ұсыну
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту

3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

3.3.3.1 өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу

3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану

3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.3.4.1* мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құру/компьютерде теру

3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін/ жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу

3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру

3.3.3.1 өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу
3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттермен мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация т.б.) құрастыру
Сәулет өнері туралы не білемін?
(Ұ) Мәтінді тыңдау, ондағы тірек сөздерді белгілеу. «Сәулетші» сөзінің шығу тарихымен танысу.
Сәулет деген не?
Ертедегі адамдар алғашында үңгірлерде тұрған. Содан кейін олар өздеріне баспана тұрғыза бастаған. Ол кездерде адамдар баспананың әдемілігіне көңіл бөлмеді. Ең бастысы, ол адамды сыртқы жаулар мен табиғат апаттарынан қорғауы керек болды.
Баспаналар бір-біріне өте ұқсас еді. Әдетте олар бұтақтардан, қамыстан, аң терісі мен сүйектерінен, кейінірек саз балшықтан тұрғызылды.
Уақыт өте келе, өмір сүру шарттары өзгерді. Сонымен бірге баспана құрылысы да басқаша сипатта өрбіді. Бай адамдар өзінің ыңғайлы да жайлы баспанасын місе тұтпай, сәулетті сарайларда тұрғысы келді. Ондай күрделі құрылыстарды тұрғызу үшін шынайы шеберлік пен терең білім қажет болды.
Тұрғын үйлерден басқа да құрылыстар – ғибадатхана, стадион, театр, кітапханалар салына бастады.
Мұндай кешендер құрылысын ойлап тапқан адамды сәулетші деп, ал олардың туындыларын сәулет деп атайды (архитектура – гректің «архитектон» — құрылысшы деген сөзінен шыққан).
Сәулет өнері – адамдардың әдемі және ыңғайлы өмір сүруіне арналған өнер.

— (Т) Мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарды құрастыру. Басқа топтардың сұрақтарына жауап жазу. Әр топ өз сұрақтарына алған жауаптарын бағалайды.

(Т) Тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) қолданып, «Бұл қай ғимарат?» ойынын ойнау. Берілген суретті сипаттау үшін қимылмен көрсету жолдарын табу.

(Ұ) Сұрақтардың жауабын табу:
— Бұл ғимараттар өнердің қай түріне жатады? (Сәулет)
— Ғимарттардың бейнесін, көрінісін ойластырушы адамды кім дейді? (Сәулетші)
(МК,Ұ) Берілген сөздерді салыстыру. Сөз құрамына (түбір, қосымшаға) ажырату. Түбір мен қосымша түрлерін тиісті белгілермен белгілеу. Жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау.

(Ө) «Бәйтерек» аңызын тыңдау және мазмұнын айту.
Сөздің шығу төркінін табу.
Жоспар құру, мазмұндама жазу.
Ертеде өмірдің бастауын бейнелейтін ағаш болған. Сол ағаштың басына Самұрық құсы жыл сайын алтын жұмыртқа салған.
Жұмыртқадан балапан жарылып шығыпты. Бір айдаһар ағаштың діңімен жоғары өрмелеп барып қорғансыз, күнәсіз балапанды жұтып қояды.
Жер асты патшалығына түсіп қалған батыр болыпты. Алыс жолдардан келе жатса, балапанға ұмтылған айдаһарды көріп, садақпен атып өлтіреді.
Самұрық балапанын ажалдан аман алып қалған батырға риза болыпты. Ол батырды жер астынан жер үстіне алып шығады.
Ертегі арқылы, өмірде қиял шындыққа айналып «Бәйтерек» бой көтереді. Енді өзінің жарқыраған сәулесімен елордаға нұрын төгіп тұр.
Жоспар үлгісі
1. Тіршілік ағашы
2. Қасиетті самұрық құс
3. Маңызды күрес

Сәулет туындыларын тамашалау
(МК, Ұ) Мәтіннің берілген тақырыбы мен суреттері бойынша мәтіннің мазмұнын болжау.

(Ұ) Қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықтау

Қожа Ахмет Иасауи кесенесі

Қазақстанның көне қалаларының бірі Түркістанда орын тепкен Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – қазақ халқының мақтанышы. Орталық күмбезінің диаметрі 18 метр болатын құрылыс 1389 – 1399 жылдар аралығында он жыл ішінде тұрғызылып біткен. Кесене ұлы ойшыл әрі ақын Қожа Ахмет Иасауидің дарынына құрмет көрсеткен Әмір Темірдің бұйрығы бойынша салынған. Бүгінде кесене әр түрлі қызмет түрлеріне арналған 30 зал мен бөлмесі бар сәулет өнері кешенінен тұрады.
Кесененің ішінде үлкен тайқазан бар. Ел аузындағы аңыз бойынша ол жеті металдың қорытпасынан құйылған. Салмағы – екі тонна, ал диаметрі – екі метр. Қазан араб өрме жазуымен және өрнектерімен әшекейленген. 1935 жылдан бері Эрмитажда сақталған ұлттық жәдігеріміз 54 жылдан кейін ғана елімізге оралды.

(Ө,Ж,Қ) Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

(Т) Тайқазанның неліктен 54 жылдан кейін ғана елімізге оралғанын талқылау. Дереккөздерден ақпарат табу. Сынып алдында таныстыру.

(Т,Ж,Қ) Кесене директорына хат жазу. Өзін-өзі тексеру. Өз жұмысының қатесін түзеу, жетілдіру.

(МК,Ұ) «Айша бибі кесенесі» және «Ғажап көрме» мәтіндерін салыстыру. Мәтіндердің тақырыбын, стильдік ерекшеліктерін анықтау. Жанрлық ерекшеліктеріне қарай ажырату. Мәтіндердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.
Айша бибі кесенесі
Біз өткен оқу жылында Айша бибі кесенесіне бардық. Ол Тараз қаласына таяу жерде екен. Бізді бастап барған ұстазымыз кесене туралы көптеген мәлімет айтып берді. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылына орналасқан кесене XI-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші екен. Сыртында түрлі оюлары бар кесектермен қаланған көне құрылыс Қазақстанда теңдесіз. Оның әуелгі қалпы таяу жылдарға дейін тек батыс қабырғасында ғана сақталыпты.
Мазар сырты Орталық Азиядағы түрік халықтарының көне ою-өрнектерімен безендірілген. Кесенедегі бағаналардың біріне араб әрпімен «күз, бұлттар, дөңгеленген дүние…» деген терең мағыналы сөздер жазылыпты. Мұғалімнің айтуынша, көне құрылыстан ортағасырлық сәулет өнерінің дәстүрі аңғарылады екен.
Ескерткішті тарихтан белгелі Қарахан (Әулие ата) салдырыпты. Бізді кесененің ерекше сәулеті ғана емес, оның салыну тарихы да қызықтырды. Аңыз бойынша, Айша бибі өзінің күйеуі Қарахан батырды іздеп келе жатқанда жылан шағып қайтыс болыпты.
Қазіргі таңда көне құрылыс республикалық маңызы бар ескерткіштердің тізіміне еніп, мемлекет қорғауына алынған.
Біз туған жерімізде осындай тарихи орынның барын мақтан тұтамыз.

Жанар Тойбай

Ғажап көрме
Елімізде жас қала,
Ол – әйгілі Астана.
Елбасымыз көтерген
Көп өміршең бастама.

Жасартып тез қаланы,
Жаңартып қос жағаны,
Арнасында толықсып,
Есіл баяу ағады.

Ақ Ордалы Бас қала,
Ол – ғажайып Астана.
Сәулетті де дәулетті,
Құт, бақытқа баспана.
***
Гүлзарларға бөленген
Есілімнің сол беті.
Көрмені кеп көрем мен
Ол – ЭКСПО-17.

Көрмегім де көп екен,
Жетерме екем, сірә мен.
Қарайды, әне, төбеден
Керемет шар – «Нұрлы әлем».

Сол керемет ішінде
Ұлтымның бар өрнегі.
Кім көріпті түсінде
Мұндай ғажап көрмені.
***
Мынау сайын далада
Бой көтерген қалаға,
Шетелдіктер құмартып,
Таппай отыр балама.

Отан даңқы өрлесін,
Келген қонақ төрлесін.
Көрсін бәрі таңырқап
Болашақтың көрмесін.

Талайдың бар келгісі,
Қуат берсе жел күші,
Табиғатпен жанасу –
Мәңгіліктің белгісі.

Игі істерді бастаған
Ел ордасы – Астанам.
Мәңгілік ел ұланы
Мен болам деп шаттанам,
Елім үшін мақтанам.

Тілеуғазы Бейсембек
(Ө,Қ) Бақылау диктантын жазу.
Мәтіндегі туынды сөздерді анықтау. Сөз құрамына талдау. Сәулет өнерінің түрін анықтау.
Тапсырма:
1 Туынды сөздерді тап.
2 Сөз құрамына талда.
3 Сәулет өнерінің түрін анықта.

Алып тоспа
«Медеу» мұзайдының жоғары жағында алып тоспа тұр. Биіктігі 107 метр. Тоспаның құрылысы 1972 жылы аяқталды. Тоспа 1973 жылы 15 маусымда болған апатты селдің алдын бөгеді. Қазаншұңқырдың үштен екі бөлігі суға толды.
1980 жылы құрылыстың екінші кезегі іске қосылды. Әуелгі бөгет тағы 40 метрге биіктетілді. Бөгет тұлғасының өзі бір тау, етегінде – мұзайдын.
«Медеу» мұзайдыны 1972 жылы салынып бітті. Стадионға 12 жарым мың көрермен сияды. Коньки жарысына бейімделген үш сырғанақ жолы бар. Ені бес метрден. Айналым қашықтығы 400 метр.

(Т,Қ) Сызба бойынша туынды сөз жасау. Қатемен жұмыс.
№1 №2
. . . . . .
. . . -дық . . . -тық
. . . . . .
. . . . . .
. . . –лық . . . -лік
. . . . . .
. . . . . .
. . . -қыш . . . -кіш
. . . . . .

(Ұ) Бейнематериал тамашалау.
Көрген бейнематериалға өз көзқарасын білдіру. Пікірталасқа қатысу. Ой қорытындысын жасау.

(Ж) Жұпта тыңдаған немесе оқыған мәтіні бойынша бір-біріне сұрақ қою, жауап алу.

(Ө) Тыңдаған немесе оқыған мәтінінің ең қызықты тұстарын белгілеп алу. Жоспар арқылы мазмұндама жазу.

(МК,Т) «Біз саяхатшымыз» ойынын ойнау. Картаның көмегімен ғимараттардың орналасқан жерін анықтау және олар туралы тілдік нормаларды сақтап сөйлесу

(Т) Қазақстанның сәулет өнері туралы
мәтіндер жинақтау. Мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу.

(Ж) Қазақстанның сәулет өнерінің туындыларын тізбектеп жазу. Қарамен жазылған сөздерге ы, і әріптерін қосып жазу.
«Қазақстан» қонақ үйі, «Астана–Бәйтерек» тәуелсіздік монументі, «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Ханшатыр» сауда-сауық орталығы.

(Т) Әр топтың өзінің сәулет өнері іспеттес ғимараттарын жасауы.

(Ө) Өз жобасын көруге шақыру қағазын жазу
(Т) Жобаларын топ немесе шақырылған қонақтар алдында қорғау.
«Сәулет деген не?» мәтіні тыңдатылады немесе оқылып беріледі. Оқушылардың мәтін мазмұнына тірек болатын «адамдар», «үңгірлер», «баспана», «сәулетті сарайлар», «тұрғын үйлер», «ғибадатхана», «стадион», театр», «кітапхана» т.б. сөздерді дұрыс белгілеуі қадағаланады.
Сәулетші сөзінің шығу төркіні берілген мәтін бөлігіне оқушылардың назары аудартылады:
«Мұндай кешендер құрылысын ойлап тапқан адамды сәулетші деп, ал олардың туындыларын сәулет деп атайды (архитектура – гректің «архитектон» — құрылысшы деген сөзінен шыққан).

«ДЖИКСО» стратегиясы бойынша әр топқа бір бет қағаз (ватман/флипчарт), түсті маркер беріледі.
Ескерту. Әр топқа бір түсті ғана маркер таратылады. Топтардағы маркердің түсі қайталанбайды.
Жұмысты орындауға уақыт шектеліп беріледі. Әр топ талқылаудан соң, ең ұтымды бір ашық, бір жабық сұрақты жазады.
Мұғалім оқушыларды топқа бөліп, әр топтың өздеріне берілген суретті вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) қолданып жасыруы керектігін ескертеді. Әр топтың суретке сәйкес жасайтын қимылдарымен тыңдарманның назарын аудартуына көңіл бөлінеді.
Мұғалім оқушылардың сұрақтарға дұрыс жауап беруін қадағалайды. Сұрақтарға жауап болатын сөздерді (сәулет, сәулетші) тақтаға жазып қояды.
Мұғалім оқушылардың «сәулет –сәулетші» сөздерін салыстырып, әр сөзге сұрақ қоюын, олардың әрқайсысының мағынасын ажыратуын ұйымдастырады. «Сәулетші» сөзін түбір мен қосымшаға ажыратқызады. Оларды тиісті белгілермен белгілетеді. Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату ісжүзілік тұрғыда жүзеге асырылады.
«Бәйтерек» аңызы тыңдатылып, мазмұны айтқызылады. Бәйтерек сөзінің шығу төркіні сынып бұрышындағы этимологиялық сөздіктен таптырылады. «Бәйтерек» – ежелгі түркі сөзі, бәй «үлкен» деген сөз, «бай» сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен түрі (бәйбіше, бәйшешек), үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде — дарақ) «ағаш» деген ұғымды береді. Демек Бәйтерек екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді білдіреді.
«Бәйтерек» монументі туралы не білетіндері туралы сұралады және видеосы көрсетіледі.

Жоспар құрғызылып, мазмұндама жаздырылады.

Мәтіннің тақырыбы (Қожа Ахмет Иасауи кесенесі) не туралы екені анықтатылғаннан кейін кесененің суреті арқылы мәтіннің мазмұны болжатылады.

«Көне», «әшекейленген» сөздерінің синонимдері, «үлкен» сөзінің антонимі таптырылады. «Жәдігер» сөзінің беретін мағынасы сөздіктен таптырылады. Оның тура мағына беретіні танытылады.
«Бас», «жаға», «етек» сөздерінің тура және ауыспалы мағынада қолдану ерекшеліктері аңғартылады.

Мұғалім оқушы сұрақтарының неліктен? не себепті? қалай ойлайсың? мазмұнында болуын қадағалайды. Жауап болатын пікірдің нақты, дәйектермен берілуін бағалайды.
Топтық жұмысқа қажетті ресурстардан «оқу бұрышы» ұйымдастырылады немесе ғаламтор желісін пайдалануға мүмкіндік жасалады.
Жазба жұмысы «Әңгімеге негізделген жазу» стратегиясы арқылы ұйымдастырылады.
Хат жазу үшін оқушылар шағын топтарға немесе жұптарға бөлінеді.. Жазу уақыты белгіленіп, оқушыларға ескертіледі. Әр топта немесе жұпта бір хатшы сайланады. Оқушылар не жазатындарын талқылап, бір-бірімен пікір алмасады. Жазып біткеннен кейін олар өз жұмыстары төңірегінде ой бөліседі.
Берілген «Айша бибі кесенесі» және «Ғажап көрме» мәтіндерін оқушылардың түсініп оқуын қамтамасыз етеді. Екі мәтіннің де мазмұны бойынша сұрақтар қойылады:
1 Мәтін не туралы? (Кесене, көрме)
2 Мәтінде айтылған нысандар қандай өнер түріне жатуы мүмкін? (Сәулет өнеріне)
3 Берілген мәтіндердегі ортақ тақырыбы немесе ұқсастықтары неде деп ойлайсың? Не себепті? Дәлелдеуге тырыс. (Тақырыптары -Сәулет өнері. …XI-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші екен. …Сыртында түрлі оюлары бар кесектермен қаланған көне құрылыс Қазақстанда теңдесіз. …Қазіргі таңда көне құрылыс республикалық маңызы бар ескерткіштердің тізіміне еніп, мемлекет қорғауына алынған.

…Сәулетті де дәулетті,
Құт, бақытқа баспана.
…Көрмені кеп көрем мен
Ол – ЭКСПО-17.
…Кім көріпті түсінде
Мұндай ғажап көрмені.
3 Берілген мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін анықта. (Оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын шығарма – әңгіме екендігі, Өлең – шағын көлемдегі поэзиялық шығарма, ырғақ пен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі екендігі түсіндіріледі)

Оқушылардың сөз құрамы туралы білімдері мен сауаттылығын тексеру мақсатында бақылау диктанты жүргізіледі.
Мәтіннен туынды сөздер тапқызылып, анықталған сөздер сөз құрамына талданады. Мәтін мазмұны бойынша сәулет өнерінің түрі анықталады.

Оқушылар топтастырылып, сызба бойынша өз сөздік қоржындарындағы сөздерді пайдаланып,түбір сөздерден туынды сөздер жасайды. Өзара бағалайды.

Тыңдаған материалынан таныс емес сөздерді белгілеу үшін мұғалім «Мәтіндегі мәліметтердің ең қажеттісін есіңе сақта» дей отырып,
«Әңгіме саған қандай әсер қалдырды?», «Мәтіннің қай тұсы саған түсініксіз?» сұрақтарын қояды.

Мұғалім оқушылардың мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, ең қызықты деген тұстарын түртіп алуын қадағалайды. Мәтіннің мазмұндама жаздырылады.

Қазақ елінің ғажайып сәулетті өнері – ғимараттарға саяхат ойын арқылы ұйымдастырылады. Әр топтың өздеріне берілген ғимарат суреттерін (Айша бибі, Қарахан, Жошы хан, Алаша хан, А.Ясауи) картаға дұрыс орналастыруы және ол туралы жүйелі айтуы мұғалім тарапынан қадағаланады.

Түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгеріске ұшырау жағдайларын түсіндіреді.

Оқушыларды алдын ала керекті дереккөздермен (Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйі, Вознесенск кафедралы соборы, «Астана–Бәйтерек» тәуелсіздік монументі, «Ханшатыр» сауда-сауық орталығы туралы ақпараттары бар материалдар) қамтамасыз етеді немесе ғаламтор желісінен ақпараттарды алуына мүмкіндік жасайды.
Мұғалім Қазақстанның сәулет өнері туралы ресурстарды дайындау барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескереді.

Оқушылардың әлемдегі небір қызықты, таңқаларлық ғимараттарды көріп, өз жобаларын жасауына мүмкіндік жасалады.
Шақыру қағаз жазудың нұсқаулығы басшылыққа алынады.


1.37-2.37 уақыт аралығы

«Қазақ тілі» пәні. Бастауыш мектеп. 3-сынып

5-бөлім: Өнер
Осыған дейін меңгерілген білім
5-бөлім материалдары оқушылардың 2-сыныпта өткен «Сөз таптары», алдыңғы бөлімде қарастырылған «Сөз құрамы» тақырыптары бойынша игерген дағдылары мен білімдеріне негізделіп меңгертіледі.

Мәнмәтін
Бөлімде сөйлеу әрекетінің түрлерін қалыптастыру оқу мақсаттарына сәйкес «Өнер» ортақ тақырыбы аясында жүзеге асырылады. Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады. Мәтіннің мазмұнын болжауды, ашық және жабық сұрақтар құрастыруды, шығармадағы негізгі ойды табуды, мәтіндегі сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтауды және жоспар құруды үйренеді.
Қысқаша шолу
Бөлім өнер туралы мәтіндерді оқудан басталады. Оқушылар өнер туралы мәтіндермен жұмыс арқылы сөздерді сөз таптарына қарай ажыратып, тәуелдік жалғауын дұрыс қолдануды меңгереді. Негізгі және туынды зат есімдерді оқыған, тыңдаған мәтіндерінен тауып, олардың құрылымдық және жасалу ерекшеліктерін білетін болады. Өнер туралы фильм арқылы түрлі стильде мәтін жазуды үйренеді. Оқушылардың сауаттылығын арттыруға, көркем жазу, оқу дағдыларын қалыптастыруға және сөйлеу мәдениетін дамытуға мән беріледі. Оқушылардың өзін-өзі және өзара тексеруі, бағалауы жүзеге асырылады.

1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау

1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру (МК,Ұ) Суреттер мен сөзжұмбақ арқылы бөлімнің атын, мәтіннің мазмұнын болжау.

Математикалық жұмбақ
7 9 12 14
3 н ө р е

27 21 42 36

(Ұ,Ө) «Өнерлі жігіт» мәтінін тыңдау. Тыңдаған материалынан тірек сөздерді белгілеу. «Өнер» мен «Өнерлі жігіт»
мәтінінің мазмұнына сәйкес суреттер мен сөзжұмбақ дайындалады. Берілген суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжау жұмысы ұйымдастырылады. Математикалық жұмбақ арқылы өнер бөлімінің басталатындығы байқатылады.

«Өнерлі жігіт» мәтіні тыңдатылады немесе оқып беріледі. Тыңдаған материалынан тірек сөздерді белгілеу үшін мұғалім мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Әр сұрақтың құрамындағы сұраулы мағына білдіретін сөздің жауабы тірек сөздердің қатарын құрайтындығына оқушылардың назары аудартылады. Мысалы,
1.Кім базарға барды? (Әл-Фараби)
2. Ол қандай жігітті кездестірді? (өңі келісті, жарқын жүзді , жас) .
3. Әбу Насыр не деді? (қанша табасың, таста, маған ер, оқу үйретемін, төрт дирхем беремін) т.б.

Ол кім? Бұл не» кітабы

2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

(Ұ) Мәтін мазмұны бойынша жаңа сөздерді анықтау.
Өнерлі жігіт
Әл-Фараби бір күні базарға барса, өңі келісті, жарқын жүзді бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әртүрлі өнер көрсетіп отырады. Оны қоршап алып тамаша көргендер біртіндеп өтіп жатады. Сонда Әбу Насыр оған жақындап барып:
— Күніне қанша табасың? – дейді. Екі дирхемге жетер-жетпес.
— Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, — деп оны ертіп әкетеді.
Бұл сөзді естіген саудагер мен делдалдар:
— Мына диуана дәруіштің дені сау ма? Жетімді есіркей қалды ғой, өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем өз жанынан төлегені несі? — деп күледі.
Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.
Ел аузынан

(Т) Мәтіндегі түсініксіз, жаңа сөздердің мағынасын сөздіктерден табу. Сөздерді қатыстырып сөйлем құру.

Дирхем, делдал, есіркей қалу, диуана дәруіш.
Анықталған тірек сөздер
талқыланып, сұрақтарға жауап беріледі.
Жабық сұрақтар:
1. Бала үлкен ғалым болу үшін не істеді деп ойлайсың?
2. Мәтін неге «Өнерлі жігіт» деп аталады?
«Оқу бұрышына» cөздіктерден дирхем, делдал, есіркей қалу, диуана дәруіш сөздерінің мағыналары таптырылады. .
Әр топтың өздеріне берілген жаңа сөз бойынша анықтамасын таныстыруына уақыт бөлінеді.

http://balakai.kz/audio-ertegiler/74-nsh-oyan.html

4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

1.5 Тыңдалған материалдар бойынша өз пікірін білдіру

1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу

3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру

3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу
(Т,Қ) Берілген сызба бойынша сөз таптары туралы ой қорытындысын жасау.

(Ж,Т,Қ) Өнерге қатысты сөздерді сөз таптарына жіктеу.
Керекті сөздер: әнші, өнерлі, әшекейледі, мүсін, жеті, әдемі, сегіз, шырқады, күй т.б.

(Ө,Қ) Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді кестеге орналастыру.

Зат есім Сын есім Сан есім Етістік

(Ұ, Ж) «Әнші қоян» ертегісін тыңдау. Тыңдаған материал бойынша айтылған өзгенің пікіріне өз көзқарасын білдіру.

(Т,Қ) Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, әңгіме құрау.
Тірек сөздер: Әли, музыкалық мектеп, домбыра тарту, өнер сайысы, жүлделі орын, алғашқы жеңіс.
Жоспар:
1. Менің мектебім.
2. Өнер сайысы.
3. Алғашқы жеңісім.
Мен музыкалық мектепте оқимын. Менің домбырам шағын. Оны атам сыйға тартқан болатын. Домбыра тартуды бес жасымнан үйрендім.
Астана қаласында өткен өнер сайысына қатыстым. Жарысқа жан-жақтан домбырашылар келді. Мен сайыста жүлделі орынға ие болдым. Бұл менің – алғашқы жеңісім.
Оқушылар сызба бойынша сөздердің тобына сәйкес зат есім, етістік, сын есім, сан есім деп бөлінетіндігін, бәрі қосылып сөз табы деп аталатындығы туралы ой қорытындысын жасайды.

Оқушылардың өнер тақырыбына қатысты сөздерді тауып, сөз таптарына топтауы үшін «Тоғыз гауһартас» стратегиясы қолданылады.
«Тоғыз гауhар тас» карталары

Әрбір жұп жазған сөздерін толықтырып, идеяларымен бөлісу үшін төрт оқушыдан топтастырылады. Топтың әр мүшесіне рөл тағайындалып, міндеті түсіндіріледі.
Әр топтың идеяларын біріктіріп, маңызды деген өнерге қатысты тоғыз сөздің тізімі жасалады. «Тоғыз гауhар тас» стратегиясын пайдаланып, тізімдегі ең маңыздысын, яғни зат есімді ортасына, оның алдына сын есім мен сан есімді ал соңына етістікті орналастыру қажеттігі талданады.
Бақылаушылардан топтың жұмысы мен жетістіктері жайлы сұралады.

Сұрақ қою әдісі арқылы мәтінде қарамен жазылған сөздер сөз таптарына ажыратылып, кестедегі орны бойынша орналастырады. Мұғалім арнайы белгіленбеген басқа сөздерді де талдатуына болады. Осы сөздердің өнер тақырыбына қаншалықты қатысты екені анықтатылады.

«Сен қалай ойлайсың?» ойыны арқылы сұрақ-жауап жұптық формада жүреді.
Сұрақтар:
1. Қоянның қандай өнері бар екен?
2. Көжектің аңшыға айтқан әні туралы не айтасың?Бұл туралы өз көзқарасыңды білдір.

Мұғалім оқушыларға тірек сөздер мен жоспарды ұсынады. Топтық жұмыс арқылы әңгіме құратылады.
Жазған әңгімелерін топта таныстырып, оқиды. Жұпта бір бірлерінің әңгімелерін тексеріп, тәуелдік жалғауларының дұрыс қолданысын бағалайды.

http://balakai.kz/audio-ertegiler/74-nsh-oyan.html

3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

2.4 Мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау

3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап жазу

3.5 Қатені табу және түзету

3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.3.1.1 жоспар, сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
(Ө,Қ) Өлеңді жатқа жазу. Тәуелдік жалғаулары жалғанған зат есімдерді тауып, астын сызу .
Бесік жыры
Әлди, әлди, әлди бөпем,
Әлдилесем келеді-ау,
Неше түрлі өлеңім.
Алтыннан болсын шүмегің,
Күмістен болсын түбегің.
Сені туды дегенде,
Жарыла жаздады-ау жүрегім.
Соңыңнан ерсін көмегің,
Жалғыз да Құдай жар болып,
Қабыл болсын тілегің!
(Қ) Бағалау критерийі:
• Тәуелдік жалғаулы сөзді табады;
• Пунктуациялық нормаларды сақтайды;
• Сауатты әрі көркем жазады.
(Ұ, Ж) Мәтінде өнердің қай түрі берілгенін табу. Қарамен жазылған сөздің тәуелдену ерекшелігін аңғарту.
Екі сұрақ
Академик Қаныш Сәтбаев кеңес делегациясының құрамында Англияға барады. Сол делегацияны англияның премьер-министрі қабылдап, қонақасы береді.
Дастарқан басында премьер-министр Қаныш Сәтбаевқа назар аударып, әзілге балаған сұрақ қояды:
— Сәтбаев мырза, айтыңызшы, қазақтардың барлығы да өзіңіздей сұңғақ бойлы ма?- дейді.
— О-о-о! Менің халқым өзімнен әлдеқайда биік!

(Ұ,Ө,Қ) Өлеңді түсініп оқып, оның тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.
Жақсы жігіт болады
«Сегіз қырлы, бір сырлы».
Өнерімен алады
Жүлделерді түр-түрлі.
Өнерді үйрен бір-бірлеп,
Бәрі қажет келешек:
Ән де шырқа, би билеп,
Сурет салып, кесте шек*
Халық айтса, біледі:
«Талаптыға нұр жауар».
Өнерлі өрге жүзеді,
Талапсыздар құр қалар.

Ермек Өтетілеу
(Т,Қ) Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу.

Тақырыбы: Неліктен жақсы жігітті «Сегіз қырлы, бір сырлы» дейді?
Тірек сөздер: біріншіден, екіншіден, өнерлі болу, өнер түрлерімен айналысу, ән шырқау, би билеу, сурет салу, кесте тігу, талапты болу, ынталы т.б.

(Т, Қ) Жазылған пайымдау мәтінін өзара тексеру. Қателерді анықтау және түзету.

(Т,Қ) Құрастырылған «Неліктен жақсы жігітті «Сегіз қырлы, бір сырлы» дейді?» пайымдау мәтінін көркем әрі әдемі жазу.
Өлеңді жатқа жазу қадамдары:
1. Тақтаға/флипчартқа өлеңді жазып қою.
2. Өлеңді оқу үлгісін көрсету.
3. Өлеңнің тыныс белгілеріне назар аудару.
4. Өлеңді жаттау (2-3 минут).
5. Жазған өлеңді тақтадағы нұсқасымен тексеру.
6. Өлеңнен тәуелденіп тұрған зат есімдерді тауып, астын сызу.

Мұғалім «Бұл мәтін өнердің қай түріне жатады?» сұрағын қою арқылы мәтіннің сөз өнеріне жататындығын тапқызып, қарамен жазылған сөзге талдау жасатады:
«Халық» сөзінің түбірін таптырып, оның тәуелденген кезде қандай өзгеріске ұшырағанын оқушылардың өздеріне айтқызады. Оқушылар жасаған қорытындыларын оқулықтағы «Тәуелдік жалғау жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді: әріп-әрпі» ережемен салыстырып, өз жауаптарының дұрыстығына көз жеткізеді.

Өлеңнің тақырыбын анықтату үшін «Өлең не туралы?» сұрағы қойылады. Немесе «Тақырып не туралы?» тапсырмасы беріледі:
1. Өнер туралы;
2. Жақсы жігіт туралы.

«Автор орындығы» стратегиясы арқылы негізгі ойды анықтауда «Өлеңдегі негізгі ой қай шумақта берілген?» сұрағы қойылып таптырылады.

Пайымдау мәтінін құратпас бұрын оқушылардың есіне пайымдау мәтінінің құрылымдық бөліктері түсіріледі: дәлелденетін пікір (Неліктен жақсы жігітті «Сегіз қырлы, бір сырлы» дейді), дәлелдеу немесе түсіндіру пікірі, қорытынды пікір. Дәлелдеу үшін біріншіден, екіншіден қыстырма сөздері және дәлелдеу мен қорытынды пікірдің арасын жалғастыратын сондықтан, сол себепті көмекші сөздері қолданылады.

«Галерея» әдісі арқылы топтар өзара ұсынылған жұмыстарын тексеріп, қателерін түзетеді.

Топта тексеру барысында:
• Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу жазуын;
• Бір әріп пен екінші әріптің қосылысын дұрыс көрсетуін бағалайды.
3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу
3.5 Қатені табу және түзету

2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

3.3.3.1 өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
Ұ) Мәтінді оқу.
(Ө,Ж) Сұрғылт дала, арлан қасқырдай екі төбет, сылти басу, қу томар, кездік, үңгілеп ою, әуез, сарын сөздерінің мағынасын жұптарда талқылау.
Өнерлі бала
Сұрғылт дала төсінде бір қора қой жайылып жүр. Қой соңында жас қойшы, жанында арлан қасқырдай екі төбет.
Ол сылти басып бір бұтаның түбіне келді де, отыра кетті. Беліндегі торсыққа қоса байланған томарды шешіп, қолына алды да, сәл ойланып отырды. Содан кейін томарды екі тізесінің арасына қойып, кездігімен үңгілеп оя бастады. Қу томарды үңгілеп не істемек? Жас бала әлде қой сауатын тостаған жасамақ па?
Бала лақтарды қойларға қосты да, баяғы қу томарды жаңадан үңгілеуге кірісті. Үңги отырып, әлденендей әуезді ысқырып ойнай бастады… Кейде жұмысын сәл тоқтатып, томардың сыртын даңғырлатып соғып-соғып қояды. Осы даңғырға қосылып, ернімен жаңа күйдің сарынын ойнайды…
Әбу Сәрсенбаев
(Ұ) Жоспар құру.
Жоспар:
1. Қой баққан бала.
2. Қу томарды үңгілеу.
3. Бала күйші.
(Т) Жоспар бойынша мазмұндау.
(Ө,Қ) Жоспар бойынша мазмұндама жазу сөздерін сөз құрамына ажырату. Туынды мағына беретін жұрнақтарды белгілеу.

Мазмұндама жазуға үйрету қадамдары:
1. 1. Оқушының мәтінді түсініп оқуы.
2. 2. Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға оқушылардың жауап беруі.
3. 3. Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздермен жұмыс. Жазылуы қиын сөздерді тақтаға жазып қою.
4. 4. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің жоспарын құру.
5. 5. Жоспардың көмегімен мәтін мазмұнын оқушылардың айтуы.
6. Оқушылардың мәтін мазмұны бойынша мазмұндама жазуы.
Әр топ оқушыларының жоспар бойынша мазмұндауы қадағаланады.
Жазылған мазмұндама жұмыстарын жұпта тексеріп, өз қателерін тауып, түзетуге мүмкіндік беріледі. Жай қарындашпен тексеріледі, қателердің тұсына белгі қойылады. Қатемен жұмыста саралау жүзеге асырылады. Қате жіберілген сөздің асты сызылады немесе жазу жолының тұсына белгі қойылады.

(Т) «Өнерлі бала» мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. Топ пайымдауларын ортаға салу. Мұғалім пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыруда оқушыларға «неге?», «неліктен?» сөздерін қолдану қажеттігін ескертеді.

2.6 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу

(МК,Ұ) «Құмға салған сурет» және «Суретші ата» мәтіндерін салыстыру. Әр мәтіннің тақырыбын анықтау. Көркем шығарма түрлеріне ажырату. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.

Құмға салған сурет

Әке-шешеден ерте айырылған бала түршіліктің тауқыметін көп тартты. Қой соңында күндері өтті. Жұрттың баласы хат танып, сабақ оқығанда, мұның қолынан бар келгені – күйе мен тас бетіне немесе сұқ саусағымен құмға сурет салу. Болмаса қашау, пышағын ала жүріп, тас пен ағаштан мүсін жасау.
«Бала, әкең Қастей марқұм үндемей қой соңынан ергенді ғана білетін момын кісі еді. Мұнауың біз білмеген өнер екен» деді бір күні Әбілханның ағаштан жасаған мүсіндерін көргенде Түргенбай дейтін қарт ұста.
Жетім бала өзі машықтанып жүрген ісіне тұңғыш рет қолдау естіді.
— Өнерді өрге бастыру үшін өмірді тану керек. Білімсіз адамның өрісі – тар, құлашы- қысқа, сурет салуға талабың бар екен. Оқуың керек шығар, балам, -деген еді бірден ол. Осы сөз оның алдынан бақыт шырағы болып жылтырады.
Кәдір Сауырұлы Мұғалім оқушылардың қой- қойшы
сөздерін салыстыру арқылы түбір және туынды ұғымдарын ажырата алуларына мүмкіндік жасайды.
Туынды сөздерді тек зат есім ғана емес, сын есім, етістік те құрайтындығы аңғартылады (қойшы, өнерлі, қасқырдай, ойнайды).

Мұғалім оқушылардың «Құмға салған сурет» және «Суретші ата» мәтіндерін түсініп оқу стратегиясын жүзеге асырады. Әр мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойылып жауап алынады. «Мәтінде кім туралы айтылған?» сұрағы бойынша екі мәтіннің де тақырыбы анықталады. Берілген көркем шығарма түрлері (әңгіме, өлең) өзіндік белгілеріне қарай ажыратылады.
Мәтіндердің ұқсастығы тақырыбының өнерге, оның ішінде Әбілхан Қастеевтің өнеріне арналғандығы, ал айырмашылығы мәтіннің әртүрлі жанрда берілгендігі байқатылады.

1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу Суретші ата
Шалкөденің гүлін-ай!
Елге тартқан сыйындай.
Ақындардың алыбы
Мынау – Біржан, Сүйінбай.

Мына сурет жасымнан,
Көзіме оттай басылған:
Амангелді атамыз
Алмас қылыш асынған

Күткен диқан ақ самай,
Мынау әсем бақшаны-ай.
Көз тартады кең жайлау,
Алаулайды Қапшағай.

Мынау, тауды қашаған –
Батыр кенші жас адам.
Өнерлі ата Әбілхан
Мұның бәрін жасаған.
Нұрсұлтан Әлімқұлов
(Т) Берілген жағдаяттан шығуда жоспарлы, жүйелі сөйлеу. Жағдаят үлгісі:
Әкең сенен «Жас суретші» студиясына жазылуыңды өтінді. Бірақ сенің «Қолөнер» үйірмесіне қатысқың келеді. Бұл жағдаяттан қалай шығар едің?
Жағдаят топтық жұмыста ұйымдастырылады. Жағдаяттан шығу жолын ұсынбас бұрын оқушылар бірін-бірі бағалаудың критерийлерімен таныстырылады.
Оқушылар берілген критерийлер бойынша бірін-бірі бағалайды:
• жағдаят мазмұнына сай сөздер тізбегін тиімді қолдана алады;
• дәлелді ой тұжырымын жасайды;
• сөйлеу барысында тиісті дауыс мәнерін қояды.

3.1 Мәтін түрлерін құрастырып жазу

3.3.1.1 жоспар/сызба бойынша әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау және пайымдау мәтінін түрлі көмекші сөздер арқылы құрап жазу

(Ұ,Т) Өнер түрлерін жіктеу мақсатында ассоциация құру. Топта талқылау. Топ жұмысын таныстыру.

Өнер

(Ө,Қ) Үлгі бойынша өнердің бір түрі туралы сипаттау мәтінін жазу. Жазу барысында тәуелдік жалғауларын қолдану.
Үлгі: Мен би өнерімін. Мені епті, әдемі, музыка әуеніне ілесе алатын балалар билейді.

Өнер түрлері жайлы не білетіні талқылана отырып, ортақ шешімге келіп, ортақ бір ассоциация құрады. Рөлдік ойын арқылы оқушылар бір өнер түрі атынан өзін таныстырып шығады. Мысалы: «Мен ән өнерімін. Мені халық жақсы көреді. …..»

3.4 Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттермен мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация т.б.) құрастыру
(Т,М) «Өнерлінің қолы алтын» көрмесіне шақыру қағазын құрастыру.

(Ө,Ж,Қ) Досына немесе ата-әжесіне хат жазу.

(Т,МК) Түрлі өнер түрлері бойынша презентация құрастыру және оны сыныптастарының алдында қорғау. Мұғалім алдын ала жиналған шақыру қағаздарын (тойға шақыру, кешке шақыру, мерейтойға шақыру, көрмеге шақыру, кездесуге шақыру т.б.) топтарға таратып, оқушыларға «Шақыру қағазы не үшін және қалай жазылады?» проблемалық сұрағын қояды. Оқушылардың шақыру қағазының құрылымы мен мазмұны туралы білімдері бекітіліп, «Өнерлінің қолы алтын» көрмесіне шақыру қағазын құрастыру жұмысы ұйымдастырылады.
Оқушылар көрме туралы досына немесе ата-әжесіне хат жазады. Хатында ұлттық қол өнер туралы және көрмеден алған әсерін баяндайды. Хатын жұбымен бөлісіп оқиды. Хатта қандай қолөнері туралы жазылғанын бағалайды.

Мұғалім алдын ала оқушыларға өнер түрлері тақырыбына сурет/фотосуреттер, қанатты сөздер жинастырып келуді тапсырады.
Мұғалім оқушылардың өз презентацияларын қорғап сөйлеуінде тәуелдік жалғаулы және туынды зат есім сөздерінің болуын қадағалайды.

3.2 Түрлі стильде мәтін жазу

3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/ өмірбаян жазу
(МК,Ұ,Ө) Оқушының күнделігін оқу. Күнделік ретінде бүгінгі күннің айтулы тұстарын жазу.

2 ақпан 2017 жыл.
Бүгін сыныбымызбен Ахмет Байтұрсынұлының мұражайына бардық. Бұрын Ахмет Байтұсынұлы тұрған үй 1998 жылы мұражайға айналыпты. Мұражайда 3 зал бар екен. Ол кісінің әр жылдардағы фотоларын көрдім. Шығармаларымен таныстым. Мұражай маған ұнады. Бұл күн мен үшін ерекше әсерлі күн болды.

(Т,Қ) Күнделік жазудың ережесін құрастыру.
Күнделік жазу китерийлері:
• Уақытын көрсету;
• Іс-әрекетін (көргенін) жазу;
• Сезімін білдіру;
• Пікір жазу;

(Ө) Үш күн аралығында іс-әрекеті бойынша күнделік жазуды жоспарлау.

Мұғалім күнделікті не үшін (ішіндегі сырын айтуға болатын адал дос,өмірлік естеліктерін жазатын дәптер, қорытынды шығаруға мүмкіндік беретін құрал ретінде), қайда (парақ, дәптер, блокнот, картон қағаз және т.б. б), қашан (бос уақытта) жазатындығы туралы нұсқау береді.
Күнделікті безендіруде ескерілетін идеялар:
— бүгінгі күннің айтулы тұстарын сипаттау;
— көңіл-күйді қағаз бетіне түсіру;
— топсаяхат, кино т.б. жерлерге барған билеттерін жабыстыру;
— біреудің берген ашықхатын, гүлдің, көліктің суретін жабыстыру;
— тәрбиесі мол өлең шумағын, қанатты сөздер т.б. жазу;
— оқыған кітаптарының атын, не/кім туралы екендігін жазу.

Оқушылар өздерінің күнделік жазу критерийлерін анықтап, оны топта таныстырады. (Топтың жасаған жұмыстары сынып қабырғасына ілінеді)

Мұғалім оқушыларға үш күн үш түрлі би өнерін теледидардан немесе ғаламтордан қарауды ұсынады:
1күн- ұлттық би өнері
2күн – заманауи би өнері
3күн – спорттық би
Би өнерінің әр саласы бойынша көрген, алған әсерін күнделікке түсіру тапсырылады. Жазған материалдарына сәйкес күнделікті қосымша сурет, қанатты сөздер, әртүрлі жапсырмалармен әшекейлеуге болатыны ескертіледі.

«Қазақ тілі» пәні. Бастауыш мектеп. 3-сынып
6-бөлім: Атақты тұлғалар
Осыған дейін меңгерілген білім
6-бөлім материалдары оқушылардың алдыңғы бөлімдерде игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі.
Мәнмәтін
Бөлімде берілген материалдар қазақ өнеріндегі атақты тұлғаларға қатысты таңдалынған. Оқушылар қазақ билер, ақын–жазушылары мен күйшілері жайлы мәліметпен таныса келе, мәтін мазмұнын түсінуге, болжам жасауға және пікір білдіруге дағдыланады. Сондай-ақ қатемен жұмыс жасауға үйреніп, каллиграфиялық жазу дағдысына төселеді.
Қысқаша шолу
Бұл бөлімде сөйлемнен зат есім, етістік, сын есім, сан есімдерді табуды, етістіктің негізгі және туынды түрлерін анықтауды және етістіктің болымсыз түрін жасауды үйренеді.

Оқу бағдарлама
сына сілтеме Оқу мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Мұғалімге арналған ескертпелер
(оқыту әдістемесі бойынша) Оқыту ресурстары

Оқу бағдарлама
сына сілтеме Оқу мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Мұғалімге арналған ескертпелер
(оқыту әдістемесі бойынша) Оқыту ресурстары

1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау

2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

1.5 Тыңдалған материалдар бойынша өз пікірін білдіру

4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу
3.5 Қатені табу және түзету

3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну

4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

2.6 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

3.1 Мәтін түрлерін құрастырып жазу

2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

1.2 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

3.4 Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау

3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру

3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау

3.3.3.1 өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.4.2.6 есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау

3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу

3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

3.3.1.1 жоспар/сызба бойынша әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау және пайымдау мәтінін түрлі көмекші сөздер арқылы құрап жазу

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттермен мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация) құрастыру
(МК, Ұ) Берілген тақырып пен суреттер арқылы мәтіннің мазмұнын болжау.
Күй атасы
Қазақ халқының классик сазгері Құрманғазы есімі көп ұлтты халықтар арасына кеңінен тараған. Ұлы күйші қазақтың аспапты музыкасын өркендетуге, оның дамуына шексіз үлес қосты. Сазгердің үздік туындылары көршілес халықтар арасында да танымал. Сондықтан оны «Күй атасы» деп атайды.
Қайталанбас өнер иесі, ірі тұлға, күйші Құрманғазы — қазақ елінің мақтанышы.
(Ұ,Ж) «Күй атасы» мәтінін оқу. Оқылған мәтін мен жасалған болжамның сәйкестігін тексеру. Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
(МК,Ұ) Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге назар аудару, оларға сұрақ қою.

Т) Мәтіннен негізгі және туынды етістіктерді табу
Мүсінші
Хакімжан Наурызбаев – қазақтың кәсіби мүсіншісі. Ол 300 ден астам туындыны мүсіндеді. Әсіресе Абай атамыздың образын мүсіндеуде талмай ізденді. Атақты жазушы Мұхтар Әуезовпен күн сайын жолығып, ақыл-кеңес алып отырды. Оның еңбегі еленді. Қазақ мүсін өнерін биікке көтерді. Шоқанның ұлы бейнесін содағаны үшін еліміздің Мемлекеттің сыйлығына ие болды. Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды. Қазақстан суретшілер одағын басқарды. Көптеген шәкірттер дайындады.

(Ж) Өлеңнен болымсыз етістігі бар сөздерді теріп жазу.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой-
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтілі*,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибратылы*,
Оны ойға жисаңыз.
Ғылым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
(Ұ) «Қажымұқан» деректі фильмін көру.
Бейнежазбадағы жас Қажымұқанның сөйлеу мазмұнына өз пікірін білдіру.

Ж, Қ) Жазылған мазмұндаманы өзара тексеру. Қателерді анықтау және түзету.

(Ө,Қ) Мазмұндаманы көркем жазу.

(Ө, Ж, Т, Қ) Мәтінді тыңдау. Ашық және жабық сұрақтарға жауап беру. Тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілеу.

Тірек сөздер мен сөз тіркестеріне байланысты есте сақтау диктантын жазу. Өзін-өзі тексеру.

Қажымұқан Мұңайтпасов – ХХ ғасырда әлемге танымал болған тұңғыш қазақ палуаны. Ол өзінің спорттық жолын Петербургте бастады. Қажымұқан Франция, Германия, Бельгия, Түркия, Америка сияқты ірі мемлекеттерде өткен белдесулерде жеңіске жетті. Ол барлығы 26 мемлекетте болды. Осы сындарда Қажымұқан 48 алтын, күміс және қола медальдарға ие болған.
1927 жылы оған «Қазақ даласының батыры» атағы берілді.
Тірек сөздер мен сөз тіркестерінің үлгісі: танымал, тұңғыш қазақ палуаны, белдесу, жеңіс, 26 мемлекет, 48 медаль, Петербург, Франция, Германия, бельгия, Түркия, Америка.

(МК,Ұ,Ө) Мәтінен сан есімдерді табу. Кестенің көмегімен есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау.

Есептік сан есім Реттік сан есім
Қанша? Неше? Нешінші?

(Ұ,Т) Екі мәтінді оқып, салыстыру.
Екі мәтіннің ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтау. Топтың қорытындысын таныстыру.
Өмірбаян
Мен, Бауыржан Момышұлы, 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде дүниеге келдім. Әкем ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болған кісі. Анам Рәзия дүниеден ерте өтіп, 3 жасымнан бастап Қызтумас әжемнің қолындауөстім. Жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болдым. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетімді өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алдым. Туған ауылға қайтып оралған соң, біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істедім. Содан қайтаданыржан Момышұлы, 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде дүниеге келдім. Әкем ел арасынд генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттандым. Батальон, полк командирі қызметтерін атқардым. Соғыстан кейін Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітірдім. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ бердім. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шығып, біржола шығармашылық жұмыспен айналыстым. Бірнеше орден, медальдармен марапатталдым. Кеңестер Одағының батыры атағын алдым.
Құлын мінген бала
Бауыржан да ауылда өсті. Бала күнінде құлынды жақсы көретін. Оның боз құлыны бар еді. Оған өз қолынан көк шөп жегізіп, шелекпен биенің сүтін ішкізетін. Тақияға салып жем әкеліп беретін. Боз құлын ноқтадан босаса, Бауыржанның қасынан қалмайтын. Бауыржан «құру-құру» деп шақырса-ақ шауып келетін. Ол құлынның үстіне секіріп мініп, шаба жөнелетін. Құрдастары құлын мінген баланың соңынан жүгіріп, таң қалатын. Сонда Бауыржан құлынның кекілінен сипап:
— Бұл — Тайбурыл, мен – Қобыланды батырмын! –дейтін құрбыларына мақтанып.
Боз құлын ақ боз ат болды, бала Бауыржан ержетті. Ол фашистерден Отанын қорғаған атақты батыр атанды. Бір қызығы ол майданда командир болған кезінде үнемі ақ боз арғымаққа мінетін. Бәлкім, баяғы боз құлынын сағынғаннан болар.
Ә. Нұршайықов

(Т) «Құлын мінген бала» мәтінінде кездесетін жаңа сөздердің (боз, ноқта, кекілі, фашистер, арғымақ ) мағынасын сөздіктер арқылы ашу.

(МК, Ұ,Ө) Сызба бойынша салыстыра сипаттау мәтінін құрап жазу.

(МК,Ұ) Мәтіннің тақырыбын және ондағы негізгі ойды анықтау
Атақ-даңқ қалай шығады?
Көмірдің аты
Жанумен шығар.
Балғаның аты
Қағумен шығар.
Шегенің аты
Бекумен шығар.
Қашаудың аты
Шекумен шығар.
Батырдың аты
Жеңумен шығар.
Жомарттың аты
Берумен шығар.
Ақынның аты
Жырлаумен шығар.
Шәкірттің аты
Тыңдаумен шығар.
М.Әлімбай.

(Ұ,Т,Ө, Қ) Тірек сөздерді пайдаланып, «Тұңғыш ұстаз» тақырыбында әңгіме құрау.

Тірек сөздер: Ыбырай Алтынсарин , ағартушы, педагог, жазушы, алғашқы мектеп, оқулық жазу, «Кел, балалар, оқылық!»

(Т) «Атақты тұлғалармен кездесу» рөлдік ойынын ойнау.
Ойын барысында өз сөзін жүйелі жеткізу.

(Ұ,Т) «Атақты тұлғалар» ассоциация құру. Топта талқылау. Топ жұмысын таныстыру.

Мұғалім тарапынан оқушыларға «Пазл құрау» тапсырмасы беріледі. Құрастырылған сурет пен мәтін тақырыбы арқылы мәтіннің мазмұны болжатылады.
Мұғалім оқушылардың оқылған мәтін аясында жасаған болжамдарын
тексеруге жұмыс ұйымдастырады.
Оқушылардың мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды қоюына мұғалім басшылық жасайды: «Неге Құрманғазыны «күй атасы» деп атайды?» , «Құрманғазыны неге қайталанбас өнер иесі дейді?» т.б.
Көп ұлтты, ұлы, аспапты, үздік, ірі сөздері сөз құрамына ажыратылады.
Негізгі, туынды сын есім туралы түсінік беріледі. Әсіресе туынды сын есімнің жасалу жолына ерекше назар аудартылып, оқушылардың бұл құбылысты өздігінен бақылауына, аңғаруына мүмкіндік беріледі.

Мәтіннен негізгі және туынды етістіктер таптырылады. Туынды етістіктер морфологиялық құрамына ажыратылады: ізденді –туынды етістік, өйткені оның түбірі- із. «Із» сөзі – зат есім, оған -де, -н, -ді жұрнақтары жалғанып, қимылды білдіріп тұр. Сондықтан «ізденді» сөзі туынды етістік болады.

Етістіктің болымды және болымсыз түрлері туралы алғашқы түсінік сөздерді салыстыру арқылы беріледі:
• Жаз – жазба
• Жүз — жүзбе
• Оқы- оқыма
• Күл — күлме
• Төк – төкпе
Оқушылардың назары қосымшалы етістікке аударылып, ол сөздің беретін мағынасы анықталады. Оқушылардың болымды және болымсыз етістіктерді ажырата білу білігін қалыптастыру мақсатында төмендегі мақалмен жұмыс жүргізіледі.
Олар мақалдан етістіктерді тауып оларды салыстырады және мағыналарында қандай өзгешелік бар екенін табады.

Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.

Жұппен өлеңдегі болымсыз етістіктерді теріп жазып, олардың мағынасын бір- біріне түсіндіреді.

Мұғалім алдымен деректі фильмінің 0:25 – 1:01 аралығындағы үзіндісін көрсетеді. Қажымұқанмен аттас жас баланың сөйлеу мәнеріне «Мына ескерткішке кірейікші» назар аудартады. Оның сөйлеу мәнеріне оқушылардың өз пікірлерін білдіруіне мүмкіндік береді.

Мұғалім деректі фильмінің 2:03 – 3:25 аралығындағы үзіндісін көрсетеді. «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мұражай», «Оңтүстік Қазақстан облысы», «өмірі мен спорттағы жеткен жетістігі», «тұрмыста қолданған заттары», «ерлігін дәріптейтін экспонаттар», «майы бар кеспек», «жалғыз өзі», «шанаға салу» тірек сөздер қатары анықталады. Анықталған тірек сөздер мен жоспар
Мұғалім жазу үдерісінде оқушылардың орындаған жұмыста-рын бақылап, олардың жіберген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерін түртіп алады. Қатемен жұмыс ұйымдастырылады. Оқушылардың кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, көлбеу, үзбей және біркелкі жазуы қадағаланады. Каллиграфиясы бойынша жеке қолдауды қажет ететін оқушылармен жұмыс ұйымдастырылады.
Мәтін бойынша кемінде 6-7 тірек сөздер мен сөз тіркестерін белгілетеді. Сөздер мен сөз тіркестерін топта талқылап, тізімін жасайды.
Мұғалімнің алдын-ала дайындаған тізіміндегі сөздер мен сөз тіркестерімен сәйкестігін анықтау мақсатында әр топ кезекпен бір сөз тіркесінен атайды, топ ұсынысын негіздейді.
Мұғалімнің алдын-ала дайындаған тізіміндегі сөздер мен сөз тіркестері сәйкес болған жағдайда тақтаға жазады. Барлық сөздер мен сөз тіркестерді тапқанша жалғасады.
Тақтадағы тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтауға 40-60 секунд уақыт беру. Өз бетінше жазуы мен тексеруін қадағалау.
Жіберілген қателермен жұмыс ұйымдастыру.
Мұғалім мәтінді оқып береді. Мәтін мазмұны бойынша ашық сұрақтар қойылады:
• Қажымұқан Мұңайтпасов кім?
• Ол спорттық жолын қайда бастады?
• Қай мемлекеттерде өткен белдесулердің жеңімпазы атанды?
• Ол қанша мемлекетте болды?
• Қажымұқанның қанша алтын, күміс және қола медальдары бар?
• 1927 жылы ол қандай атаққа ие болды?
Жабық сұрақтар:
Қажымұқанның әлемге танымал болуының сыры неде? т.с.с Оқушыларға ашық сұрақтардағы сұраулы мағына білдіретін сөздердің қатары тірек сөздерді құрайтындығын таныту жұмыстары мұғалім тарапынан ескертіледі.
Мәтін бойынша кемінде 6-7 тірек сөздер мен сөз тіркестерін белгілетеді. Сөздер мен сөз тіркестерін топта талқылап, тізімін жасайды.
Мұғалімнің алдын-ала дайындаған тізіміндегі сөздер мен сөз тіркестерімен сәйкестігін анықтау мақсатында әр топ кезекпен бір сөз тіркесінен атайды, топ ұсынысын негіздейді.
Мұғалімнің алдын-ала дайындаған тізіміндегі сөздер мен сөз тіркестері сәйкес болған жағдайда тақтаға жазады. Барлық сөздер мен сөз тіркестерді тапқанша жалғасады.
Тақтадағы тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтауға 40-60 секунд уақыт беру. Өз бетінше жазуы мен тексеруін қадағалау.
Жіберілген қателермен жұмыс ұйымдастыру.

Мәтіннен сұрақ қою арқылы ХХ, 26, 48, 1927 сан есімдері таптырылады, олардың жазылу ерекшеліктеріне назар аудартылады. Реттік сан есімдер араб цифрымен (10, 5, 2) берілсе, -ыншы, -інші, -нші, -ншы жұрнағының орнына дефис (-) қойылады: 10-рет, 5-қатар, 2-сынып, 6-орын. Ескерту: Уақыт өлшембірлігіндегі сан есімдер цифрмен жазылады. Олардан кейін дефис қойылмайды: 5 қаңтар, 1910 жыл. Ал рим цифрымен берілсе дефис қойылмайды: ХХ ғасыр, ҮІІІ фестиваль.

Сан есім туралы ұғым, түсініктері бірнеше жаттығу жұмыстарын орындату арқылы бекітіледі. Сан есім түрлері жайлы білімдерін бекіту мақсатында «Карусель» әдісі қолданылады. Оқушылар бұл әдіс барысында ішкі және сыртқы шеңберге тұрады.
Сан есім түрлерін білгендерін, түсінгендерін тексере отырып, оларды өз орнымен қолдануға үйретіледі.

Мәтіндердің ұқсастығын таптыруда кім туралы екендігіне назар аудартылады. Мәтін кімнің атынан (нешінші жақтан) айтылып тұрғаны анықтатылады, Мәтіннің сюжетіне, берілу формасына көңіл бөлінеді.

Мұғалім әр топта сөздіктердің болуын қамтамасыз етеді.

Сызбаның көмегімен салыстыра сипаттау мәтіні құратылып жазылады. Мұғалім оқушылардың салыстыра сипаттауға мәтін құрастыруында «ал» көмекші сөзінің қолдануын ескереді.

Мәтіннің тақырыбын анықтауда «Өлеңде не туралы айтылған?» сұрағы қойылады.
«Атақ-даңқ қалай шығады?» сұрағына жауап алу негізгі ойды анықтауды мүмкін етеді.

Әр топта әртүрлі тұлғамен кездесу жоспарланады:
1. Еңбек ардагерлерімен кездесу.
2. Ерлігімен танылған тұлғамен кездесу.
3. Ақын, жазушымен кездесу.
Әр топтың қоятын сұрақтарының дұрыс, жүйелі болуын мұғалім бақылайды. Әр тұлға ерекшелігіне сәйкес дауыс мәнерін салу, сөйлеу ескеріледі.

Әңгіме құрамас бұрын кесте арқылы оқушылардың Ы. Алтынсарин туралы білімдері еске түсіріледі. Тірек сөздер мен суретті пайдаланы отырып топта «Әңгіме картасын» құрастырады. Әр топ құрған карталарымен танысып, идея алмасады. Әр топ таныстырушы топқа бір идея қосу міндеттеледі.Қорғаушы топ ұсынылған идеяны жазып алады. «Әңгіме картасы» негізінде «Тұңғыш ұстаз» тақырыбында әңгіме құрап жазады. Жазылған әңгімелерін жұпта тексеріп, бағалайды:
• Сөздердің дұрыс қолданылуы;
• Әңгіменің құрылымдық бөліктерінің сақталуы.
Мұғалім оқушылардың аталған атақты тұлғалар жайлы ойларын ассоциациялауға мүмкіндік жасайды. Рөлдік ойын арқылы оқушылар бір атақты тұлға атынан өзін таныстырып шығады. Мысалы: «Мен Динамын. Менің халыққа танымал күйлерім көп. …..»

Т.Жаубасова. Қазақтың күйшілері. — Алматы: Аруна LTD ЖШС, 2003

Қоянның құлағы неге ұзын? Балалар үшін: өлеңдер, дастан, аңыздар, мысалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар. – Алматы: Балауса, 1996, 176 б

7-бөлім: Су-тіршілік көзі
Осыған дейін меңгерілген білім
7-бөлімді оқытуда оқушылардың алдыңғы сыныптарда алған білімі мен дағдылары ескеріледі.
Мәнмәтін
Бөлім материалдары «Су -тіршілік көзі» лексикалық тақырыбы аясында қарастырылады. Тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын мәнмәтінде түсінуге, сөйлеу барысында қолдануға басымдылық беріледі. Тыңдалым, оқылым және аудиовизуалды материалдар негізінде мәтіннің соңын болжау, пікір білдіру, пікіралмасу, шығармашылық жұмыстар жүргізіледі.
Қысқаша шолу
Бұл бөлімде сөздің өзінің тура мағынасынан басқа ауыспалы мағынада қолданылатыны және бір сөздің бірнеше мағынада жұмсалатыны туралы білімдері еске түсіріліп, бекітіледі. Сын есімнің негізгі және туынды түрлері анықтау үйретіледі. Сан есім туралы білімдері қайталанып, сан есімнің есептік және реттік түрлерінің құрылымдық, мағыналық өзгешеліктерін білетін болады. Оқушылардың сауаттылығын арттыруға, көркем жазу дағдыларын қалыптастыруға және сөйлеу мәдениетін дамытуға жаттығу жұмыстары жүргізіледі.

Оқу бағдарлама
сына
сілтеме Оқу мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Мұғалімге арналған ескертпелер
(оқыту әдістемесі бойынша) Оқыту ресурстары
1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

2.2 Мәтіндегі лексикалық бірліктердің қолданылуын түсіну

1.6 Тыңдарманның назарын аудару 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын мәнмәтінде түсіну, сөйлеу барысында қолдану

3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманныңназарын аударту (МК,Ұ,Т) «Мұраттың бастауы» әңгімесін тыңдау. Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру.
Мұраттың бастауы
Көктем кезі болатын. Ауыл сыртындағы сайдан алаң жасап алғанбыз. Қолымыз босай қалса, сонда барып ойнаймыз. Біздің алаңның арғы жағында, кішкене жартастың түбінде, шоқ құрақ өсіп тұрған. Бірде соның жанына барып, демалып отырдық
— Бұрын осы жерде қайнар болған дейді атам. Әне, жер дымданып жатыр. Қазып көрсе қайтеді? Мүмкін су шығар, — деді Мұрат деген бала біздің әрқайсысымызға шола қарап.
Әркім өзінше оның сөзін күлкіге айналдырып жіберді.
— Мейлі, өздеріңе жөн болса, күле беріңдер,- деп, Мұрат өкпелеген қалпы кетіп қалды.
Біз қайтадан ойынға кіріскенбіз.
— Мұрат келе жатыр, — деп, бір бала дауыстап жіберді.
Жалт қарастық. Шынында, Мұрат келе жатыр екен. Қолында күрегі, жанына кішкене балаларды ерткен. Ол келген бетте әлгі шоқ құрақтың астыңғы жағындағы ойпаң жерді қаза бастады. Кішкене балаларда да көмектесіп жатыр. Екі-үш күрек бойы қазғанда су шығып, бүлкілдеп аға бастады. Әп-сәтте ойық толып, суы мөлдіреп тұнды.
Бағанадан бері оны күлкіге айналдырған бізде үн жоқ. Состиып-состиып тұрмыз. Мұрат – жарқын жүзді, ішіне кек сақтамайтын бала. Біздің әрқайсысымызға тісін ақсита, күле қарап:
— Не тұрсыңдар, бастаудың мөлдір суынан ішіңдер, — деді.
Өзіміз де жүгіре-жүгіре қатты шөлдегенбіз. Тұнық, мөлдіреп шығып жатқан тап-тастай бастау суын қос уыстай іліп алып, ішіп жатырмыз. Шекеңнен өтетін салқын су, қандай тамаша десеңші!

Нағашыбек Қапалбеков

(МК,Ө,Қ) Үйретуші — түсіндірме диктантын жазу:
«Қолымыз босай қалса, сонда барып ойнаймыз», «Қолында күрегі, жанына кішкене балаларды ерткен», «Не тұрсыңдар, бастаудың мөлдір суынан ішіңдер, — деді.», «Екі-үш күрек бойы қазғанда су шығып, бүлкілдеп аға бастады.»
«Қолы» және «бастау» сөзінің тура және ауыспалы мағынада қолданысын анықтау.

(Ж.Т,Қ) Суға қатысты айтылған мақал мәтелдер мен тиым сөздерді ажырату. Халқымыздың суды қадірлеу себебін төмендегі материалдарды қолданып тұжырымдау.
Бұлақ көрсең – көзін аш.
***
Су ішкен құдығыңа түкірме.
***
Жылай-жылай арық қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.
***
Су аққан жерінен ағар,
Шөп шыққан жеріне шығар.ъ
***
Сөз сағасы — құлақ,
Су сағасы — бұлақ.
***
Су — ырыстың көзі,
Еңбек — кірістің көзі.
Мұғалім «Мұраттың бастауы» әңгімесін оқып береді. Оқушылардың мәтінді тыңдау барысында тірек сөздерді белгілеп отыруы қадағаланады.
Мұғалім тарапынан қойылған ашық сұрақтарға оқушылар жауап бере отырып, өздері белгілеген тірек сөздермен сәйкестігін тексереді.

Топтық жұмыста белгіленген тірек сөздердің дұрыс/бұрыстығын талқылау жүзеге асырылады.
Тірек сөздер қатары анықталған соң, бірнеше жабық сұрақтар қойылады:
— Мұрат қайнарды қандай белгілеріне қарап тапты?
— Мұратқа қайнарды табуға бойындағы қандай қасиеттері көмектесті?
— Бұлақ суының адамға қандай пайдасы бар?
— Мәтін не себепті «Мұраттың бастауы» деп аталған?
-Бұл мәтінге тағы қандай ат қояр едің?
-Неліктен бастаудың суы салқын әрі мөлдір болады?
— Бастау сөзін қандай сөзбен алмастыруға болады?

Мәтін құрамындағы төрт сөйлемді диктант түрінде жазғызу. Жұпта жазба жұмысын тексеруді ұйымдастыру. Қажетті жағдайда қатемен жұмыс жүргізу. «Қолымыз босай қалса, сонда барып ойнаймыз» сөйлеміндегі «қолымыз» сөзінің ауыспалы мағынада, «Қолында күрегі, жанына кішкене балаларды ерткен» сөйлеміндегі «қолында» сөзінің тура мағынада тұрғаны байқатылады.

Сөйлемнен «бастау» сөзінің тура және ауыспалы мағынасы анықталады.
Жаңа материалды бекіту жаттығулары орындатылады.

Ұсынылған материалдармен танысып, мағынасына қарай мақал-мәтел мен тыйым сөздерге ажыратып, өз ойын дәлелдеу ұйымдастырылады.
Топта оқушылардың өздеріне мақал-мәтел немесе тыйым сөзді таңдауына мүмкіндік беріледі. Топта ақылдаса отырып, халқымыздың суды қадірлеуі туралы ой тұжырымын топ мүшелерінің барлығ кезекпен ой жалғап сөйлеуіне дайындық жұмысын ұйымдастырады.
2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

2.3Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
(МК,Т) «Судың да сұрауы бар» мәтінін оқу. Мәтін тақырыбы мен ондағы негізгі ойды табу.
Судың да сұрауы бар

Қазіргі уақытта Жер шарында жыл өткен сайын ауыз судың қадірі біліне түсуде. Дүние жүзінің көптеген елінде су сатушылар үйреншікті көрініс болып саналады. Дамушы елдердің кейбіреулерінде отбасы табысының 10 пайызы су сатып алуға кетеді. Грек елінің кейбір өңірлерінде су алыстағы таудан тасылып әкелінетіндіктен қымбат бағаланады. Су цистернамен әкелінетін ауылдар өз елімізде де кездеседі.
Гонконг, Сингапур суды көрші елден сатып алады. Австралиялықтар Альпі мұздықтарының суын Германияға апарып, 2 литрлік қағаз құтыларға құйып сатады. Жер шарында тұщы су қорының шектеулі екені анық байқалады.
Сондықтан «Судың да сұрауы бар» деген халық даналығын әр уақыт есте ұстаған абзал.

(Т) «Судың да сұрауы бар» мәтінінде кездескен жаңа сөздерді табу. Дереккөздер арқылы сөздердің мағынасын ашу.

(Ө,Ж,Қ) «Судың да сұрауы бар» мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Өз бетінше пікір білдіруге бағытталған сұрақ құрастыру. Жұпта сұрақтарды жетілдіру.
(Ұ,Қ) «Сұрақтар галлереясы» арқылы өзі таңдаған сұрақтарға жазбаша жауап беру.
Ең көп жауап берілген сұрақтың рейтенгісін шығару;
Рейтинг критерийін анықтау:
• Пікір білдіруге бағытталуы;
• Қызықты;
• Жеңіл. Мәтінмен жұмыс «Бірлесіп оқу» стратегиясы арқылы жүзеге асырылады. Мұнда оқушылардың мәтінді түсініп оқуына мән беріледі.
Мұғалім мәтіндегі негізгі ойды анықтату үшін ең соңғы бөлікке көңіл аудартады. «Судың да сұрауы бар» деген халық даналығы жазылған тұс қайта оқытылып талдатылады. Соңғы сөйлемге сүйеніп, автордың айтқысы келген негізгі ойы таптырылады.
Мәтін түріне ажырату мақсатында «Бұл әңгімелеу мәтіні ме, әлде ғылыми — танымдық мәтін бе?» сұрағы қойылып, оқушылардың жауабы дәлелдеулермен талап етіледі.

Оқушылардың қажетті дереккөздермен жұмыс істеуі үшін мұғалім сыныпта «Оқу бұрышын» ұйымдастырады.
Қадірі, дамушы елдер, цистерна, өңір, су қоры т.б. сөздердің мағыналары топтық жұмыста анықталады.
«ОЙЛАН-ЖҰПТАС-ТАЛҚЫЛА» стратегиясын қолдану арқылы мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар (неліктен? не себепті? қалай ойлайсың) құрастырылады және басқа жұптардағы оқушылардан сол сұрақтарға жауап алынады.

«ОЙЛАН-ЖҰПТАС-ТАЛҚЫЛА» стратегиясын жүзеге асыру қадамдары:
1. 2 минут ішінде әр оқушының мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындауы.
2. дайындаған сұрақтарын жұпта 2 минут талқылауы.
3. Дайындаған сұрақтарын сыныпта жариялау, басқа жұп оқушыларынан сұрақтарға жауап алу.
Оқушылар сұрақтарының бір бет қағазға жазылуы қадағаланады. «Сұрақтар галлериясы» стратегиясын жүзеге асыруда оқушылардың сынып ішінді бір-бірлерінің сұрақтарымен танысып, жазбаша жауап жазуы үшін қолайлы жағдай тудырылады.
3.4 Мәтінді түрлі формада ұсыну

3.6Каллиграфиялық нормаларды сақтау

3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу

3.5 Қатені табу және түзету 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, т.б.) құру/компьютерде теру

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

3.3.3.1 өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері мен анықтамалығы арқылы түзету (МК,Ө) Тыйым сөздерді пайдаланып, «Суды дұрыс пайдалан!» нұсқаулығын толықтыру.

Суды бекер … .
Түнде су алуға … .
Суды … .
Бұлақты … .
Ағынды суға кір … .

Судың бетін ашық … .
Лас су төккен жерді … .
Түнде су … .
Су ішкен құдығыңа … .
Суды ысырап етпе, … .

(Ө,Қ) Құрастырылған «Суды дұрыс пайдалан!» нұсқаулығын көркем әрі әдемі жазу.

(МК,Ұ,Ө) Тыңдаған мәтін бойынша жоспар құру, мазмұндама жазу.

Су –тіршілік көзі
Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80-95 пайызы судан тұрады. Жануарлар мен адам денесінде де су көп . Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады.
Су жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста болады. Жер шарындағы судың мөлшері өзгермейді. Теңіз бен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауып, қайта суға айналады.
Сусыз тамақ піспейді. Сусыз тазалық та болмайды. Су жолымен жүк тасиды. Судың күшінен электр қуатын да алады. Мата, тері бояу, қағаз, сабын дайындау, нан пісіру сусыз істелмейді.
Су — біздің байлығымыз. Оған әр уақытта қамқорлықпен қарау қажет.

(Ж,Ө,Қ) Мазмұндаманы өзара тексеру. Қателерді анықтау және түзету. «Суды дұрыс пайдалан!» нұсқаулығы көп нүктелердің орнына ағызба, барма, лайлама, былғама, жума, қалдырма, баспа, төкпе,
түкірме, үнемде сөздерін қою арқылы толықтырылады.

Мұғалім генетикалық, ритмикалық әдістерді қолдану арқылы оқушылардың каллиаграфиялық дағдысын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастырады.

Мұғалімнің көмегімен
«Су –тіршілік көзі» мәтіні бойынша жоспар құрылады:
1. Су қайда бар?
2. Табиғаттағы су айналымы.
3. Судың адам өміріне қажеттілігі.

Мазмұндама жазуға үйрету қадамдары:
7. 1. Мұғалім мәтінді түсінікті, мәнерлі етіп оқып беруі.
8. 2.Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға оқушылардың жауап беруі.
9. 3.Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздермен жұмыс. Жазылуы қиын сөздерді тақтаға жазып қою.
10. 4.Мұғалімнің көмегімен мәтіннің жоспарын құру.
11. 5.Мәтін мазмұнын оқушылардың айтуы.
6.Оқушылардың мәтін мазмұны бойынша мазмұндама жазуы.

Әр жұп оқушыларының жоспар бойынша мазмұндауы қадағаланады.
Оқушылардың жұмыстары жай қарындашпен тексеріледі, қателердің тұсына белгі қойылады. Қатемен жұмыста саралау жүзеге асырылады. Қате жіберілген сөздің асты сызылады немесе жазу жолының тұсына белгі қойылады.

1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

1.1 Мәтіннің мазмұнын болжау

1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау (Т) Берілген жағдаяттар аясында жоспарлы, жүйелі сөйлеу.
1-жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып жатқан ба-лаларды көрді де, тұрып қалды…
Сұрақтар:
1. Арман не істеді деп ойлайсыңдар?
2. Арманның орнында сен болсаң, не істер едің?
2-жағдаят. Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақ көзінің қалдық шөп, босаған ыдыс пен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді…
Сұрақтар:
1. Балалардың әрекеті қандай болмақ?
2. Бұлақтың көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі деп ойлайсыңдар?
(МК,Ұ) «Су туралы не білесің?» бейнематериалынан үзінді көру. Болжау жасау.
(МК,Т,Ө) Жоспар бойынша әңгімелеу.
Жоспар:
1. Ормандағы кездесу.
2. Қасқырдың сұрағы.
3. Қызыл телпектің дәлелді жауабы.

(Ұ) «Су туралы не білесің?» бейнематериалынан үзінді көру. Болжауды тексеру.

Әр топқа әртүрлі жағдаяттар ұсынбас бұрын оқушылардың бірін-бірі бағалау критерийлері таныстырылады.
Оқушылар берілген критерийлер бойынша бірін-бірі бағалайды:
• жағдаят мазмұнына сай сөздер тізбегін тиімді қолдана алады;
• дұрыс ой тұжырымын жасайды;
• сөйлеу барысында тиісті дауыс мәнерін қояды.

«Су сұра» жаттығуы
«Сендер қатты шөлдеп тұрсыңдар. Мен дұрыс өтініп сұраған оқушыға с құйып беремін. Сондықтан интонацияны дұрыс қою арқылы сұрауға тырысыңдар. Тапсырманы дұрыс орындамаған оқушылар ойыннан шығады. Ойын жеңімпаздар анықталғанша жалғаса береді» деп, мұғалім ойын шартын түсіндіреді.

«Су туралы не білесің?» бейнематериалының 0:15 – 0:41 уақыт аралығындағы үзіндісі көрсетіледі. Қасқырдың «Су болмаса, біз не істер едік?» сұрауы бойынша Қызыл телпектің жауабы болжатылады.

«Су туралы не білесің?» бейнематериалының 0:41 – 1:52 уақыт аралығындағы үзіндісі көрсетіліп, оқушылар болжамы тексеріледі.

4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау 3.4.2.6 есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау (Т) Мәтіннен сан есімдерді тауып, түріне ажырату.
Таза бұлақ
Бір бұлақтың басында үш жолаушы бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шығып жатыр екен.
Бұлақтың қайнап жатқан көзіне жақын жерге бір қазандай қара тасты қойыпты да, тасқа «Ей, жолаушы, болсаң осы таза бұлақтай бол!» деп жазыпты. Үш жолаушы бұлақтан шөлдері қанғанша су ішеді, тастағы жазуға көздері түседі.
Сонда бірінші жолаушы тұрып былай дейді:
— Бұл жазылған ақыл сөз екен. Бұлақ күні-түні тынбай ағып, алыс жерлерге барады. Бара-бара кеңейіп, үлкейеді. Бұған жол-жөнекей кішкене бұлақтар қосылып, сөйте бара, үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мынандай ғибрат* алуға болады. Сондай адал қызмет қыл, еш уақытта жалқауланып тоқталып қалма, сөйтсең, ақырында сен де үлкейіп, мұратыңа жетесің дегені деп білемін, — дейді.
Ыбырай Алтынсарин
(Ө, Қ) Бағалау критерийі:
— Мәтіндегі сан есімдерді тауып, есептік және реттік түрлеріне ажыратады;
— Есептік және реттік сан есімдердің мағыналық өзгешелігін айтады.
Оқушылар мәтіннен сан есімдерді табады, оларға қанша? неше? нешінші? сұрақтарының тиесілісін қойып, бір-бірімен салыстырады.
Үш, үшінші сөздерінің бір-бірінен қандай өзгешелігі бар екенін дәлелдейді: үш сөзі есептік сан есім, оған қанша? немесе неше? сұрақтарының бірі қойылады, ал үшінші сөзі реттік сан есім, оған нешінші? сұрағы қойылады.
Үшінші, алтыншы сан есімдеріне жалғанған қосымшаның (-інші, -ыншы) екі түрлі жалғану себебін түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.
Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жазу жұмыстары жұптық жұмыс түрлері арқылы жүргізіледі.

Арал теңізі Каспийдің шығыс жағына орналасқан. Көлемі жағынан Арал дүние жүзінде төртінші орын алады. Оның тереңдігі жиырма бес метрден аспайды. Суы мөлдір. Арал теңізінде Барсакелмес деген үлкен арал бар.
Аралда қорық ұйымдастырылған. Ғалымдар мұнда бөкен, қарақұйрық, құландардың өмір сүруін бақылайды. Аралда улы жылан көп. Теңізден балықтың жиырма түрі ауланады.

«Қазақ тілі» пәні Бастауыш мектеп 3-сынып
8-бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Осыған дейін меңгерілген білім
8-бөлім оқушылардың 2-сыныпта және 3-сыныптың алдыңғы бөлімдерінде алған білімі мен дағдыларына сүйенеді.
Мәнмәтін
Бөлім материалдарымен жұмыс «Демалыс мәдениеті. Мерекелер» лексикалық тақырыбы аясында ұйымдастырылады. Ол көркем еңбек, дүниетану пәндерімен сабақтастық байланыста жүзеге асырылады. Оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын дамыту бағытында түрлі оқу әрекеті ұйымдастырылады.
Қысқаша шолу
Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату, негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау дағдыларын қалыптастыру жаттығулары жүргізіледі. Оқушылардың сауаттылығын арттыруға, көркем жазу, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыруға және сөйлеу мәдениетін дамытуға мән беріледі.

Оқу
бағдарламасына
сілтеме Оқу мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Мұғалімге арналған ескертпелер
(оқыту әдістемесі бойынша) Оқыту ресурстары
2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

3.4 Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттермен мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация т.б.) құрастыру

( МК;Ұ;Ө;Қ) Мәтінді мәнерлеп оқу. Мәтіндегі негізгі ойды табу.
Анаға құрмет
Мерекелі көктем келіп, кең дала гүлдеді. Аналар күні қарсаңында біздің отбасымыздағы балалардың үлкені
Асқар:

— Аналар күні жақын, анамызға сыйлық даярлайық,–деп ұсыныс жасады.
— Анамызға беретін сыйлықты өзіміз қолдан жасайық, – дедім.
Асқар мектеп шеберханасынан үлкен
қондырғы жасап әкелді. Мен оған ақ мата керіп, оның ортасына күннің суретін салдым. Маржан мен салған сурет бойынша кесте тікті. Бүкіл ғаламға сәулесін таратып тұрған күннің ортасына анамыздың суретін орналастырдық. Күлімдеген күн. Асқақтаған Алатау. Гүлжазира кең дала. Анамыз күннің кеудесінде күлімдеп тұр. Суреттің астына: «Ана –біздің күніміз!»–деп, мен көркем етіп жаздым.
Аналар күнінде ерте тұрып, үй жинадық. Маржан тамақ дайындады. Біз оған көмектестік, анамызды дастарқан басына шақырдық.
— Анашым, мерекеңіз құтты болсын!–дедім күлімдеп.
— Біз сізді жақсы көреміз!–деп Асқар анамызды құшақтады.
Маржан сыйлығымызды ұсынды. Ананы құшағымызға алып сүйдік. Анамызға арнап:
Ғаламда бар адам
Анадан тараған:
Ақылгөй, балажан,
Аман бол, анажан!–деп, тақпақ айтып бердім. Асқар күй тартты.
Маржан мен Асқар үшеуміз қосылып:
Ана – біздің күніміз!
Ананың біз – гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз! – деп ән айттық.
Анамыз күндей жайнап, мейірлене күліп, бәрімізді құшырлана сүйді де:
«Өмірлерің мәнді болсын, тірліктерің сәнді болсын! Татулықтарың осылай тәтті болсын, әрбір әрекеттерің сәтті болсын!» – деп, аналық батасын берді. Біз масаттана қуандық.
Әдібай Табылды

(Ұ,Ө) Ашықхат мәтінін жазу. Кестені бірлесіп толтыру. Үлгі бойынша өзбетінше ашықхат мәтінін дайындау.

Ашықхат мәтінінің бөліктері Мәтін үлгісі
Кімге арналады? Құрметті әже!
Қандай тілек жазылады? Сізді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Деніңізге саулық тілеймін.
Тілек білдіруші кім? Немереңіз Арман.

Оқушылардың мәтінді оқуында мәнерлеп оқу элементтері (логикалық, психологиялық, грамматикалық кідірістер, дауыс ырғағы т.б.) басшылыққа алынады. «Анаға қандай құрмет көрсетілді?» сұрағы арқылы мәтіндегі негізгі ой анықталады.
Мәтінге қойылған «Анаға құрмет» атының негізгі ойдың қысқаша атауы екендігі оқушыларға байқатылады.
Тақырыптың қысқаша атауы ретіндегі оқушылардың нұсқалары сыныпта талқыланып таңдалады: «Мереке күні», «Аналар мерекесі», «Сыйлық» т.б.
Мәтін бөліктерінің атауын толықтыру жұмысы жүргізіледі:
1. Асқардың ұсынысы
2. ….
3. ….
4. ….

Мұғалім ашықхат мәтінінің қандай бөліктерден тұратындығына оқушылардың назарын аударады:
1. Кіріспе бөлігі құрметті, қымбатты сөздерімен басталады.
2. Негізгі бөлікте тілек білдіріледі.
3. Соңғы бөлікте ашықхат иесі кім екендігі көрсетіледі.

Кестенің сол жақ бөлігіндегі сұрақтар бойынша жұмыс жүргізіледі. Ашықхат мәтіні бөліктері бойынша берілген сұрақтарға назар аудартылады. Ұжымдық жұмыс арқылы кестенің оң жақ бөлігі толтырылады. Осындай жұмыстардан кейін әр оқушының өзбетімен ашықхат жазуы жүзеге асырылады.
1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

2.2 Мәтіндегі лексикалық бірліктердің қолданылуын түсіну

3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын мәнмәтінде түсіну, сөйлеу барысында қолдану

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету (МК; Ұ; Ө) «Ұзынсары» мәтінін тыңдау. Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру. Түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін анықтау.
Ұзынсары
Қысқы соғым орталана бергенде әжем: «Әлгі Ұзынсары келеді,мынау соның сыбағасы, оңаша тұрсын», — деп шытырлақ сары қазыны, май мен шұжықты керменің түкпіріне итеріп қояды. Сонда біз алабұртып: «Ұзынсары деген кім, қашан келетін қонақ?» деп ойлаймыз. Қымсына тұрып: «Ол кім, әже?» деп сұраймыз. «Асықпаңдар, боталарым. Жерге көк шығып, шелек сүтке толсын. Сонда сыбағасын аңдып Ұзынсары да жетеді», — дейді әжеміз күле жауап беріп.
Әжеміз айтқан сол Ұзынсарының көктем маусымы екенін кейін білдік. Қазақша наурыз –жыл басы. Бұл кезде күн ұзарады. Қыста жоғары көтеріле алмай, құлап жататын Күн енді өрмелеп, төбеге шығады. Осынау шуақты әрі батпай ұзақ тұратын көктем күнін қазақтар қадірлеп «Ұзынсары» деп ерекелете атаған. Оның мағынасы терең — «Ұлыстың Ұлы күні» деген сөз. Бұл күнді тойлау – халқымыздың ежелгі салты.
«Жыл он екі ай» кітабынан
(Ж) Тірек сөздерді белгілеу. Жабық сұрақтарға жауап беру.
Тірек сөздер: қысқы соғым, орталану, шытырлақ сары қазы, май, шұжық, керме, Ұзынсарының сыбағасы, көктем маусымы, Ұзынсарының келуі, батпай ұзақ тұратын көктем күні, Ұлыстың Ұлы күні,тойлау, ежелгі салт.

(Ө,Ж) Берілген мәтін үзіндісін көркем жазу. Ауыспалы мағыналы сөздердің астын сызу.
Қазақша наурыз –жыл басы. Бұл кезде күн ұзарады. Қыста жоғары көтеріле алмай, құлап жататын Күн енді өрмелеп, төбеге шығады. Осынау шуақты әрі батпай ұзақ тұратын көктем күнін қазақтар қадірлеп «Ұзынсары» деп ерекелете атаған.
Мұғалім тыңдалған материалдың мазмұнын оқушылар қаншалықты түсінгенін байқау мақсатында мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды:
1. Әжей не деді?
2. Балалар қандай сұрақ қойды?
3. Ұзынсары қай кезде келеді?
4. Ұзынсары деген не?
«Ұзынсары», «керме», «көк шығу», сөздері анықтама беру, «қымсыну», «шуақты», «орталана бергенде», «алабұртып» синониммен алмастыру, «салт», «шелек сүтке толсын» өмірден мысал келтіру тәсілдері арқылы түсіндіріледі.
Жабық сұрақтар:
1. Қысқы соғым дегенді қалай түсінесің?
2. Наурыздың жыл басы болу себебі неде деп ойлайсың?
3. Сендер бұл мерекені қалай тойлайсыңдар?
Ұлыс, сыбаға, қысқы соғым сөздерін түрлі дерек көздерінен табуға жағдай жасалады.
Ауыспалы мағынады тұрған басы, ұзарады, көтеріле алмай, құлап жататын, өрмелеп, шығады тұратын сөздерінің тура мағыналары таптырылады.
Оқушылардың кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, көлбеу, үзбей және біркелкі жазуы қадағаланады.
Каллиграфиясы бойынша жеке қолдауды қажет ететін оқушылармен жұмыс ұйымдастырылады.

1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау

1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу (Ө, Ұ) «Наурыз көже» тақырыбымен берілген бейнесуреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжау.

(Ө) «Наурыз көже» тақырыбымен берілген бейнесуреттердегі тірек сөздерді және ұсынылған жоспарды пайдалана отырып әңгіме құрау.
Бейнесуреттердегі тірек сөздер: құрт, күріш, бидай, тұз, айран, сүр ет, тары.
Жоспар:
1. Көптен күткен наурыз мерекесі.
2. Наурыз көженің дайындалуы.
3. Дәмді наурыз көже.

(Ұ) Ұсынылған жағдаятқа өз ойын жүйелі, дұрыс беру.
Жағдаят:
Наурыз мерекесі күні мұғалім оқушылардан бір-біріне тілек айтуларын сұрады. Айгүл қасындағы Сәнияға «Наурыз мерекесі құтты болсын! Өркенің өссін!» деп, әжесінен естіген тілек сөздерін айтты. Қалай ойлайсың, Айгүлдің айтқан тілек сөздері өз жасына лайық па? Сен қалай айтар едің? «Наурыз көже» тақырыбындағы бейнематериалдың 0:56 -1: 40 уақыт аралығындағы үзіндісі көрсетіледі. Оқушыларға мәтіннің мазмұнын өздігінен болжап, болжауын жазу тапсырылады. Болжаулары сынып ішінде жарияланады.

«Білім аукционы» ойыны арқылы әр оқушы 1тірек сөзбен сөйлем құрастырады.
Жоспардағы әр ой бөліктеріне сәйкес мазмұнды әңгіме шығуы мұғалім тарапынан қадағаланады.

Мұғалім оқушылардың тілек сөздерді дұрыс қолдануына, өзара қателерін тауып түзетулеріне мүмкіндік береді.

«Бір сөзбен жеткіз!» жаттығуы
Оқушыларға адамның көңіл күйін білдіретін сөздер (қуаныш, таңырқау, өкініш, сабырлылық, т.б) таратылып беріледі. Әр оқушы өзіне берілген сөздің беретін мағынасына сәйкес «Сәлеметсіз бе!» сөзін айтады. https://www.youtube.com/watch?v=z-i4Vc2zfJw

2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау (Ұ) «Ынтымақ күні» өлеңін мәнерлеп оқу. Өлең мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Ынтымақ күні
Жалауымда —
Нұрлы күн,
Нұрын шашып тұр бүгін!
Паш етеді ол
Халқымның
Ынтымағын, бірлігін!…

Ортақ – дәстүр, ғұрып бай,
Ынтымағын суытпай,
Шаңырағын көтерген,
Жүз түрлі ұлт
Жүз уықтай!…

Шыңға тартса салып жол,
Қиналмайды талып бел:
Жүз иыққа сүйенген,
Қазақстан –
Алып ел!
Өтепберген Ақыпбекұлы
(Ө) «Ынтымақ күні» өлеңінің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.

(Т,Қ) Өлең мазмұнын талқылау
І топ ІІ топ ІІІ топ
Халықтың ынтымағын паш етеді Жүз түрлі ұлт жүз уықтай Қазақстан — алып ел
«Интервью» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне сұрақ қояды және жауап береді.

Мұғалім өлеңнің тақырыбы мен негізгі ойды анықтауда төмендегі сұрақтарды басшылыққа алады:
1. Өлең не туралы?
2. Неге бұл өлең «Ынтымақ күні» деп аталады?
3. Өлең мазмұны қандай мерекеге сәйкес келеді?
4. Ол мереке қалай аталады?
5. «Жүз түрлі ұлт — Жүз уықтай!…» дегенді қалай түсінесің?

3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу

3.3.3.1 өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу

(МК,Ұ,Ө) «Мәншүк әні» мәтінін оқу. Оқыған мәтін бойынша жоспар құру, мазмұндама жазу.
Ержүрек қыз
— Сержант Мәншүк Мәметованың өтінішін бригада газетінде жариялаңдар, — деді комиссар. Өтінішінде Мәншүк пулемётші болып, зұлым* жауды жайратқысы* келетінін айтыпты. «Өзім өлсем де, Отаным аман болса екен!» деп жазыпты. Бір мың тоғыз жүз қырық үшінші жылы біздің атқыштар бригадасы жауды батысқа қарай тықсырып* келе жатты. Бір мезгілде жау қарсы шабуылға шықты. Жау шабуылы жақындай берді. Жараланған Мәншүк фашистердің дабырлаған үнін естіп, есін жиып алды. Жексұрын жауға өшіккен ол жанына батқанына қарамай, бірден пулемётіне ұмтылды. Оғы бұршақтай жауды. Кекті қыз жау солдаттарын баудай түсірді. Фашистер тым-тырақай кейін қашты. Енді біздің жауынгерлер шабуылға шықты. Тамаша ерлігі үшін қазақ халқының қаһарман қызына Кеңес Одағының Батыры деген құрметті атақ берілді.

Жоспар:
1.Мәншүктің өтініші.
2.Жаудың қарсы шабуылы.
3.Мәншүктің батыл қадамы.
4.Құрметті атақ. Мазмұндама жазуға үйрету қадамдары:
12. 1. Оқушылардың мәтінді түсініп оқуы.
13. 2.Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға оқушылардың жауап беруі.
14. 3.Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздермен жұмыс. Жазылуы қиын сөздерді тақтаға жазып қою.
15. 4.Мұғалімнің көмегімен мәтіннің жоспарын құру.
16. 5.Мәтін мазмұнын оқушылардың айтуы.
6.Оқушылардың мәтін мазмұны бойынша мазмұндама жазуы.

3.5 Қатені табу және түзету 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері мен анықтамалығы арқылы түзету (Ұ, Т, Қ) Жазба жұмысын топ алдында таныстыру.
— Сөйлем құрылымын жетілдіру.
— Қатесін табу, түзету.
— Өзін-өзі бағалау Мұғалім жазу үдерісінде оқушылардың орындаған жұмыстарын бақылап, олардың жіберген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерін түртіп алады. Қатемен жұмыс ұйымдастырылады.

2.3Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

3.4 Мәтінді түрлі формада ұсыну 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.2.5.1* берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
3.3.4.1* мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құру/компьютерде теру (Ө,Т, Ж, қ) ЭКСПО сөзіне қатысты өздік диктант жазу. Топта идея алмасу. Сөздер қатарын толықтыру.

(МК,Т,Ө) Мәтінді іштей оқу. Мәтіннің маңызды тұстарын түртіп алу.
ЭКСПО туралы не білемін?
Жазғы демалысымда Астана қаласында орналасқан ЭКСПО бүкіләлемдік көрмесін көруге барамын. Алдын ала ғаламтордан ЭКСПО туралы мәлімет жинадым. ЭКСПО-ны ІІ Елизаветаның бабасы ойлап тапқан. Ең бірінші рет 1851 жылы 1 мамыр мен 15 қазан аралығында сол кездегі ағылшын ханзадасы Альберттің бастамасымен Лондонда өткізген. Көрме өткізу үшін Хрусталь сарайы салынған. 20 аптаның ішінде оған 6 миллион адам келіп тамашалаған. Бұл көрмеде алғашқы рет бу қозғалтқыштары, қоюлатылған сүт, стерео-фотосуреттер, консервіленген азық-түлік, мүгедектерге арналған протездер, шыны көздер, стаматологиялық креслолар көрсетілді.
Ал 1855 жылы Париж қаласында болған көрмеде адамдар алғаш рет көгалжапқыш, кіржуу мәшинесі, сөйлейтін қуыршақ, мұнаймен қозғалатын автокөліктің үлгісін тамашалады.
2017 жылы елімізде өткен ЭКСПО көрмесі «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтті. 162 жыл бұрын адамдарды жаңа машиналар мен пойыздар қызықтарған болса, енді жылытуына аз энергия жұмсалатын үй салу маңызды. Сондықтан бұл көрмені негізгі нысаны балама энергия көздері болды.
«Айгөлек» журналынан
(Ж,Т) Мәтін негізінде пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
(Т,қ) Сұрақтар бойынша дереккөздерден мәлімет жинақтау.
1. Астана қаласында ЭКСПО көрмесі қай уақытта өтті?
2. Көрме неше күнге созылды?
3. Көрме қанша гектар аумақта орналасты?
4. Көрме жұмысында неше ел өз жетістіктерін таныстырды?
5. Қазақстанның павильоны қалай аталады?
6. Қазақстандық павильон неше қабаттан тұрады?

(МК,Ж,Т,Ө) Астана қаласындағы ЭКСПО көрмесіне шақыру қағазын құрап жазу. Өздік диктанты «Сия жұмсау» тәсілін қолдану арқылы ұйымдастырылады. Оқушыларға 1 минут ішінде тақырыпқа қатысты сөздерді жазу тапсырылады. Топтық жұмыс негізінде жазған сөздерін талқылап, қатарын толықтырады. Оқушылардан жұпта бір-бірінің жұмысын тексеріп, ықтимал қателердің астын жай қарындашпен сызып көрсетуі сұралады. Оқушылардың қажеттілігіне орай қатемен жұмыс ұйымдастырылады.
Мәтінмен жұмысты «Инсерт» әдісін қолдану арқылы ұйымдастыруға болады. Оқушыларға алдын ала кесте дайындалып таратылады.

Тапсырма «Сұрақтар галереясы» тәсілі арқылы ұйымдастырылады. Оқушылардың мейлінше көп сұраққа жауап жазуы үшін қолайлы мүмкіндіктер жасалады.
Ғаламтор, балаларға арналған газет-журналдар, танымдық бағдарламалар қарауға ұсынуға болады.
Шақыру қағазының құрылымы мен мазмұны еске түсіріледі. Назар аудару: Шақыру қағазын жаздыру туралы нұсқауды бөлімнен қарап танысыңыз.
Оқушыларға алдымен жұпта шақыру қағазының жобасын жасау тапсырылады. Топта шақыру қағазы үлгілерін таныстырады. Оқушылар өзге шақыру қағазы үлгілерімен танысу барысында өздік жұмысы үшін идеялар жинақтайды, шақыру қағазының өз нұсқасын жазады.
Жұптық, топтық және өзіндік жұмысты орындауға нақты уақыт белгіленіп, тапсырманы орындау алдында таныстырылады және оқушылардың уақыт талабын сақтауы қадағаланады.

1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

d. Мәтінді түрлі формада ұсыну

2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.3.4.1* мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құру/компьютерде теру

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру (Ұ, Ө, Ж,Т) «Қауіпсіздік әліппесі» видео ролигін тамашалау. Видеоны қайта қарап, тақырыпқа қатысты трек сөздер тізбегін жасау. Жұпта ақылдаса отырып, тірек сөздермен сөз тіркестерін құрап жазу. Топта құраған тірек сөздерді қатыстырып, төрт-бес сұраулы сөйлем құрастыру. Топтар құраған сұрақтарын қою және жауап беру.
(Ұ,Т,Қ) Бейнематериалды қайта қарау. Материал мазмұны бойынша қауіпсіздік ережелерінің түрлеріне қарай топтастыру:
Денсаулық қауіпсіздігі;
Жол қауіпсіздігі;
Су қауіпсіздігі;
Өрт қауіпсіздігі.
Қауіпсіздік түрлері бойынша оқушыларың топтасуы. Әр топтың өз атауына сәйкес «Өмір қауіпсіздік» нұқаулықтарын құрастыру.

(Ө,Ж,Т) Мәтінді іштей оқу. Пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. Ең ұтымды сұрақты белгілеу.
Жазғы демалыс
Інім Ілияс екеуміз Қапал, Көшкентал ауылында демалыстамыз. Маңайдағы Баян-жүрек, Мұзбалақ, Шыңбұлақ, Тамшыбұлақ, Бүркітті, Сайынбөлек деген тау, жер аттарына ерекше қызығудамыз. Жағалай қайың, қарағай, шырша, арша ағаштары жайқалып тұр. Таңқурай, алма, долана, сиыр бүлдірген, қой бүлдірген, қара бүлдірген балбырап пісе бастаған.
Емдік, шипалы жылы суы бар ауыл өте көңілді. Інім екеуіміз атқа мінуді үйреніп алдық. Ауыл балаларымен асық ойнап, өзенге суға бірге түсеміз.
Әжемнің өз қолынан дайындаған құрт-ірімшік, талқан-тарысы қандай дәмді десеңші! Қымыз, сүт, айранның дәмі бал татиды. Ал, кешқұрым дастарқан басында әжемнің әсерлі әңгімесі сондай қызықты!
Ислам Боранхан
№14 мектептің 4 «Б» сынып оқушысы,
«»Айгөлек» журналынан

Бейне материал бойынша бірнеше сабақ сериясы ұйымдастырылады. Материал мазмұны талқыланады. Бейнематериалды қайта қарап, әрқайсысы тақырыпқа байланысты тірек сөздер тізбегін жасайды. Жұпта өзара тірек сөздерін тексеріп, сөз тіркестерін құрап жазады. Оқушылар топтасып, жазылған сөз тіркестерімен төрт-бес сұраулы сөйлем құрастырады. Әр топ сөйлемдер тізбегін құрап сынып қабырғасына іледі. Оқушылар жазылған сөйлемдермен танысады және жауап береді.
Ескерту: Нұсқаулық жазу ережесін еске түсіру. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге құрастыру. Топта оқушылар өзара бағалауы мен кері байланысын ұйымдастыру.

Мәтінді өз бетінше іштей түсініп оқу ұйымдастырылады. Жұпта оқылған мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, пікір білдіруге арналған сұрақтар құрастырады. Топта ұтымды құрастырылған сұрақты таңдайды немесе толықтырады. Топтар өзара сұрақтарын қойып жауап береді.
Ескерту: Оқушыларға «Жазғы демалыстың қызықты сәттері» тақырыбында бірнеше күннің күнделігін жазу, фотоколлаж құрастыру тапсырылады. Ең мазмұнды күнделік пен фотоколлажға бәйге жарияланады.

Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспарының шаблоны
Сабақты жоспарлаудан бұрын орта мерзімді жоспарды қараңыз.
Пән:
Бөлімі:
Сабақ тақырыбы: Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: (оқу мақсатымен жұмыс ұйымдастыру үшін сабақта болмаған оқушылар есімін белгілеп алу)
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
Сабақтың
мақсаты: Сабақ мақсаттарын анықтап алыңыз. Олар оқу мақсаттарымен (ОМ) бірдей болуы немесе ОМ ұзақ мерзімді сипатта болса, нақты осы сабаққа белгіленген бөлігі болуы мүмкін (кейбір ОМ-ның бөлігі қолданылуы мүмкін)
Барлық оқушылар жасай алады:

Оқушылардың көбі жасай алады:

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Бағалау критерийлері Қалыптастырушы бағалау бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулыққа сәйкес
Ғылыми тіл Пәндік сөздер
Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Құндылықтар Құндылықтарды ашу, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған міндеттер
Пәнаралық байланыс Сабақта пәнаралық кіріктірілу қалай жүзеге асырылатынын көрсетіңіз (іс-әрекет және/немесе мазмұн арқылы)
АКТ қолдану дағдылары Осы сабақта оқушылар қандай АКТ дағдыларын дамыта алатынын көрсетіңі ( егер оқушы АКТ қолданатын болса ғана көрсетіледі)
Алдыңғы меңгерілген білім Оқушылар бастапқыдан нені біледі немесе осы сабақ алдында олар нені білуі керек? (негізгі ұғымдар, ережелер, түйінді дағдылар)
Бұрыннан бар білімді қалай белсендендіре аласыз?
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті Дереккөздер

Сабақтың басы
1) Оқушылармен сабақ мақсатын анықтау (сабақ соңына күтілетін нәтижені белгілеу)
2) Меңгерілген білімін өзектендіру мысалы, күнделікті грамматикалық жаттығулар

Сабақтың ортасы

1) жаңа білімнің қажеттілігін түсіну (проблемалық мәселерді шешу);
2) оқушының іс-әрекеті (практикалық жаттығулар; сұрақты зерттеуге дағдылану, ақпаратты талдау және өңдеу, іріктеу, жүйелеу;) жаңа білім мен дағдыны игеруге бағыттап ұйымдастыру (дифференциация, бағалау);
3) алған білімді қолдану және тілдік дағдыларды дамыту (дифференциация, бағалау)

Сабақтың соңы

Сабақ басында белгіленген күтілетін нәтиже, оқу мақсаты бойынша бағалау критерийлері бойынша рефлексия жасау:
— нені білдім, не үйрендім
— не түсініксіз болды
— әлі де қай бағытта дайындалу керек…
Оқушыларжұмысын өзін-өзі немесе өзара бағалауы мүмкін

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау — оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *