СОЧ ТЖБ «Қазақстан тарихы» 10-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт, қогамдық-гуманитарлық бағыт) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы

«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы
10-сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт, қогамдық-гуманитарлық бағыт)

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты……………………………3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар…………3
3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер…………………..3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі…………………………………….4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу.. 5
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі……………………………….5
7. Модерация және балл қою……………………………………….5
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ……………6
II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………….13
III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ……………..19
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………26
2
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы(жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер
Білу
— Орталық Азиядағы ежелгі мәдени ошақтарды және олардың орналасқан жерлерін;
— көшпенділіктің тарихи түрлерін;
— еуразиялық дала өркениетінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін;
— түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы қалалық мәдениеттің даму ошақтарын;
— әлемдік мәдени-тарихи прогреске едәуір ықпал еткен Орталық Азия халықтарының жетістіктерін;
— Қазақстан мемлекеттігі дамуының тарихи кезеңдерді біледі.
Түсіну
— Қазақстанның тарихи даму процестері мен құбылыстарының, негізгі оқиғалардың мәнін;
— ежелгі Орталық Азияның өркениет ошақтарын, көшпенділіктің әр түрлерінің, Қазақстан территориясындағы қалалық және көшпелі мәдениеттің сипатты белгілерін;
— әлемдік мәдени-тарихи прогресс үшін Орталық Азия халықтарының жетістіктерінің маңызын;
— түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын түсінеді.
Қолдану
— Қазақстан мен Орталық Азия территориясында өмір сүрген мемлекеттер мен мәдениет ошақтарын уақыт пен кеңістікте анықтау кезінде;
— Орталық Азия көшпенділер мәдениетінің қалыптасу мен даму ерекшеліктерін анықтауда;
— түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық мәдени даму ерекшеліктерін анықтау кезінде;
— Қазақстанның өткен және қазіргі кездегі оқиғалары мен құбылыстарына қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын қолданады.
Талдау
— түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы өркениеттер мен мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, миграциялық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) ықпалын;
3
— себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғалар, процестері мен құбылыстарды;
— Қазақстан аумағындағы этногенез, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды талдайды.
Жинақтау
— тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды;
— Қазақстан тарихы туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды жинақтайды.
Бағалау
— түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін;
— Орталық Азия халықтары мәдениетінің әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін;
— тарихи мәліметтердің шынайылығын;
— Қазақстан тарихының этникалық, саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларының деңгейі Сипаттама Тапсырмалар түрлері
Білу және түсіну Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттерді және олардың ерекшеліктерін сипаттайды КТБ — Көп таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ — Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
Қолдану Этникалық процестердің сабақтастығын анықтап, әлеуметтік жіктелу ұғымдарын түсіндіреді. Мемлекеттіліктің қалыптасу тарихы кезеңдерін түсіндіріп, Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесін тұжырымдайды. Сонымен қатар қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын түсіндіреді. ҚЖ — Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ — Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жоғары деңгей дағдылары Ғалымдардың пікірін зерттеп, көзқарастарды талдау арқылы көшпенділер өркениетінің тарихи процестеріне баға береді. Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдап, адамзаттың дамуына қосқан үлесін талдап, Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси даму қайшылықтарын талдайды. Дала өркениетінің белгілі тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттеп, Кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай отырып, жетістіктер мен қайшылықтарды талдайды. ҚЖ — Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ — Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары
I 25 % 0% 75%
II 0 % 50 % 50 %
III 0 % 25% 75 %
IV 0% 50 % 50%
Барлығы 6% 31% 63 %
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кезкелген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез-келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалауа аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
5
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
I тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты — 40 минут Балл саны — 30 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады
6
I тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін оқу мақсаты Ойлау дағдыларыны ң деңгейі Тапсыр ма саны Тапсырма № Тапсы рма түрі Орындауға берілетін уақыт Балл Бөлім бойынш а жалпы балл
10.1.1.2 Әлемдік өркениеттегі Орталық Азияның рөлі туралы ғалымдардың пікірін зерттеу Жоғары деңгей дағдылары 1 1 ТЖ 10 7
10.1.2.4 Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктерін сипаттау Білу және түсіну 1 2 КТБ 7 7
Өркениет: даму ерекшеліктері 10.1.2.7 Әртүрлі көзқарастарды талдау арқылы ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына әсерін бағалау Жоғары деңгей дағдылары 1 3 ТЖ 10 6 30
10.1.3.1 Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау Жоғары деңгей дағдылары 2 4-5 ТЖ 13 10
БАРЛЫҒЫ 5 — — 40 30 30
Ескерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
7
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгілері «Қазақстан тарихы» пәні бойынша І тоқсанға арналған жиынтық бағалау
тапсырмалары
1. Көшпелілер өркениеті бойынша төмендегі кестені толтырыңыз.
Көшпелілер өркениетініц қалыптасуына әсер еткен жагдайлар.
1. 2.
Ғалымдардыц пікірі бойынша көшпелілер өркениетіне қатысты көзқарастарын талдау
жагымды жағымсыз
1. 1.
2. 2
Қалай аталған дұрыс: «Көшпелілер өркениеті» немесе «Дала өркениеті». Сіздіц пікіріціз.
[7]
2. Берілген тарихи тұжырымдардың «жалған» немесе «ақиқат» екенін анықтаңыз.
№ Тарихи фактілер Ақиқат Жалған
1 Палеолит дәуіріне жататын еңбек құралдары Жамбыл облысы өңірінен табылды
2 Қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр болатын мезолиттік баспана Есіл өзені аңғарынан табылды
3 Усть-Нарым — Солтүстік Қазақстан жеріндегі Неолит дәуірінің тұрағы болып табылады
4 Қ.И.Сәтбаев қола дәуірінде Жезқазған өңірінен 1 млн тоннадай кен өндірілгенін айтқан
5 Солтүстік және Батыс Қазақстанда Андрон мәдениетінің зерттелген 50-ге жуық қонысы кездеседі
6 Беғазы-Дәндібай мәдениеті б.з.б ХГУ-ХІІ ғасырларға жатады
7 Қазақ жерінде қола дәуірін түбегейлі зерттеу Ә.Марғұланның есімімен байланысты
[7]
3. Берілген дереккөздері қолдана отырып, көшпелілердің әсерінен болған өзгерістерге көзқарасыңызды білдіріңіз.
А) Д.Неру «Әлемдік тарихқа көзқарас» атты еңбегінде «Атлас картаны ашсаң, алып Азия құрлығының қойнына кіріп жатқан кішкентай Еуропаны көресің. Еуропаны жермен -жексен еткен де, өркениетке жеткізген де солар. Азияның әлдебір өңірінен шыққан арийлер, сақтар, ғұндар, моңғолдар, түркілер Азия мен Еуропаға қанат жайып, жаппай қоныстанды».
Л. Гумилев: «Көшпенді қоғамда техникалық үдеріс болмаған деп ойлау ақылға сыймайды. Көшпенділер, оның ішінде ғұндар мен түріктер де бар, өз кезінде аса маңызы бар заттарды ойлап тапты. Ең алғашқы шалбарлар өте ерте заманда көшпенділер қолымен тігілді. Үзеңгі де Орта Азия даласында 200-400 жылдар аралығында пайда болды. Ең алғаш көшпенділер
8
қолымен шабылған арбалар теңдерді қою арқылы таулы аймақтарда жүруге мүмкіндік берді. Жебесі 700 метрге зулайтын садақтар мен қайқы қылыштарды да көшпенділер ойлап тапты.
ҺІІр://е-ҺІ8Іогу.к2/к2/риЫісаІіоп8/уіе^/1807
В) Ратцелъ, Гумплович, Торнвалъд, Тойнби деген ғалымдар: «Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді»
Һіір://Ьі1іш-а11.к2/аг1іс1е/2326-Ко8һре1і1ег-Ко8һре1і-доааш
Көшпелі өркениеттің әлемдік тарихқа әсері
1.
2.
3
Әлемдік үдерістердің көшпелілер өркениетіне әсері__________________________________________
Т
2.
_3^__________________________________________________________________________________________
[6]
4. Орталық Азия халықтарының мәдени жетістіктерін көрсетіп, кестені толтырыңыз.
/■ \ _
Тац калдырганы >—————
Есте цалатыны
Резонансты >
(әсері)
Айкындайт >
ыны
\
Мәндйіігі

[5]
5. «Көшпенділер өркениетінің адамзат тарихындағы маңызы» тақырыбына 4 дәлел келтіріп, қорытынды ой түйін жасаңыз.
[5]
9
Балл қою кестесі
Тапсы рма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Көшпелілер өркениетініц қалыптасуына әсер еткен жагдайлар — Ауа райындағы өзгерістер. Себебі қуаңшылықтың әсерінен егін шаруашылығымен айналысу тиімсіз болды. 1 Білім алушының мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылдана ды
Көшпелілер өркениетініц қалыптасуына әсер еткен жагдайлар — Мал санының көбеюіне байланысты адамдар бірте-бірте көшпелі мал шаруашылығына көшті. 1
Ғалымдардыц пікірі бойынша көшпелілер өркениетіне қатысты көзқарастарын талдау (жағымды) — Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін Геродот және кейбір антик тарихшылар, философтар, орта ғасыр ойшылдары былай сипаттайды: «Көшпелілер табиғаттың төл баласы сияқты өмірі таза, қулық-сұмдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді». 1
Ғалымдардыц пікірі бойынша көшпелілер өркениетіне қатысты көзқарастарын талдау (жагымды) — Л.Н.Гумилев: «Көшпелілер түріктер мен моңғолдар өздерінің еліне және елі арқылы өтетін Еуропа елшілерінің қауіпсіздігін сақтап, дипломатиялық қолсұқпаушылықты енгізген нақ осы монғолдардың жорығы болды». 1
Ғалымдардыц пікірі бойынша көшпелілер өркениетіне қатысты көзқарастарын талдау (жагымсыз) — Ратцелъ, Гумплович, Торнвалъд, Тойнби сынды ғалымдар: «Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді» деген тұжырымдар айтты. Бұл арқылы көшпелілерді соғысқұмар ретінде бейнелейді. 1
Ғалымдардыц пікірі бойынша көшпелілер өркениетіне қатысты көзқарастарын талдау (жагымсыз) — қазіргі көптеген зерттеушілер көшпелілер қоғамы бір орында тоқырап, өз бетінше дами алмайтын, отырықшы мәдениеттің әсерінсіз өркениет жасай алмайтын, болашағы жоқ қоғам деп баға береді. 1
Көшпенділер мәдениетінің қаншама заман өтсе де сол баяғы бәз қалпында біздің уақытымызға дейін жетіп қана қоймай, дәстүрдің, тәрбиенің, көшпелілікке қатысты салт-сананың сақталуы әркімді де таң қалдырмай қоймайды. Жылдың төрт мезгілінде көшіп-қонып жер танып, әлем танып, өзіндік ғылыми көзқарастарын негіздегендіктен «көшпелілер өркениеті» деп аталған дұрыс деп ойлаймын/ Атқа отырған көшпенді өз жерінде емін-еркін қалаған жағына қарай қозғалған. Қазақ көшпенділері жолында ұнаған жерлерге белгі қойып, бәйтерек отырғызып, дың тұрғызып (моңғолдар оба тұрғызған), қала салған. Сөйтіп, көшпенділер өркениетін қалалық мәдениетпен біріктірген. Осы орайда көшпелілер тарихына үңілсек, тек қана мал шаруашылығы ғана емес, сонымен қатар егіншілікпен, қолөнермен және сауда-саттықпен айналысқан сан бағытты өркениет болып табылады. Сондықтан «дала өркениеті» деп атаған дұрыс. 1 Кез-келген таңдау бойынша жазылған дұрыс жауап қабылдана ды
10
2 1-ақиқат 1
2-ақиқат 1
3-жалған 1
4-ақиқат 1
5-жалған 1
6-жалған 1
7-ақиқат 1
3 Көшпелі өркениеттіц әлемдік тарихқа әсері: 1. Көшпелілер өркениеті ең алғаш малды қолға үйретті. Мал шаруашылығының қыр-сырын жетік меңгерді. 1 Білім алушының мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылдана ды
Көшпелі өркениеттіц әлемдік тарихқа әсері: 2. Көшпелілер өркениетінің материалдық мәдениет саласындағы жетістіктері әлем тарихына өлшеусіз үлес қосты. Мысалы: садақ пен жебе, киіз үй, ат әбзелдері. 1
Көшпелі өркениеттіц әлемдік тарихқа әсері: 3. Көшпелілер өркениеті Ұлы Жібек жолы бойында орналасқандықтан, батыстың және шығыстың саудагерлері «дала заңына» бағынуларына тура келді. 1
Әлемдік үдерістердіц көшпелілер өркениетіне әсері: 1. Ұлы Жібек жолы қазақ жеріндегі рухани және материалдық өміріне үлкен өзгерістер әкелді. Соның ішінде шаруашылық саласындағы үлкен өзгеріс отырықшы шаруашылықтың дамуы болып табылды. 1
Әлемдік үдерістердіц көшпелілер өркениетіне әсері: 2. Қазақ жеріне әртүрлі діни наным-сенімдер ене бастады. Мысалы: буддизм, индуизм діндері. 1
Әлемдік үдерістердіц көшпелілер өркениетіне әсері: 3. Теңіз жолының ашылып, Ұлы Жібек жолының маңызы төмендеуі, көшпелілердің экономикалық жағдайына кері әсер етті. 1
4 Тац цалдырганы: Көшпелілер табиғатпен тығыз байланыста болды. Мысалы, ай мен күнге қарап уақытты білсе, жан-жануардың іс-әрекетінен келер күннің ауа райын болжай алған. 1 мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауаптар қабылдана ды
Есте қалатыны: Көшпелілер өркениеті ұзақ уақытқа созылған. Жүздеген ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар бүгінгі күнге жетіп, оның маңызы артуда. 1
Резонансты Қазақ ұнаған жерлерге белгі қойып, бәйтерек отырғызып, дың тұрғызып қала салған. Осы кезде салынған мазарлар бүгінгі күнде ұлтымыздың рухани орталықтары болуда. Мысалы: Алаша хан, Қожа Ахмет Яссауи кесенелері. 1
Айқындайтын: Орталық Азия аймағында сан ғасырлар бойы көршілес өмір сүріп, ортақ мәдени дәстүрлері қалыптасқан туысқан халықтардың шаруашылық түрлері, мәдениеті негізінен ұқсас, ортақ. 1
Мәнділігі: Археологиялық ескерткіштерді зерттей келе, әртүрлі мәдениет дәстүрлерінің қарым-қатынас үдерістерін көруге болады. 1
5 Көшпелі халықтардың мәдениеті отырықшы елдердің мәдениетін жалғастырушы, Шығыс пен Батысты түйістіруші рөлді атқарды. Көшпелі қоғамның негізгі өмір сүру салты 5 мазмұнға сәйкес келетін кез-келген
11
динамикада болғандықтан, олардың басқа мәдениеттерден оқшауланып қалмауына, үнемі жетілуіне де әсері тиіп отырды. Олардың тіршілігінің мәні — уақыт пен кеңістіктің тылсым сырын қапысыз игеру, төрт түліктің бабын экожүйемен мінсіз үйлестіре білу, көшпелілердің өз тіршілігіне сай келетін материалдық және рухани игіліктер қалыптастыруы, түптеп келгенде, олардың төлтума мәдениетін орнығуына ықпал жасады. Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін келесідей топтастыруға болады: көшпелілер кеңістікті еркін бағдарлады; көшіп-қону арқылы әртүрлі табиғат зоналарына бейімделіп, шаруашылықты дамытты; Ұлы Жібек жолы арқылы бір жағынан Батыс пен Шығыстың экономикасын дамытуға үлес қосса, екінші жағынан саяси байланыстарды дәнекерлеуші болды; қазақтардың арғы тектері әлемдік өркениеттіліктің шалбар, алдаспан, киіз үй, күйме, металл өңдеу, зергерлік, ұсталық сияқты кәсіптерді алғашқы болып енгізді. Қорытынды ой Осы ақпараттардың негізінде көшпелілер әлемдік өркениеттер арасында өзара сұхбатты дамытып, біртұтас бүгінгі қоғамды құруда маңызды орын алғандығын көреміз. жауаптар қабылдана ды
Барлығы 30
12
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты — 40 минут Балл саны — 30 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ- көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ- қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ -толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.
13
ІІ тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін оқу мақсаты Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма саны Тапсырм а № Тапсырма түрі Орындауғ а берілетін уақыт Балл Бөлім бойынша жалпы балл
Этника лық және әлеумет тік процес тер 10.2.1.2 Этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдерін айқындау Қолдану 1 1 ҚЖ 10 8 30
10.2.2.2 Тарихи кезеңдерді талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 2 ТЖ 8 6
10.2.2.8 Туған жердің мәдениеті, салт дәстүрінің маңызына баға беруде «мәдени-генетикалық код» ұғымын қолдану Жоғары деңгей дағдылары 2 3-4 ТЖ 14 10
10.2.2.6 Қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін «ақсүйек», «қарасүйек», «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдарын пайдалану Қолдану 1 5 ҚЖ 8 6
Барлығы 5 — 40 30 30
Ескерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
14
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгілері «Қазақстан тарихы» пәні бойынша ІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау
тапсырмалары
1. Мәтінді қолдана отырып, әр кезеңде қазақ жерінде ру-тайпалық жүйенің қалыптасуына дәлелдер келтіріңіз.
Б.з.б. І ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалар Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, Қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші отырды. Ғұндардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. ІІ ғ. 1-жартысында орын алды. Ғұндардың біріктіруші рөлінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты.
VI ғасырда Қазақстан жері Түркі қағанаты құрамына енді. Осы қағанаттар құрамында 30-дан астам түркі тілдес ру-тайпалар болды. Үйсіндер мен қаңлылар оларға сіңісіп кеткен. Мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи рөлі күшті болды. Оның біріншісі Қыпшақ хандығы. Екіншісі Қарахан феодалдық мемлекеті. Шығыстан монғол тектес көшпелі халықтар жасаған шапқыншылық оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалыптасқан этникалық жайына соншалықты өзгеріс жасаған жоқ.
Алтай жақтан ығысқан наймандар мен керейлер Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына елеулі әсерін тигізді. Осы бір сапырылыс кезінде шығыстан қидандардың (қарақытайлықтардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлайды. XIII ғ. басында Қарахан мемлекеті қайта көтеріліп келе жатқанда монғол шапқыншылығы басталды. Сондай-ақ орталық, солтүстік, шығыс, батыс Қазақстан жеріндегі Қыпшақ мемлекеті де сондай жағдайға душар болды. Сөйтіп, халық болып қалыптасу процесі 1,5 ғасырға дейін кешікті. Монғол шапқыншылығы салдарынан тұтас Ұлыстар орнағанмен, Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы байланыстар бұзылды.
Алайда, Қазақстан жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап, Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Атақты «92 баулы қыпшақ» атты шежіреде көрсетілген бұл ру-тайпалардың барлығы кейіннен қазақтардың құрамына кірді. ^Г^-Х^ ғғ. феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында болып жатқан түрлі соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары этникалық жағынан біртұтастықа ұмтылды. Нәтижесінде үш этникалық-шаруашылық топқа бөлініп, үш жүз пайда болды.
ҺИр5://е-ҺІ5Іогу.к2/к2/сопІепІ5/үіе^/411
Ежелгі дәуір Ерте орта гасырлар Дамыган орта Кейінгі орта
ғасырлар ғасырлар
1 1 1 1
2 2 2
2
[8]
2. Қазақстан жеріндегі этникалық үдерістің қалыптасуын талдап, ой түйін жазыңыз.
Қазақ даласындағы этникалық үдерістердің Қазақ даласындағы этникалық
қалыптасуына әсер еткен жағымды жағдайлар үдерістердің қалыптасуына әсер еткен
жағымсыз жағдайлар
1. 1.
2 2.
15
Қазақстан аумағындағы этногенездік үдерістердің ерекшелігі туралы қорытынды ой түйін жазыңыз:
[6:
3. Берілген ұғымдардың қай бағанға сәйкес екендігін ажыратыңыз.
Мәдени код Ұгымдар Генетикалық код
Салт-дәстүр
Шежіре
Жеті ата Материалдық
құндылықтар
[4]
4. «Ұлттық құндылықтарды асқақтатуда мәдени және генетикалық кодты сақтаудың маңызы» тақырыбында ой жазыңыз, маңызына баға беруде кілт сөздерді қолданыңыз.
Кілт сөздер: ұлттық құндылықтар, туган жер, ұлттық код, тектілік.
[6]
5. «Хан», «қарасүйек», «сұлтан», «би» ұғымдарын әлеуметтік стратификация бойынша орналастырыңыз.
1
[4]
«Ақсүйек», «қарасүйек», «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдарын пайдалана отырып, қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерін анықтаңыз.
1.
2.
[2]
2
3
4
16
Балл қою кестесі
Тапс ырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
Ежелгі: 1. Қазақ даласында өмір сүрген сақ, ғұн, сармат, үйсін сияқты тайпалық бірлестіктер қазақ ұлтының этникалық қалыптасуының негізін салды. 2. Ғалымдардың пікіріне сүйенетін болсақ, үйсін тайпасы мен бүгінгі қазақ ұлтының арасында этногенетикалық байланыс пен шаруашылық, мәдени ұқсастықтарды атап өткен. 2 Білім алушының мазмұнға сәйкес келетін кез келген
Ерте орта гасырдагы: 1. Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары ерте орта ғасырларда ұлт болып қалыптасуға дайын болды. 2. Алтайдан Еділге дейін алып жатқан территорияны парсы ақыны, саяхатшы Насир Хосроу «Қыпшақ даласы» деп атағаны. 2 жауабы қабылдана ды
1 Дамыған орта ғасырларда: 1. ХІІІ ғасырда қазақ жеріне моңғолдар шабуыл жасап, рулық-тайпалық бірігу процесіне үлкен соққы берді. 2. Қазақ жеріне қоныстанған маңғыт, барлас сияқты моңғол тайпалары ассимиляцияға ұшырап, түркіленді. 2
Кейінгі орта ғасырларда: 1. Қоғамда ақсүйек әлеуметтік тобының құрамына кірген моңғол ұрпақтары бірнеше мемлекеттерге бөлініп, жеке дара билікке ұмтылды. 2. Көшпелі өзбектер мен моңғол мемлекеттерінің арасындағы қақтығысты өз мүддесіне пайдаланған қазақ сұлтандары Керей мен Жәнібек XV ғасырда қазақ тайпаларының басын біріктіріп, Қазақ хандығын құрды. 2
Қазақ даласындағы этникалық үдерістердің қалыптасуына әсер еткен жағымды жағдайлар: 1. Қазіргі қазақ даласындағы барлық ру-тайпалардың антропологиялық, мәдени этникалық ұқсастықтары күшейді. 2. Түркілерді жаулаған Моңғол империясының тайпалары түркіленіп, жергілікті халықпен сіңісіп кетті. 2 Білім алушының мазмұнға сәйкес келетін кез келген
2 Қазақ даласындағы этникалық үдерістердің қалыптасуына әсер еткен жағымсыз жағдайлар: 1. Моңғол империясының жаулау саясатының нәтижесінде қазақ халқының қалыптасу үдерісі 1,5 ғасырға кешеуілдеді. 2. Қазақ даласына келіп қоныстанған ру-тайпалардың антропологиялық тұрғыдан әртүрлі болды. 2 жауабы қабылдана ды
Қазақстан аумағындағы этногенездік үдерістердің ерекшелігі туралы қорытынды ой түйін жазыңыз:
Сақ, ғұн үйсін тайпаларынан бастау алады. Жергілікті тайпалардың бірін-бірі жаулап, өз мемлекеттерін құруы этникалық процестерді үзген жоқ. Тек моңғол империясының жаулап алу жорықтары ұлт болып қалыптасу жолында үлкен кедергі болды. Дегенмен қазақ жеріне қоныстанған моңғол тайпалары жергілікті халықпен ассимиляцияға ұшырап, түркілену процесі жүрді. 2
17
3 Мәдени: Салт-дәстүр, Материалдық құндылықтар. 2
Генетикалық Шежіре, Жеті ата. 2
4 Жаһандану дәуірінде әр ұлттың өз құндылығын сақтау мәселесі өте маңызды. Себебі, қоғамда кейбір ұлттар ассимиляцияға ұшырап, өзінің мәдени құндылығын жоғалтып, тілінен айырылып жатқан жағдайлар көп кездесуде. Осы мәселені қазақ қоғамында да алдын алып, ертеңгі ел болашағы болар жас ұрпақ бойына қазақстандық патриотизмді сіңіру маңызды. Әр балаға отбасылық құндылықты, ұлттық құндылық пен руханилықты сіңіру арқылы ұлттық кодтың мәдени саласын жан-жақты қалыптастырып, сіңіреміз. Жеті атасын жетік біліп, шежіресін жан-жақты таратқан текті ұрпақ ұлтымыздың тарихының тереңіне үңілетіні анық. Қазақтың ұлан-ғайыр даласы жүзден астам ұлттың Отанына айналып, бүгінде бейбітшілікте бір тудың астында өмір сүруде. Қазақстанды Отаным деген әр ұлттың басын біріктіретін құндылық ол туған жерге, Отанға деген зор сүйіспеншілік болып табылады. 6 Білім алушының мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылдана ды
хан 1
сұлтан 1
би 1
қарасүйек 1
5 1. Ақсүйектер қатарынан шыққан Шыңғыс хан тұқымы қазақ қоғамында хан, сұлтан қызметін атқарды. Ал қожалар ислам дінін таратушылар ретінде қоғамда ерекше орын алды. 2. Қарасүйектер мемлекеттің негізгі тобы болып табылады. Көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы шаруашылықты дөңгелетуші шаруалар осы қарасүйектер қатарынан шықты. Сонымен қатар қол бастаған батырлар мен сөз бастаған билер де қарасүйектерден шығып отырған. 2 Білім алушының мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылдана ды
Барлығы 30
18
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты — 40 минут Балл саны — 30 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ- көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ- қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ -толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады.
19
III тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін оқу мақсаты Ойлау дағдылары ның деңгейі Тапсыр ма саны Тапсыр ма № Тапсырм а түрі Орындауға берілетін уақыт Балл Бөлім бойынша жалпы балл
10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру Қолдану 2 1-2 ҚЖ 14 11
Мемлекет, соғыс және 10.3.3.2 Қазақ хандығының құрылуын Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесі ретінде тұжырымдау Жоғары деңгей дағдылары 1 3 ТЖ 8 6 30
революциялар тарихынан 10.3.4.5 Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктері мен қайшылықтарын талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 4 ТЖ 10 8
10.3.2.3 Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түркі империясының рөлін бағалау Жоғары деңгей дағдылары 1 5 ТЖ 8 5
Барлығы 5 — 40 30 30
20
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгілері Қазақстан тарихы бойынша ІІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Ортағасырлық мемлекеттер бойынша берілген кестені толтырыңыз.
Ерте ортагасырлъщ мемлекеттер Хронологиясы Өзара байланыстары
Түрік қағанаты
Батыс түрік қағанаты
Түргештер
Қыпшақ хандығы
[5]
2. Ерте ортағасырлардағы мемлекеттер мен қазіргі қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы өзара сабақтастықты анықтаңыз.
Ерте орта ғасырда Қазіргі уакытта
саудд
[6]
3. Деректі және өз біліміңізді қолдана отырып, Қазақ хандығының құрылуы туралы пікіріңізді тұжырымдаңыз.
Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек пен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбасы аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбек-қазақтар деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465—1466) билей бастады…»
ҺЦр5://е-ҺІ5Іогу.к2/к2/соп1епІ5/үіе^/507
Қазақ хандығының құрылуының екі алғышартын атап көрсетіңіз.
1.
2.
Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен екі маңызды оқиғаны жазыңыз.
21
1.
2.
Қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі олардың алға қойған тарихи міндеттерін көрсетіңіз. 1.
2.
[6]
4. Кеңестік биліктің Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсерін 8^ӨТ негізінде талдаңыз.
Кеңестік биліктің Қазақстанның қогамдық-саяси өміріне әсерінің күшті жақтары Кеңестік биліктің Қазақстанның цогамдыц-саяси өміріне әсерінің әлсіз жақтары
1. 1.
2. 2.
Кеңестік биліктің Қазақстанның Кеңестік биліктің Қазақстанның цогамдыц-
қогамдъщ-саяси өміріне берген мүмкіндіктері саяси өмірі үшін цауіп-цатерлері
1. 2. 1. 2.
[8]
5. «Түрік қағанаты — бүгінгі түркі әлемінің бастауы» тақырыбында эссе жазыңыз, бүгінгі күнмен байланыстырыңыз.
Критерийлер:
Эссе тақырыбыныц толық ашылуы 2 нақты дәлел келтіруі Бүгінгі күнмен байланыстыру ■^ Қорытынды ой түйін жасауы
[5]
22
Балл қою кестесі
Тапсыр ма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Түрік қағанаты- 552-603 жж. 1
Батыс түрік қағанаты — 603-704 жж. 1
Түргештер — 704-756 жж. 1
Қыпшақ хандығы — ІХғ -1219 ж. 1
Өзара байланыстары — берілген мемлекеттердің барлығы Түрік мемлекетінің құрамында болған тайпалардың құрған мемлекеттері болып табылады. 1 Білім алушыларды ң мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылданад ы
2 6
Ерте ортағасырлық мемлекеттер өз дәуірінде Ұлы Жібек жолының негізгі бөлігін бақылауда ұстаған саудада Бүгінгі күнде Батыс Еуропа және Батыс Қытай жолының негізгі бөлігі Қазақстан жері арқылы өтеді
Түркі дәуірінде, яғни 751 жылы Атлах шайқасынан кейін түркі халқына ислам діні ене бастады мәдениетте Бүгінде қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы ислам дінімен байланысты
Түрік қағанатының халқы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты шаруашыл ықта Қазақ халқының тарихына көз жүгіртер болсақ негізінен мал шаруашылығым ен айналысқан. Бүгінде ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасыны ң негізі

3 Қазақ хандыгыныц құрылуыныц екі алгышартын жазыцыз: 1. Этникалық тұрғыда қазақ хандығының құрамына кірген тайпалардың барлығы түркі тілдес немесе түркіленген тайпалар 2. Әбілқайыр ханның жүргізген үздіксіз соғыстары 2 Білім алушыларды ң мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылданад ы
Қазақ хандығыныц құрылуына әсер еткен екі мацызды оқиғаны көрсетіціз: 1. 1462 жылы Моғолстан ханы Есен бұғаның қайтыс болып, билік үшін ішкі талас тартыстың басталуы 2
23
2. 1457-1458 жылдары қазақ сұлтандары Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр хандығынан бөлініп, Моғолстанға көшуі
Қазақ хандыгы қүрылганнан кейінгі олардың алдына қойган тарихи міндеттері: 1. Көшпелі шаруашылықтың мал жайылымдарын пайдалануда Дешті Қыпшақ даласындағы бұрыннан қалыптасқан тәртіпті қалпына келтіруі 2. Керуен жолының үстіндегі Түркістан өлкесінің қалалары Сығанақ, Сауран, Созақ, Отырар, Йасы секілді стратегиялық маңызға ие үлкен қалаларды Қазақ хандығына қаратуы 2
4 Кеңестік биліктің Қазақстанның қогамдық-саяси өмірге әсерінің күшті жагы: 1. Қазақ даласында жаңа саяси-социалистік жүйе қалыптасты. Осыған орай қазақ халқының саяси белсенділігі байқалды. Мысалы, Алаш партиясы, Үш жүз партиясы 2. Қазақ халқы ескі феодалдық тәртіптен арылып, жаңа жүйеге өтті 2 Білім алушыларды ң мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылданад ы
Кеңестік биліктің Қазақстанның қогамдық-саяси өміріне әсерінің әлсіз жагы: 1. Қазақ халқында ежелден келе жатқан рулық жүйені жоя алмауы 2. Бюрократияның қалыптасуы 2
Кеңестік биліктің Қазақстанның қогамдық-саяси өміріне ықпал еткен мүмкіндігі: 1. Батыс елдерімен саяси-экономикалық байланыс орнатуға мүмкіндігінің тууы 2. Геосаяси орналасуына байланысты Еуразия құрлығындағы халықаралық қатынастардың орталығына айналуға мүмкіндігінің болуы 2
Кеңестік биліктің Қазақстанның қогамдық-саяси өмірі үшін қауіп-қатері: 1. Қазақ ұлтына қатысты геноцидтік саясат ұстануы 2. Қазақ халқының ұлттық мүддесінің шектелуі 2
5 VI ғасырда құрылған Түрік қағанаты Еуразия құрлығында ұлан-ғайыр жер көлемін алып жатты. Көрші мемлекеттердің бірімен тату-тәтті өмір сүрсе, енді бірімен соғыс жүргізіп, үнемі өз жер аумағын үлкейтуге назар аударды. Батыс пен шығысты байланыстырған Ұлы Жібек жолының негізгі бөлігіне иелік еткендіктен экономикалық мүмкіндіктері де зор болды. Үлкен аумақты иелігінде ұстап, сырттан төнген қауіптің бетін қайтаруға күші де, қайраты да жетті. Тіпті әлемді өзіне қаратпақ болған Шыңғыс ханның ықпалымен көшіп келген моңғол тайпалары жергілікті халықпен сіңісіп түркіленген болатын. 5 Білім алушыларды ң мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылданад ы
24
Жүздеген жылдар бойы сыртқы және ішкі күштерге төтеп беріп, кең қанат жайған түрік тайпалары құрлықтың көп бөлігінде орналасты. Салты мен мәдениеті, діні мен тілі ұқсас келетін Түркіменстан, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан сияқты мемлекеттер осы түрік тайпалары құрған мемлекеттер болып табылады. Бүгінгі күнде түркі мемлекеттер өзара достық қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастықта өмір сүруде.
Барлығы 30
25
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ IV тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты — 40 минут Балл саны — 30
Тапсырмалар түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады
26
ІУтоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін оқу мақсаты Ойлау дағдыларын ың деңгейі Тапсырма саны Тапсырм а № Тапсырма түрі Орындауға берілетін уақыт Балл Бөлім бойынш а жалпы балл
10.4.1.3 Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын анықтау үшін «әдет-ғұрып» «рәсім», «салт-дәстүр», «діл (менталитет)» ұғымдарын пайдалану Қолдану 1 1 ҚЖ 7 5
Мәдениеттің 10.4.1.5 Дала өркениетінің белгілі тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттеу Жоғары деңгей дағдылары 1 2 ТЖ 10 7 30
дамуы 10.4.2.2 Кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай отырып, жетістіктер мен қайшылықтарды талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 3 ТЖ 9 6
10.4.3.2 Халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесін түсіндіру Қолдану 2 4-5 ҚЖ 14 12
Барлығы 5 — 40 30 30
27
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгілері «Қазақстан тарихы» пәні бойынша IV тоқсанға арналған жиынтық бағалау
тапсырмалары
1. Берілген терминдердің анықтамасын жазыңыз, соның негізінде қазақ халқының дүниетанымының ерекшелігін анықтаңыз.
№ терминдер сипаттамасы
1 Әдет-ғұрып
2 Салт-дәстүр
3 Рәсім
4 Діл
Қазақ халқының дүниетанымының ерекшелігі
[5]
2. Суреттерді қолданып, «Қазақ даласында орналасқан тарихи ескерткіштердің рухани өмірдегі маңызы» тақырыбында ойыңызды білдіріңіз.
Архитектуралық ескерткіштердің атауын атап, қай өңірде орналасқанын жазыңыз.
Берілген архитектуралық ескерткіштердің құндылығын жазыңыз.
Жаһандану дәуірінде тарихи архитектуралық ескерткіштерді сақтап қалудың маңызын жазыңыз.
[7]
3. Кеңестік билік жүйесінің қазақ мәдениетіне әсерін талдап, ой түйін жазыңыз
Кеңестік дәуірдің мәдени салага жагымды Кеңестік дәуірдің мәдени салаға жағымсыз
әсері әсері
1. 1.
2. 2.
Ой түйін
28
1
2
[6]
4. ЮНЕСКО-ның негізгі қызметін сипаттап, Қазақстан Республикасының мәдениетіне ықпалын атап көрсетіңіз.
[1]
Қазақстан Республикасы мен ЮНЕСКО-ның мәдениет саласындағы ынтымақтастығына дәлел келтіріңіз.
ЮНЕСКО аталып мерейтойлар көлемінде өткен ЮНЕСКО-ныц Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген ескерткіштер ЮНЕСКО-ныц материалдық емес мәдени мұрасына енген құндылықтар
1. 1. 1.
2 2 2
[6]
Ұйымға кірудің Қазақстан үшін маңызы.
[1]
5. Әлемдік кеңістікке кірудің қазақстандық мәдениетке әсерін төмендегі салалар бойынша түсіндіріңіз.
Кинематография
Театр
Музыка
Бейнелеу
[4]
29
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап
Балл
Қосымша
ақпарат
№ Терминд ер сипаттамасы
1 Әдет- ғұрып Белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжылмас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы
2 Салт- дәстүр Әр халықтың мінез-құлқына, ой-өрісіне, ұлтқа тән қасиеттерін танытады
3 Рәсім Символдық мән мағынадағы әлдеқандай оқиғаларды немесе күндерді мерекелеуге арналған әрекеттердің дәйектілігі
4 Діл Ойлаудың үлгісі, этностың, әлеуметтік топтың, индивидтің жалпы рухани мінез — құлқы
Қазақ халқының дүниетанымының ерекшелігі — түбі терең қазақ ұлтының тұрмыс-салты, туыстық қатынастары, басқару жүйесі ежелгі дәуірден бүгінгі күнге салт-дәстүр, әдет-ғұрып болып жетіп отыр._
Білім
алушылард
ың
мазмұнға
сәйкес
келетін кез
келген
жауабы
қабылдана
ды
Қазақ даласының қай аймағы болмасын тарихи орындарға өте бай. Ерте кездегі қазақ халқының рухани және материалдық мәдениетінен мол ақпарат береді. Оның ішінде орта ғасырлардағы қазақ даласында өмір сүрген халықтардың діні, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы туралы жан-жақты ақпарат береді.
Білім
алушылард
ың
мазмұнға
сәйкес
келетін кез
келген
жауабы
қабылдана
ды
4
1
1
2
1
30
Түркістан аймағы. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
Маңғыстау өңірі. Бекет ата жерасты мешіті
Тараз өңірі. Айша бибі кесенесі
Ұлытау өңірі. Алаша хан кесенесі
Берілген архитектуралық ескерткіштердің салыну тарихы мен оның ішіндегі әртүрлі жазбалар, табылған жәдігерлер сол қоғамдағы болған оқиғалардан жан-жақты ақпарат береді. Қожа Ахмет Яссауи ислам дінінің бір бағыты сопылық ілімді таратушы, «Диуани Хикмет» еңбегінің авторы. _____________________________
Бүгінгі жылдам қарқынмен дамыған қоғамда ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызы зор. Еліміздің аумағындағы киелі мекендерді ұлт жадында сақтап, өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды сақтаудың және оны насихаттаудың жаһандану қоғамындағы орны қашанда ерекше болмақ.
Білім
алушылард
ың
мазмұнға
сәйкес
келетін кез
келген
жауабы
қабылдана
ды
Кеңестік дәуірдің мәдени салага жагымды әсері
1. Білім беру жүйесінің қолға алынуы. Мысалы, 1946 жылғы Қазақ КСР Ғылым Академиясының ашылуы және 1984 жылғы 6 жастан бастап білім беру реформасы.
2. Мәдениеттің әр саласының дамуы. Мысалы, 1938 жылы қазақтың тұңғыш дыбысты «Амангелді» фильмінің түсірілуі._________________________________
Кеңестік дәуірдің мәдени салаға жағымсыз әсері
1.Ұлттық мерекелерді атап өтуге тыйым салынуы. Мысалы, Кеңес үкіметінің кезінде қазақ халқына ұлттық және діни мерекелерді атап өтуге тыйым салынды. Бұл өз кезегінде ұлттың рухани өміріне үлкен кері әсерін тигізді.
2. Қазақтың зиялы қауымының қуғындалуы. Кеңес билігі қазақ халқының тарихын зерттеуге мүлдем тыйым салды. Қазақ халқының рухын асқақтатып,
Білім
алушылард
ың
мазмұнға
сәйкес
келетін кез
келген
жауабы
қабылдана
ды
4
1
1
2
3
2
31
тарихынан хабар беретін еңбектерді жарыққа шығаруға тыйым салды.
Ой түйін Кеңес үкіметі жүргізген кез келген саясат қазақ ұлтын айналып өтпей, үнемі рухани өміріне үлкен соққы әкеліп отырды. Мысалы, 1929-1932 жылдардағы ашаршылық 2,1 миллион адамның өмірін жалмаса, 1,2 миллион адамды жан сауғалап, өзге мемелекет территоиясынан пана іздеуге мәжбүрледі. Кеңес үкіметі қазақ халқының білім және ғылым саласына өлшеусіз үлес қосты. Сол кезде алдыңғы қатарлы дамыған Еуропаның білім мен ғылым саласындағы жетістіктері қазақ жеріне енгізіле бастады. Мысалы, 1961 жылы ғарышқа сапар шеккен алғашқы адам қазақ жерінен, Байқоңырдан ұшқанын білеміз. 2
4 Ұйымныц негізгі қызметі Ұйымның негізгі қызметі — білім, ғылым және мәдениет салаларында халықтардың ынтымақтастығын нәсіл, жыныс, тіл және дін айырмашылықтарын есепке алмай кеңейту болып табылады. 1 Білім алушылард ың мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылдана ды
ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілген мерейтойлар: 1. А.Құнанбаевтың 150 жылдығы 2. Тараз қаласының 2000 жылдығы 2
ЮНЕСКО-ныц Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген ескерткіштер: 1. Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі (2003 ж.) 2. Тамғалы археологиялық ландшафт петроглифтері (2004 ж.) 2
ЮНЕСКО-ныц материалдық емес мәдени мұрасына енген құндылықтар: 1. Көпұлттық (12 ел) өтінім бойынша «Наурыз» мерекесі (2016ж). 2. Қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату» ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілді (2017ж). 2
¥йымга кірудіц Қазақстан үшін мацызы — тарихи орындарға өте бай, рухани жан-дүниесі салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен астасқан қазақ ұлтын әлемге танытуы, сонымен қатар халықаралық деңгейде қорғауға мүмкіндік беруі. Сондықтан әлем бойынша салмағы басым бұл ұйымға еліміздің кіруі өте маңызды. 1
5 Қазақстандық киноматографияны әлемдік деңгейге көтеру мақсатында жыл сайын «Аішаіу йіт Ғезйуаі» атты әлемдік кино жұлдыздарының қатысуымен фестиваль өткізеді. 1
Театр өнері саласында қазақстандық өнер орталықтарында әлемдік деңгейдегі қойылымдар қойылып, еліміздің театрлар орталықтары әлемдік гастрольдерге шығып, әлемдік деңгейде қазақстандық мәдениеттің ерекшеліктерін көрсетеді. 1
32
Халықаралық деңгейдегі ән сайыстарында Қазақстанның атын шығарған Димаш Құдайберген мен Жанар Дұғалова сынды әншілерді атап өтуге болады. Сонымен қатар әлемдік музыка жанрлары отандық ән өнерінде өзіндік өзгерістер әкеліп жатқанын айтып өтуге болады. 1
Қазақ бейнелеу өнерініц дамуына А.Ғалымбаева, Г.Ысмайылова, Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Ә.Жүсіпов, С.Романов, А.М. Степанов, К.Шаяхметов, Ү.Әжиев, т.б. суретшілердің тақырыптық картиналары үлкен үлес қосты. 1
Барлығы 30
33

1 Reply to “СОЧ ТЖБ «Қазақстан тарихы» 10-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт, қогамдық-гуманитарлық бағыт) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы”

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *