ҚМЖ Музыка 4 сынып Қысқа мерзім жоспары

Пəн: Музыка Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 4 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Бөлім 1-бөлім. Менің Отаным – Қазақстан
1-сабақтың тақырыбы Менің елім
Осы сабақта қол 4.1.1.1 – музыкалық көркемдеуіш құралдардың көмегімен шығарманың
жеткізілетін оқу жанрын, көркемдік образдарын анықтау жəне салыстыру;
мақсаты (оқу 4.1.2.1 – əн айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі дауысты
бағдарламасына қарапайым элементтері бар əндерді орындау;
сілтеме) 4.1.3.1 – музыкалық көркемдеуіш құралдардың көмегімен шығарманы
орындау жəне импровизациялау.
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар:
– музыканың отан сүйгіштікке баули алатын мүмкіндіктерін біледі;
– музыканың көркем бейнесін, мазмұнын мүмкіндігінше ажыратып, жалпы
түсінігін айтады;
– музыкалық шығармаларды жалпы талдайды, салыстырады;
– əнді орындау талаптарын жалпы біледі, мүмкіндігінше іс жүзінде
пайдаланады;
– өз жұмысын жалпы таныстырады.
Көптеген оқушылар:
– музыканың отан сүйгіштікке баули алатын мүмкіндіктерін біледі;
– музыканың көркем бейнесін, мазмұнын мүмкіндігінше ажыратады,
түсінігін айтады;
– музыкалық шығармаларды талдайды, салыстырады;
– əнді орындау талаптарын біледі, мүмкіндігінше іс жүзінде пайдаланады;
– өз жұмысын таныстырады.
Кейбір оқушылар:
– музыканың отан сүйгіштікке баули алатын мүмкіндіктерін жақсы біледі;
– музыканың көркем бейнесін, мазмұнын ажыратады, түсінігін айтады;
– музыкалық шығармаларды талдайды, салыстырады;
– əнді орындау талаптарын біледі, іс жүзінде кең пайдаланады;
– өз жұмысын таныстырады жəне түсінік береді;
– өзінің жұмысын бағалайды, өзгенің жұмысын бағалайды жəне бағдар
береді.
Бағалау критерийлері Оқушылар мақсатқа жетті:
– музыканың отан сүйгіштікке баули алатын мүмкіндіктерін біледі;
– музыканың көркем бейнесін, мазмұнын ажыратады, түсінігін жалпы
айтады;
– музыкалық шығармаларды жалпы талдайды, салыстырады;
– əнді талап бойынша орындайды;
– өз жұмысын таныстырады;
– өзінің жəне өзгенің жұмысын бағалайды.
Тілдік мақсаттар Оқушылар:
• тыңдалған шығарманы талдайды жəне сипаттап береді;
• музыкалық шығарманың мазмұнын ашады жəне көңіл күйін көрсетеді.
Құндылықтарды Музыкалық шығармалар мен əндер арқылы Отанын, туған жерін
дарыту құрметтеуге, сыйлауға тəрбиелеу
Пəнаралық Дүниетану. Əдебиеттік оқу
байланыстар
Бастапқы білім Алдыңғы бөлімдерде алған білімдеріне сүйене отырып, білім алу
Сабақ барысы

Сабақтың Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет Ресурстар
жоспарланған
кезеңдері

Сабақтың басы (МК, Ұ) 1-тапсырма. Ойтолғау. Ақпарат іздеу. Оқулық, нота
Орындау. хрестоматиясы,
М. Сабақ басында оқулықта берілген мəтінді бір оқушыға фонохрестоматия
оқытып, қалған оқушылардан қысқаша түрде түсінік
алады.
«Біз қазақпыз! Біздің туған жеріміз, Отанымыз –
Қазақстан! Қазақстан – кең-байтақ, ата-бабамыздан мұра
болып қалған туған жеріміз. Егемендік алған елімізді əлем
таниды. Жеріміздің сұлулығымен, халықтардың бірлігімен
мақтанамыз. Біз бақытты халықпыз!»
(М/О) ҚР мемлекеттік рəміздер: Ту, Елтаңба жəне
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні туралы
əңгімелейді.
М. Оқушыларға ҚР Мемлекеттік рəміздердің
маңыздылығы туралы айтып, Отанымыздың жас азаматы
ретінде саналы түрде оларды құрметтеу керектігін өз
ойымен түсіндіреді.
М. Оқушылардан Мемлекеттік Гимнді орындау ережесін
естеріне түсіріп, жатқа, салтанатты түрде мəнерлеп,
сезіммен орындауды талап етеді. ҚР Мемлекеттік
Бейнетаспа немесе үнтаспаны қосып, сыныпта бірге
орындайды. Мəтіні оқулықта берілген. Гимні
О. Гимнді орындап болған соң, Мемлекеттік Гимннің Үнтаспа
авторлары туралы түсінік беріп, мына сұрақтарға жауап
береді:
– ҚР жаңа Гимні қай жылы қабылданды?
– ҚР мемлекеттік рəміздері қай жылы қабылданды?
– «Гимн» деген сөз нені білдіреді?
М. Тапсырманың талабы бойынша мектептің жағдайына
жəне оқушылардың дайындығына қарай ғаламтор желісінен
осы сұрақтарға ақпарат іздеуді талап етеді.
М. Ондай мүмкіндіктер болмаса, оқушыларға берген
сұрақтарға мынадай дайын жауаптар болу керек:
– ҚР жаңа Гимннің қабылданған жылы – 2006 ж. 11
қаңтар. Авторлары: музыкасын жазған: композитор
Шəмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен
Нəжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев.
– ҚР мемлекеттік рəміздердің қабылданған жылы –
24.01.1996 ж. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк https://kk.wikipedia.or
рəмiздерi туралы» конституциялық заң күшi бар
Жарлығымен бекітілген. g/wiki/Қазақстан_
ҚР Мемлекеттік туының авторы: Шəкен Ниязбеков. Республикасының _
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары: Жандарбек мемлекеттік_
Мəлiбеков пен Шотаман Уəлиханов. рəміздері
Қажет болса, мысалы, Елтаңба, Ту туралы қосымша
мəлімет немесе оқушылардың өздеріне ізденіс жұмыс
ретінде тапсырма беріп, ғаламтор желісінен табуға болады.
(М/О). Оқулықта берілген Мемлекеттік Гимн туралы
түсінік те бірге таныстырылады.

Сабақтың ортасы (М, Ұ) 2-тапсырма. Талдау. Зерттеу. Оқулық, нота
М. Қазақстанға белгілі балалар ақыны Абдрахман хрестоматиясы,
Асылбектің Отанымызға құрмет көрсетіп, оқулықтың фонохрестоматия
бірінші тақырыбында арнайы «Қазақстан – елім менің!»
өлеңін оқушыларға тарту еткенін айтып, өзі мəнерлеп
оқып береді.

«Қазақстан – елім менің!»

Қазақстан – елім менің,

Ұлан-байтақ жерім менің.
Кеңпейілді кеңдігіміз –
Ата дəстүр ерлігіміз.

Алтай, Ақтау, Атырауым –

Байлық тұнған атырабым.
Арқадағы Астанамыз –
Алтын орда бас қаламыз.

Туын тігіп теңдігіміз,

Асқақтады елдігіміз.
Қазақстан – мəңгілік ел,
Жасай бермек жаңғырып жер.
Абдрахман Асылбек
О. Ғаламтор желісінен немесе бейнетаспадан «Қазақстан – менің Отаным» көрінісін көреді. О. Мына сұрақтарға жауап береді:

– Отан дегенді қалай түсінесің?
– Өз еліңе, туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді қандай сөздермен білдірер едің?

М. Тақтада жазылған торкөздерді толтыруды ұсынады. Жауаптарын ақынның өлеңінен жəне сабақтың тақырыбынан тауып алуды сұрайды.

Дұрыс жауаптары:

1. Қазақстан. 2. Байтақ жер. 3. Алтын орда. 4. Астана.

5. Алтай. 6. Атырау. 7. Дарқан дала.

(МК, Ұ) 3-тапсырма. Тыңдау. Талдау. Əнді үйрену.

М. Оқушыларды «Дарқан дала» (өлеңін жазған:
С. Мəуленов, əнін жазған: С. Еркімбеков)
жаңа əнімен таныстырады. Үнтаспаны қосып, өзі орындап береді. О. Мына сұрақтарға жауап береді:
– «Дарқан дала» əнінің атауын қалай түсіресің?
– «Далам менің» – «Анам менің» деген автордың теңеуі нені білдіреді?
– Əн қандай көңіл күйде орындалды?

– Əннің орындалған түрлерін сипатта: оркестр, хор, солист жəне т.б.
М. Əнді үйрету. Əнді «əн орындау» талаптары бойынша оқушыларға үйрету.
– Оны мəнерлеп, əдемі айтқызу.

– Əннің ырғағын шапалақпен ақырын сүйемелдеуді талап ету.
М. Сабақтың уақыты жеткілікті болса, оқушылармен бірге бұрынғы сабақтарда өткен ұғымдарды шолып, еске алуға болады.

Əн – ең кең таралған музыкалық шығармалар жанры, музыка жəне поэзия өнерлерінің ортақ туындысы.

Хор – вокалдық музыка орындаушылар ұжымы. Хор дауыс құрамына байланысты біртектес (əйелдер, ерлер, балалар хоры) немесе аралас болып келеді. Симфониялық оркестр – ішекті-ысқышты,

«Қазақстан – менің Отаным» көріністі бейнетаспа; https://www.youtube.c om/watch?v=9Nq5Vz CVREM

«Дарқан дала» (өлеңін жазған: С. Мəуленов, əнін жазған: С. Еркімбеков) Үнтаспа

үрлемелі жəне ұрмалы музыка аспаптары тобынан
құралған оркестр.
Мемлекеттік Гимн – халқымыздың басты əні.
Бұл музыкалық шығарма, мемлекеттің музыкалық
ресми белгісі.
Гимн – грек сөзінен алғанда «салтанатты əн» деп
аударылады. «Еркін елім»

(МК, Ұ) 4-тапсырма. Тыңдау. Талдау. А. Жайымовтың күйі,
М. А. Жайымовтың «Еркін елім» күйін тыңдату. бейнетаспа
О. Сұрақтар жауап беру: https://www.youtube.c
– Күй қандай екпінде орындалды? om/watch?v=Yb7JlrrL
– Тыңдағанда көз алдыңа қандай көріністерді елестеттің? xSY
– Оқулықта кестеде берілген сөздерден мазмұнын
анықтайтын дұрыс сөздерді тауып, түсінігін айтып беру.
Берілген дұрыс сөздер: шаттана, жылдам, жігерлі,
қуанышпен, сезіммен, ойлана, көркем.
М. Оқушылармен бірге тапсырмамен жұмыс жасау
барысында түсініктерін айқындайды.

Гимн
əн
хор
Сабақтың соңы (ОТ) Бағалау.
1. «Дарқан дала» əнін қалай орындадым?
2. Орындағанда қандай қиындықтарға тап болдым?
3. А. Жайымовтың «Еркін елім» күйін тыңдағанда қандай
əсер алдым?
4. Таныстырылымымды қалай жақсартар едім?
Рефлексия
– Мен не білдім?
– Бүгін мен не үйрендім?
– Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?
– Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?
Саралау – Бағалау – Денсаулық жəне
Оқушыларға қалай көбірек қолдау Оқушылардың материалды қауіпсіздік
көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті меңгеру деңгейін қалай техникасының
жоғары оқушыларға қандай міндет тексеруді жоспарлайсыз? сақталуы
қоюды жоспарлап отырсыз?

Орындау кезінде оның көңіл күйін бір Бақылау; Денсаулық сақтау
дауыста немесе канон түрінде Бағалау өлшемдері мен технологиялары
орындалатын əуендердің бірінші дескрипторлар бойынша;
дауысын ғана айтуды ұсынады. Əн орындау кезінде оқушылар Сергіту сəттері мен
Музыканы талдау барысында тек бір-бірін өзара бағалайды. белсенді іс-əрекет түрлері
қарапайым түсінік беруді ұсына алады.
Қабілеті жоғары оқушыларға
екі дауыста немесе канон түрінде
орындалатын əуендердің екінші
дауысын айтуды ұсынады.
Шығармашылық тапсырма орындауды,
қосымша өзіндік дербес жұмыстар
жасауды мақұлдайды.
Сабақ бойынша рефлексия Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін
Сабақтың мақсаты/оқу мақсаты дұрыс пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанада
қойылған ба?
Оқушылардың барлығы берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды
ма?
Сабақ жоспарында қандай ауытқулар
болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз):
1.
2.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1.

2.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Пəн: Музыка Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 4 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Бөлім 1-бөлім. Менің Отаным – Қазақстан
2-сабақтың Нұр-Сұлтан – Қазақстанның астанасы
тақырыбы
Осы сабақта қол 4.1.1.1 – музыкалық көркемдеуіш құралдардың көмегімен шығарманың
жеткізілетін оқу жанрын, көркемдік образдарын анықтау жəне салыстыру;
мақсаты (оқу 4.1.2.1 – əн айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екідауысты
бағдарламасына қарапайым элементтері бар əндерді орындау;
сілтеме) 4.1.3.1 – музыкалық көркемдеуіш құралдардың көмегімен шығарманы
орындау жəне импровизациялау.
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар:
– музыканың отансүйгіштікке баули алатын мүмкіндіктерін біледі;
– музыканың көркем бейнесін, мазмұнын мүмкіндігінше ажыратып, жалпы
түсінігін айтады;
– музыкалық шығармаларды жалпы талдайды, салыстырады;
– əнді орындау талаптарын жалпы біледі, мүмкіндігінше іс жүзінде
пайдаланады;
– өз жұмысын жалпы таныстырады.
Көптеген оқушылар:
– музыканың отансүйгіштікке баули алатын мүмкіндіктерін біледі;
– музыканың көркем бейнесін, мазмұнын мүмкіндігінше ажыратады, түсінігін
айтады;
– музыкалық шығармаларды талдайды, салыстырады;
– əнді орындау талаптарын біледі, мүмкіндігінше іс жүзінде пайдаланады;
– өз жұмысын таныстырады.
Кейбір оқушылар:
– музыканың отансүйгіштікке баули алатын мүмкіндіктерін жақсы біледі;
– музыканың көркем бейнесін, мазмұнын ажыратады, түсінігін айтады;
– музыкалық шығармаларды талдайды, салыстырады;
– əнді орындау талаптарын біледі, іс жүзінде кең пайдаланады;
– өз жұмысын таныстырады жəне түсінік береді;
– өзінің жұмысын бағалайды, өзгенің жұмысын бағалайды жəне бағдар
береді.
Бағалау критерийлері Оқушылар мақсатқа жетті:
– музыканың отансүйгіштікке баули алатын мүмкіндіктерін біледі;
– музыканың көркем бейнесін, мазмұнын ажыратады, түсінігін жалпы

айтады;
– музыкалық шығармаларды жалпы талдайды, салыстырады;
– əнді талап бойынша орындайды;
– өз жұмысын таныстырады;
– өзінің жəне өзгенің жұмысын бағалайды.
Тілдік мақсаттар Оқушылар:
• тыңдалған шығарманы талдайды жəне сипаттап береді;
• музыкалық шығарманың мазмұнын ашады жəне көңіл күйін көрсетеді.
Құндылықтарды Музыкалық шығармалар мен əндер арқылы Отанын, туған жерін құрметтеуге,
дарыту сыйлауға тəрбиелеу
Пəнаралық Дүниетану. Əдебиеттік оқу
Байланыстар

Бастапқы білім Менің елім
Сабақ барысы
Сабақтың Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет Ресурстар
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтың басы (МК/Ұ) 1-тапсырма. Талдау. Оқулық, нота
М. Оқушыларға ой салады: «Арайлы Астанам», «сүйікті хрестоматиясы,
астанам», «көркем қалам» – міне, астанамызға берген фонохрестоматия
əдемі атаулардан халқымыздың сүйіспеншілігін, құрметін
байқауға болады.
Елордамыз жыл сайын өсіп, көркейіп жатыр. Назар
аударарлық қаншама əдемі ғимараттар, көрікті орындар
салынған, саны жоқ өлеңдер мен əндер, бейнетаспалар
жазылған. Сендер қалай ойлайсыңдар, осындай керемет
өзгерістер адамдарды шығармашылыққа шақыра ма?
О. Ғаламтор желісінен «Астана – Қазақстанның
Елордасы» деген бейнетаспаны көріп, мына сұрақтарға
жауап береді:
– Қазір Астана қалай аталады? Бұл атау кімнің құрметіне
берілді?
– Бұған дейін астанамыз қанша рет атауын өзгертті? «Астана –
М. Оқушылардан астананың атауларын естеріне түсіруді Қазақстанның
сұрайды жəне тақтада (оқулықта берілген) көрсетілген Елордасы»
торкөздерді толтыруды өтінеді. бейнетаспа;
Дұрыс жауаптары: Нұр-Сұлтан, Ақмола, Астана, Астана – столица
Целиноград. Казахстана
– Нұр-Сұлтан қаласы қай жылы астана болып аталған? https://www.youtube.c
М. Жауап: «Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру om/watch?v=2KBw6k
туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі ZTVLM
1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру
1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің
1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы
Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық
тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы
Астана ЮНЕСКО шешімімен «əлем қаласы» атағын
алды». Ал 2019 ж. 23 наурыз айында Қазақстанның жаңа
президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен
Астана қаласы тұңғыш президент Нұрсұлтан
Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп аталды.
Мұғалімге ұсыныс: сабақтың уақыты артылатын болса,
оқушыларға оқулықтағы сұрақтарды беруге болады.

Сабақтың ортасы (МК/Ұ/Т)

2-тапсырма. Тыңдау. Талдау. Əнді үйрену.
М. «Арман қала – астана» (өлеңі мен əнін жазған:
М. Омаров) жаңа əнін үйрету.
М. Орындап беру, бейнетаспа көрсету. Əннің мазмұнын оқушылармен талдау жəне М. Омаров туралы қысқа мəлімет беру.

«Марат Омаров (16.04.1959 ж. туған. Түркістан обл. Созақ ауданы) – əнші-композитор. Халықаралық жəне республикалық байқаулардың лауреаты. Қазақстан композиторлар одағының мүшесі. Лос-Анжелес қаласындағы «Fidof» Əлемдік композиторлар ассоциациясына мүше болып қабылданды. Ол балаларға арнап «Анашым», «Əке арманы», «Əнші балапан», «Наурыз» сияқты керемет əдемі, маңызы зор əндерді жазды».

Əнмен жұмыс жасау барысында оқушылардан мəтінді дұрыс айту жəне əуенін таза, əдемі орындауды талап ету қажет.

О. Əннің мазмұнына көңіл бөлу.

Мына сұрақтарға жауап беру:
– Бірінші шумақтың бірінші мен екінші жолдары қандай ой білдіреді?
«Ағылып Атыраудан, Алатаудан,
Көш қонды Қараөткелден таласа ауған».
Əнді мұғалім көрсеткен «əн орындау» талаптарын сақтап айту.
Қайырмасы:
«Арман қала, асыл дала,
Жаңа астана, астана» (екі топқа бөлініп, «жаңғырық» түрінде сыныппен бірге əндетіп, əдемі орындау).
(М/О) 3-тапсырма. Тыңдау. Талдау.

М. Т. Тоқжановтың «Шабыт» күйін тыңдату.
Музыка тыңдау талаптары бойынша оқушылармен жұмыс жасау: тыңдату, күй жəне автор туралы əңгімелесу. Қайталап тыңдату, күйдің тақырыбына оқушылардың көңілін аудару. Мына сұрақтарды оқушыларға ұсыну:

О. «Шабыт» деген сөздің мағынасы не?
– Күй қандай көңіл күйде орындалды?
– Күйді тыңдағанда қандай сезімде болдың?
(М/О) 4-тапсырма. Орындау жəне талдау.
М. Өткен сабақта бастаған жұмысты жалғастыру. «Дарқан дала» (сөзін жазған: С. Мəуленов, əнін жазған:

С. Еркімбеков) əнін қайталатып айтқызу.
О. Əнді сыныппен бірге қайталап орындау, өлеңнің жолдарын анық мəнерлеп, əуенін таза, əндетіп, айғайламай айтуды талап ету.

Əннің қайырмасын канон түрінде орындауды үйрету. Канон түрінде айтқызу үшін оқушылардан қайырмасын жатқа жақсы білуді талап ету:

«Дарқан жатқан
Далам менің,
Далам менің,
Анам менің.
Далам менің,
Анам менің!»

«Арман қала –

астана»
https://www.youtube.c
om/watch?v=j9KbwXf
VbGY

https://kk.wikipedia.or g/wiki/Марат_Омаров (Аты-жөні бойынша табуға болады)

Т. Тоқжановтың «Шабыт» күйі Үнтаспа

«Дарқан дала» (сөзін жазған: С. Мəуленов, əнін жазған: С. Еркімбеков) Үнтаспа

М. Оқушыларды канон түрінде орындау ережесімен

таныстырады:
Оқушылар хормен қайырманы бастап кетеді жəне аяғына дейін өз нақышында орындайды. Мұғалім балалармен бірге ретімен сəл кідіріп, қайырманы жалғастырады.

М. Үлгіге қарап, сыныбымен бірге 2 топқа бөлініп, канон түрінде орындауды оқушылардан талап етеді:

1-топ Дарқан жатқан Далам менің, Далам менің,
2-топ пауза Дарқан Далам менің,
жатқан

1-топ Анам менің. пауза
2-топ Далам менің, Анам менің.

хор

канон

Канон (өнерде) – өзгертілмейтін (тұрақты), дəстүрлі

ережелер жиынтығы.
Канон түрінде əнді орындау дегеніміз – əннің негізгі
əуенін сақтап, оны бірнеше əнші немесе хор
ұжымындағы топтардың бірінен кейін бірі қайталап
орындауы.

Сабақтың соңы (ОТ) Бағалау.
1. «Арман қала – астана» əнін қалай орындадым?
2. Орындағанда қандай қиындықтарға тап болдым?
3. Т. Тоқжановтың «Шабыт» күйін тыңдағанда қандай əсер
алдым?
4. «Дарқан дала» əнінің қайырмасын канон түрінде қалай
айттым? Орындағанда жаңылыстым ба?
5. Таныстырылымымды қалай жақсартар едім?
Рефлексия

– Мен не білдім?
– Бүгін мен не үйрендім?
– Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?
– Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?

Саралау – Бағалау – Денсаулық жəне
Оқушыларға қалай көбірек қолдау Оқушылардың қауіпсіздік
көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары материалды меңгеру техникасының
оқушыларға қандай міндет қоюды деңгейін қалай тексеруді сақталуы
жоспарлап отырсыз? жоспарлайсыз?

Орындау кезінде оның көңіл күйін бір Бақылау; Денсаулық сақтау
дауыста немесе канон түрінде орындалатын Бағалау өлшемдері мен технологиялары
əуендердің бірінші дауысын ғана айтуды дескрипторлар бойынша;
ұсынады. Əн орындау кезінде Сергіту сəттері мен
Музыканы талдау барысында тек қарапайым оқушылар бір-бірін өзара белсенді іс-əрекет
түсінік беруді ұсына алады. бағалайды. түрлері
Қабілеті жоғары оқушыларға
екі дауыста немесе канон түрінде
орындалатын əуендердің екінші дауысын
айтуды ұсынады.
Шығармашылық тапсырма орындауда
қосымша өзіндік дербес жұмыстар жасауды
мақұлдайды.

Сабақ бойынша рефлексия
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін
Сабақтың мақсаты/оқу мақсаты дұрыс пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанада
қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды,неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз):
1.
2.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1.
2.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *