КТЖ ҰМЖ ҚМЖ Кәсіпкерлік және бизнес негіздері 10 сынып

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-сыныптарға арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ұзақ мерзімді жоспар (қоғамдық гуманитарлық бағыт, жаратылыстану-математикалық бағыт)

10-сынып:

Бөлімдер Тақырыптар, мазмұны Оқыту мақсаттары
1-тоқсан. Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік
1.1 Кәсіпкерлікке кіріспе Тұжырымдама «Кәсіпкерлік, бизнес және мен» 10.1.1.1 «жеке кәсіпкер», «бизнесмен», «қажеттілік», «игілік» түсініктерін түсінеді;
10.1.1.2 кәсіпкерліктің пәнін, мақсаттары мен міндеттерін, түсінеді
1.2 Қазақстан экономикасына тарихи экскурс Қазақстан экономикасындағы кәсіпкерлік 10.1.2.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің тарихын талдай біледі;
10.1.2.2 экономикадағы кәсіпкерліктің мағынасын түсінеді;
10.1.2.3 микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылықты түсінеді
1.3 Кәсіпкерлік тәсілдеме: бастамашылдық және даму мен жаңашылдыққа үздіксіз ұмтылу; Идея кәсіпкерлік қызметтің негізі ретінде. Идеяны қалыптастырудың құралдары, идеяның сыртқы бағалануы 10.1.3.1 кәсіпкерлікті жеке мотивация мен өзін-өзі іске асыру формасы ретінде қарастырады;
10.1.3.2 кәсіпкер біліктілігі ретінде идеяның қалыптасу маңызын бағалайды;
10.1.3.3 бизнес-идеяны қалыптастыру құралын қолданады
1.4 Өндіріс үрдісіне қатысатын ресурстар Өндіріс ресурстары мен факторлары 10.1.4.1 тауар мен қызмет көрсетулер өндірісіне қажетті ресурстар мен факторларды біледі;
10.1.4.2 тауар мен қызмет көрсетулер өндірісіне қажетті ресурстар мен факторлар арасындағы айырмашылықты түсінеді

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» элективті курсының күнтізбелік— тақырыптық жоспары

10 сынып, аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат

 

Бөлімдер Тақырыптар, мазмұны Оқыту мақсаттары Cағат саны                                 Күні
1-тоқсан. Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік    
1.1 Кәсіпкерлікке кіріспе Тұжырымдама «Кәсіпкерлік, бизнес және мен» 10.1.1.1 «жеке кәсіпкер», «бизнесмен», «қажеттілік», «игілік» түсініктерін түсінеді;
10.1.1.2 кәсіпкерліктің пәнін, мақсаттары мен міндеттерін, түсінеді
 

 

2

 
1.2 Қазақстан экономикасына тарихи экскурс Қазақстан экономикасындағы кәсіпкерлік 10.1.2.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің тарихын талдай біледі;
10.1.2.2 экономикадағы кәсіпкерліктің мағынасын түсінеді;
10.1.2.3 микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылықты түсінеді
 

 

 

 

3

 
1.3 Кәсіпкерлік тәсілдеме: бастамашылдық және даму мен жаңашылдыққа үздіксіз ұмтылу; Идея кәсіпкерлік қызметтің негізі ретінде. Идеяны қалыптастырудың құралдары, идеяның сыртқы бағалануы 10.1.3.1 кәсіпкерлікті жеке мотивация мен өзін-өзі іске асыру формасы ретінде қарастырады;
10.1.3.2 кәсіпкер біліктілігі ретінде идеяның қалыптасу маңызын бағалайды;
10.1.3.3 бизнес-идеяны қалыптастыру құралын қолданады
 

 

 

3

 
1.4 Өндіріс үрдісіне қатысатын ресурстар Өндіріс ресурстары мен факторлары 10.1.4.1 тауар мен қызмет көрсетулер өндірісіне қажетті ресурстар мен факторларды біледі;
10.1.4.2 тауар мен қызмет көрсетулер өндірісіне қажетті ресурстар мен факторлар арасындағы айырмашылықты түсінеді
 

 

 

2

 

ОІМ:                      

1 бөлім. Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік Мектеп:
Күні:03.09.2019 ж. Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 10 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Кәсіпкерлікке кіріспе
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) 10.1.1.1. Жеке кәсіпкер, бизнесмен, қажеттілік, игілік түсініктерін түсінеді.

10.1.1.2. Кәсіпкерліктің пәнін, мақсатары мен міндеттерін түсінеді.

Сабақтың мақсаты Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:                                                                      —  «жеке кәсіпкер», «бизнесмен», «қажеттілік», «игілік» түсініктерн түсінуіне;

—        Кәсіпкерліктің пәнін, мақсатары мен міндеттерін түсіне;

—        кәсіпкерлік кызметтің призмасы арқылы өз мақсатына жету мүмкіндіктерін бағалауына;

Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер) 1-меңгеру деңгейі. Барлық оқушы жеке кәсіпкер, бизнесмен, қажеттілік, игілік түсініктерн түсінеді (өнімсіз деңгей)

2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі; Кәсіпкерліктің пәнін, мақсатары мен міндеттерін түсінеді. Оқушылар алған білімдерін тереңдетеді, жүйелейді (конструктивті деңгей)

3-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен кейбірі:  кәсіпкерлік кызметтің призмасы арқылы өз мақсатына жету мүмкіндіктерін бағалай алады. Тақырып бойынша алған білімнің  толықтылығы қамтамасыз етіледі (өнім деңгейі). Тақырыпты толық меңгерген оқушы шығармашылық тапсырманы орындайды.

Тілдік мақсаттар Лексика және терменология: жеке кәсіпкер – индивидуальный предприниматель –individual, бизнесмен – бизнесмен –businessman,  қажеттілік – потребность – need, игілік – благо — boon
Құндылықтарға баулу «Мәңгілік Ел»  идеясына жүгініп, оқушыларымыздың оқуға деген құштарлығын оятып, тәрбиемен ұштастырып білім беру керек. Себебі, білім беру мен тәрбие бірге жүріп отырады. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Досыңа тілек», «Пікірлесу», «Шеңбер бойымен сұрақ қою», «Блоб ағашы»
Қолданылатын ресурстар Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, «Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер
Алдыңғы білім Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы тақырыппен логикалық көпір құрау,  мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақтар бойынша: Кәсіпкер деген кім? Бизнес деген не?
   
Сабақтың басы ( 3 мин) 1.     Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Досыңа тілек» тренингін ұйымдастырады. Оқушылар бір-біріне бұрылып, алдында тұрңан оқушыңа сәттілік тілейді.

2.     Оқулық және дидактикалық материалдар мен танысу: олардың мазмұны, мақсаты, ерекшеліктері

3.     Сыныпты топқа бөлу. Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың  атауын таңдайды. Мысалы,  1-топ: «Бизнес»; 2-топ: «Экономика»; 3-топ: «Кәсіпорын».

4.     Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдай туғызу. Мұғалімнің сөзі: Балалар сіздер 10-11 сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқисыздар. Сендер «кәсіпкерлік», «бизнес», «экономика», «менеджмент», және маркетинг негіздерін меңгеретін боласыздар. Қазіргі нарық жағдайында қажет практикалық дағдыларды қалыптастыра аласыздар.

Біздің бірінші сабақ «Кәсіпкерлікке кіріспе» тақырыбынан басталады. Ол үшін: Кәсіпкер деген кім?  Бизнес деген не? сұрақтарына жауап іздеп көрейік.

Жұптасқан оқушылар сұрақтарды талқылайды, пікір алмасады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, оларды толықтырады. Жеке оқушылардың жауаптарына ауызша түрде пікірін айтады немесе түзетеді.

Сабақтың ортасы-тақырыпты өз бетімен меңгеру (15 минут) Мұғалімнің сөзі: Балалар, тақырыпта берілген мәтіннің соңындағы сұрақтарға сіздер оқулықтағы мәтіннен жауап іздеу арқылы жаға тақырыпты өздеріңіз меңгере аласыздар. Сабақ барысында  ұйымдастырылған топтық жұмыста тақырыптың мазмұнын зерттеп, талқылап, талдау жасап, оны іс жүзінде бекіту керек. Енді сабақты бастайық, барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!

1.     Сұраққтарға жауап берейік дағдысы. Оқулықтан төмендегі сұрақтардың  жауаптарын табыңыздар, негізгі идеяларды талқылаңыздар және дәптерлеріңе жазыңыздар (жеке жұмыс)

2.     Кәсіпкерлік дегеніміз не?

3.     Кәсіпкер ең кемі қандай дағдылар жиынтығына ие болуы керек?

4.     Кәсіпкердің мақсаты қандай?

5.     Жеке кәсіпкер өандай тәуекелдерге барады?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, мұғаліммен бірге талқылайды, дәптеріне негізге идеяларды жазады.

2. Карточкалармен жұмыс. Кәсіпкер болудағы өздеріңіздің мүмкіндіктеріңізді бағалау үшін кестеден (карточкалардан) өзіңіз игеріп кете алатын кәсіпкерліктің кемшіліктерімен артықшылыұтарын белгілеңіздер.

Кәсіпкерліктің артықшылықтары

·       Жеке бизнес нені және қашан жасайтыныңызды өзіңіз шешуіне, бақылауға мүмкіндік береді

·       Сіз отбасылық өміріңізге, қызығушылықтарыңмен ұйқы қажеттілігіне уақыт бөле алатын икемді жұмыс кестесімен өмір сүретін болсыз.

·       Егер бизнесіңіз мүмкіндік берсе, қала сыртына, теңізге кетіп қалып, паркте немесе пойызда жұмыс жасай аласыз.

·       Кәсіпкердің өмірі қызықты. Көптеген кәсіпкердің айтуынша, олар тіпті өз қызметтерін жұмыс деп есептемейді, бұл көбірек қызыққа толы оқиға секілді.

·       Кәсіп иесі ретінде сіз өзіңіз шешім қабылдайсыз және белгілі бір идеяны жүзеге асыру немесе сынықтан өткізу үшін біреудің рұқсатын күтпейсіз.

·       Кәсіпкер ретінде сіз жасампаз және жаңашыл адам бола аласыз.

Кәсіпкерліктің кемшіліктері

·       Жауапкершілік көп болған сайын күйзеліс көп. Табыстылық пен жеңіліс  тек өзіңізге байланысты.

·       Кәсіпкердің өмірі тұрақсыз болуы мүмкін. Тапсырыстар көлемі мен оларға кететін уақыт, соған сәйкес жұмыс күнінің ұзақтығы мен табыс қубылып тұрады.

·       Күніне 24 сағат кәсіпкер болу керек, яғни жұмыс пен бос уақыт арасындағы шекара жойылып кетеді.

·       Алғашқы уақыттарда табыс көлемі жалдамалы жұмыспен салыстырғанда төмен болуы мүмкін.

·       Кәсіпке өзі салық, ақылы демалыс жалақыларын төлеп, басқа да пайда болатын көптеген шығындарды есептеуі керек.

  2.  «Ойланайық, талқылайық»  дағдысы. 1. Топтық жұмыс. Топтарға бөлініп сұрақтарға жауап беріңіздер

Бизнес тобы:

1) Неліктен кәсіпкердің басқа жұмыс жасауына мүмкіндігі жоқ?

2) Неліктен кәсіпкерлерді өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деп айтады?

Экономика тобы:

1) Кәсіпкердің бизнесменнен маңызды ерекшелігі неде?

Кәсіпорын тобы:

1) Неліктен кәсіпкерлік жұмыстарды орындаудың дұрыс жолы болып табылады?

2. Кітапта берілген танымал бизнес-тренер Роберт Киийосакидің пікіріне қосымша ретінде болашақ кәсіпкерге тағы қандай әрекеттер керек екендігін талқылаңдар

3. «Талдап, салыстырайық» дағдысы. Топтық жұмыс. 5-6 адамнан бөлініп, Нарықтық экономика еркін кәсіпкерлікті қолдайды тапсырмасын орындаңыздар

Кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктерін талдаңыздар.

Бизнес тобы:

—        Қауіп-қатер (тәуекел, қиындық)

Экономика тобы:

—        Тәуелсіздік

—        Өнертапқыштық

Кәсіпорын тобы:

—        Жауапкершілік

—        Белсенді іздену

5.     «Дәптерге орындайық» дағдысы.. Кестені толтырыңыздар

Қызметтің түрі Жұмыс иесінің орнында болмаған жағдайдағы табысы Жауапкершілік Тәуеклдер
1 Кәсіпкерлік жоқ Жоғары Жоғары
2 Бизнес Бар жоғары Жоғары
Сергіту сәті

2 мин.

Жеті шырық жаттығуы ( жақсы баяу музыкамен орындалады) Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз, терең демалыңыз. Сізден шамалы бір метр қашықтықта жеті  жанып тұрған шырық бар екенін елестетіп көріңіз….мүмкіндігінше баяу, терең дем алаңыз. Енді осы шырақтардың біреуін өшіру қажет деп ойлап көріңіз. Деміңізді толығымен шығарып, оның бағытына қарай барынша үрлеңіз. Шырақ жалыны дірілдеп барып өшеді… Сіз қайтадан баяу тыныс алып, қалған алты шырақты біртіндеп үрлеп өшіресіз.

5.«Қолданып көрейік»  дағдысы. Кәсіпкерлердің  қызмет түрлерін анықтаңыздар. Бос ұяшықтарды толтырыңыздар

 

Қызмет Қызметтің түрі
1 Әмина мемлекеттік емханада терапевт болып жұмыс істейді Жалдамалы жұмысшы
2 Әли өзінің жеке клиникасында стоматолг  болып істейді Кәсіпкерлік
3 Әмірдің медициналық орталағы бар Бизнес
4 Зауреш сауда орталығында өз бутигінде киім сатады Кәсіпкерлік
5 Батырбек-санаторийде аспаз Жалдамалы жұмысшы

 

6.«Ой бөлісейік» дағдысы. Пікір алмасу. «Шеңбер бойымен сұрақ қою» стратегиясы қолданылады (топтық жұмыс)

Жалдамалы жұмысшының, кәсіпкердің бизнесменнің қызмет түрлеріне үш мысал келтіріңіз. Пікірлеріңізді дәлелдеңіздер.

Жауаптар нұсқасы: жалдамалы жұмысшы: мектеп директоры, сатушы, дәрігер; кәсіпкер: жекеменшік мектеп (дүкен, дәріхана) басшылары; бизнесмен: жекеменшік мектептер (дүкендер, дәріханалар) иесі.

Шығармашылық тапсырма. Кәсіпкердің қасиеттері туралы ойланыңыздар:

a.      Өз мінезіңіздің бес күшті және бес әлсіз тұсын атаңыз (сіздің кәсіпкер болуыңызқа көмектесетін және кедергі келтіретін қасиеттер)

b.     Әлсіз тұстарыңызды талдап, күшті тұстарыңызды пайдаланып, олардың орнын қалай толтыруға болатынын жазыңыздар.

Сабақтың соңы. Кері байланыс

(3минут)

Жұмыстарының нәтижесін оқушылар өздері бағалайды. Оларға мағынасы түрлі дәрежедегі смайликтер таратылады. Әр оқушы сабақты қай деңгейде түсінгеніне сәйкес смайликті таңдап, оның теріс жағына өз атын жазып, тақтада ілулі тұрған  «Блоб ағашының» суреті салынған флипчартқа жапсырады.
Үй тапсырмасы

10 мин.

Мұғалімнің қалауы бойынша: «Төңкере оқыту»  талаптарына сәйкес, оқушылар келесі тақырыптағы теориялық материалды өз бетімен үйде оқи алады.Олар мәтіннің соңында берілген сұрақтарға қысқаша жауап береді. Осылайша, келесі сабақтағы жаңа тақырыпты оқушылар өздігінен меңгеру үшін алдын ала үйде дайындалады. Бұл сыныптағы практикалық тапсырмаларға қажетті уақытты үнемдейді
Рефлекция

5 мин.

(мұғалім жауаптарды өзінің жеке журналына жазады)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Сабақ, оқу мақсаттары шынайы ма?

2.Бүгін оқушылар не білді?

3.Сыныптағы ахуал қандай болды?

4.Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

5.Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Қортынды бағалау

2 мин.

1.Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

2.Қандай екі нәрсе  сабақты жақсарта алды?

3.Сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз.

 

 

 

ОІМ:                            

1 бөлім. Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік Мектеп: № 62.Н.Шойбеков.
Күні:11.09.2019 ж. Мұғалімнің аты-жөні:   
Сынып: 10 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Қазақстан  экономикасына тарихи экскурс
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 10.1.2.1.Қазақстан Республикасындағы  кәсіпкерліктің тарихын талдай біледі

10.1.2.2.Экономикадағы кәсіпкерліктің мағынасын түсінеді

10.1.2.3.Микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылықты түсінеді

.

Сабақтың мақсаты Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:                                                                     

—        Қазақстан Республикасындағы  кәсіпкерліктің тарихын талдай білуіне;

—        Экономикадағы кәсіпкерліктің мағынасын түсінуіне;

—        Микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылықты түсінеді

 

Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер) 1-меңгеру деңгейі. Барлық оқушы Қазақстан Республикасындағы  кәсіпкерліктің тарихын талдай біледі  (өнімсіз деңгей)

2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі; Экономикадағы кәсіпкерліктің мағынасын түсінеді (конструктивті деңгей)

3-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен кейбірі: Микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылықты түсінеді

(өнім деңгейі). Тақырыпты толық меңгерген оқушы шығармашылық тапсырманы орындайды.

Тілдік мақсаттар Лексика және терменология: макроэкономика- макроэкономика-, микроэкономика-микроэкономика-, экономикалық өсу- экономический рост-, бәсеке-конкуренция-
Құндылықтарға баулу Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет, жауапкершілікке, елжандалық, отансүйгіштік қасиетке, денсаулық сақтауға, сыни тұрғысынан ойлауға, шығармашылыққа баулу.
Қолданылатын                            әдіс-тәсілдер «Сені көргеніме қуаныштымын, себебі….»,  «Шешен»,  «Джигсо», «Көңіл күй»,  «Пікірлесі»,  «Миға шабуыл», «Блоб ағашы»
Қолданылатын ресурстар Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, «Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер
Алдыңғы білім Өткен тақырып брйынша сұрақтар беріп, осы тақырыппен логикалық көпір құрау,  мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақтар бойынша: Кәсіпкерлік, жалдамалы жұмыс және бизнес арасындағы айырмашылықты атаңдар.
Сабақтың басы

( 5 мин)

6.      Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Сені көргеніме қуаныштымын, себебі….» тренингін ұйымдастырады. Қатар отырған оқушылар бір-біріне жақсы жақтарын айтады.

7.      Сыныпты топқа бөлу. Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың  атауын таңдайды. Мысалы,  1-топ:« Бизнесмен»; 2-топ:« Кәсіпкер»; 3-топ: «Жалдамалы жұмысшы».

8.      Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдай тудыру.

Мұғалім: Кәсіпкерлік, жалдамалы жұмысшы және бизнес арасындағы айырмашылықты естеріңе түсіріңдер.

1-топ:« Бизнесмен»…..

2-топ:« Кәсіпкер»….

3-топ: «Жалдамалы жұмысшы»…..

Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын нақтылайды. Оқушылар оның мақсат, міндеттерін болжайды.

 

Сабақтың ортасы-тақырыпты өз бетімен меңгеру

(15 минут)

Мұғалімнің сөзі: Балалар, тақырыпта берілген мәтіннің соңындағы сұрақтарға сіздер оқулықтағы мәтіннен жауап іздеу арқылы жаңа тақырыпты өздеріңіз меңгере аласызыздар. Сабақ барысында  ұйымдастырылған топтық жұмыста тақырыптың мазмұнын зерттеп, талқылап, талдау жасап, оны іс жүзінде бекіту керек. Енді сабақты бастайық, барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!

6.      Сұрақтарға жауап берейік дағдысы. «Шешен» әдісі бетпе-бет сауалнама.

1.Дағдарыс кезінде халық қандай өнімді сатып алуды тоқтатпайды?

2.Кәсіпкерлік қызмет қандай түрлерге бөлінеді?

3. Өндірістік қызмет дегеніміз не?

4.Кеңес беру қызметі дегеніміз не?

5.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында кеңінен таралған кәсіпкерліктің түрі қандай?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, мұғаліммен бірге талқылайды, дәптеріне негізгі идеяларды жазады.

2.«Ойланайық, талқылайық» дағдысы.« Джигсо»  әдісі бойынша топтық жұмыс

1.Неліктен кәсіпкерлер тұрғындардың өміріне қолайылық пен ыңғайлылық әкеледі?

2.Неге кәсіпкерліктің дамуы мемлекет үшін өте пайдалы?

3.Неліктен кәсіпкер нарықтың ең белсенді қатысушысы?

4.Неліктен кәсіпкер дағдарыс жағдайында тұрақтылығын сақтап қала алады?

« Джигсо»  әдісі бойынша оқушылар тапсырманы талдайды, бір-біріне түсіндіреді. Мұғалім әрбір тапсырма бойынша ауызша нұсқаулар береді, топта жасаланған жұмыстаң барысын тексереді.

  3.«Талдап, салыстырайық»  дағдысы.  «Пікірталас»  әдісін пайдаланып, тапсырмаларды орындаңыздар

1.Тауарлар, қызмет көрсету және жұмыстар арасындағы ұқсастықты атаңыздар.

2.Кәсіпкерлік қызметтің барлық түрлерінің арасындағы ортақ элементті табыңыздар.

3.Тақырыптың негізгі идеясы қандай?

 

4.«Дәптерге орындайық»  дағдысы. Оқушылар кестені толтырады.Іс-әрекеттердің дами бастау кезеңдерін таңбасымен белгілеңіздер

 

Қызметтің түрі 1990-2000 2000-2010 2010-2020
1 Комерциялық +    
2 Өндірістік   +  
3 Қаржылық   +  
4 Консалтингтік     +

 

 

 

Сергіту сәті

2 мин.

«Жеті шырық» жаттығуы ( жақсы баяу музыкамен орындалады) Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз, терең демалыңыз. Сізден шамалы бір метр қашықтықта жеті  жанып тұрған шырық бар екенін елестетіп көріңіз….мүмкіндігінше баяу, терең дем алаңыз. Енді осы шырақтардың біреуін өшіру қажет деп ойлап көріңіз. Деміңізді толығымен шығарып, оның бағытына қарай барынша үрлеңіз. Шырақ жалыны дірілдеп барып өшеді… Сіз қайтадан баяу тыныс алып, қалған алты шырақты біртіндеп үрлеп өшіресіз.

5.«Қолданып көрейік»  дағдысы. Төменде көрсетілген қызмет түрлерін сипаттаңдар

 

Қызмет Қызметтің түрі
1 Мейрам маркетингілік қызмет көрсетеді Өндірістік
2 Ермек сауда орталығындағы өз бутигінде киім сатады Коммерциялық
3 Асхат жылжымайтын мүлікті сақтандыру компаниясын ашты Қаржылық
4 Болат кәсіпкерлерге бизнес бойынша кеңес берумен айналысады Консалтингтік  қызмет
5 Әділбек құрылыс материалдарын өндірумен айналысады өндірістік

 

6.«Ой бөлісейік» дағдысы.  «Миға шабуыл» әдісі бойынша пікір алмасу.

Серік пен Берік- жанармай құятын бекеттердің иелері. Екі бекетте қаланаң шетінде  тас жолдың жанында орналасқан. Қазір олар жанармайды бірдей бағамен сатады. Бұл қалада басқа жанар май құю орындары жоқ. Оқулықта берілген 1), 2), 3) сұрақтарына жауап береді.Оқушылар өз пікірлерімен бөліседі, бірақ пікір бағаланбайды.

Шығармашылық тапсырма.

1.Кәсіпкерлік қызметтің қай түрімен айналысатын едіңіздер?

2. Өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консалтингтік  қызмет түрлеріне мысалдар келтіріңдер.

 

Сабақтың соңы.             Кері байланыс

(10 минут)

Жұмыстарының нәтижесін оқушылар өздері бағалайды. Оларға мағынасы түрлі дәрежедегі смайликтер таратылады. Әр оқушы сабақты қай деңгейде түсінгеніне сәйкес смайликті таңдап, оның теріс жағына өз атын жазып, тақтада ілулі тұрған  «Блоб ағашының» суреті салынған флипчартқа жапсырады.
Үй тапсырмасы Мұғалімнің қалауы бойынша: «Төңкере оқыту»  талаптарына сәйкес, оқушылар келесі тақырыптағы теориялық материалды өз бетімен үйде оқи алады.Олар мәтіннің соңында берілген сұрақтарға қысқаша жауап береді. Осылайша, келесі сабақтағы жаңа тақырыпты оқушылар өздігінен меңгеру үшін алдын ала үйде дайындалады. Бұл сыныптағы практикалық тапсырмаларға қажетті уақытты үнемдейді.
Рефлекция

3 мин.

(мұғалім жауаптарды өзінің жеке журналына жазады)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Сабақ, оқу мақсаттары шынайы ма?

2.Бүгін оқушылар не білді?

3.Сыныптағы ахуал қандай болды?

4.Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

5.Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Қортынды бағалау

5 мин.

1.Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

2.Қандай екі нәрсе  сабақты жақсарта алды?

3.Сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз.

 

 

 

 

ОІМ:                         

1-Бөлім. Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:24.09.2019ж. Мектеп:
Сынып: 10 Қатысқандар саны:           Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Кәсіпкерлік Көзқарас: бастамшылдық және даму мен жаңашылдыққа үздіксіз ұмтылу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 10.1.3.2. Кәсіпкерлік және мотивация мен өзін-өзі іске асыру формасы ретінде қарастырады

10.1.3.3. Кәсіпкер біліктілігі ретінде идяның қалыптасуының маңызын бағалайды

10.1.3.4. Бизнес-идеяны қалыптастыру құралдарын қолданады

Сабақтың мақсаты Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:

—        Кәсіпкерлікті өзін-өзі таныту мен жеке ынталандырудың формасы ретінде түсінуіне

—        Идея қалыптастырудың маңызын кәсіпкерліктің құзіреттілігі ретінде бағалай алуына

—        Идея матрицаларын қалыптастыру құралдарын қолдануға

Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейліе нәтиже) 1-меңгеру деңгейі. Барлық оқушы кәсіпкерлікті өзін-өзі таныту мен жеке ынталандырудың формасы ретінде түсінеді (өнімсіз деңгей)

2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі:

Идея қалыптастырудың маңызын кәсіпкерліктің құзіреттілігі ретінде бағалай алады. Оқушылар алған білімін тереңдетеді.(конструктивті деңгей)

3-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен кейбірі: Идея матрицаларын қалыптастыру құралдарын қолдана алады. Тақырып бойынша алған білімнің толықтылығы қамтамасыз етіледі. (өнімді деңгей) Тақырыаты толық меңгерген оқушы  шығармашылық тапсырманы орындайды

Тілдік мақсаттар Лексика және терминология:
Құндылықтарға баулу Жалпыға бірдей еңбек қоғамы мен ұлттық қауіпсіздікті насихаттау
Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Ыстық алақан», «Жұптас-бөліс», «Сұрақтарға жылдам жауап беру», «Джигсо», «Шеңбер бойымен сұрақ қою», «Блоб ағашы»
Қолданылатын ресурстар Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша,  слайдтар, маркерлер,«Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер
Алдыңғы білім Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы сабақпен логикалық көпір құру, мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақ бойынша, кәсіпкерлік қызмет түрлерінің арасындағы айырмашылықты естеріңізге түсіріңіздер
Сабақтың басы (5 минут) 1.Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Ыстық алақан» трегингін ұйымдастырады. ( оқушылар өздерінің алақандарын бір-біріне жақын ұстап, мейірімді сөздер айтады, мысалы, «сен әдемісің, ақылдысың» және т.б.)

2.Сыныпты топқа бөлу

Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды

3.Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдаят тудыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін «Жұптас-бөліс» әдісі қолданылады

Төмендегі сұрақ талданады: Кәсіпкерлік қызмет түрлерінің арасындағы айырмашылықты естеріңізге түсіріңіздер

Оқушылармен әңгімелесу барысында мұғалім сабақтың тақырыбын анықтайды. Олар сабақтың мақсаты мен міндеттерін болжайды

Сабақтың ортасы- тақырыпты өз бетімен меңгеру (15 минут) 4. «Сұрақтарға жауап берейік»  дағдысы

«Сұрақтарға жылдам жауап беру» әдісін пайдаланып, сұақтардың толық жауаптарын дайындаңыздар (жұптық жұмыс)

1.     Кәсіпкерлер дегеніміз кім?

2.     Кәсіпкерлік идея қандай факторларға негізделуі керек?

3.     Сұраныс дегеніміз не?

4.     Технология дегеніміз не?

5.     Идеялар матрицасының мәні неде?

6.     «А нүктесі» дегеніміз не?

7.     «В нүктесі» дегеніміз не?

8.     «А нүктесі» мен «В нүктесі» арасындағы аралық нені білдіреді?

Бір-бірін толықтыра отырып, жұптар өз кезегінде жауаптарын береді.Олар мұғаліммен негізгі идеяларды талқылайды, оларды дәптерлеріне жазады.

5.«Ойланайық, талқылайық» дағдысы (топтық жұмыс). Мұғалім сұрақ карталарын топ жетекшілеріне таратады, сұрақтарды талқылап, жауап беру керектігін айтады

1-топ:

1. Кәсіпкердің жалдамалы жұмысшыдан айырмашылығы неде?

2.Кеңес берушілер жас кәсіпкерлерге қабылдаған ақпараттың дұрыстығын анықтаудың қандай әдісін ұсынады?

2-топ:

1. Қай жағдайда түйіндемелерді қарау мен сұхбаттасуға шақыру саны артуы мүмкін?

2.Қандай жағдайда түйіндемені қарастыру және сұхбаттасуға шақыру санының көрсеткіші төмен болуы мүмкін?

3.Кәсіпкерлікте сұраныс және тахнологиялық факторлар қалай қолданылады?

3-топ:

1. Қандай жағдайда маман жалдауға немесе серіктестік қабылдауға болады?

2.Қанша уақытқа дейін және қанша мерзім бойы кәсіпкерліктің қаржылық қауіпсіздіктегі берік тірегі болуы керек

3.Идеялар матрицасын пайдалану үшін қандай білім қажет?

«Джигсо» әдісі бойынша оқушылар тапсырманы талдайды, бір-біріне түсіндіреді.Мұғалім әрбір тапсырма бойынша  нұсқаулар береді, топта жасалған жұмыстың барысын тексереді. Топ оқушыларының негізгі міндеті- тапсырмаларға жауап беру және бір ортақ презентация дайындап, оны сынып алдында қорғау. Оқулықтарды пайдалану рұқсат етіледі. Басқа топтағы оқушылар жауаптарын толықтырады.

Сергіту сәті

2 мин.

«Жеті шырық»  жаттығуы ( жақсы баяу музыкамен орындалады) Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз, терең демалыңыз. Сізден шамалы бір метр қашықтықта жеті  жанып тұрған шырық бар екенін елестетіп көріңіз….мүмкіндігінше баяу, терең дем алаңыз.

Енді осы шырақтардың біреуін өшіру қажет деп ойлап көріңіз.Демді толығымен шығарып, оның бағытына қарай барынша үрлеңіз. Шырақ жалыны дірілдеп барып өшеді. Сіз қайтадан баяу тыныс алып, қалған шырақтарды біртіндеп үрлеп өшіресіз.

«Талдап, салыстырайық» дағдысы. Мұғалім: тақырыптың мазмұнына талдау жасап, өз жауаптарыңызды  дәлелдеңіздер (жұптасып пікір алмасу)

1.     Кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмысшылардың айырмашылықтарын анықтаңыздар

2.     «А нүктесі» мен «В нүктесі» арасындағы айырмашылықты анықтаңыздар.

3.     Тақырыптың негізгі идеясы қандай?

«Дәптерге орындайық» дағдысы. Оқушылар алған білімдері негізінде дәптерлеріне «Кәсіпкерлік көзқарас» тақырыбы бойынша  кластер қорғайды.

« Қолданып көрейік» дағдысы.  Қызметтің сипаттамасына сәйкес «+»    немесе  «-»     белгілерімен кестені толтырыңыздар.

 

Қызмет Сұраныс Технология
1 Сіз аймағыңызда бірде-бір шаштараздың жоқтығын, көршілеріңіздің шашиарын алдыру үшін үнемі алысқа, қаланың басқа жағына баруға тиіс екендіктеріне шағымданып жүргенін білесіз. Бірақ сіз бұл бизнестің не екенін қалай жұмыс істейтінін білмейсіз, себебі сіз шаштараз емессіз, мысалы, сантехниксіз. +
2 Сізде тоңазытқыштарды жобалау және оны жинақтау дағдылары бар, бірақ солтүстік полюсте өмір сүресіз. Мұнда жыл бойы суық, оның үстіне ғылыми экспедициялар мен ақ аюларды санамағанда, онда ешкім өмір сүрмейді +
3 Сіз ағылшын тілін оқытудың тиімді жолдарын білесіз, алайда ол ауданда біде-бір тіл үйрету орталығы жоқ. + +
4 Сіз ыстық аймақта өмір сүресіз, «құлақшындар» тіккіңіз келеді, сонымен қатар сізде өндірістік дағдылар жоқ.

 

«Ой бөлісейік» дағдысы. «Шеңбер бойымен сұрақ қою» әдісін пайдаланып, пікір алмасыңыздар.

1.Сұраныс пен технология қызметтерін сипаттайтын екі мысал келтіріңіздер.

2. «А нүктесі» мен «В нүктесі» сипаттайтын бір қызметке мысал келтіріңіздер

Шығармашылық тапсырма

1)Бизнес құру  идеясын жазыңыз (алдын ала ауылдық жерлердегі ауылшаруашылығына жатпайтын шағын бизнеске арналған әлеуетті идеялар тізімімен танысыңыз)

2)Бизнес құру туралы идеяңызды мына параметрлер бойынша талдаңыз: сұраныс, нарыққа кіру мүмкіндігі, бәсеке, баға деңгейі, сұраныс тұрақтылығы, әлеуетті тұтынушылар

3)Кәсіпкерлік  идеяны бағалананда мына сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Неліктен сіздің өніміңіз тұтынушыларыңызды қызықтырады?

2. Нақты кімдер сізге «тұтынушы» бола алады?

3. Сіздің тауарларыңызды тұтынушыларға жеткізушілерді қайдан іздейсіз?

4. Тұтынушылар  сіздің тауарларыңыз туралы қайдан біледі?

Сабақтың соңы.

5 мин.

Кері байланыс  (3 минут)

Жұмыстарының нәтижесін оқушылар өздері бағалайды. Оларға мағынасы түрлі дәрежедегі смайликтер таратылады. Әр оқушы сабақты қай деңгейде түсінгеніне сәйкес смайликті таңдап, оның теріс жағына өзінің атын жазады да, тақтада ілулі тұрған «Блоб ағашының» суреті бар флипчартқа жапсырады.

Мұғалім сабақтың қорытындысын шығарып, нәтижесін өзінің жеке сынып журналына тіркейді.

Рефлекция

5 мин.

(Мұғалім жауаптарды өзінің жеке журналына жазады)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?

2.Бүгін оқушылар не білді?

3.Сыныптағы ахуал қандай болды?

4.Мен берілген уақыт ішінде үлгердімбе?

5.Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

6.Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Қорытынды бағалау

5 мин.

1.Қандай екі нәрсе табысты болды (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды ( Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

3.Сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз

 

 

 

 

 

ОІМ:                           

IV бөлім. Ойлау дизайны. Мектеп:
Күні:20.05.2020ж. Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 10. Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Сторителлинг
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) 10.4.7.1 Жасалынған жұмыс процесін сипаттау үшін сторителлинг қағидаларын түсінеді;

10.4.7.2  Ойлау дизайнымен жұмыс жасау кезінде алынған барлық білімдерді талдау, тұжырымдар жасау және болашақта берілген қағидаларды қолдана алтындығын дәлелдеу.

Сабақтың мақсаты Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:

Жасалынған жұмыс процесін сипаттау үшін сторителлинг қағидаларын түсінуіне;

— Ойлау дизайнымен жұмыс жасау кезінде алынған барлық білімдерді талдау, тұжырымдар жасау және болашақта берілген қағидаларды қолдана алтындығын дәлелдеуіне.

Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер) 1-меңгеру деңгейі.Барлық оқушы жасалынған жұмыс процесін сипаттау үшін сторителлинг қағидаларын түсінеді(өнімсіз деңгей);

2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі алған білімдерін тереңдетеді, жүйелейді (конструктивті деңгей);

3-меңгеру деңгейі.Олардың ішінен кейбірі  Ойлау дизайнымен жұмыс жасау кезінде алынған барлық білімдерді талдау, тұжырымдар жасау және болашақта берілген қағидаларды қолдана алтындығын дәлелдейді (өнімді деңгей). Тақырыпты толық меңгерген оқушы шығармашылық тапсырманы орындайды.

Тілдік мақсаттар Лексика және терминология: сторителлинг- сторителлинг-storytelling;

контент-контент-content;ақпарат-информация-information.

Құндылықтарға баулу Жауапкершілікке,елжандылық,отансүйгіштік қасиетке,сын тұрғысынан ойлауға, шы-ғармашылыққ баулу(тапсырмаларды орындау барысында),өз пікірін ашық айтуға дағдыланады.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Ыстық алақан»,Жұптас-бөліс», Джигсо»,«Тез жауап»,«Балапанды құтқар»,«Шеңбер бойымен сұрақ қою»,«Блоб ағашы».
Қолданылатын ресурстар Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, «Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер
Алдыңғы білім Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы тақырыппен логикалық көпір құрау, мы-салы: «Есіңе түсір!» рубрикасындағы сұрақ бойынша:1.Тестілеудің маңызы қандай? 2.Кері байланыстың маңызы неде?
Сабақтың басы

10 минут

1.Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Ыстық алақан» тренингін ұйымдастырады.(оқушылар өздерінің алақандарын бір-біріне жақын ұстап,мейірімді сөздер айтады,мысалы:«сен әдімсің,ақылдысың»және т.б.)

2.Сыныпты топқа бөлу. Сынып үш топқа  бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың  атауын таңдайды.

3.Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық ситуация тудыру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін «Жұптас-бөліс»әдісін қолданылады:                    1.Тестілеудің маңызы қандай? 2.Кері байланыстың маңызы неде?

Оқушылармен әңгімелесу барысында мұғалім сабақтың  тақырыбын анықтайды. Оқушылар оның мақсаты мен міндеттерін болжайды.

Сабақтың ортасы-тақырыпты өз бетімен меңгеру

10 минут

1.«Сұрақтарға жауап берейік»  дағдысы.Топтық жұмыс ұйымдастырыңыздар. Берілген сұрақтарды талқылаңыздар.

1.Сторителлинг дегеніміз не?

2. Сторителлингтің маңызы не?

3. Сторителлинг кімдер,қайда қолданады?

2. «Ойланайық,талқылайық» дағдысы.

1.Сторителлинг процесі не себепті маңызды рөл атқарады?

2.Сторителлингті жасау үшін қандай жайтқа көңіл бөлу керек?

3.Сторителлингтің мазмұны неден құралады?

3.«Талдап,салыстырайық» дағдысы.Интернеттен әртүрлі сторителлингті тауып, оларды талдап,салыстырып,кестеге толтырыңыздар.

 

Сторителлинг принциптері Артықшылықтары Кемшіліктері
     
Сергіту сәті

2 минут

«Жеті шырық»  жаттығуы ( жақсы баяу музыкамен орындалады) Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз, терең демалыңыз. Сізден шамалы бір метр қа-шықтықта жеті  жанып тұрған шырық бар екенін елестетіп көріңіз…. мүмкін-дігінше баяу, терең дем алаңыз.Енді осы шырақтардың біреуін өшіру қажет деп ойлап көріңіз.Демді толығымен шығарып, оның бағытына қарай барын-ша үрлеңіз. Шырақ жалыны дірілдеп барып өшеді. Сіз қайтадан баяу тыныс алып, қалған шырақтарды біртіндеп үрлеп өшіресіз.

4.«Дәптерге орындайық» дағдысы.Тақырып мазмұны бойынша тірек-сызба құрастырыңыздар.

5.«Қолданып көрейік»дағдысы.Топтық жұмыс. Сторителлинг әдісін пайдаланып өз брендіңіз туралы ақпаратты тұтынушыларға жеткізіңіздер.

 6.«Ой бөлісейік»дағдысы. «Миға шабуыл»әдісі қолданылады. Сторителлинг арқылы қандай мақсатарға қол жеткізуге болады?

Сабақтың соңы.

Кері байланыс

3 минут

Жұмыстарының нәтижесін оқушылар өздері бағалайды. Оларға мағынасы түрлі дәрежедегі смайликтер таратылады. Әр оқушы сабақты қай деңгейде түсінгеніне сәйкес смайликті таңдап, оның теріс жағына өзінің атын жазады да, тақтада ілулі тұрған «Блоб ағашының» суреті бар флипчартқа жапсырады.

Мұғалім сабақтың қорытындысын шығарып, нәтижесін өзінің жеке сынып журналына тіркейді.

Мұғалімнің қалауы бойынша:«Төңкере оқыту»талаптарына сәйкес, оқу-шылар келесі тақырыптағы теориялық материалды үйде өз бетімен оқи ала-ды.Олар мәтіннің соңында берілген сұрақтарға қысқаша жауап береді. Осы-лайша,келесі сабақтағы жаңа тақырыпты оқушыларды өздігінен меңгеру үшін алдын ала үйде дайындалады.Бұл сыныптағы практикалық тапсырма-ларға қажетті уақытты үнемдейді.

Рефлекция

5 минут

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?

2.Бүгін оқушылар не білді?

3.Сыныптағы ахуал қандай болды?

4.Мен берілген уақыт ішінде үлгердімбе?

5.Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

6.Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Қорытынды бағалау

10 минут

1.Қандай екі нәрсе табысты болды (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды ( Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

3.Сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *