СОЧ ТЖБ «Қазақ тілі» пәнінен 10-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт) (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы

«Қазақ тілі» пәнінен
(оқыту қазақ тілінде)
тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
10-сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт)

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты………………………3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар……3
3. Күтілетін нәтижелер………………………………………….3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі……………………………………4
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі………………………………5
6. Модерация және балл қою………………………………………5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………….6
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ…………………15
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ…………………23
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ…………………34
2
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. Күтілетін нәтижелер
Тыңдалым және айтылым:
білім алушы қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-кәсіптік салалардағы мәтіндерін түсінеді; сөйлесу тәртібінің, бағалаудың ашық және жабық түрде берілген нысандарын таниды; әртүрлі өмірлік жағдаяттарда ауызша тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады; тілдік қарым-қатынастың әртүрлі мақсаттары мен тактикаларын іске асыру үшін түрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, әңгімеге бастамашы бола алады және диалогты қолдайды; проблемалық сипаттағы ақпаратты жинақтай отырып, монолог құрастырады; өз пікірін қорғайды және дәлелдейді; өз пікірін білдіре отырып, әңгіме нысанасына қатысты сөйлеушінің көзқарасын бағалайды; тақырыбы/басы/соңы бойынша мәтін мазмұнын болжайды; өз сөздерін ресімдеу кезінде грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды.
Оқылым:
білім алушы әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей-тегжейлі ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) түсінеді және өзінше түсіндіреді; мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді; зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп оқуды, арнайы ақпарат алу үшін оқуды, талдамалық оқуды, белгілі бір мақсатпен оқуды қоса алғанда, оқу стратегияларын пайдаланады; әр түрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және жинақтайды; қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аяларына қатысты мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; дәлелдер мен фактілерді ажырата отырып, ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды.
Жазылым:
білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; ақпаратты ұсынудың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, мәтін құрастырады (оның ішінде, баспа); ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе, хат және т.б.) жазады; әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық-композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; анықтамалық материалды пайдалана отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.
3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Дағдылар тобы Ойлау дағдылары ның деңгейі Сипаттама Сұрақтар түрі
Тыңдалым мен айтылым Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары — тақырыптық мәтіндерді түсінеді; — сөйлесу ерекшеліктерін таниды; — ауызша тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады; — тілдік құралдарды пайдаланады; — әңгімеге, диалогке қатысады; — ақпаратты жинақтайды; — монолог құрастырады, өз пікірін қорғайды және дәлелдейді; — сөйлеушінің көзқарасын бағалайды; — мәтін мазмұнына болжау жасайды; — грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды. Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Оқылым және әдеби тіл нормалары Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары — мәтіннің типін, жанры мен стилін түсінеді; — мәтіндерден ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) анықтайды; — мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді; — зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп, арнайы ақпарат алу үшін оқуды біледі; — оқу стратегияларын пайдаланады; — әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және жинақтайды; — әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; — дәлелдер мен фактілерді ажыратады; — ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жазылым және әдеби тіл нормалары Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары — ақпараттарды жинақтайды; -әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; — ақпаратты пайдалана отырып, мәтін құрастырады; — ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсетеді; — проблемалық сипаттағы мәтінді (мақала, эссе, хат және т.б.) жазады; — әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық-композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; — анықтамалық материалды пайдаланады; — мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; — белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
4
күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; — орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым — 15 минут Жазылым — 25 минут Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі -тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі — оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі — жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
6
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмал ар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1 10.1.3.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық -саяси) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру; 11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану. Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 180-220 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады). Оқушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсініп, көтерілген мәселені талдайды, негізгі ойды анықтайды, ойын ғаламдық мәселелермен байланыстырып айтады. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды, көтерілген мәселені талдайды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай орынды қолдануы бағаланады. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3- 5 минут беріледі) 10
2-4 10.2.2.1 ғылыми-көпшілік стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері). Көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар 180-220 сөзге жуық мәтін беріледі. Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын білдіріп жазады. Ғылыми-көпшілік стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды. Мәтіннен терминдерді, тілдік оралымдарды, өзге стиль элементтерін анықтайды. 15 10
5 10. 3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе Жазбаша толық Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, 150-180 сөзден тұратын 25 10
7
бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі); 10.4.1.1- мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу. жауапты қажет ететін сұрақтар эссе жұмысын орындайды. Жазылым жұмысында қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп, келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп, тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазуы бағаланады.
Барлығы 40 минут 30
8
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті» бөлімі Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтінде көтерілген мәселені талдай отырып, негізгі ойды анықтаңыз және ғаламдық мәселелермен байланыстырып айтыңыз. Сөйлеу барысында әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдануды ескеріңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
1-мәтін Құндылық деген не?
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы адамгершілік, тұлғалық немесе кісілік құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері болды. Адам мен адамгершілік мәселелері қазақтың ақын-жырауларын да, би-шешендерін де, абыз-әулиелерін де, қараша халықтан бастап ханға дейінгі ақсүйек игі жақсыларын тегіс толғандырған. Батыстағыдай кәсіби философия болмаса да, қазақты тумысынан философ-халық деп бағалауға болады. Оның философиясындағы негізгі тақырып — адам философиясы, кісілік қалыптың өлшемі, не жақсы не жаман төңірегіндегі этикалық мәселелер. Сондықтан қалт айтпайтын халық «жақсылардың кеудесі алтын сандық», «білімді туған жақсылар аз да болса, көппен тең», «жақсыменен өткізген бір күнім, мың күніме татиды» деп жырлайды. Қазақтың кім екені оның философиясы мен дүниетанымынан, тілі мен дінінен, ділі мен дәстүрінен, мәдениеті мен өнерінен, күнделікті өмірқамы мен әдет -ғұрпынан, мінген аты мен тартқан домбырасынан көрінеді.
Бүгінгі біздің қоғамда ата-бабаларымыз берік ұстанған бұл кісілік құндылықтардың көмескілене бастағаны байқалады. Оны күнделікті отбасының тұрмысынан да, қоғам өмірінен де аңғарып жүрміз. Батыстық бұқаралық мәдениеттің тегеурінді ықпалы интернетте де, теледидарда да, басқа ақпарат құралдардарында да қарқынды жүргізілуде. Әрине, поэзия мен ән-күй өнерінде қазақы қоңыр үн мен ырғақ, бояу мен нақыш сақталып отыр, оған да шүкір дейсің, әйтпесе дүниеге келген нәрестеге не тыңдатып, не көргізеріңді білмей дал боласың. Дегенмен, жалаң еліктеушілік, «өзгенің асылын малшылау» басым, оған тоғышарлық, көзбояушылық, науқаншылдық, ұраншылдық, әсіреқұмарлық, шенқұмарлық, даңғазалық, мақтаншақтық сияқты антиқұндылықтар қосылып отыр. Ол күнделікті тіршіліктен де, ғылым, әдебиет, өнер тәрізді «рухани» мәдениет салаларынан да анық байқалады. Мұндай келеңсіз құбылыстарда құндылық қайдан болсын, рух қайдан болсын?
2-мәтін
Қазіргі заман ғылым мен технологияның қарыштап дамып, өте жоғары деңгейге жеткен шағы десек болады. Соған сай сана өркениеті өрістеп, биіктеп барады. Бір анығы, адамның санасы, дүниетанымы жоғарылаған сайын қоғам да өзгереді. Мысалы, интернет жүйесі 1969 жылы 2 қыркүйекте пайда болып, қоғамға енгенде оны ең жас пайдаланушылар жасы 20-25 жастан асқан, ересек адамдар болса, қазіргі таңда интернетке 5-6 жастағы бала да әуес. Бұл ақпараттық технологияның тым кеңінен қанат жаюының да салдары болар. Алайда осындай құбылыстар орын алған қоғамымызда ұстанатын тек екі қағида бар: бірі — жан-дүниенің рухани тазалығы болса, бірі — сананың сергектігі. Біріншісіне жүрек, екіншісіне ақыл керек. Осыларды ұғып, білуге қайрат керек. Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөзінде сан алуан астар бар. Кемеңгеріміздің бұл жерде «бесігіңді түзе» деген сөзді «ұрпағыңды түзе» деген сөздің баламасы ретінде қолданып отыр. Демек ұрпақтың дүниетанымы мен рухани байлығы үлкен жауапкершіліктің жүгі екені айқын. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық
9
азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп атап өткен болатын. Жалпы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Қазіргі күндегі Қазақстанның дербестікке жетуі халықтардың ұлттық дүниетанымының өсуіне жағдай жасады. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік, тәрбиелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды.
Оқылым
Тапсырма
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
[10]
Отбасы — Отанымыздың ошағы
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып көреміз. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым — өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің — «сшііз» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл үғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді. Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:
1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар — синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор)
2. Өркениет — мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер)
3. Өркениет — мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл)
4. Өркениет — тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган).
5. Өркениет — этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби,
H.Я. Данилевский және т.б.)
6. Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы. Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екендігі. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, гумандылық және тағы басқалары.
I.Мәтін қай стильде жазылған?
A. Ауызекі сөйлеу стилінде
B. Көркем әдебиет стилінде
C. Ғылыми-көпшілік стильде
Б. Ресми іс қағаздар стилінде
[1]
2. Оны қандай сөздік қолданыстармен дәлелдейсіз?
[2]
10
3. Мәтінде өзге де стиль элементтері кездесе ме? Кездессе, қай стильдің элементтері бар?
[2]
4. Мәтіндегі 2 терминдік атауға түсінік беріңіз.
Терминдер Мағынасы
1. 1.
2. 2.
[2]
5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз.
[3]
Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, эссе жазыңыз. Жазылым жұмысында қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойыңызды дәлелдеңіз, орфографиялық нормаға сай жазыңыз.
[10]
1. «Өркениет пен мәдениет — егіз ұғым» дегенге келісесіз бе?
2. «Мәдениетті адам — мәдениетті қоғам кепілі»
11
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
№ Балл Г рамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті
1 9-10 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.
2 7-8 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.
5-6 Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.
3-4 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
1-2 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады.
12
Оқылым
№ Жауап Балл
1 С 1
2 Семантикалық жағы, мәдениеттің антиподы т.б. 2
3 Ауызекі сөйлеу стилі кездеседі. Жеке сөйлеушінің пікірі көрінеді, яғни «бұдан көретініміз», «біз ойлаймыз» деген сияқты тұжырымдарға құрылады. Сөйлемдердің синтаксистік құрылымы сақталмайды. Мысалы, «Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екендігі». 2
4 Ықтимал жауап: Цивилизация — мәдениеттің техникалық даму деңгейі, өсу, даму. Антипод — қарама-қайшылық. 2
5 Мәдениет пен өркентиетті егіз ұғымдар ретінде қарастыруға болады. Мәдениеттің шарықтау шегі өркениетке алып келеді. Олар қоғамдағы мән-мағынасы тұрғысынан бірін-бірі толықтырады. 3
Барлығы 10
13
Жазылым
№ Балл Сипаттамасы
1 9-10 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған. Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді.
7-8 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.
5-6 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.
3-4 Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама — қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.
1-2 Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
14
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым — 15 минут Жазылым — 25 минут Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі -тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі — оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі — жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
15
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмал ар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1 10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау. Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 180-220 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады). Оқушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсініп, көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қатынасын анықтап, сұрақтар құрастырады, өз пікірімен баға береді. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды, көтерілген мәселені талдайды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қатысын анықтауы, сұрақтар құрастыра алуы, өзіндік баға беруі бағаланады. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3- 5 минут беріледі) 10
2-4 10.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау. Көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар 180-220 сөзге жуық мәтін беріледі. Графиктік мәтіндердегі мәліметтерді оқып, мәтіндер мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтіндердегі мәліметтерді анықтап, салыстыра талдау жасайды, үдерістерді сипаттап жазады. 15 10
5 10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп,түрлендіріп, талғаммен қолдана білу. Жазбаша толық жауапты Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, 150-180 сөзден тұратын жазба жұмысын орындайды. Жазылым 25 10
16
қажет ететін сұрақтар жұмысында абзацтар мен бөліктерге бөліп, ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жазып, тиісті стильді ұстанады. Жазылым барысында тақырыпқа сай сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолданылуы бағаланады.
Барлығы 40 минут 30
17
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Индустрияландыру: ұлттық өндіріс» бөлімі
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтінде көтерілген мәселеге байланысты автордың негізгі ойын, мәтін арқылы оқырманға не айтқысы келгенін анықтап, сұрақтар құрастырыңыз, өз пікіріңізбен баға беріңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
1-мәтін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпірі барысында жоғары технологиялық бірқатар жаңа өндіріс ошағын іске қосады» деп хабарлайды 8ри1пік Қазақстан тілшісі.
Ұлттық телекөпір барысында бүкіл ел бойынша онлайн режимінде жаңа индустриалды-инновациялық, инфракұрылымдық энергетикалық, агроөнеркәсіптік жобалар іске қосылатын болады. Атап айтқанда, «Қазақалтын Технолоджи» компаниясы Ақсу ауылында алтын өндіру фабрикасын іске косады. Актөбе облысында машина жасау және металл өңдеу секторында мұнай-газ жабдықтарын өндіру және кұбырлар шығарумен айналысатын «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС зауыты ашылды. Ал Атырау облысында («Жігермұнайсервис» ЖШС) роботты дәнекерлеу әдісімен металл құрастырмалары өндірісі іске қосылмақ. Тамақ өнеркәсібінде және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуде Солтүстік Қазақстан облысындағы «Маслодел» ЖШС, «Тетра Пак» ЖШС жоғары технологиялық қондырғылармен жабдықталған сүт зауытын ашады. Шығыс Қазақстан облысында «Восток-Молоко» ЖШС жоғары технологиялық жабдықтары орнатылған сүт кешенін модернизациялаған. Бұдан бөлек, Батыс Қазақстан облысында жаңа құс фабрикасы іске қосылады.
Сондай-ақ телекөпір барысында Жамбыл облысында «Оргстрой» кәсіпорны гранит, мәрмәр және гипс өндіру, жарылғыш құрылғыларды өндірудің жаңа технологиясын өңдеу бойынша өндіріс ашуды жоспарлап отыр. Алматы облысында «Рзі 8ігоу Іпёшігіуа» ЖШС металл конструкцияларын шығаратын зауытты, Коринская ГЭС баламалы энергетикалық жобаны іске қоспақ. Ал Қарағанды облысында ескі көліктерді қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорын жұмыс істей бастады. Кәсіпорын жылына тозығы жеткен автокөліктердің 50 мыңын қайта өңдеуге қауқарлы.
Бұған қоса, телекөпір барысында Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және Еуразия құрлығындағы логистикалық торапты құру жобасын іске асыру мақсатында Мемлекет басшысы бірнеше нысандардың іске қосылатынын атап өтті.
2-мәтін
Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ) — макроэкономикалық жиынтық көрсеткіш. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған дайын өнімін құрайды. Басқа елдерде көптен бері кең қолданылып келе жатқанымен, отандық тәжірибеге 1988 жылдан енгізілген. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған, дайын өнімін құрайды. Оған сол елде және сол елдің иелігіне жататын, шет елдерде шығарылған өнім құны да кіреді. ЖҰӨ-нің жалпы ұлттық табыстан айырмашылығы — оған өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлардың
18
амортизациясы және өндірістік емес жүйелер мен сыртқы экономикасы қызметтен түсетін табыстар да қосылады.
Сонымен қатар ЖҰӨ-ді есептеудің бірнеше әдістері қалыптасқан, соның ішінде, Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері де ерекше. Көптеген тауарлар және қызмет түрлері ЖҰӨ-де нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген кызмет құны ЖҰӨ- ге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн атауына ие болады. Мысалға, тұрғындарға әкімшілік, полиция және өрт сөндірушілер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі олар сатылмайды және нарық бағасын иемденбейді. ЖҰӨ құрамында осы мемлекеттік жұмысшылар өнімінің құнының көрсеткіші олардың жалақысы болып табылады.
Оқылым
Тапсырма
Графиктік мәтіндермен танысып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
[10]
1. Мәтіндерде қай жылдардың ішкі жалпы өнім көрсеткіштері берілген?
A. 2015-2016
B. 2016-2017
C. 2017-2018 Б. 2014-2015
[1]
2. Мәтіндердегі мәліметтер бойынша әр жылдағы өнеркәсіп табысының мөлшері қандай?
A. 2016ж.-26,1% 2017ж.-4,2%
B. 2016ж.-17,1% 2017ж.-19,2%
C. 2016ж.-25,2% 2017ж.- 27%
^. 2016ж.-12,5% 2017ж.-21,7%
[1]
З.Мәтіндерден қандай үдерістерді байқауға болады?
[2]
19
4.Мәтінде қай салалардың өнім көрсеткіштері берілген?
2016 жыл 2017 жыл
— —
[3
5. Мәтіндердегі мәліметтерді салыстыра талдап, ойыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз.
[3]
Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында абзац бен бөліктерге бөлуді, ойыңызды логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізуді, жазылымға сай стильді ұстануды ескеріңіз. Сонымен қатар ұсынылған тақырып аясындағы сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолданыңыз.
[10]
1. Қазақстандағы жалпы ішкі өнім жыл санап өсіп келе жатқандығын дәлелдеп аргументтік эссе жазыңыз.
2. «Ұлттық өндірістің әлеуметтік жағдайға әсері» тақырыбында шағын мақала жазыңыз.
20
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
№ Балл Г рамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті
1 9-10 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.
2 7-8 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.
5-6 Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.
3-4 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
1-2 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады.
21
Оқылым
№ Жауап Балл
1 В 1
2 А 1
3 Ықтимал жауап: 2016 және 2017 жылдардағы еліміздегі ЖІӨ үлесі, оның қандай салаларға тиесілі екендігі салыстырмалы түрде көрсетіледі. 2
4 Өнеркәсіп, сауда, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы 3
5 Ықтимал жауап: 2016 жылы еліміздегі ЖІӨ өндірістік салаларға тиесілі болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш қызметтер саласына ауысқан. Бұл дегеніміз — жылдан жылға қызметтерге сұраныстың көбейіп, сәйкесінше осы саладағы сатылымының жоғары пайда әкелетіндігін көрсетеді. 3
Барлығы 10
Жазылым
№ Балл Сипаттамасы
1 9-10 Ойын логикалық түрде жүйелі жеткізген. Стильге сай сөздер мен тілдік құрылымдарды орынды қолданады. Тақырыпты ашуда сөз оралымдарын күрделендіре, әсерлі жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді.
2 7-8 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.
5-6 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.
3-4 Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама — қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.
1-2 Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
22
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым — 15 минут Жазылым — 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі -тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі — оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі — жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
23
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмал ар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1 10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу. Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 180-220 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады). Оқушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсініп, коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлейді. Тыңдаушы жұбының мәтіні мазмұны бойынша сұрақтар қояды, көтерілген мәселені талдайды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеуі бағаланады. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі) 10
2-4 10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау. Көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар 180-220 сөзге жуық мәтін беріледі. Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және Мәтіндердің тақырыбын, аудиториясын, автордың мақсатын анықтап, құрылымы мен тілдік ерекшеліктеріне салыстыра талдау жасайды. Мәтін бойынша екі ашық сұрақ құрап, бір сөйлеммен мәтін мазмұнына баға береді. 15 10
5 10.3.5.1- әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық Жазбаша толық Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын 25 10
24
жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу; 10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу; 10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу. жауапты қажет ететін сұрақтар орындайды. Жазылым жұмысында тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып хат жазады және ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазады. Жазылымда сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білуі бағаланады.
Барлығы 40 минут 30
25
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Адамзат дамуының жаһандық мәселелері», «Адам өмірін сақтау», «Адамзат дамуының жаһандық мәселелері» бөлімдері Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді басшылыққа ала отырып, көпшілік алдында сөз сөйлеңіз. Ол үшін мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды, тақырыпқа қатысты қажетті сөздер мен тіркестерін мазмұндауда қолданыңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Жұбыңыздың мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
1-мәтін
Қазіргі кезде жаһандану мәселесіне ерекше назар аударылуда. Әлеуметтік-гуманитарлық білім жаһандану үрдісінің жағымды және жағымсыз жақтарын зерделеп, методологиялық және танымдық, аксиологиялық тұрғыдан ой қорытуда. Жаһандану үрдісінің экономикалық, саяси, әлеуметтік, ақпараттық, мәдени астарлары терең зерделенуде. Бұндай қарқынды және жүйелі зерттеулер, әсіресе, ХХІ ғасырда кеңінен етек алып отырғанын атап өткен жөн.
Жаһандану, кейбір ғалымдардың айтуынша, әлемдік сипатта дамып, бүкіл адамзат қоғамында түбегейлі бұрын-сонды болмаған өзгерістер мен жаңғырулар әкелуде. Жаһанданудың басты типтік және сапалық көрсеткіштеріне транстерриториялық сипаттағы экономикалық-шаруашылық, сауда-қаражаттық, мәдени, ақпараттық байланыстармен өзара әрекеттердің интенсивті түрде дамуын, қаржы-экономикалық нарығының пайда болуы мен тауар, капитал, жұмыс күшінің интернационалдық сипат алуын, трансұлттық корпорациялардың пайда болуын жатқызуда.
Сонымен қатар қазіргі қоғамдық даму тенденциясына сай келетін белгілі бір сипаттағы идеологиялық ұстаным, нарықтық экономика, демократиялық сипаттағы әлеуметтік-саяси жүйе, дүниетанымдық плюрализм, конституциялық тұрғыда бекітілген адам құқын қамтамасыз ететін институциялық тетіктер, мемлекетаралық және мемлекеттен жоғары тұратын саяси және құқықтық институттар құруды жаһандану үдірісінің басты көрсеткіштері ретінде қарастыруда.
Жаһанданудың экономикалық, саяси көрсеткіштерімен қатар, мәдени көрсеткіштеріне де ерекше назар аударылуда. Кейбір ғалымдардың пікірінше, жаһанданудың мәдени бөлімі жоғарыда аталған көрсеткіштердің негізгісі және «локомотиві», басқа салаларды анықтаушы күш ретінде танылуда. Ю.М.Лотман бойынша «мәдениет — биосфера тәрізді құрылымның генераторы, осынысымен ол адамдар айналасында әлеуметтік саланы құрайды, өмір сүруге жағдай туғызады, бірақ ол органикалық емес, қоғамдық». Шындап қарасақ, жаһанданудың негізінде белгілі бір сипаттағы құндылықтар, мәдени ұстанымдардың жатқаны белгілі.
2-мәтін
Жаһандану XXI ғасырда адамзат баласына бұрын-соңды болмаған көп жаңалық пен барлық салада алға ілгерілеу мүмкіндігін сыйлағанымен, жаңа қауіптерден де құралақан қалдырған жоқ. Өткен ғасырда бір-біріне қару кезену арқылы жүрген агрессиялық қарым-қатынастар ақпараттық, технологиялық санкциялардың көмегіне жүгінген соғыстарға ұласты. Әлемдік экономикада еленбей келген елдер ерекше өсім көрсетіп, бәсекелес күштердің жаңа толқыны қалыптасты. Әлемге ашық, көпвекторлы саясат ұстанатын Қазақстан бейбітшілік пен ортақ ымыраға келу туралы бастамаларын ұсына отырып, ұлттық экономикадағы басым бағыттарды анықтау үшін аталған сындарды ескермесе болмайды.
26
Сондықтан еліміз жаһандық мәселелердің қайсысын қаперіне алып, сыртқы қатынастарында нендей сыннан сүрінбеуі керектігін сарапшыдан сұрап көрдік.
Осы орайда Еуразиялық интеграция институты Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Ботагөз Қабыкенқызының пікірін ұсынуды жөн көрдік.
— Қазір «интеграция» сөзі жаңа сипатқа ие бола бастады. Бұрын экономика мен саясат саласындағы күш біріктіру мәселесі алдыңғы қатарда болса, қазір мемлекеттер технология, инфрақұрылым, энергетика, цифрлы даму бағыттарында бірлескен іс-қимылдарға ұмтылыс білдіріп отыр. Экология, миграция, ресурстар тапшылығы сияқты ортақ мәселелермен күреске бірлесе жұмылу тенденциясы да әлем үшін жаңалық емес. Мәселен, «Үлкен Еуразия» идеясы Қытайдың ежелгі Ұлы Жібек жолы бойындағы экономикалық белдеуді қайта жаңғыртып, өркениеттер арасындағы диалог пен келісімге негізделген көпполярлы әлем құру туралы бастамасын толықтыра түседі. 2016 жылдың маусым айында Санкт-Петерборда өткен экономикалық форумда Мемлекет басшысы Н.Назарбаев дезинтеграция мен оқшаулану бірде-бір мәселені шешпейтінін атап өтті. Шын мәнінде, дезинтеграциялық көңіл күйдің артуы геосаяси жағдайдың ушығуына, санкциялар соғысы мен екі жақты қарым-қатынастардың күрделенуіне әкелуі мүмкін.
1-мәтін
Әрбір адам өмірінің сақталуы — оның толыққанды тіршілік етуін ғана емес, мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын фактор. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын да айқындайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, көрсетілуін, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағдарланған жүйесін білдіретін денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуі тұрғысынан алғанда республикадағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.
Халық денсаулығының қазіргі жағдайына және еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне жүргізілген талдау негізінде «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және іске асыру тетіктері айқындалды.
Бағдарламаны іске асыруда медициналық қызмет көрсетудің шығыны аз нысандарына өту үшін жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапа деңгейін арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін қарқынды дамытуға мүмкіндік туады. Сол арқылы мақсатқа қол жеткізуге болады. Бағдарламаны жүзеге асыру тек қана денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне жүктелген міндет емес, бұл аса маңызды іске барлық тиісті орындар атсалысуы керек. Бағдарлама аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру және әлеуметтік аурулар деңгейін төмендету, дұрыс тамақтану, жасөспірімдер мен мектеп оқушыларының денсаулығы, төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медиицналық құтқару қызметін жолға қою секілді өзге де мәселелер қамтылады. Қазіргі кезде аймақтарда осы бағыттағы жұмыстарға баса назар аударылуда. Әсіресе, соңғы жылдары төтенше жағдайлар кезінде және де басқа да болуы мүмкін адам өлімінің себептері анықталып, болдырмау шаралары жасалуда.
2-мәтін
Еуропа елдерінде халықтың 98 пайызға жуығы сақтандыру компанияларына өмірін сақтандырып қойған. Ал статистикалық мәліметке сүйенсек, Қазақстанда өмірін сақтандырған адамдар саны 2 пайызды ғана құрайды. Бір қызығы, адамның өте сирек кездесетін, әсіресе, иесіне табыс әкелетін қабілетін сақтандыру қалыпты жағдайға айналып барады. Мысалы, спортшылар дене мүшесін, әншілер дауысын деген секілді.
Ал еліміздің қарапайым халқы өз өмірін сақтандырудың тиімділігі туралы біле ме? Өмірді сақтандыру компаниясының негізгі мақсаты — денсаулыққа зақым келген жағдайда оны емдетуге қаржылай көмек беру және сол адам кенет о дүниелік болып кетсе, табысына тәуелді адамдардың өмірін қаржылай қамтамасыз ету. Алайда заң бойынша өмірін сақтандыра алмайтын тұлғалар да бар. «Халық лайф» өмірді сақтандыру компаниясының
27
операторларының сөзіне сенсек, зейнеткерлер, мүгедектер және нашақорлар мен алкагольді ішімдік тұтынатын тұлғалар, психологиялық аурумен ауыратын және бұрын қамауда болған қылмыскерлер өмірлерін сақтандыра алмайтын болып шықты. Олардың үлесі 0,29 пайызды құрайды.
Егер өміріңізді он миллион тенгеге сақтандырсаңыз, жылына жоғарыда айтқан пайызды, нақтырақ, 29 мың теңге төлейсіз. Алайда өміріңізді 10 миллионға сақтандырғаныңызбен, алдағы уақытта оқыс жағдай орын алғанда, ол соманың барлығы төленеді деген сөз емес. Өйткені, компания ең алдымен қандай жағдай болғанын анықтап, өздерінің белгіленген пайызымен бағалай келе, нотариус арқылы түзілген құжатпен отбасыңызға немесе туыстарыңызға сақтандыру сыйақысын төлейтін болады. Еліміздегі сақтандыру компанияларында 18-ден 63 жасқа дейінгі кез келген азамат өмірін 300 миллион теңгеге дейін сақтандыра алады.
Оқылым
Тапсырма
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
[10]
А мәтіні
Жаһандандық байланыстар біздің елге де өз ықпалын тигізуде. Осы тұста бір үлкен мәселе туады, ол — «жаһандану заманында біз елдігімізді, мәдениетімізді, тілімізді сақтай аламыз ба?» деген сауал. Батыстың мәдениеті ықпалды болып тұрғаны рас. Бірақ осы орайда біз батыстан нені алуымыз, нені алмауымыз керек? Жалпы мәдениеттің өзі екі жолмен пайда болады. Біріншісі — дүниетанымнан келіп шығатын, екіншісі — ғылыми-техникалық дамудан келіп шығатын мәдениет. Біз батыстан ғылым мен техниканың дамуынан келіп шыққан мәдениетті алумызға болады. Тіпті, ХХІ ғасырда қазақ жастары озық технологияның барлық қыр-сырын білуі тиіс. Мұны меңгерумен біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ал батыстың дүниетанымынан келіп шыққан мәдениет бізге керек емес, себебі батыс дүниетанымы өмірдің қызығын бұрмалап, қоғамымызға түнгі клубтар, нашақорлық т.б. көріністерді енгізуде. Бұл, әсіресе, жас буынның санасын улап жатыр. Біз бұған жол бермеуіміз керек. Егер жастарымыз осындай жеңіл түсінікке ұрынса, онда мемлекетіміздің болашағы не болмақ? Ұлтымыздың болмысына біткен асқар таудай биік, өмірдің бар асылына бергісіз, сан ғасырлық ғажайып, бірегей мәдениеті бар. Тіл — мәдениеттің құрылымдық элементі, мәдениеттің болу шарты әрі ең жоғары құндылығы. Қазір ғаламдық тіл санатына романдық тілдер тобы, нақтырақ айтсақ, ағылшын тілі сақадай сай дайын тұр. Ендеше, жөргегінде тұңшыққандай күйдегі біздің тіліміз — біздің мәдени құндылықтарымыздың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан тілімізге қамқор болу — мәдени мұрамызды түгендеудің тағы бір жолы. Тіл ұлт болып қалудың соңғы қамалы екені баршаға аян. Сол қамалды сақтап қалу — әрбір қазақтың қасиетті борышы. Біз қатарлы жастардың негізгі мақсаты — ана тілімізде сөйлеу арқылы оның өміршеңдігіне қол жеткізу. Сол арқылы келешекке біртұтас ұлт, рухы биік халық ретінде жол тарту.
Ә мәтіні
«Жаһандану» түсінігі ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы жер шары кеңістігінде өріс алған әлеуметтік өзгерістер мен шынайылықты насихаттаудың өзегі болып табылады. 60-70 жылдары пайда болып, жаһандану идеясы 80-жылдары академиялық мойындауға ие болды, «жаһандану» термині ғылыми айналымда бекітілді.
Осыған орай Н.Е. Покровский өзінің жаһандану құбылысын түсіндіруге әрекет ететін әртүрлі концепцияларының типологиясын ұсынды. ХХ ғ. 90 жылдары жаһандық мәдениет үлгісі кең қолданысқа ие болды. Бұл концепцияның басты тезисі адамзат күйінің жаңа бейнесі мәдениет болуында жатыр. Жаһандық өзгерісті көрсететін өзекті нүкте — әлемдік туризм, мәдени гибридтердің пайда болуы, постмодернистік мәдениет, тәжірибе қайта
28
қалыптастырудың жаңа формасы. Маңызды фактор болып адамның ішкі уәжі, оның жаңа жағдайда өзін-өзі анықтау мәселесі қалыптастырылады. Осы үлгіге сай адамзаттық одақтың әртүрлі деңгейіндегі өзіндік сәйкестендірудің басты серігі немесе жаһандану нәтижесі болып табылады.
Жаһанданудың негізгі мағынасы «халықаралық бірігу» дегенді білдіреді. Ол үрдіс ретінде де сипатталады. Бұл үрдіс — экономикалық, технологиялық, мәдени-әлеуметтік және саяси күштердің қиысуы. Жаһандану экономикалық, ақпараттық, саяси, экологиялық, мәдени және тағы басқа болуы мүмкін. Мәдени жаһандану дегеніміз мәдени байланыстардың дамуы. «Жаһандық» сияқты мәдени кеңістікті біріктіретін, жаңа технологиялар мен әдістерді үйрене отырып, шет елдік өнімді қабылдап, идеясына ие болуға деген құштарлық және «әлемдік мәдениетке» қатысу сынды сананың жаңа категорияларының пайда болуы.
1. Мәтіндердің тақырыбы қандай?
A. Бейбітшілік
B. Жаһандану
C. Табиғат
Б. Қауіпсіздік
[1]
2. Мәтіндердің мақсатты аудиторияларын салыстырыңыз.
А мәтінінің мақсатты аудиториясы-_____________________________________________________
Ә мәтінінің мақсатты аудиториясы -____________________________________________________
[2]
3.Берілген мәтіндердің құрылымы мен тілдік ерекшеліктерін салыстырыңыз.
[2]
4. Мәтіндердегі автордың мақсатын анықтаңыз.
А мәтініндегі автордың мақсаты Ә мәтініндегі автордың мақсаты

[2]
5. Мәтін бойынша 2 ашық сұрақ құрастырыңыз, 1 сөйлеммен мәтін мазмұнына баға беріңіз.
[3]
Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, сөздер мен сөйлемдердің қатесіз жазылуын ескеріңіз.
[10]
1. Қазіргі кезде жаһанданудың әсерінен салт-дәстүрімізді ұмытып бара жатырмыз деген қауіп жиі айтылып жүр. Сіздің ойыңызша, жаһандану біздің салт-дәстүрлерімізге кері әсерін тигізбес үшін не істеу керек? Салт-дәстүрлерімізді жаһанданудың құрбаны еткізбеудің жолдарын ұсына отырып, сыныптастарыңызға хат жазыңыз.
29
2. Адам өмірін сақтау — қоғамдағы басты міндеттердің бірі. Адамның өмірін сақтау үшін түрлі сақтандыру қорлары да көптеп құрылуда. Олардың қазіргі уақыттағы жұмыстары адамдарды қаншалықты қанағаттандырып жүр? Осы турасында еліміздегі беделді сақтандыру компаниясының басшысынан интервью алыңыз. Интервью жазу барысында ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолдануды ескеріңіз.
30
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
№ Балл Г рамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті
1 9-10 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.
2 7-8 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.
5-6 Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.
3-4 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
1-2 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады.
31
Оқылым
№ Жауап Балл
1 В 1
2 Ықтимал жауап А мәтінінің аудиториясы — жалпы көпшілік, себебі тілі барлық адамға түсінікті, қарапайым. Ә мәтінінің аудиториясы — ғалымдар, саясаткерлер, политологтер болуы мүмкін, себебі тілі ғылыми стильде, арнайы лексика қолданылған. 2
3 Ықтимал жауап А мәтінінде мәтін құрылымы сақталмаған. Тек айтушының ойы берілген. Ә мәтіні құрылымы толық сақталмаған мәтін, себебі кіріспе, негізгі бөлімдерден ғана тұрады. А мәтіні көпшілік ауызекі стильде жазылған. Риторикалық сауалдар мен қыстырма сөздер, көзқарастар көп кездеседі. Ә мәтіні ғылыми стильде жазылған. Тіл нормасы қатаң сақталған, ауыспалы мағынадағы сөздер жоқ, дәлелдеулер мен нақты зертеулер нәтижесі берілген. 2
4 А мәтініндегі автордың мақсаты — ұлттық құндылықтар мен мәдениетті, тілді сақтау үшін халыққа үндеу, үгіт-насихат. Ә мәтініндегі автордың мақсаты — «жаһандану» ұғымына түсінік беру, дұрыс түсінік қалыптастыру. 2
5 Жоғары деңгей дағдыларына сәйкес екі сұрақ құрастыруыж және оқушының жеке көзқарасы бағаланады. 3
Барлығы 10
32
Жазылым
№ Балл Сипаттамасы
1 9-10 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған. Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді.
7-8 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.
5-6 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.
3-4 Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама — қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.
1-2 Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
33
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым — 15 минут Жазылым — 25 минут Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі -тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі — оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі — жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
34
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмал ар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1 10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу. Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 180-220 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады). Оқушылар айтылым барысында коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеуді назарда ұстайды. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды, көтерілген мәселені талдайды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеуі бағаланады. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3- 5 минут беріледі) 10
2-4 10.2.3.1 көпшілікке арналған очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау. Көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар 180-220 сөзге жуық мәтін беріледі. Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын білдіріп жазады, мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық ерекшеліктеріне талдау жасайды. 15 10
35
5 10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу; 10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, мақала жазады. Жазылым жұмысында ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды дұрыс пайдалануы, сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін орынды қолдана білуі бағаланады. 25 10
Барлығы 40 минут 30
36
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі ақпараттарға мұқият мән беру арқылы түртіп алып, мазмұндауда қолданыңыз, коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеңіз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
1-мәтін
Тамыры тереңде жатқан сәулет өнерінің орта ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерінде де пайда болуы мәдениетіміздің озық үлгісі болып танылды. Орта ғасырда сәулет өнері дамыды. Төрт қабырғалы, өзіне тән ою-өрнектерімен безендірілді. Мысалы, Бабаджа хатун кесенесі («Айша Бибі» кесенесі Тараз қаласы маңында). Көшпенді халық өзіндік сәулет ағымын өмірге әкелген. ІХ-ХГУ ғ. ғажайып қала құрылысын жаппай өркендетті. Кезінде шартарапқа әйгілі болған Сауран, Отырар, Тараз, Баласағұн қалалары Жібек жолының бойында бой көтеріп, талай ел саяхатшыларының таңдайын қақтырған. Ірі мәдени орталықтары болған қазақ жері сәулет өнерімен де әлемге белгілі болып отыр. 1994 жылы 6 шілдеде астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруге шешім қабылданды. 1997 жылдың 10 желтоқсанынан Ақмола Қазақстанның астанасы. 1998 жылы 6 мамырда Елбасы
Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылдың 10 маусымында ресми түрде жаңа астананың тұсаукесер тойы өтті.
2002 жылы Еуразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған “Астана-Бәйтерек” монументі салынды. Бұл монумент қазақ елі тамырын мәуелі бәйтеректей тереңге жіберген ел екенінің дәлелі іспеттес. Монументтің биіктігі — 105 метр. Мұнда көркем галерея, үлкен аквариум, мейрамхана және 97 метр биіктікте қаланы жоғарыдан тамашалауға болатын обсерватория алаңы бар.
“Хан Шатыры” сауда ойын-сауық орталығы 2010 жылы шілденің 5-жұлдызында ашылды. Президент сарайынан бастау алған Бас қаланың ғажайып ғимараты Астана қаласының жаңа орталығының кіндігінде орналасқан. “Хан Шатыры” бірегей кешені жобасының авторы — танымал, ағылшын сәулетшісі Норман Фостер. Жобаның ерекшелігі оның ішкі климаты ғимараттағы қазіргі заманғы автоматикалық құралдар арқылы қадағаланатынында болып отыр.
2-мәтін
Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан, елдің бірі — Грекия. Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі — біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдағы Периклдың билік құрған тұсы. Алдымен Афина қаласының ең биік жеріндегі жартасқа Акрополь салынды. Римнің таңқаларлық құрылыстарының бірі — 80 мың адам сиятын Колизей амфитеатры, онда ордерлер жүйесі қолданылды. Еуропа елдерінде бес түрлі архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды. Олар: роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм. Роман стилінің дамуына Франция көп ықпал етті. Мұның басты ерекшелігі — қабырғалары сом соғылған бітеу, салмақты болып келеді. Терезелері енсіз, тар, бекініске ұқсайды. Готика стилінің ерекшелігі — құрылыс композициясы жоғары созылып, салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы күрделі болып келеді, терезелері сүйір етіп ойылады, күмбезі қиық болып келеді де қырлары бүріледі. Қиық күмбездің арқасында
37
салмақ құрылыс қаңқасына түседі. Сырттағы тіреулер арқылы қабырғаға түсетін салмақ азаяды. Готиканың алғашқы туындысы — Париждегі Нотр-Дам соборы. Бір келгенде 9 мың адам сияды. Әрбір тетігінде готикаға тән ерекшеліктер сақталған. Готиканың гүлденген шағы — ХІІІ ғасыр. 100 жыл бойы салынған Реймс соборы (1212-1311) соның дәлелі. Собордың бір де бір бос жері жоқ, бәріне мүсіндер қойылған. Терезелердегі түрлі-түсті витраждар көздің жауын алады. Ренессанс стилі XV ғасырда Италияда пайда болды, оны ежелгі дәуір өнерінің қайта жаңғыруы деп қарауға болады. Ренессанс дәуірінде архитектураның алатын орны ерекше болды. Бұнда құрылыс тым биіктетілмей, айнала кеңістікке етек жайды.
Оқылым
Тапсырма
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
[10]
Әлемнің жеті кереметі. Ежелгі заманда даңқы жер жарған ғажап құрылыстар мен мүсіндер осылай аталып келді. Адам баласының ақылы мен қолынан туған осынау тамаша ескерткіштердің, өкінішке қарай, біздің заманымызға тек біреуі ғана жеткен. Ол -пирамидалар, яғни ежелгі Египет патшалары — перғауындардың (фараондардың) тастан қаланған сағаналары (табытханалары). Египеттің астанасы Каирден оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшаңқан және сарғылт таулар көрінеді. Бұл төбесі сүйірленіп келген жасанды таулар, яғни пирамидалар. Ең үлкені Хеопс перғауынның пирамидасы, оның биіктігі 147 м, бұдан 5000 жылдай бұрын салынған. Хефрен пирамидасы бұдан 2 метрдей аласа. Бұл перғауынға таудай мазар жеткіліксіз болып көрінгенде, ол пирамиданы үлкен жартастан қашап жасалған тас мүсінге күзеттіріп қойыңдар деп жарлық еткен. Оның басы адам бейнесінде, денесі арыстан тұлғалы. Ол Сфинкс деп аталады. Адамдай данышпан, арыстандай айбатты Сфинкс бейнесі жоққа сенгіш ырымшыл жандардың зәресін алған, сондықтан жұрт оны «Үрей атасы» деп кеткен. Әлемнің ендігі бір кереметі -Семирамиданың аспалы бағы, ол ежелгі Шығыстың ең үлкен әрі дәулетті қаласы -Вавилонда болған. Ел аузындағы аңызға қарағанда бұл бақты патшайым Семирамида салдырса керек. Ал шындығында ол біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда II Навуходоносор патшаның жарлығы бойынша салынған. Ол өз сарайын алты қабат үйдің биіктігіндей етіп қолдан көтерілген жасанды алаң үстіне салдырады. Сарай алаңына көтерілетін алты тепкішек айнала кірпіштен өрілген аркалар тізбегімен (аркада) көркемделіп, топырақ төселген әр тепкішекке жайқалған бақ орнатылған. Толып жатқан қауға байлаған орасан зор шығырды күні-түні айналдырып, аспалы баққа Евфрат өзенінен су шығарған.
1. Мәтіннің құрылымын қанша бөлікке бөлуге болады?
A. 1
B. 2
C. 3
Б. 4
[1]
2. Мәтінде Египеттің көшбасшылары қалай аталады?
A. египеттіктер
B. патшайым
C. перғауындар
Б. ырымшыл жандар
[1]
38
3. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін атаңыз.
[2]
4. Мәтіндегі 1 стильдік ерекшелігі мен 2 тілдік ерекшелігін анықтаңыз.
Стильдік 1 ерекшелігі Тілдік ерекшелігіне 2 мысал
1. 1. 2.
[3]
5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз.
[3]
Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, мақала жазыңыз. Жазылым жұмысында ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды пайдаланып, тыныс белгілерді қатесіз қолдануды ескеріңіз.
[10]
1. Қазақстанда әлемнің түрлі архитектуралық стилінде салынған ғимараттар мен үйлерді көруге болады. Осыған орай «Қазіргі уақытта еліміздің сәулет өнері қарқынды дамуда» тақырыбында мақала жазыңыз.
2. «Көне сәулет өнері тарихымыздың жәдігері» тақырыбында мақала жазыңыз.
39
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
№ Балл Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті
1 9-10 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.
2 7-8 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.
5-6 Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.
3-4 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
1-2 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады.
40
Оқылым
№ Жауап Балл
1 В 1
2 С 1
3 Очерк, публицистикалық стильде жазылған 2
4 Ықтмал жауап Көлемі шағын, суреттеу очеркі; Аспалы бақ, «үрей атасы» 3
5 «Әр заманның өз кереметі болады. Бір кездері әлемге танылған бұл сәулет туындылары бүгінде жай ғана туристердің қызықтайтын орны болып қалған. Ештеңе мәңгілік емес» деген сияқты оқушының өз көзқарасын білдіретін жаупатар қабылданады 3
Барлығы 10
Жазылым
№ Балл Сипаттамасы
1 9-10 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған. Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді.
7-8 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.
5-6 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.
3-4 Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама-қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.
1-2 Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
41

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *