ҚМЖ Робот техникасы 5 сынып Қысқа мерзім жоспары

Сабақ: №1 Күні:_________ Пәні: Робототехника Мұғалімі:_____________ Тексерілді:__________

Сабақтың тақырыбы: «Робот техникасы курсына кіріспе: Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері»

Жалпы мақсаты: Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері туралы жалпы мәлімет беру және түсінік қалыптастыру
Оқу нәтижелері: — Робот техникасы туралы нақты ақпарат алады;
— Робот жасау техникасына және технологиясына қызығушылық артады;
— Топтасып, ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, сыни ойлауға дағдыланады;
Оқыту әдістері: • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
• Топтық жұмыс.
• Диалогтық оқыту
Қажетті ресурстар Интерактивті тақта, компьютер, презентация, маркер, стикер, бейнефильм, бағалау парағы
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері / Блум таксономиясы Сыныпта орындалатын жұмыстар / Мұғалімнің іс-әрекеті Сыныпта орындалатын жұмыстар / Оқушылардың
іс-әрекеті Қолданылатын модульдер / Стратегиялар / Әдіс-тәсілдер Бағалау
Ұйымдастыру — Сәлемдесу
— Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын түгендеу Оқушылар үш тілде сәлемдеседі Сыныптың назарын сабаққа аудару, жағымды психологиялық орта қалыптастыру
Психологиялық ахуал «Саяхаттау» (бейнеролик)

Топқа бөлу — LEGO қиынды парақшаларын алу
— Топ ережелерін еске салу ООЖТ
Білу «Ой шақыру» Робот техникасы туралы Интернет желісінен ақпарат іздейді СТО, ТДО, ОүБОБ.
«Ой шақыру» стратегиясы Формативті бағалау (критерий)
Түсіну Топтық диалог Алынған ақпаратпен топта жұмыс жасайды. Диалог құрады. СТО, ОүБОБ, ОБК, АКТ. Дилогтық оқыту Формативті бағалау (критерий)

Қолдану «Баяндау» әдісі. Әр топ әзірлеген баяндамасы бойынша басқа топқа баяндайды. ООЖТ, ОБК, СТО, ТДО.
«Баяндау». Түс арқылы (жасыл – «өте жақсы» , сары – «жақсы», «қызыл – «орташа»
Талдау «Теориядан практикаға» Оқушыларға әр салада қолданылатын робот техникасына негізделген технологиялар туралы топта пікірлеседі. СТО, ОүБОБ, ТДО, ОБК, ОЖЕСО.
«Ой қорыту» Ұпай арқылы (дұрыс – 3, толық емес – 2, қате – 1)

Сергіту сәті. «Паравоз»

Топқа бөлу «Паравоз» ойынынан соң оқушылардың қатарға тұру реті бойынша төрттен топқа бөлінеді. ООЖТ
Жинақтау «Мазмұндама».
Өтілген тақырып бойынша өз білгендерін кестеге түсіреді. Көрсетілген тақырыптар бойынша меңгерген білім нәтижесін көрсетеді. ООЖТ, СТО, ОүБОБ, АКТ.
«Мазмұндама» стратегиясы Формативті бағалау
Бағалау — Оқушылар сабақта қалай жұмыс жасағаны туралы пікір айтады.
— Бағалау парағындағы түсірген ұпайларының бағаға сәйкестілігін анықтап, тиісті бағаларын қою.
— Белсенділігі орташа оқушыларды мадақтау.
Үйге тапсырма 1. Өтілген тақырыптарды қайталау
2. «Менің роботым» тақырыбында эссе әзірлеу

Рефлексия
«Не білдім?», «Не үйрендім?» сұрақтарына қысқаша жауап жазады және «Менің ұсынысым» – өз ұсынысын жазып қалдырады.


Сабақ: №2 Күні:_________ Пәні: Робототехника Мұғалімі:_____________ Тексерілді:__________

Сабақтың тақырыбы: «Робот техникасының тарихы мен келешегі»

Жалпы мақсаты: Робот техникасының тарихы және оның келешектегі дамуы туралы түсінік қалыптастыру
Оқу нәтижелері: — Робот техникасының тарихы туралы нақты ақпарат алады;
— Робот техникасының келешегі жайлы болжамды пікір қалыптасады;
— Топтасып, ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, сыни ойлауға дағдыланады;
Оқыту әдістері: • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
• Топтық жұмыс.
• Диалогтық оқыту
Қажетті ресурстар Интерактивті тақта, презентация, маркер, стикер, плакат, бейнефильм, бағалау парағы
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері / Блум таксономиясы Сыныпта орындалатын жұмыстар / Мұғалімнің іс-әрекеті Сыныпта орындалатын жұмыстар / Оқушылардың
іс-әрекеті Қолданылатын модульдер / Стратегиялар / Әдіс-тәсілдер Бағалау
Ұйымдастыру — Сәлемдесу
— Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын түгендеу Оқушылар үш тілде сәлемдеседі Сыныптың назарын сабаққа аудару, жағымды психологиялық орта қалыптастыру
Топқа бөлу — Родни, Бигвелд, Пайпер, Финеас аттары жазылған түсті парақшалар арқылы («Роботы» мультфильмінің кейіпкерлері)
— Топ ережелерін еске салу ООЖТ
Білу «Қазына»
Арнайы әзірленген презентация көрсетіледі. Робот техникасының тарихы туралы арнайы әзірленген презентация көмегімен ақпарат алу СТО, ТДО, ОүБОБ.
«Ой шақыру» стратегиясы Өзін-өзі бағалау
Түсіну Топтық, жұптық диалог «Пазл» әдісімен топта тарихы туралы және робот жайлы шығармалар туралы пікір алмасады. СТО, ОүБОБ, ОБК, АКТ. Дилогтық оқыту Формативті бағалау (критерий)

Қолдану «Ой қозғау» Әр топ робот техникасының келешегі туралы презентация әзірлейді. ООЖТ, ОБК, СТО, ТДО.
«Ой қозғау». Өзін-өзі бағалау
Талдау Әзірленген презентация бойынша әр топтың баяндамашылары басқа топқа талдап, айтып береді. Робот техникасының келешегі туралы баяндайды. СТО, ОүБОБ, ТДО, ОБК, ОЖЕСО. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Сергіту сәті. «Торайдың хикаясы» (бейнеролик)
Жинақтау «SWOT» стратегиясы. Робот техникасының келешегі туралы кесте толтырады. ООЖТ, СТО, ОүБОБ, АКТ.
«SWOT» стратегиясы
Бағалау — Оқушылар сабақта қалай жұмыс жасағаны туралы пікір айтады.
— Бағалау парағындағы түсірген ұпайларының бағаға сәйкестілігін анықтап, тиісті бағаларын қою.
— Белсенділігі орташа оқушыларды мадақтау.
Үйге тапсырма 1. Өтілген тақырыптарды қайталау
2. Роботтың сызба нұсқасын әзірлеу

Рефлексия
«Не білдім?», «Не үйрендім?» сұрақтарына қысқаша жауап жазады және «Менің ұсынысым» – өз ұсынысын жазып қалдырады.


Сабақ: №3 Күні:_________ Пәні: Робототехника Мұғалімі:_____________ Тексерілді:__________

Сабақ тақырыбы: Курс жабдығымен танысу: LEGO MINDSTORMS EV3Education топтамасы. EV3 жинағы
Жалпы мақсаты: LEGO MINDSTORMSEV3 Education құралымен оқушыларды таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
Техникалық шығармашылығында табысқа жетуге көмектесетін, табиғи бейімділігін, қабілеттерін
анықтау және дамыту.
Күтілетін нәтиже: LEGO комплектімен танысу: электрондық компоненттер, шестеренкалар, дөңгелектер, осьтар,конструкциялық элементтері.
Негізгі идея: LEGO MINDSTORMS, платформа, шестеренкалар, дөңгелектер, осьтар, конструкциялық элементтері.
Сабақтың жоспары:
№ Уақыты Сабақтың кезеңі Мұғалім іс әрекеті Оқушы іс әрекеті Қалыптастыру бағалау
1 3 мин 1 Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Оқушыларды тізім бойынша тексеру.«Досымның қасиеті» тренингінде оқушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіріп, әр оқушының жақсы қасиеттерін айту арқылы сыныпта оқушылар арасында еркіндік атмосферасын орнату.

Стикерлердің түстері арқылы 3 топқа бөліну.
Оқушылар бір-бірлеріне лебіздерін білдіреді.

Стикерлердің түсі арқылы топқа бөлінеді. Мадақтау
2 4 мин 2 Үй жұмысын тексеру Сөз жұмбақ шешу Оқушылар сөзжұмбақ шешеді Бас бармақ арқылы бағалау
3 10 мин

10 мин

2 мин

10 мин 3 Жаңа тақырыпты меңгеру Программалау дегеніміз не,программалық жабдықтама?
EV3 Education бейнеролигын көрсету.

Құрал-жабдықтарын талдау
Лего жиынтығын зерттеу.

Оқушыларды топқа бөлу
Құрал – жабдықтарды суретте көрсетілгендей орналастырыңыздар.

Роботты жинау Өзара сұхбаттасып бейнеролик бақылайды
Берілген бейнеролик бойынша өз ойларымен бөліседі.

Оқушылар Лего Құрал-жабдықтарын талдап танысады.

Оқушылар құрал – жабдықтарды сурет бойынша орналастырады.

Оқушылар Лего жинақтамасынан робот құрастырады. Смайликер арқылы бағалау
Ресурстар Презентация, интернет-ресурстары
4 1 мин Одан кейінгі жұмыс, үй тапсырмасы: LEGO MINDSTORMS EV3Құрал — жабдығы
«Робототехника тарихы» тақырыбында кроссворд дайындап келу.
5 5 мин Сабақ бойынша ескертулер, рефлексия Сабақ несімен ұнады? Сабақ үстінде кездескен қиындықтар?


Сабақ: №4 Күні:_________ Пәні: Робототехника Мұғалімі:_____________ Тексерілді:__________

Сабақтың тақырыбы: EV3 модулі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: EV3 модулімен таныстыру, қолдануды
үйрету, EV3 микрокомпьютерінің негізгі қызметтерімен,
техникалық спецификация мен ерекшеліктерінің мазмұнын білгізу,
білімін кеңейту, алған білім
жинақтау, мазмұндауға үйрету, қызығушылығын
арттыру арқылы дүниетанымын кеңейту
Дамытушылық: логикалық ойлауын дамыту, сөздік қорын
дамыту, салыстыра білу қабілетін дамыту,
терең ойлау қабілетін
дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту, танымдық
белсенділігін дамыту, ауызша есептеу қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік : Елжандылыққа (патриоттыққа) тәрбиелеу, адалдыққа,
еңбекқорлыққа, адамгершілікке, тілдік-эстетикалық
сезімдерін жетілдіруге, жұмыс істеуге

Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: тарих, технология, бейнелеу
Сабақтың көрнекілігі: слайд, презентация, флипчарт, EV3 модулі
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындату, сыныпты сабаққа дайындау (2-3 минут)

2. Үй тапсырмасын тексеру: тікелей үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру. Өтілген тақырып бойынша сұрақ-жауап жүргізу.
Үйге берілген тапсырма: папкаларын толықтыру. 1.3 слайдын үйден оқып келу.

3. Білімді жан-жақты тексеру: бұрын өтілген тақырыптардың барлығын жан-жақты қайталап өту. Әдісі: сұрақ-жауап, жазбаша түрде.
1. Робот техникасы курсына кіріспе: Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері туралы не білеміз?
2. Робот техникасының тарихы және болашағы?
3. Курс жабдықтарымен танысу: LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education жинағы туралы айтыңыз?

4. Жаңа білімді меңгертуге дайындық: бүгінгі жаңа сабаққа байланысты оқушылардың бұрынырақ білетіндерін еске түсіру немесе соған ұқсас тақырыптарды еске түсіру.
EV3 дегеніміз не? EV3 – бұл LEGO® MINDSTORMS® Education платформасының үшінші буыны. «EV» ағылшын тілінен аударғанда «evolution» — «эволюция» деген мағынаны береді.

EV3 Education жинағының құрамы

LEGO® MINDSTORMS® EducationEV3 жинағының құрамы
1. Табан шынжырлардың жинағы;
2. Түрлі ұзындықтағы және түрдегі бөренелер;
3. Байланыстырушы сымдар;
4. Декорға арналған элементтер;
5. Түрлі байланыстырушы элементтер;
6. Түрлі көлемдегі тегершіктер;
7. Түрлі көлемдегі дөңгелектердің жинағы;
8. Түрлі ұзындықтағы белдіктердің жинағы;
9. Компьютерге қосылуға арналған USB кабель;
10. Бағдарламасы жазылған CD-диск;
11. Қос иіндер;
12. Қайта қуаттандырылатын Li-Ion аккумуляторлық батареясы;
13. EV3 микроконтроллері;
14. 2 үлкен мотор;
15. Орташа мотор;
16. Ультрадыбысты датчик;
17. Гироскопиялық датчик;
18. Жанасу датчигі;
19. Түс датчигі;
20. Қуаттандыру құрылғысы.

5. Жаңа білімді меңгерту: жаңа білім төңірегінде толық мағлұмат беру (сабақтың білімділік мақсаты қамтылу керек).
Сонымен, оқушылар алдыңғы тақырыпты қайталай келе бүгінгі жаңа сабағымыз EV3 модулі. Жаңа сабақтың мақсаты: EV3 микрокомпьютері туралы толық мағлұмат алу.
EV3 жұмыстың ми орталығы болып табылады.
Ол негізгі поцессорды құрайды, яғни бағдарламаларды жіберіп және басқа да электронды бөліктерді бақылайды.
Негізгі қызметтері:
1. Ішіне салынған жарықдиоды бар дыбыстар мен суреттерді жаңғырту, мүмкіндігінше басқару;
2. EV3 микрокомпьютердегі тікелей мәліметтерді тіркеу және бағдарламалау мүмкіндігі;
3. Орнатылған Bluetooth бақылаушы;
4. Wi-Fi қолдаушы.

Аталмыш бағдарламалаушы микрокомпьютер LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 роботының жүрегі мен миы болып табылады.

Микрокомпьютер қызметі:
1. микрокомпьютердің жұмыс тәртібіне арналған өзгеретін түстер қызметі бар алтыбатырмалы интерфейс басқару;
2. жоғары өткізгіштігімен монохромды дисплей;
3. орнатылған спикер;
4. USB порт;
5. mini SD форматындағы жады картасын оқуға арналған слот;
6. 4 порт енгізу және и 4 порт шығару.

Сонымен қатар, микрокомпьютер USB, Bluetooth және Wi-Fi арқылы компьютермен байланыс ұстап тұра алады. Сондай-ақ бағдарламаланған интерфейс арқылы бағдарламаларды модульдың ішінде жазуға мүмкіндік береді.
Ол мобильді құрылғылармен жұмыс істей алады және қуат көзі ретінде АА батарейлерімен үздіксіз тоқ аккумуляторын қолданылады.
Техникалық спецификация мен ерекшеліктері
1. Процессор ARM 9 300 МГц жиілігімен.
2. Linux операциялық жүйесі.
3. Мәліметтерді енгізуге арналған төрт порты бар. Сұраныстың жылдамдығы 1 кГц.
4. 4 шығу порты бар.
5. Орнатылған жады, 16 МБ флеш-жады және 64 МБ жүйелік жадысынан тұрады.
6. Mini SDHC форматының 32 ГБ дейінгі көлемдегі жады картасын оқуға арналған слот.
7. Алтыбатырмалы интерфейс басқару. Олар микрокомпьютердің жұмыс тәртібіне қарай өзгеретін түстер қызметімен жабдықталған.
8. Монохромды дисплей 178 x 128 пиксел рұқсатымен графикаларды және датчиктерден алынған мәліметтерді көруге мүмкіндік береді.
9. Жоғарысапалы орнатылған динамик.
10. Микрокомпьютерде бағдарламалау және мәліметтерді тіркеу. Оларды EV3 бағдарламасына жүктей алу.
11. USB, Bluetooth және Wi-Fi арқылы компьютермен байланыс.
12. USB 2.0 арқылы микрокомпьютерлерді бірізді тізбекте жалғай алу.
13. USB флеш-карталарын микрокомпьютерге қосу мүмкіндігі.
14. Қуат көзі ретінде 6 АА батареяларын және үздіксіз тоқ аккумуляторын (сыйымдылығы 2050 мАсағ) қолдану.
EV3: Батареялар.EV3 қосып жұмысты бастау үшін микрокомпьютерді қуат көзіне қосу қажет.
EV3 қуат көзінің 2 түрінен жұмыс жасай алады:
А. АА үлгісіндегі 6 аккумуляторлық батарея арқылы.
Б. Қуаттандыру құрылғысы жәнеаккумуляторлық батарея арқылы.
1. Ешқашан әр түрлі типтегі батареяларды қолданбаңыздар (оның үстіне ескі мен жаңаны араластырмаңыз).
2. Зақымдалған батареяларды қолданбаңыздар.
3. Толықтай қуаттандырылған батарейкаларды EV3-тен ажыратыңыз.
4. Аккумуляторды ересектердің бақылауымен қуаттандырыңыз.
5. Қарапайым батареяны қуаттандыруға тырыспаңыз.
6. Қуаттандыру құрылғысы және батареялар су тимейтін жерде сақтаңыз.
1. Қуаттандыру құрылғысын қосу.
Аккумуляторлық батареяны ажыратыңыз. Аккумуляторлық батареяны қуаттандыру құрылғысына қосыңыз. Қуаттандыру құрылғысын тоқ көзіне қосыңыз.
1. EV3 модулін қосу. EV3-ді қосу үшін ортада тұрған ОК батырмасын басыңыз.
2. Батырманы басқаннан кейін батырмалардың астында қызыл индикатор жанады және жүктелу мәтіні көрінеді. EV жүктелгенше күтіңіз. Бұл шамамен 20 секунд уақыт алады.
3. Индикатор жасыл түсті болған кезде, сіздің EV3 модуліңіз қосылды және жұмыс жасауға дайын дегенді білдіреді!
1. EV3 модулінің сөндірілуі. Жұмысты аяқтау терезесі шықпақанға дейін «Артқа» батырмасын басамыз.
2. «Иә» жауабын таңдау үшін «Оңға» дегенді білдіретін батырманы басамыз.
3. Ортасындағы «ОК» тетігін басамыз.
4. Батырмалардың астындағы жарықтың сөнуін күтеміз, сол кезде ғана EV3 толығымен сөнеді.EV3 сөнді!

Индикатордың жағдайы. Индикатордың жағдайы, модульдегі батырмалардың астында орналасқан және EV3 модулінің жағдайын хабарлап тұрады. Индикатордың түсі жасыл, сарғылт және қызыл болуы мүмкін. Сондай-ақ олар жанып белгі береді.
Индикаторлардың түрлері:
1. Қызыл – іске қосу, жаңарту, жұмысты аяқтау;
2. Қызыл жылтылдайды – бос емес;
3. Оранжевый – хабарлама, дайын;
4. Оранжевый жылтылдайды – хабарлама, работает;
5. Зеленый – дайын;
6. Зеленый жылтылдайды – бағдарлама орындалуда.
Модуль индикаторының жағдайын бағдарламалауға болады. Мысалы, әр түрлі шарттар орындалғанда түрлі түсті болып жанып немесе жылтылдап қоюына болады. Толығырақ ақпаратты EV3 бағдарламасының «Анықтама» мәзіріндегі индикатор жағдайы блогын қолдану туралы мәліметтерден таба аласыз.
Порттар. 1, 2, 3 және 4 – бұл енгізу порттары.
EV3 модуліне датчиктерді қосу үшін пайдаланады.
D, C, B және A– бұл шығару порттары.
EV3 модуліне моторлардықосу үшін пайдаланады.
ДК (дербес компьютер) порты EV3 модулін компьютермен байланыстыру үшін пайдаланады.Динамик: EV3 барлық дыбыстарды модульдің жанында орналасқан арнайы динамигі арқылы ойнатады.

7. Жаңа білімді меңгеру деңгейін тексеру: жаңа сабақ бойынша жаттығулар жазғызу, есептер шығарту, оқытып әңгімелету. Қаншалықты түсініп, қолдана алатындығын байқау. Сонымен, оқушылардан бүгінгі өткен сабақты меңгеру деңгейін тексеру үшін «Кім тапқыр?» ойынын ойнату арқылы EV3 модулінің суреттерін көрсетем, оқушылар суреттің қызметін түсіндіреді.
1. — не?
2. — не?
3. — не?
4. -не?
5. -не?
6. -не?

7. Бекіту, бағалау: жаңа сабақтан алған білімдерін нақтылау, бекіту, бағалау. Мұғалім:
— Сендер, EV3 модулінің қыр –сырымен таныстыңдар. Қызметтері қандай, EV3 модулін өшіп қосуды үйрендік, техникалық спецификасымен таныстық. Батарейкалары орналастыруды, сонымен қатар динамигі қай жерде екенін білдік. Енді:
1. Қандай ерекшіліктерді кездестірдіңдер?
2. Не нәрсе ыңғайсыз болды?
3. Бұрын сендер жұмыс істеген басқа программалардан қандай басымдылығы бар?
4. Бұл программа туралы тағы не білгілерің келеді?
Осы ойларынды тағы да түймедақ гүлінің жапырақтарына жазып гүлді құрастырамыз.

1. . Үй тапсырмасын беру: 1 – 8 сыныптарда міндетті түрде үй тапсырмасының орындалу жолын айтып кеткен жөн.

Үйге 1.4 слайдын конспект жазып, оқып келу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *