МАД 0 сынып КМЖ КТЖ ҚМЖ Мектепалды даярлық тобы Қысқа мерзім жоспары Күнтізбелік тақырыптық жоспар

Өзін-өзі тану
№ Тарау тақырыбы № Тақырыптары Сағат саны Мерзімі
1 «Мен адаммын» 1 «Өзін-өзі тану әлеміне саяхат» 1
2 Мен ерекше баламын 1
3 Отбасым бақыт мекені 1
4 Достаса білейік 1
5 Менің балабақшам 1
6 Менің тәрбиешім 1
7 Жақсылық жасай білеміз 1
8 Мен бақытты баламын 1
2

3

4

31 Отанға сүйіспеншілік 1
32 Мың алғыс саған
«Өзін-өзі тану» әлемі 1
32 сағат

Білім беру саласы: Әлеуметтік
6.09.2018ж
Бөлімі:Өзін – өзі тану
Оқу қызметінің тақырыбы:Отбасым – бақыт мекені.
Мақсаты: сүйіспеншілік,сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:отбасы сүйіспеншілігі,сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру; отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу;Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеуОқу қызметінің көрнекілігі:дәптер, түрлі-түсті қалам,интертақта.
Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Ынталандыру.
Сезімді ояту Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды қаламыз
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
Сәлем саған, алтын күн!
Сәлем бердік қонақтар!
Ізденістер.
Ұйымдастыру Әңгімелесу.
Балалар барлығымыз экранға назар аударайықшы.
Кімді көріп отырсыңдар?
Сара Алпысқызы Өзін-өзі тану пәнінің жаңашыры, негізін қалаушы.Ол кісі адамдарды сүйіспеншілікке мейірімділікке Адамдарды сыйлауға,ең бастысы отбасындағы бірлік, тыныштық екенін жеткізді. Бұл кісі балалармен көптеген еңбектер жасады.
Тыныштық сәті. Көздерін жұмып, ата мен әженің, ана мен әкенің сендерді жақсы көргенде қалай ерекелетіндерін естеріңе түсіріңдерші?
Әңгімелеу.
Бүгін біз «Өзін-өзі тану» әлемінің картасындағы «Отбасы» аялдамасына тоқталамыз.
Суретпен жұмыс: «Отбасы»
-Қане, балалар осы аялдамадағы суретке қарап, әңгіме құрастырып көрейікші!
— Балалардың жауаптары тыңдалады.
Бес саусақты және отбасы мүшелері.
Бес саусақ:
Бас бармағым – атам үйдің данасы,
Балан үйрек- әжем, ошақ анасы.
Ортан терек- әкем, отау панасы
Шылдыр шүмек-шешем, шаңырақ ажары
Ал, біз бала – отбасының базары.
Өлең отбасы туралы айтылған.
Отбасы деп бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдарды айтамыз. Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз.
— Балалар, бүгін біз бәрімізге қымбат, сүйікті отбасымыз туралы әңгімелесеміз.
— Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
— Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?
Балалар, әжеміз, атамыз, анамыз, әкеміз тіпті аға әпкелері-міз бізді еркелетіп айтады. Олар сендерді «күнім», «айым», «жұлдызым» деп аспандағы ғажайып нәрселерге теңейді. «Жаным», «еркем», «балым» деп те еркелетіп, аймалайды. Кейде есімдеріңді өзгертіп, еркелетіп жатады.
ОйынБалалар шеңбер бойымен тұрады, балаларға кезек-кезек сұрақ қойып, қолындағы допты лақтыру.
Отбасы мүшелерін ата.
Сен отбасында кімді жақсы көресің?
Сен өзотбасыңа қалай көмектесесің?
Анаңды қалай мақтайсың?
Қалай жақсы көресің?
Атаң мен әжең саған не үйретеді?
Атаң мен әжеңе қандай көмек бере аласың?
-Ата мен әке-ер адамдар, аға мен іні-ұл балалар,ана мен әже –әйел-аналар,әпке, сіңілі,қарындастар-бұлсүйкімді қыздар.Әр адамның өз отбасы-әкесі анасы,әжесі,атасы, ағасы бар.
Әңгімелесу : Әр бала өз отбасы туралы әңгімелеу.
Балалар үйден әкелген өз отбасыларымен бірге түскен суретке қарап, әркім өз отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік сыйластықтары туралы айтып береді.
Дәптермен жұмыс: дәптерге отбасы туралы суреттерді жапсырады.
Дәйексөз
Балаларға «Күннен жылу тарайды,анадан мейірім тарайды»деген дәйексөзді оқып, күн мен ананың жылуы мен мейірмі туралы түсіндіру.
Ана махаббатынан тарайтын өз аналарының бойларындағы оларға жарық беретін қасиеттерін түсіну керек. Ана ең жақын, әрі ыстық адам. Ана әрқашанда баласы үшін жанын беруге дайын тұрады. Түнде ұйықтамастан баласына қамқор болады. Мен анамды жақсы көремін. Әр бала анасы жақсы көреді.

Балалар тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Ата, әже, әке, ана, аға.
Қорытындылау Отбасымыз туралы әңгімеледік. Біз өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз туралы,ең ақылды,қамқор әкеміз туралы,ең қарапайым ата-әжеміз, ең сүйкімді іні-қарындасы,аға-әпкеміз туралы айтылды.
Жүректен жүрекке
Балалар біздің әр қайсымыздың отбасыларымыз бар.Ал, біз өзіміз бір отбасымыз.Олай болса бір-бірімізге жақсы сөздерімізді жылы лебіздерімізді білдірейік.
Бақыт тілеймін!,
Денің сау болсын!
Сен өте әдепті баласын!
Аспаның ашық болсын!
Отбасымыз туралы әңгімеледік.
Білу: отбасы сүйіспеншілігі сыйластығы туралы түсінік қалыптасу;Игеру: отбасындағы өзара сыйластық қарым -қатынас дағдыларын дамытуМеңгеру: отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу





МДОІЖО:
Білім беру саласы: Әлеуметтік Бөлімі:Өзін – өзі тану Оқу қызметінің тақырыбы:Мен ерекше баламын . Мақсаты:балалардың өзіндік «Менін» ұғындыру.Өздерін тануға, өз ерекшеліктерін білуге үйрету. Міндеттері:балалардың өзіндік «Менін» ұғындыру, түсіндіру; — өздерін тануға, өз ерекшеліктерін білуге үйрету; өз бастарын сыйлап, бағалай білуге тәрбиелеу; Оқу қызметінің көрнекілігі: дәптер, түрлі-түсті қалам. Оқу қызметінің барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Іс-әрекет
бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Ынталандыру.
Сезімді ояту Шаттық шеңбері.
Ізденістер.
Ұйымдастыру Әңгімелесу.
Өлеңді тыңдап отырғанда қандай сезімде болдыңдар?
Өлеңнен не ұқтыңдар?
Балалардың жауабын тыңдау.
Балалар, біз бір-бірімізге ұқсаспыз бірақ бізді бір-бірімізден ажыратып тұрған, ол біздің жеке ерекшеліктеріміз, бойымыздағы қасиеттеріміз екен. Әрбір адам өзінің қызығушылығын, мүмкіндігін, кім екендігінөз орнын білуі керек.Бүгін кішкентай болсақ, ертең үлкен азамат боламыз. Ал үлкен азамат болу үшін бүгінгі күннен бастап ақылды, әдепті, алғыр, батыл, шыншыл, еңбекқор болуымыз керек.Ал бұл қасиеттер сендердің қайсысыңның бойларыңнан табылады.Осы бойымызда бар қасиетті шыңдай білетін болсақ, біз жақсы азамат боламыз.
Әңгімелеу.
Ж.Саинның «Кім болам?» өлеңін оқып беру.
Мен ер болам, ер болам,
Ермен ертең тең болам.
Айбыным желдей есілген,
Уытты болам, өр болам.
Мен кішкентай балғын жас,
Алтын таңмен аралас,
Мектепке қадам басамын
Оқуда алда, істе алда,
Үлгімін барлық ұланға,
Тасамын, судай тасмын!
Ғажайып сөздер
Мен жақсы баламын;
Мен ерекше баламын;
Мен өзімді жақсы көремін;
Менің қолымнан бәрі келеді;

Балалар тыңдайды.

Өлеңді тыңдау.

Қорытындылау Жүректен жүрекке
«Келші,келші, балашым» әнін тыңдау.
«Тексерілді»
МДОІЖО:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *