Жаңа бағдарлама Музыка 3 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 бөлім: «Жанды табиғат»
Сабақ: 3
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сыныбы: Қатысқандар
саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Табиғат және музыка
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.1.1- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтаужәне салыстыру
3.1.1.2 — музыкалық шығармаларды интонация, әуен арқылы танып ажырату
3.1.2.1 — көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындау
Сабақ мақсаттары Оқушылар:
музыкадағы табиғат бейнесі жайлы мағлұмат беру.
Музыкалық білім-білік сауаттылықтарын арттыру
Бағалау
критерийлері Тыңдалған әуенді интонациясы арқылы ажыратады.
Тыңдалған әуендерді і салыстырады, жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтайды.
Әнді көркем образын жеткізе отырып орындайды.
Тілдік мақсаттар:
Оқушылар:
• музыканы талқылай және талдай алады;
• тыңдалған музыкалық шығармалары туралы өз ойын ортаға салады.
Пәндік лексика мен терминология:
Интонация
Абай
Эдвард Григ
Талқылауға арналған сұрақтар:
Шығарманың жанрын оның негізгі әуенінен немесе интонациясынан тауып анықтаңыз.
— Табиғаттың дыбыстары естілді ме?
— Қандай аспап табиғаттың дыбысына сәйкес деп ойлайсыздар?
-Екі шығарманың дыбысталуын салыстырыңыз?
Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға Абайдың әнін тыңдату, және үйрету арқылы ұлттық құндылықтарды Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
Шығармашылық жұмыстарына презентация жасау барысында бір-біріне деген сыйластық сезімерін дамыту.
Пәнаралық
байланыстар Дүниетану пәнімен байланыс – оқушылар композиторлардың туған жерін анықтайды, картадан қарап өздері табады.
АКТ дағдылары
Бастапқы білім
Алдыңғы сабақта оқушылар «Япурай» халық әнімен танысып, «Дала дауысы» әнін үйренді. Қазақ даласының таиғатының дыбыстарын музыкалық аспаптар арқылы орындап импровизация жасады.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы

5 мин
Музыкалық сәлемдесу
Сыныпта жағымды ахуал орнату, өткен сабақты қайталау
«Сыртқы және ішкі шеңбер» жаттығуы
Ішкі шеңберде тұрған оқушылар 1 сұрақ дайындайды, сыртқы шеңберге сұрақ қояды. Сыртқы шеңбер сағат тілімен қозғала отырып ішкі шеңбер оқушылары қойған сұрақтарға жауап береді.
Балалар өткен сабақтары біз халық әндерін, аспаптармен таныстық. Ал бүгінгі сабақта табиғат туралы айтылған әнмен танысамыз.

Сабақтың ортасы

10 мин

5 мин

1 мин

5 мин

5 мин

8 мин

Балалар , мына суреттерге қараңдар, не бейнеленген.
-Табиғат көрінісі.
-Дұрыс балалар , бүгінгі тақырыбымыз «Музыкадағы табиғат көрінісі».
-Көз алдарыңа елестетіңдерші: дала,тау тегі, көкорай көкшалғын, ағып жатқан бұлақ, алыстан ағараңдап киіз үйлер көрінеді. Осы бір көріністі суретшілер немен бейнелеген!
-Түрлі бояумен!.
-Ал ақын-жазушылар ше?
-өлең, әңгімемен
— Дұрыс. Ал, композиторлар осы көріністі қалай суреттейді?
-дыбыспен,әнмен, музыкамен.
-жарайсыңдар ал енді Құрманғазының «Сарыарқа күйін тыңдайық?
1 тапсырма. Тыңдалған музыканы талдау
— Шығарманың жанрын оның негізгі әуенінен немесе интонациясынан тауып анықтаңыз.
— Табиғаттың дыбыстары естілді ме?
— Қандай аспап табиғаттың дыбысына сәйкес деп ойлайсыздар?
-Екі шығарманың дыбысталуын салыстырыңыз?

2-тапсырма. Нота сауаты.
До, ре, ми, фа, соль ноталардың көлемінде әуен құрастырыңыз. Оларды нота сызығына орналастырыңыз, дәптерге жазыңыз. Өз әуеніңізді орындап беріңіз.
— Сіз бұл әуенді қалай өзгертер едіңіз, ойланыңыз?
Әуенге өзгерістер енгізіңіз, нота дәптеріне жазып, сыныптастарыңызға көрсетіңіз.
. Әр топ өздеріне берілген жыл мезгілдеріне сәйкес табиғат құбылыстарын жазу.
1-топ « Күз »
2-топ « Қыс »
3-топ « Көктем »
2. Әр топқа 1 құбылысты атау. Сол құбылыс суретін салу, әңгімелеу, 5 жол өлең.
1-топ жаңбыр
2-топ боран
3-топ бұлт
Презентация
Топтар өз жұмысын сыныпқа презентациялайды.
Оқушыларға әлем қартасы көрсетіледі, олар картадан екі композитордың туған елін табады.
4 тапсырма. Нота сауаттылық
Әннің әуенін нотаға салу.
Оқушылар өткен сабақта үйренген «ре» нотасын естеріне түсіреді.

Мұғалім айтқан әннің ноталарын нота сызығына орналастырады.
«ре-ре-ми-фа-ми-ре-ми-фа-ми »
«ми-фа-соль-ми-фа-соль-ля»
«фа-ми-ре»
Визуалды түрде дыбыстың төмен және биіктігін қадағалап отыру арқылы оқушылар таза дыбыспен айтуды үйренеді.
5-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау.
Қобызшылардың орындауында Ермұрат Үсеновтың «Күзгі әуен» шығармасынтыңдаңыз.
— Музыка сізге ұнады ма?
— Орындаушыларшығарманың көңіл-күйін не арқылы жеткізіп тұр?
— Неше адам орындап тұр?
— Қандай аспапты естіп тұрсыздар?
— Бұл шығармадан табиғаттың дауысын естідіңіздер ме?

6-тапсырман. Ақпарат іздеу.
Интернет желісін, музыкалық энциклопедияларды, ақпараттық парақтарды қолдана отырып, қобыз және қылқобыз аспаптарының ұқсастығы мен айырмашылығын анықта.
Кестені толтырыңыз. 1-қосымша.
ұқсастығы айырмашылығы
Қобыз

Қылқобыз

Ән үйрену және орындау.
Жанар Айжанованың орындауындағы Қорқыттың «Қобызым» әнін үйреніңіз және орындаңыз.
Дифференциация:
Әннің нотасын жасау кезінде музыка мектебіне қатысатын оқушыларға әннің өзге де жолдарын нотаға салу тапсырмасы беріледі.

https://www.youtube.com/watch?v=JTNlLBmDiDI Майра Ильясова орындауында
https://www.youtube.com/watch?v=L4o4IN-FPy8 «Дос Мұқасан» тобының орындауында

Дидактикалық материал

А3 форматты қағаз
Фломастер, маркер. Композитор портреттері

Нота сызығы, ноталар

Сабақтың соңы

2 минут
Рефлексия:
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін
«Екі жұлдыз- бір тілек» әдісі бойынша білдіреді.

Оқушылар шағын топтарда отырып, ақылдасып шешмідерін сыныппен бөліседі.
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Әннің нотасын жасау кезінде музыка мектебіне қатысатын оқушыларға әннің өзге де жолдарын нотаға салу тапсырмасы беріледі. Бақылау

Өзара бағалау

Бағалау критерийлері арқылы Ән орындау кезінде оқушылардың тыныс алу жолдары дамиды. Оқушылар әннің фазалары біткенге дейін дұрыс дем алуды үйрену арқылы өкпелерін дамытады.

Интерактив тақтасын кажет болмаған кезде өшіріп отыру
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:

2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Сабақ:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сыныбы: Қатысқандар
саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Музыкадағы жанды табиғат көрністері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.3.3 — музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау және ажырату
3.1.2.2. — әнді негізгі дирижерлық қимылдар көмегімен орындау
3.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз идеясын ұсыну
Сабақ мақсаттары Оқушылар:
Халық әнін тыңдайды және орындайды
Композиторлар мен ақындардың туған өлкенің табиғатын жырға қосқаны туралы мағлұмат алады.
Халық әніне ұқсатып өз әндерін шығарады.
Бағалау
критерийлері Тыңдалған әуеннің жанры мен сипатын анықтайды
Әнді дирижерлік қимыл арқылы орындайды
музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз идеясын ұсынады
Тілдік мақсаттар:
Оқушылар:
• музыканы талқылай және талдай алады;
• тыңдалған музыкалық шығармалары туралы өз ойын ортаға салады.
Пәндік лексика мен терминология:
Ре нотасы
Халық әні
Дала әуені
Импровизация
Талқылауға арналған сұрақтар:
— Бұл өлең не туралы?
— Қазақ даласын қандай музыкамен суреттеуге болады?
— Әр түрлі орындауда қандай айырмашылық байқадыңыздар?
— Әнді тыңдау барысында көзіңізге не елестеді?
— Әннің қай орындаулы сізге жақынырақ, ұнады?
Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыстарға қатысу арқылы оқушылардың бір-біріне деген құрмет сезімерін қалыптастыру.
Оқушыларға халық әнін тыңдау және үйрету арқылы ұлттық өнерге деген құрмет сезімдерін дарыту.
Пәнаралық
байланыстар Дүниетану пәнімен байланыс – оқушылар Қазақстан даласы жайлы білетін ақпараттарын айтады құбылыстарын анықтайды
АКТ дағдылары
Бастапқы білім
Оқушыласазсырнай мен сыбызғы аспаптарымен танысып, ажыратуды үйренді.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы

5 мин
Музыкалық сәлемдесу
Оқушыларға Ф. Оңғарсынованың «Қазақ даласы» өлеңі тыңдатылады және қазақ даласының бейнематериалы көрсетіледі.

Талқылау:
— Бұл өлең не туралы?
— Қазақ даласын қандай музыкамен суреттеуге болады?
— Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
«Дала дауысы».
Бүгінгі сабақта біз қазақ даласын әнмен, музыкамен, сөзбен суреттейтін боламыз. https://www.youtube.com/watch?v=EcQtMm-DH0A

Сабақтың ортасы

5 мин

7 мин

2 мин

10 мин

5 мин

Балалар ,мына суреттерге қараңдар, не бейнеленген.
-Табиғат көрінісі.
-Дұрыс балалар , бүгінгі тақырыбымыз «Музыкадағы табиғат көрінісі».
-Көз алдарыңа елестетіңдерші: дала,тау тегі, көкорай көкшалғын, ағып жатқан бұлақ, алыстан ағараңдап киіз үйлер көрінеді. Осы бір көріністі суретшілер немен бейнелеген!
-Түрлі бояумен!.
-Ал ақын-жазушылар ше?
-өлең, әңгімемен
— Дұрыс. Ал, композиторлар осы көріністі қалай суреттейді?
-дыбыспен,әнмен, музыкамен.
-жарайсыңдар ал енді Құрманғазының «Сарыарқа күйін тыңдайық?
Тыңдау: Құрманғазы «Сарыарқа»
Балалар күйді тыңдап отырғанда көз алдарыңа қандай табиғат көрінісі елестеді
Кең даланың кербез көркі,сұлулығы елестеді
Күйде қандай дыбыс естідіңдер?
Аттың тұяғының дыбысы
Сарыарқа қандай күй?
Туған жермен,елмен қоштасу күйі
Осы күйді тыңдап отырғанда қандай сезімде болдыңдар?
Қуныш ,сағыныш,қыймастық сезімдерінде болдық
Ия, балалар «Сарыарқа»-ұлттық өнерімізді әлемге танытқан ұлы күйшінің туған жеріне,қазақтың кең даласына деген махабатынан туған туынды

Құрманғазының «Сарыарқа» күйіне симфония жазған Қазақстанның композиторы Е.Брусиловскийдың «Сарыарқа» симфониялық сюитасын тыңдап көрейік?
. Сөз жұмбақ «Табиғат»
«Табиғат» сөзінің құрамына енетін ,бүгінгі сабағымызды қорытындылауға байланысты сөздерді айтамыз. Бұл сөздердің жауабы бүгінгі сабағымызды қорытындылайды.
1. Қазақ халқының төкпе күйшісі(Құрманғазы)
2.Қазақ халқының шертпе күйшісі (Тәттімбет).
3. Қазақ халқының ұлы ақыны (Абай)
4.Музыкалық жанр түрі (Би)
5. Аспан әлемінің ұшқышы (Ғарышкер)
6. Сұлулық символы аталатынқұс (Аққу)
7. Төрт-түлікмалдыңбірі. (Түйе)
1-топ. «Сарыжайлау» суретін салу. (суреттімазмұндау)
2-топ. «Табиғат» сөзжұмбағыншешу.

Т ә т т і м б е т
Қ ұ р м а н ғ а з ы
А б а й
б и
ғ а р ы ш к е р
а қ қ у
т ү й е
Жаңа сабақты түйіндеу
3-топ «Табиғат»туралышағын шығарма жазу
Жұптық жұмыстар
1 тапсырма . Музыка тыңдау және талдау.
«Япурай» әнін тыңдаңыздар.
— Әр түрлі орындауда қандай айырмашылық байқадыңыздар?
— Әнді тыңдау барысында көзіңізге не елестеді?
Әннің қай орындаулы сізге жақынырақ, ұнады? Түсіндіріңіз.
— Берілген әнді «дала дауысы» деп атауға бола ма? Неліктен?

2 тапсырма. Музыканы сезіну
Музыканың сипатын сезіну үшін сыныппен бірге әннің ырғағына сай би қиымылдарын жасайық.

2 тапсырма. Әнді орындау.
«Дала әуендері» сөзін жазған: С. Қалиев, әнін жазған Б. Қыдырбек
1.Даланың жыр-әні,
Сыбдырлап құрағы.
Гүрілдеп өзені,
Сыңғырлап бұлағы.
Ән салып тұрады.
2.Қаңқылдап қаздары,
Қалықтап мәз бәрі.
Бұлбұлдың сайраған,
Төгілген сазды әні.
Оркестр секілді,
Күй тартқан жаздағы.
3.Ескен жел гуілі,
Араның дуылы.
Тыраулап тырналар,
Шегіртке шырылы.
Даланың әуені
Тербетіп тұр үні.
4.Өрістен жамырар,
Әсем ән табылар.
Кісінеп тай-құлын
Қозы-лақ маңырар.
Даламның әуені
Осындай әні бар.
5.Тербеліп боз далам,
Бозторғай созған ән.
Бақасы барқылдап,
Боталар боздаған.
Даламның әуені
Жан сырын қозғаған.

3 тапсырма. Музыкалық сауаттылық.
Ре нотасымен танысыңыз.
— Музыкалық сызықтың қай бағанында ре нотасы орналасқан?
-Қандай ноталардың арасында ре нотасы орналасады?
Ре, до, ми, фа, соль ноталарынан шағын әуен құрастырыңыз. https://www.youtube.com/watch?v=I8Pi-tokyWk
эстрадалық орындау «Voice» тобы
https://www.youtube.com/watch?v=XrBk-KhfOTE классикалық орындау
https://www.youtube.com/watch?v=FaK0wwkYYsE Б. Тлеуханның орындауы

әннің сөзі минусы
әннің плюсы

А3 форматты қағазда көрсетілен нота сызығы
Түрлі түсті фишкалар
Сабақтың соңы

6 минут
Рефлексия:
«Бір сөзбен»

Оқушылар презентацияда көрсетілген 12 сөздің ішінен өздерінің жай күйін білдіретін 3 сөз таңдап айтуы қажет.
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Ән үйрену кезінде музыкалық қабілеті жоғары дамыған оқушыларды өзге оқушылармен араласып тұрғызу. Балалар бірін- бірі тыңдау арқылы позициялық тұрғыда әнді дұрыс орындап үйренеді. Бақылау

Өзара бағалау

Бағалау критерийлері арқылы Ән орындау кезінде оқушылардың тыныс алу жолдары дамиды. Оқушылар әннің фазалары біткенге дейін дұрыс дем алуды үйрену арқылы өкпелерін дамытады.

Интерактив тақтасын кажет болмаған кезде өшіріп отыру
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:

2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Ұзақ мерзімді жоспардың 1-бөлім.

Күні : Мұғалімнің аты-жөні:
Сыныбы:3 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Музыкадағы жанды табиғат көрністері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.1.1- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтаужәне салыстыру;
3.1.2.1 -көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындау.

Сабақмақсаттары Ммузыкалық сауатын ашу, оларға ән-күйді тыңдату арқылы музыканы сезінуге баулу.
Тақырыпты өз мәнінде әңгімелеп, музыкамен байланыстырып жеткізу.
Айналамыздағы қоршаған ғажап табиғатты бейнелей отырып, олардың көзқарасын,ұғымын табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Бағалау критерийлері Білім алушылар:
музыкалық шығарманы тыңдайды және талдайды;
ноталардықолданып әуен құрастырады және орындайды;
ноталарды нота дәптеріне жазады;
«Кең дала» әнін көркемдік бейнесін жеткізе отырып орындайды.
Тілдікмақсаттар
Оқушылар:
музыканы талқылайды және талдайды, тыңдалған музыкалық шығармалары туралы өз ойын ортаға салады.
Пәнге қатысты лексика және терминология
Әуен, ноталар: до, ре, ми, фа, соль.

Талқылауға арналған сұрақтар:
— Ән не жайында?
— Композитор шығармасында күзді қалай суреттеп жеткізген?
— Шығарманың көңіл-күйі қандай?
— Композитор қандай дыбыс бояуларын қолданған?
— Шығарма қай жанрға жатады?
Құндылықтардыдарыту
Түрлі музыкалық іс-әрекеттерге қатыса отырып эстетикалық талғамы қалыптастыру.
Пәнаралықбайланыстар —
АКТ қолдану дағдылары —
Бастапқы білім
Алдыңғы сабақта «Дала дауысы» тақырыбында қазақтың кең байтақ даласының керемет табиғаттын суреттейтін музыка «Ұлы дала» шығармасымен танысып, қазақтың салт-дәстүрін, әдеп- ғұрпын суреттейтін «Кең дала» әнін үйренді.
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
5 мин Музыкалық сәлемдесу.

Дауысқа арналған музыкалық жаттығу
Тоқ- тоқ,тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап,
Тоқылдайды тоқылдақ,
Тоқ-тоқ-тоқ

Сабақтың ортасы
30 мин

1-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау.
Әні мен сөзі ИсаОмардың «Күзгіәуен» әнінХадишаШалабаеваның орындауында тыңдаңыз бейнебаянын тамашалаңыз.
Сұрақтарды талқылаңыз:
— Ән не жайында?
— Композитор шығармасында күзді қалай суреттеп жеткізген?
— Шығарманың көңіл-күйі қандай?
— Композитор қандай дыбыс бояуларын қолданған?
— Шығарма қай жанрға жатады?
— Бейнесюжет әннің мазмұнын ашып тұрма?

2-тапсырма. Нота сауаты.
До, ре, ми, фа, соль ноталардың көлемінде әуен құрастырыңыз. Оларды нота сызығына орналастырыңыз, дәптерге жазыңыз. Өз әуеніңізді орындап беріңіз.
— Сіз бұл әуенді қалай өзгертер едіңіз, ойланыңыз?
Әуенге өзгерістер енгізіңіз, нота дәптеріне жазып, сыныптастарыңызға көрсетіңіз.

3-тапсырма. Әндердіқайталау.
Топта өткен әндерді қайталап, мәнерлер орындаңыз. Оқушыларды 3 топқа бөлеміз.

1-топ. «Радуга» әні
2-топ. «Қобызым» әні
3- топ «Кең дала» әні

Қалыптастырушы бағалау. «Күзгі әуен» әні

Нота сызығы, түрлі-түсті фишкалар
Нота дәптері

Әні: А.Овсейчик Сөзі : Т.Штерн «Радуга»

Қорқыт «Қобызым»

Әні М.Тналин, сөзі Д.Қалиев «Кең дала» әні. http://votekara.org/id/Аманжан%20Манабаев/

Сабақтың соңы
5 мин Рефлексия:
— Мен бүгін не білдім?
— Тағы не білгім келеді?
— Қандай тапсырма мен үшін қиын болды?
— Мен үшін қай тапсырма жеңіл болды?
Саралау Бағалау Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы
Постер жасау кезінде қабілеті жоғары оқушылар композиторлар жайлы қосымша ақпаратпен бөліседі.Орташа оқушылар мұғалім ұсынған ақпараттарды оқиды. Қалыптастырушы бағалау. Сабақта техникалық қауіпсіздікті сақтайды.
Музыкалық үзілісті пайдаланады.

Сабақ бойынша рефлексия
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:

2:
Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?
1:

2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *