География 9 сынып ҚМЖ Обновленка Жаңа бағдарлама Қысқа мерзім жоспары КМЖ

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 9 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақтың тақырыбы: Жерді қашықтықтан зерделеу әдістері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) 9.2.2 1 Жерді қашықтықтан зерделеудің әдістерін сипаттап маңыздылығы мен ерекшеліктері түсіндіреді.

Сабақ мақсаттары:
Жерді қашықтықтан әдісін маңыздылықтарын ерекшеліктерін түсінеді.
Қашықтықтан зерделеудің негізгі нысандарын анықтап талдайды.
Жердің қашықтықтан зерттеу құрылғыларын негізгі қызметінің даму кезеңдері бойынша ерекшеліктерін зерделейді.
Бағалау критерииі:
Қашықтықтан зерделеудің нысандарын анықтады.
Жердің қашықтықтан зерттеу құрылғыларын негізгі қызметінің ерекшеліктерін зерделейтін болады.
Ойлау дағдыларының деңгейі Түсіну, Қолдану,Талдау.
Тілдік мақсат:
Оқылым:мәтінді оқи отырып географиялық зерттеу әдістері туралы мәлімет алады.
Тыңдалым:топтық жұмыс,барысында оқушылар пікірін тыңдайды,пікір алмаса алады.
Жазылым: картамен жұмыс жасауға бағыттау.
Оқытудың тілдік мақсаты. Оқушылар:
Сабақ барысында қолданылатын сөздермен жұмыс жасау
Өз идеяларын плакаттағы схема түрінде көрсете алады. Кейін оқушылар басқа плакаттармен жұмыс істеп, өз пікірлерін айтып және өз идеяларын дамыта отырып, басқаларының идеяларын толықтырады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Ғылым
Ғылым функциялары
Зерттеу жоспары
Гипотеза
Тәжірибе
Зерттеу мәселесі
Деректерді талдау
Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы тіркестері:
Менің зерттеуімнің кезеңдері … болады деп ойлаймын.
Бұлай айтуға … негіз болды.
Бұл … түсіндіріледі.
Менің түсіндіруім …
Құндылықтарға баулу:
« Мәңгілік ел» құрмет ынтымақтастық жауапкершілік өз елінің табиғатының қастерлеу өмір бойы білім алу.
Пәнаралық байланыс: Биология, тарих ,жаратылыстану
Алдыңғы білім: 9.2.1.2 Географиялық номенклатура нысандарын көрсету тәсілдері.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған жаттылулар түрлері Ресурстар

Сабақтың басы
7 минут
«Екі жұлдыз, бір тілек» тренингін жасау арқылы оқушылардың жақсы көңіл – күйлерін, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Барлығын ортаға шығып шеңбер құрады. Мен және оқушылар бір – бірімізге допты лақтыру арқылы өз ұсыныстарымыз бен тілектерімізді білдіргізу
Оқушылардың мұндағы мақсаты жақсы тілектер арқылы өз топтарын тауып, топ болып құралу.
Үй тапсырмасын тексеру Оқушыларға сұрақтар беріледі:
Миға шабуыл әдісі арқылы сұрақ жауап орындалады
. 1 Шартты белгілерді неге географиялық картаның тілі деп атайды?
2 Картографиялық тәсіл деген термин нені білдіреді?
3 Картаға түсіру тісілдері қандай белгілер бойынша топтарға бөлінеді
Қызығушылықты ояту:
Тақтада әріптер тұрады, оқушы бір әріпті таңдап, соған климатқа байланысты сөйлемдер айтады.
Сабақтың тақырыбы, оқыту мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады.
Суреттерге қарап, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды

Ал, қане балалар біз өткен сабақта қандай тақырып өттік?
— 1.Географиялық білім көздеріне нелер жатады?
2.Жергілікті жерді танып білу үшін қандай құралдарды қолданамыз?
3.Жергілікті жердің табиғатын білу қаншалықты маңызды деп ойлайсың?

1-топ «Сейсмограф»
2-топ « Гидрология»
Ой қозғау:
1 Аэрофото сурет ұғымын қалай түсінесіңдер?
2 Ғарыштық бақылау деген не?
3 Жердің жасанды серігі арқылы не бақылауға болады?
Оқушыларға сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашады.
Оқушыларға алдыңғы білімдерін толықтыру мақсатында видеоролик көрсету.

Оқулық,топ аттары жазылған қағаздар

Белсенді оқу : Т Ж
1 Тапсырма Жерді қашықтықтан әдісін маңыздылықтарын ерекшеліктерін түсіндіру.
Топтық жұмыс. Оқушыларды Жаңа тақырып бойынша әр топқа тапсырмаларды бөліп беріледі Постер әдісін пайдаланады
І топ Жерді қашықтықтан бақылау әдістері
ІІ топ Жерді белсенді емес түсіру әдістері кестеден көрсету
ІІІ топ Жердің серіктіктері
Оқытылым – оқушылар әр топқа берілген тапсырманы орындарында отырып оқиды және орындайды . Топ болып талқылап, постермен қорғайды.Әр топтан бір оқушыдан шығып постер қорғайды.
Бағалау, бағалау «Әткіншек әдісі» арқылы бағаланады

№2 Тапсырма. « Кім жылдам » әдісі арқылы жаңа тақырыпқа байланысты бейнероликті көреді және әр топ өздерінің атауларына қысқаша сипатама сипаттама береді.
А)Қашықтықтан зерделеудің қандай негізгі нысандары бар анықтаңыз:

Б)Қашықтықтан зерделеудің нысандарының қолданылу аясына
талдау жүргізіңіз:

Дескриптор:
— Қашықтықтан зерделеу нысандарын
анықтайды;
— Қолданылу аясына талдау жүргізеді.

Қ Б Бір бірін бағалайды. «Комментарий»

№2 Тапсырма Жұптық жұмыс.
Оқушылар берілген тақырып бойынша постер қорғайды.

Бағалау әдісі « Сағат тілі » бойынша топтар бірін бірі бағалайды.
3 Тапсырма

Жеке жұмыс
Сәйкестендіру. « Ойлан тап» әдісі арқылы оқушылар дұрысын белгілеу.
Құралдар Қолдану аясы
Санар а сейсмография
Радар ә гидрология
Лидар б метеорология
Сейсмограф в геодезия

«Жалғасын тап» әдісі арқылы сөйлемдерді аяқтау.
1Қашықтықтан зерделеу дегеніміз —
2 Қашықтықтан зерделеу нысандары-
3 Дишифрлеу дегеніміз не-
4 Қашықтықтан зерделеу әдісінің негізгі нысандарына-

Оқулық, бағалау бетшелері, тапсырмалар жазылған қағаздар

Интербелсенді тақта презентация

Интернет материалдары

Саралау
Қабілеті төмен оқушыларға географиялық диктант жаздыру

Бағалау критериі

Дескриптор Шәкіл

Жерді қашықтықтан зерделеуді өз сөзімен мазмұндап береді,ғарыштық сурет және ғарыштық бақылауларды салыстырады,жерді қашықтықтан зерделеудің түрлеріне шолу жасайды,құбылыстардың үдеріестердің модельдерін түрлі материалдарын жасайды.Қашықтықтан зерделеудің түрлерін жан жақты салыстырады ,талдау жасайды.

Жерді қашықтықтан зерделеуді біледі.

Аэрофото сурет ұғымын біледі.

Камералық дешифр түрлерін мысал келтіреді.

Қашықтықт
ан зерделеудің түрлерін айтады.

Сабақтың соңында оқушыларға проблемалы сұрақтар қойылады.

1Алғашқы Жерді қашықтықтан зерделеу қашан пайда болды?
2 Жерді қашықтықтан зерделеу қазіргі өмірдің қай салаларына қолданылады?
Қазіргі заманғы Жерді қашықтықтан зерделеудің қандай әдістері бар?

Сабақ барысында оқушыларды бағалау мақсатында « Шамшырақ» әдісін пайдалану.

Қабілеті жоғары оқушыларға географиялық модельдер жасату.

Үйге тапсырма:

«Құпия хат» әр түрлі фигуралар тізбегі оқушыларға таратылады.

1. Сабақта қандай бөлімді қарастырдық?
2. Оқу мақсатына жету үшін біз қандай іс –әрекеттер жасадық?
3. Жұптық жұмыс түрінен алған әсеріңізбен бөліссеңіз?
4. Сөздік қорын қандай жаңа сөздермен толықтырдық?
5. Жеке жұмыс қаншылықты қиын болды?

Саралау -Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз?
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлап отырсыз? Пәнаралық байланыстар. Денсауық және қауіпсіздік техникасын сақтау.
АКТ қолдану
Мақсат бойынша;
Тапсырма бойынша;
Нәтиже немес жауап бойынша саралау;
Диалог негізінде саралау түрлерін пайдаландым. Бөлмені желдету;
Қауіпсіздік ережесін сақтау;

Сабақ бойынша рефлексия:
Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болы ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен жоспарыма қандай түзетулар енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау
1.Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1.
2.
2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді? (оқыту мен оқуға қатысты)?
1.
2.
3. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, /қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?/
1.
2.
4. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
1. 1.
2. 2.

Қысқа мерзімді жоспар бөлімі:
Биосфера Мектеп: 172 бет
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып:9 Қатысқандар саны:
Қатыспағандарсаны:
Сабақ тақырыбы Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 9.3.4.1 Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулеріне салыстырмалы талдау жасайды
Сабақ мақсаттары Табиғат зоналары туралы біледі
Ендік зоналылық пен биіктік белдеу туралы біледі.
Ендік зоналар мен: биіктік белдеулерді анықтайды
Табиғат зоналары мен биіктік белдеулердің қалыптасуын түсіндіреді.
Жетістік критерийлері «Жетті» деп есептеледі, егер:
 Табиғат зоналары туралы білсе;
 Ендік зоналылық пен биіктік белдеу туралы білсе;
 Ендік зоналар мен: биіктік белдеулерді картадан анықтай алса;
 Табиғат зоналары мен биіктік белдеулердің қалыптасуын түсіндіре алса;
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология:
Ендік зоналар
Зоналық
Азоналық
тропикалық ормандар
тайга
тундра
арктикалық шөл
прерия
пампа
сельва
терая
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Табиғат зоналарының таралуы … байланысты.
Таулардағы белдеуліктердің қалыптасуының ерекшелігі … .
Табиғат зоналары мен биіктік белдеулердің ұқсастығы … болып табылады.
Айырмашылықтары неде?
Немен ерекшеленеді?

Құндылықтарды дарыту Құндылықтарды дарыту топтық, жұптық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар бір — біріне құрмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Пәнаралық байланыстар Химия, биология пәндерімен байланыс жасайды.
АКТ қолдану дағдылары АКТ дағдыларын дамыту өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдануда және презентация жасау барысында жүзеге асады.
Бастапқы білім
8 сыныптағы биосфера туралы бастапқы білім
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы
0-5мин  Сәлемдесу
 Ынтымақтастық атмосферасын құру, топқа бөлу Презентация
6-15 минут

15-20 минут

20-30 минут

31-36 минут

 Бүкіл сыныппен жұмыс
Блиц сұрақтар
Жер бетіндегі табиғат барлық жерде бірдей ме?
Неліктен әртүрлі деп ойлайсыңдар?
Табиғат зоналары деген не?

Жаңа тақырып: табиғат зоналары туралы түсіндіріледі.
Табиғат зонасын құрастыр». Алған білімдерің бойынша алдарыңдағы жатқан қағазға кластер жасайсыңдар.
1 топ- орманды дала зонасы
2 топ- дала зонасы
3 топ- шөлейт зонасы
4 топ- шөл зонасы
Қорытындылау . Әр топтың жауабын ортаға салу бағалау.
«Табиғат зонасын анықта»
1 карточка
Кейбір аудандарда жылдық жауын-шашын 100 мм-ге де жетпейді. Жазда жаңбыр өте сирек жауады. Қысы суық. Аяз -40С – қа дейін жетеді.
2- карточка
Топырағы қара және қызыл қоңыр топырақ типіне жатады. Зонаның солтүстігінің топырақ қабатында жоғарғы өнім жинауға жеткілікті 6% ға жуық шірінді бар.
3- карточка
Мұнда көршілес зоналардың жануарларындай саршұнақтар, қосаяқтар, ақкіс, қояндар, сусар, түлкі, қасқыр т.б. кездеседі. Соңғы кезде бұл жерде бұландар мен сібір еліктері мекен ауыстырған.
4- карточка
Өсімдік жамылғысы негізінен бетеге, жусан, түймедақ, боздан өсімдіктерінен құралады. Кейде жусан көлемді жерді алып жатады. Мұндай жерлердің түсі біркелкі ашық болып келеді.
«Табиғат зоналарының ішкі сулары»кестені толтыр
1 топ – Орманды дала зонасы
өзендер қоректенуі Шаруашылық маңызы

2 топ- Дала зонасы
3 топ-Шөлейт зонасы
4 топ- Шөл зонасы
Табиғат зоналары дегеніміз не?
● Қазақстанда қанша табиғат зонасы бар?
● Табиғат зоналарының орналасуы қандай заңдылыққа тәуелді?
● Қазақстандағы ең үлкен табиғат зонасын ата?
● Өтпелі табиғат зоналарын ата?
2. Оқушылардың бұрынғы алған білімдерін анықтау үшін

Тапсырма 1 мәтінмен жұмыс
оқушылар мәтін арқылы табиғат зоналары мен биіктік белдеулердің қалыптасуын түсінеді; бір біріне түсіндіреді

Оқушыларға ендік және биіктік белдеулердің қалыптасуы жөнінде бейнематериал көрсетеді. Бүкіл сыныппен талқылап, бейнематериал бойынша оқушылар сұрақтарға жауап береді.

табиғат зоналары мен биіктік белдеулердің қалыптасуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ВЕНН диаграммасында жазады.

Ендік және биіктік белдеулер

Презентация
Карта

Жоспар, постер, маркер

Сабақтың соңы
37-40 Синквейн. Табиғат зонасы
1. Не? (Табиғат зонасы)
2. Қандай? (Әртүрлі, әдемі)
3. Не істейді?(ауысады, өзгереді, құбылады)
4. Сөйлем, сөз тіркесі (Қазақстанда 4 табиғат зонасы бар)
5. Синоним. (Географиялық кешен)Өзін-өзі бағалау: «Бас бармақ» әдісі арқылы. Бас бармақтың үстіне қарап тұрғаны тапсырманың өте жақсы немесе дұрыс орындағандарыңды білдіреді, ал төмен қарап тұрса, тапсырманың дұрыс орындамағандарың, ал бас бармақты оң немесе сол жаққа қаратсаңдар, тапсырма жақсы орындалды
Рефлексия:
Не білдім?
Не үйрендім?
Не қиын болды?
 Бағалау: Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.
 Үйге тапсырма: Әлемдегі табиғат зоналарын кескін картаға белгілеп келу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті төмен оқушыларға жеңілдеу тапсырма беруге болады.

Бағалау критерийлері арқылы бағалау;
Өзін-өзі бағалау;
Өзара топтық бағалау Техникалық қауіпсіздік ережелерін ғаламтормен жұмыс жасағанда тоқ көзін дұрыс қолдануда сақ болу.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *