Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 8-сынып

Қалыптастырушы бағалауға арналған

тапсырмалар жинағы

Қазақ тілі

(оқыту қазақ тілінде)

8-сынып

ЖОБА

Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл – мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейненұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz р
есми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және
аудиоматериалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ
коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

2 ЖОБА

МАЗМҰНЫ

1-тоқсан …………………………………………………………………… Ошибка! Закладка не определена.

Бөлім «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы», «Адамзаттық құндылықтар және әлем

мәдениеті» ……………………………………………………………. Ошибка! Закладка не определена.

2-тоқсан ………………………………………………………………………………………………………………………. 13

Бөлім «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары», «Ғарышты игеру жетістіктері» ……. 13

3-тоқсан ………………………………………………………………………………………………………………………. 19

Бөлім «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер», «Қоршаған

орта және энергия ресурстары», «Жасөспірім және заң» …………………………………………… 19

4-тоқсан ………………………………………………………………………………………………………………………. 23

Бөлім «Театр өнері мен мәдениеті», «Қазақстандағы туризм және экотуризм». …………. 23

3 1-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Бөлім «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы»

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,
Оқу мақсаты 8.1.3.1
ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

Мәтіннің мазмұны бойынша берілген ақпараттан
аст
арлы ойды анықтайды

Ойлау дағдыларының Бі
лу және түсіну
деңгейі

1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Түркі руна жазбалары

Түркілердің жазуы туралы ең алғашқы мәліметтерді қытай деректерінен
кездестіре аламыз. Негізінен түркі жазуының пайда болған уақыты V ғасыр деп
есептеледі. Ал нақтырақ айтқанда, түркілер IV ғасырдың екінші жартысында өз
жазуларын кең ауқымда қолданған.
Түркілер басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасағанда, өз жазуларын
қолданғаны жайлы көптеген мәліметтер бар. Мысалға алғанда, Византия императорына
түркі елшісі қағанның жазған хатын алып барған. Мұны Менандр Протектор өз
естелігінде көрсеткен.
Орта ғасырды алғанда түркілердің төл жазуы және алфавиті болған. Әр рулардың
таңбалары негізінен жасалған алфавиттік құрамда 35 әріп бар. Ал көне түркі жазуы руна
немесе сына жазуы деп аталған.
Көне түркі жазуының ескерткіштері Орталық Азия аумағынан көп табылған.
Олардың ішіндегі ең белгілісі Солтүстік Моңғолия жеріндегі Орхон, Селенга, Толы
өзендерінің бойынан табылған тастағы жазулар. Бұл тастарда түркілердің атақты
билеушісі мен ақылгөйлері – Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне арналып
жазылған руна жазулары сақталған. Ал Қазақстан аумағында Талас, Іле өзендерінің
аңғарынан да көне түркі жазуының ескерткіштері табылған. Түркінің жазба
ескерткіштерінің көп кездесетін жері – Сібір өлкесіндегі Енисей өзенінің бойы. Жазулар
құлпытастарға, қыш пен металдарға және басқа да заттарға қашалып жазылған. Осыдан
шығатын қорытынды, VII-IX ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында ортағасырлық
мемлекеттерде көне руналық түркі жазуы қолданылу аясы біршама зор болған.
Қазіргі ғылымда жиі естілетін «руна», «рунология» сөздерінің қандай мағына
беретінін көбісі біле бермейді. «Руна» «әріп» және «белгі» дегенді білдірмейді. Оны
«құпия» және «белгісіз» сөздерімен ұштастыруға болды. «Руна» сөзі – латыннын
«арканум» (мысал, «Таро арқаны») немесе грекше «мистерион» (мистерия) сөздерінің
аналогі. Бұл мәліметтер руна сөзінің мағынасы туралы құнды дәлелдер береді.

Сұрақтарға жауап беріңіз.
 Көне түркі жазулары қай кезеңде пайда болды?
________________________________________________________________________________

 Көне түркі жазуларын басқаша қалай атаған?
________________________________________________________________________________ ЖОБА

 Көне түркі жазуының ескерткіштері қай жерлерден табылған?
________________________________________________________________________________

 «Руна» сөзі қандай мағына береді?
________________________________________________________________________________

лім алушы
Дескриптор Бі
— мәтін мазмұны бойынша ақпаратты анықтайды;
— берілген сұрақтарға жауап береді.

2-тапсырма
Берілген сөйлемдердің астарлы мағынасын анықтаңыз.

Сөйлемдер Бұл нені аңғартады?

Түркілер басқа мемлекеттермен қарым-
қатынас жасағанда, өз жазуларын
қолданғаны жайлы көптеген мәліметтер
бар.

Жазулар құлпытастарға, қыш пен
металдарға және басқа да заттарға
қашалып жазылған.

лім алушы
Дескриптор Бі
— астарлы мағынаны анықтайды.

5 ЖОБА

Публицистикалық және ғылыми стиль
Оқу мақсаты 8.2.2.1
ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы
тану

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

Тілдік құралдар арқылы стиль ерекшеліктерін
т
аниды

Ойлау дағдыларының
Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтіндермен танысыңыз.

Көне түркі жазуы

Көне түркі жазуы (басқаша Орхон-Енисей жазуы) – V ғ. б.з.б. – X ғ. б.з. түркі
тайпаларының жазуы. Бірінші рет Орхон өзенінің бойынан (Екінші түркіт қағандығы)
және Енисей өзенінің жоғарғы ағысынан (Қырғыз қағандығы) табылды. Кейде руника
жазбасы дейді, алман руналарымен жанасым табады (кейбір нышандар кескіні дәл келіп
тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде
VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне
түркі руника жазуы ерекшелігі онда негізгі велярлық және палатальдық дауыссыздарға
арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893
жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы
В.В. Радлов жасаған.

Ортақ жазу – түркі бірлігінің бастауы

Уақыт өте келе қай халық болсын өзінің тегін іздеп, төл тарихын түгендері сөзсіз.
Мұны табиғаттың бұлжымас заңы деуге де болады. Соңғы жылдары ұлы дала төсінде
өшпес із қалдырып, әлемдік өркениетте ойып орын алған Көк Түріктің ұрпағының бірін-
бірі іздей бастауы осыған дәлел болса керек. Тағдырдың жазуымен сан тарам жолға
түсіп, өзінше бағыт алған бөрілі байрақты түркінің мемлекеттік дербестігі бар бүгінгі
ұрпақтары түптің-түбінде тамырлас екенін түсініп, ынтымағы ұйысқан тұтастыққа
ұмтылуда.
Былтыр ғана құрылған Түркі тілдес мемлекеттердің Ақсақалдар кеңесі ортақ
әліпби туралы бастама көтергенін білеміз. Бұл жалпы түркі халықтары бірлігінің кепілі
өзара ортақ әрі түсінікті жазу мен тіл екенін білдірсе керек. Алайда бұл қаншалықты
өміршең ұсыныс және оған қашан қол жеткізе аламыз?..

P.S.
Түркі халықтарының тілін, ділін, жалпы, ортақ құндылығын жақындастыруды
сонау Алаш арыстары да арман еткені белгілі. Ахмет Байтұрсынұлы 1926 жылы Бакуде
сөйлеген сөзінде түркі әлемін жақындастыру үшін ортақ әліпби қолдану туралы мәселе
қозғағаны осының дәлелі болса керек. Бірақ бұл мәселе қашан шешімін табады, ол –
болашақтың еншісіндегі шаруа.
18 жылға созылған идея тағы ондаған, тіпті жүздеген жылға созылып кетпесе
болғаны…
(а) Мәтіндердегі тақырыпқа қатысты тірек сөздерді анықтаңыз.

Көне түркі жазуы Ортақ жазу – түркі бірлігінің
бастауы

6 ЖОБА

(ә) Мәтіндерде қандай ерекшелік байқалады?
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
(б) Мәтіндер қай стильде жазылған? Ерекшеліктердің стильдерге қатысы бар ма?
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________

лім алушы
Дескриптор Бі
— мәтіндердегі тірек сөздерді анықтайды;
— мәтін стильдерінің ерекшеліктерін ажыратады.

Оқылым және тыңдалым материалдары
Оқу мақсаты 8.3.5.1
бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр
бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін
(аннотация) жазу

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

Мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен
ал
ынған ақпараттардан жинақы мәтін жазады

Ойлау дағдыларының
Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді оқыңыз.

Күлтегін ескерткіші – түркі тектес халықтардың баға жетпес байлығы

Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі –
Күлтегін ескерткіші. Бұл – Орхон-Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан
баға жетпес құнды дүние.
Бізге жеткен Түркi тарихы да осы VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей
жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген
Енисей өзенiнiң бойы мен қазiргi Монғол Халық Республикасының астанасы Улан-
Батордың батысындағы 400 километр жердегi Орхон өзенi бойындағы Кошо-Цайдам
ойпатында орналасқан. Оны алғаш тауып, ғылым әлемiне мәлiмдеушi – орыс ғалымы
Н. М. Ядринцев.
Күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. Биiктiгi – 3,15 метр, енi – 1,24
метр, қалыңдығы – 0,41 метр. Ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында
айдаһардың суреттерi мен қаған таңбалары бейнеленген. Екiншi жағында ескерткiштiң
орнатылған күнi – бiрiншi тамыз, 732 жыл деп жазылған.
Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі
13 жол жазудың жалғасы. Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол «Үлкен
жазу», ал 13 жол жазу «Кіші жазу» деп аталады.
Ескерткiш негiзiнен табғаш (Қытай) және көне түркi жазуымен толтырылған.
Ескерткiш бетiндегi Қытай жазуы 732 жылы Қытай императоры Хусен-Цунг тарапынан
бедерленген. Мұнда қытайша ескерткiштiң қысқаша мәнi айтылған. Қытай жазуы алғаш
орысша, французша, содан кейiн немiс, ағылшын және кейiнгi кездерi түркі тiлдерiне
аударылды. Жазудың үстiнде қытайша бiр сөйлем бар, онда «Марқұм Күлтегiн жазуы»
делінген.
Күлтегін жыры – патриоттық рух беретін батырлық жыр. Мәтінінің негізі Түркі

7 ЖОБА

ұлтының тек тарихы ғана емес, Күлтегіннің батырлығы мен ерлігін бейнелейді. Кіші
жазудың 27-бөлімінен арғы қарайғы жазулары тек Күлтегінге арналған. Осы
27-бөлімінде Күлтегіннің ағасы Білге қағанның «Інім Күлтегінмен, екі уәзірімен өліп-
тіріліп құрадым. Сонды құрап, біріккен халықты от-су қылмадым. Мен өзім қаған
болғанда» сөздері жазылған.

(а) Әр бөліктегі маңызды ақпараттарды іріктеп алыңыз.
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
(ә) Мәтіннің баяндау желісін сақтап, аннотация жазыңыз.
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
лім алушы
Дескриптор Бі
— мәтіннің әр бөлігінен маңызды
ақпараттарды іріктейді;
— мәтін мазмұнын сақтайды;
— аннотация жазады.

8 ЖОБА

Бөлім «Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті»

Тақырыбы ұқсас ғылыми және
Оқу мақсаты 8.2.4.1
публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын,
түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын
салыстыра талдау

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

Мәтіндердің тақырыбын, түрін (әңгімелеу,
си
паттау, талқылау), құрылымын салыстыра
т
алдайды

Ойлау дағдыларының Ж
оғары деңгей дағдылары
деңгейі

Тапсырма
Мәтіндерді оқып шығыңыз.
1-мәтін
Әлемдік мәдениет – жалпыадамзаттық мазмұны бар рухани құндылықтар сипатын
айқындау үшін қолданылатын күрделі ұғым. Әлемдік мәдениетті дүниежүзі сипат алған
діндерге негіздеп христиандық, исламдық, буддалық мәдениет деп бөлу бар. Еуропалық
әдебиеттерде кең тараған бұлай бөлуді шартты деп бағалаған жөн. Өйткені мұнда құндылық
мәніне тек діни талаптар тұрғысынан ғана қарау нышаны байқалады.
Әлемдік мәдениет адамзаттың рухани дамуына тікелей әсер еткен және жоғарыда
аталған діни мәдениеттерге де өз ықпалын тигізген жалпыадамзаттық мазмұндағы мұралар
болып табылады және олар тарихи сабақтастық тұрғысынан қарастырылады. Ертедегі Үнді,
Қытай, Мысыр, Грек, Рим мәдениеті, Орхон-Енисей ескерткіштері, ортағасырлық
мұсылмандық және еуропалық қайта өрлеу дәуірлерінің мәдени ескерткіштері, Конфуций,
Аристотель, Әбу Насыр әл-Фараби, Августин Б., Гегель еңбектері, М.Қашғари, Ж.Баласағұн
шығармалары, Тәурат, Інжіл, Құран сияқты діни кітаптар – адамгершілік ережелеріне
халықаралық дәрежеде негіз болған әлемдік мәдениет мұралары.
Музыкалық әуендер, саз аспаптары үндестігінің күшеюі, Қорқыт Ата, Асан қайғы
сияқты аңыз алыптарының халықаралық кейіпкерге айналуы әлемдік мәдениет мазмұнын
толықтырды.
Науаи, Абай, Низами, Пушкин, Байрон, Петефи, Мицкевич, Әуезов және т.б. ұлы
есімдер тілі де, діні де бөлек елдердің рухани туыстығын жер жүзіне танытты.
Чайковский мен Бетховен, Құрманғазы мен Шопен музыкалары әлемдік мәдениет
болып табылады.
Әлемдік мәдениет өзінің ұлттық өрісін дүниежүзілік дәрежеге көтерген мәдени
туындылардан тұрады, адамзаттың рухани өркендеуінің куәгері болып саналады.

2-мәтін
«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыбындағы дөңгелек үстел
2017 жылдың 3 қазанында сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында (Бейбітшілік көшесі, 11) «Қазіргі
кезеңдегі Қазақстан» ғылыми жобасын жүзеге асыру және халықаралық ынтымақтастық
аясында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыбында дөңгелек
үстел өтеді.
XXI ғасырдың тоғысындағы әлемдік дамудың үдерістерін сипаттайтын басты ұғым
жаһандану болып отыр. Оның мәні этносаралық және конфессияаралық шиеленістер,
экологиялық мәселелердің барлық мемлекеттің ортақ мәселесіне айналуы, ғаламдық

9 ЖОБА

ақпараттық кеңістіктің, әлемдік нарықтың қалыптасуы үдерісінде көрінетін мемлекет пен
адамдар арасындағы қарым-қатынастың кеңеюінен тұрады.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстанның ұлттық мәдениеті дамуының өзекті
мәселелерін жаһандық заманауи үдерістер контексінде талқылау, мәдениет дамуының және
қазіргі кезеңдегі Қазақстан мәдениеті ерекшеліктерінің негізгі бағытын талдау болып
табылады.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасындағы Венгрия елшілігінің
өкілдері, Батыс Венгер университетінің профессоры Михай Фрешли, Қазақстан
Республикасы Президенті жанындағы Басқару мемлекеттік академиясының өкілдері,
ғалымдар және зерттеушілер қатысады.
Мекенжайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11.

Екі мәтінді салыстырыңыз. Кестені толтырыңыз.

1-мәтін 2-мәтін

Мәтіннің стилі

Тақырыбы

Түрі

Құрылымы

Екі мәтіннің ұқсастығы

Екі мәтіннің айырмашылығы

лім алушы
Дескриптор Бі
— мәтіндерді салыстырады;
— ұқсастығы мен айырмашылығын
ажыратады;
— түрі мен стилін анықтайды;
— тақырыбы мен құрылымын
ажыратады.

10 ЖОБА

Әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи
Оқу мақсаты 8.1.2.1
тақырыптарға байланысты диалог, монолог,
полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор
көзқарасы мен экспрессивті-эмоционалды сөздердің
рөлін талдау

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

Мәтіндегі автор көзқарасын анықтайды

Экспрессивті-эмоционалды сөздердің маңызын
т
лдайды
а

Ойлау дағдыларының
оғары деңгей дағдылары
деңгейі Ж

1-тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз.

Бүгінгі жастар келбеті және оған мінездеме

Қазіргі жастар және олардың бүгінгі келбеті мен мінездемесіне анықтама іздер
болсақ, екі қызықты жайтқа кездесеміз! Біріншісі аға ұрпақтың пікірлері болса, яғни
оны қоғамдық десек те болады. Екіншісі жастардың өзінің көзқарасы болып табылады.
Үлкендердің ұлағатты көзқарасы барлығымызға жақсы таныс, бұл пікірлер әрбір үйдегі
асхананың трендті тақырыбына айналғанына да біраз уақыт, ал жастар, бүгінгі қазақ
жастары, өздері жайында қандай пікірде екен!? Тек осы тағылымы мен тағдыры қатар
ұштасқан екі тақырыптан тұздыққа тұшымды ақиқат іздеп көруге болатын секілді?!
Бүгінгі жас өмірді таусылмайтын ұлан-асыр той, мейрам ретінде қарап, оған тек
аз ғана күш салсаң, бәрі орындалып, бола қалатындай қарайды және осы жайтқа себеп –
сыртқы әсер. Мысалы, MTV телеарнасының 1997-1998 жылдардан бастап, бүгінгі таңға
дейінгі ерен еңбегінің арқасында еліміздің бірнеше толқын ұрпағына берген әсерін еске
алар болсақ, керемет эффект! Мойындаймыз! Масқара!
Қараңыз, сан жылдардың арнайы зерттеулерінің нәтижесі не дейді? Басым
көпшілігі, 13 пен 25 жас аралығындағы қауым, MTV-дің арқасында алғаш цензуралы
емес сөздер үйренгенін, ата-ана беделіне «өзімшілдігін» салыстыра бастағандарын
мойындап отыр. Алайда бұл айсбергтің төбесі ғана…
Ойымды бір түйінге түйсем…
Қорқатыным бүгінгі жеткен жетістік, жасалған жол, жиылған еңбек ертең елеусіз
қалмаса екен, ешкімге керексіз боп.
Үміттендіретін – ауыл жақтан шыққан түтін, асаудың аузында ойнаған қара бала.
Сенетінім – елім деген ер мен ерім деген жар.

(а) Мәтіндегі автор көзқарасын анықтаңыз.

Мәтіннен үзінділер Автор қандай көзқараста?

Бұл пікірлер әрбір үйдегі асхананың

трендті тақырыбына айналғанына да біраз
уақыт…

Бүгінгі жас өмірді таусылмайтын ұлан-
асыр той, мейрам ретінде қарап, оған тек
аз ғана күш салсаң, бәрі орындалып, бола
қалатындай қарайды.

Осы жайтқа себеп – сыртқы әсер.

11 ЖОБА

(ә) Автор неден корқады? Неге үміттенеді? Неге сенім артады?
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________

лім алушы
Дескриптор Бі
— мәтіндегі автор көзқарасын анықтайды;
— автор пікірін талдайды.

2-тапсырма
Тұжырымдамалық кестені толтырыңыз.
Шеңбердің ортасына мәтіндегі экспрессивті-эмоционалды сөздерді, ұяшықтарға ол сөздердің
рөлін жазыңыз.

ну

ну ну

ну
ну

лім алушы
Дескриптор Бі
— мәтіндегі экспрессивті-эмоционалды сөздерді
анықтайды;
— экспрессивті-эмоционалды сөздердің рөлін
талдайды.

12 ЖОБА

2-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары»

Перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы
Оқу мақсаты 8.1.5.1
мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген
мәселе бойынша ой тұжырымдау

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

Перифраз түріндегі сұрақтарға жауап беруде
м
әтіннен қажетті ақпаратты табады

Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтап, ой
т
жырымдайды
ұ
Ойлау дағдыларының Қ
лдану
деңгейі о

1-тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз.

Болашақта қандай мамандықтар пайда болады?
Соңғы жүргізілген зерттеу нәтижелері жұмыс орындарының көпшілігіне қауіп төніп
тұрғанын көрсетті. Яғни, қазір бізге таныс мамандықтар болашақта қажет болмай қалуы
әбден мүмкін.
2020 жылға қарай әлем бойынша еңбек нарығында 40 млн жоғары білімді маманға
қажеттілік болады деген болжам бар. Дегенмен ірі мемлекеттердің тұрғындарында «Білім
алған саламыз сұранысқа сай болмай қалмай ма?» деген күдік пен үрей басым екен. «Pew
Research Center» жүргізген зерттеу нәтижесіне сенсек, америкалықтардың 87 пайызы жұмыс
орындарын сақтап қалу үшін қосымша білім алуға дайын екендіктерін айтыпты.
Сонымен қатар аталған баяндамада сарапшылардың 48 пайызы болашақта робот
техникасының дамуы салдарынан жұмыс орындары азаятынын айтқан. Олардың айтуынша,
бір робот мың адамның орнын басып, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі төмендеуі
мүмкін.
2015 жылы Оксфорд университетінің баспасынан Ричард Сасскинд пен Дэниель
Сасскиндтің «Мамандықтар болашағы» («The Future of the Professions») атты кітабы жарық
көрген. Онда болашақта қазіргі мамандықтарды екі түрлі өзгеріс күтіп тұрғаны айтылған.
Біріншіден, жаңа технологиялар дәстүрлі жұмыс түрін жеңілдетуі мүмкін. Мысалы, дәрігер
емделушімен «Skype» арқылы байланысады, сәулетші дизайн жасау үшін компьютерлік
бағдарламаларды қолданады. Екіншіден, технологиялар кез келген салада проблемаларды
шешудің тиімді тәсіліне айналады. Мысалы, жоғарыда айтылған медициналық онлайн
диагностикалау маманының жұмысын жеңілдетсе, кейбір жаңа технологиялар кесірінен
қызметкерлер жұмысынан айырылуы мүмкін. Билл Гейтстің айтуынша, алдағы 20 жылда
қазіргі мамандықтардың көпшілігі автоматты бағдарламалармен жабдықталып, біліктілігі
төмен қызметкерлер бәсекеге ілесе алмай қалуы мүмкін.

Түрлендіріліп берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
 Дамыған мемлекеттің халқы неден қорқады?
 Олар қауіптің алдын алу үшін қандай шараға қадам баспақ?
 Робототехниканың дамуының салдары бар ма? Қандай?
 Болашақ мамандар үшін жаңа технологиялардың қандай оң және теріс әсері болуы
мүмкін?

13 ЖОБА

лім алушы
Дескриптор Бі
— түрлендіріліп берілген сұрақтарға жауап береді;
— ақпараттарды анықтайды.

2-тапсырма
Мәтінде қандай мәселелер көрініс табуда? Ол туралы сіздің пікіріңіз қандай? Жұбыңызбен
талқылаңыз.

лім алушы
Дескриптор Бі
— мәтіндегі мәселені анықтайды;
— мәселе бойынша ой тұжырымдайды.

14 ЖОБА

Эссе құрылымы мен даму желісін
Оқу мақсаты 8.3.4.1
сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің
артықшылығы мен кемшілік тұстарын
салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу
(аргументативті эссе)

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

Ұсынылған шешімнің артықшылығы мен
к
емшілігін салыстырып, ойын дәлелді
ж
еткізеді

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап
ж
ады
аз
Ойлау дағдыларының Ж
ры деңгей дағдылары
деңгейі оға

Тапсырма
Болашақ мамандығыңыз туралы эссе жазыңыз.
Неліктен менің … болғым келеді?
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

ілім алушы
Дескриптор Б
— болашақ мамандығының артықшылығы
мен кемшілігін салыстырады;
— ойын дәлелді жеткізеді;
— эссе құрылымын сақтайды;
— эссенің даму желісін сақтайды.

15 ЖОБА

Бөлім «Ғарышты игеру жетістіктері»

Коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және
Оқу мақсаты 8.1.6.1
халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды
қолданып, диалог, монолог, полилогте өз ойын дәлелді,
жүйелі жеткізу

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

Тақырыпқа қатысты диалог, монолог, полилог
қ
ұрастырады

Ғылыми терминдер мен деректерді қолданады

Ойлау дағдыларының Қ
лдану
деңгейі о

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Ғарышқа ұшқан 5 жануар

Жануарлар ғарышта болған алғашқы тірі жан иелері болды. Алғашында ғалымдар
адам баласы ғарышта ұзақ уақыт бойы салмақсыздық күйінде өмір сүре алмайды деп
ойлады. Сондықтан да салмақсыздықтың тірі жаратылысқа әсерін тексеру үшін олар
алдымен жануарларды ғарышқа аттандырды.
1. 1959 жылы ғарышқа Авель және Бейкер маймылдары ұшқан. Олар ғарыштағы саяхатты
жақсы өткерген, алайда зерттеуге арналған тетіктерді шешу кезінде бірі өлген.
2. Маймылдардан басқа ғарышқа тасбақа, мысық, және ит ұшырылған.
3. Ең алғаш ғарыштық зерттеулер 1949 жылы иттерге жүргізілген. Иттердің ғарышқа
ұшуы үшін бойы 32 см, салмағы 6 кг болу керек болған. Оларды ғарышқа ұшырмас бұрын
алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілген. Иттердің алғашқы ғарышқа сапары сәтті
болған.
4. Ең алғаш 1957 жылдың 3 қарашасында жер аумағындағы орбиталық ұшуға Лайка есімді
ит ұшқан. Ол кезде космостық құрылғылардың жерге қайтып келуі екіталай
болғандықтан, ит ғарышта тек 1 апта тіршілік етеді деген болжам жасалған. Алайда ғарыш
кемесінде салмақсыздық байқалып, ит ыстықтан өлген.
5. 1960 жылы ғарышқа Белка, Стрелка иттері мен тышқан, егеуқұйрық, шыбын
ұшырылған. Ғарыш кемесі жерге сәтті оралған. Осы ұшырылымнан кейін ғарышқа адам
барады деген тұжырым жасалған.

(а) Мәтіндегі терминдерді, маңызды деректерді кестеге түртіп отырыңыз.

Терминдер Маңызды деректер

(ә) Жағдаят: Сіз радио бағдарламасынан ғарышты бағындырған жануарлар туралы
деректерді естідіңіз. Сіз үшін бұл ақпараттар қызықты болды. Осыны досыңызбен бөлісіңіз.
Жоғарыдағы терминдер мен деректерді қолданып, досыңызбен диалог құрыңыз.

лім алушы
Дескриптор Бі
— мәтіннен терминдер мен ғылыми деректерді
анықтайды;
— тақырыпқа қатысты диалог құрастырады;
— диалогте термин мен деректерді қолданады.

16 ЖОБА

Мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі
Оқу мақсаты 8.2.3.1
арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

Мәтіннің ресімделуі арқылы оның жанрлық
ер
екшелігін ажыратады

Ойлау дағдыларының Қ
олдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз.

Ғарышкер Айдын Айымбетов Қарағанды облысына сәтті қонды

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Жерге оралды –
бүгін таңғы сағат 06.51-де капсула Қарағанды облысына қонды, –
деп хабарлайды «Tengrinews.kz» тілшісі оқиға орнынан.
Экипаж құрамында Геннадий Падалки (Ресей), Андреас
Могенсен (Дания) және қазақстандық Айдын Айымбетов бар
ғарыш кемесі Жезқазған қаласының шығысынан 146 шақырым жерге қонды.
Ғарышкерлер капсуладан шығарылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың қан
қысымдары жақсы. Ғарышкерлер шай ішіп, апорттан дәм татты. «Өзімді жақсы сезініп
тұрмын. Жоспарланған тәжірибелердің барлығын орындадым. Тағы бір рет ұшуға
дайынмын», – деді қазақстандық ғарышкер тілшілерге.
Айдын Айымбетовті Жерде туыстары қарсы алды. Айта кетейік, бірнеше сағаттан
кейін ғарышкерді Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды, сондықтан да ол Астанаға кетеді. Ал
бірнеше күннен кейін Қарағандыда ғарышкерлердің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтуі
мүмкін.
Еске сала кетейік, 2 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 10.38-де Байқоңыр
ғарыш айлағынан «Союз-ФГ» тасымалдаушы зымыраны ғарышқа ұшты. 4 қыргүйекте
«Союз» ХҒС-мен автоматты режимде түйісті. Айдын Айымбетов ғарыштағы әсерімен
«Twitter» арқылы бөлісіп отырды. Ол оқырмандарына видео мен суреттер жолдады.

(а) Кестені толтырыңыз.

а қандай жанрлық
Мәтіннің жанры қандай? Мәтін қалай ресімделген? Басқ
ерекшеліктер байқалады?

лім алушы
Дескриптор Бі
— мәтіннің жанрын ажыратады;
— мәтіннің ресімделуін анықтайды;
— жанрлық ерекшелігін анықтайды.

17 ЖОБА

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік
Оқу мақсаты 8.3.2.1
құралдарды орынды қолданып, аннотация, тезис
құрастырып жазу

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

Мәтіннің жанрлық, стильдік ерекшелігін сақтайды

Тілдік құралдарды орынды қолданып, аннотация,
т
ис жазады
ез
Ойлау дағдыларының Қ
лдану
деңгейі о

Тапсырма
Баяндамаңыздың құрылымын, мазмұнын ескере отырып, тезис жазыңыз.
Жағдаят: Сіз мектеп бітіргелі отырған түлексіз. Сізге өзіңізбен қатарлас бітіруші түлектерге
арнап «Мамандық таңдау – болашақты таңдау» тақырыбында баяндама жасау тапсырылды.

лім алушы
Дескриптор Бі
— мәтіннің жанрлық ерекшелігін сақтайды;
— мәтіннің стильдік ерекшелігін сақтайды;
— тілдік құралдарды орынды қолданады;
— тезисті талапқа сай жазады.

18 ЖОБА

3-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Бөлім «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер»

Тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте,
Оқу мақсаты 8.2.1.1
диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

Сызбамен берілген мәтіндегі ақпараттарды
т
алдап, салыстырады

Ойлау дағдыларының Ж
оғары деңгей дағдылары
деңгейі

Тапсырма
Графиктік мәтінмен танысыңыз.

(а) Мәтінді жұппен талқылаңыз.
(ә) Сызбада биоалуантүрліліктің 1800 жылдан бастап жойылу көрсеткіші, бүгінгі және
ертеңгі болжамы көрсетілген. Биоалуантүрліліктің жойылуының үш кезеңін салыстырыңыз.

лім алушы
Дескриптор Бі
— мәтінді талдайды;
— ақпараттарды салыстырады.

19 ЖОБА

Бөлім «Қоршаған орта және энергия ресурстары»

Мәтінде көтерілген мәселені
Оқу мақсаты 8.1.4.1
тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі
(
ойды анықтау

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

Мәтінде көтерілген мәселені талдайды

Мәтіннің негізгі ойын анықтайды

Ойлау дағдыларының Ж
оғары деңгей дағдылары
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз.
Қазіргі кезде әлемде энергия тапшылығы байқалуда. Бұрыннан пайдаланып келе
жатқан көмір, мұнай, табиғи газ сияқты энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының
азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды бейжай
қалдырмады.
Бүкіл әлем энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын
альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті. Электр энергетикасын қалпына
келтіру мәселесі – бұл қауіпсіздік мәселесі әрі еліміздің болашағы электр энергетикасы мен
инфрақұрылымның даму деңгейімен байланысты болып отыр.
Сондай-ақ Қазақстанның энергия қоры болып табылатын қазба байлықтары мен
қалпына келетін энергия көздерінің зор әлеуетін иелене отырып, қазіргі уақытта энергия
п отыр. Біз электр және жылу
үнемдеу саласында ең соңғы орындардың бірін иелені
энергиясын өндіру, жеткізу, тарату және пайдалану кездерінде де энергияны үнемдеудің
қарапайым ережелерін сақтамаудың куәсі болып жүрміз. Осылай қалыптасқан жағдайда
энергияны үнемдеу мәселесіне қаражат бөлу жаңа энергетика көздерін салумен бара-бар
болар еді, себебі энергияны үнемдеудің өзі пайдалану тұрғысынан қарағанда жаңа энергия
көзін ашумен бірдей. Қазақстанда энергия үнемдеу әлеуеті 30-35 пайызды ғана құрайды.
Қоғамымыздың барлық салаларында энергия үнемдеу саясатын дұрыс жүргізу жедел
қолданысқа енгізілетін сапалы заңның бекітілуін және тұтас іс-шаралар кешенін орындауды
қажет етеді.

(а) Мәтінде қандай мәселелер көтеріледі? Ол мәселелер бойынша сіздің көзқарасыңыз
қандай?
______________________________________________________________________________
(ә) Мәтіннің негізгі ойы қандай?
________________________________________________________________________________

лім алушы
Дескриптор Бі
— мәтіндегі мәселелерді талдайды;
— өз көзқарасын білдіреді;
— мәтіннің негізгі ойын анықтайды.

20 ЖОБА

Оқылым және тыңдалым материалдары
Оқу мақсаты 8.3.5.1
ойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр
б
өлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін
б
(аннотация, тезис) жазу

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

Мәтіннің баяндау желісін сақтап, мәтіннің әр
б
өлігінен алынған ақпараттардан жинақы
м
әтін (аннотация, тезис) жазады

Ойлау дағдыларының Қ
олдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді оқыңыз.

Қарағанды
Бұлар танысып болғанша, алақандай Қарағанды хабарланып та болды. Жүгірген бала,
жебелей басқан әйел-еркектер көрінеді. Маңайдағы колхоздардан көмір алуға келген
колхозшылар да, өтіп бара жатқан бірен-саран аттылар да бұрылып, қонақтардың маңына
иірілді. Одан-бұдан жиыла-жиыла, кішігірім топ құралды.
– Қарағандыны жүргізуге келіпті!
– Донбастың мастерлері, – дейді.
– Е, «осал деме көмірді, бұрқылдатар темірді!».
Көп ішінде сыбыр-күбір осылай жүріп жатты. Ермек қалтасынан бір уыс кілтті суырып,
Щербаковқа ұсынды:
– Чайковтан естіген едім, күткен едім. Жақсы келдіңіздер, міне, енді зауыт кілтін өз
қолыңызға алыңыз.
Щербаков кілтті алған соң, тебінгідей жалпақ алақанына салып, біраз ойланып тұрды
да, кішірек көкшіл көзін төңірекке жіберді. Кең дала оның көңілін де кеңітіп жіберген
тәрізді. Қолын көтере, сол далаға меңзей:
– Жолдастар! – деді жуан дауыспен. Күдістеу кең иықты, алып денелі адамның даусы да зор,
салмақты шықты. – Осы далада Апақ Байжанов қой бағып жүріп, суыр інінен Қарағанды
көмірін тапқалы жүзге жуық жылдар өтіп барады. Содан бері орыс-ағылшын капиталистері
қазақ жерінің байлығын, қазақ халқының арманын осы кілтпен жауып ұстағандай болса, біз
енді осы кілтпен бәрін ашамыз. Коммунистік партия, кеңес өкіметі жіберді бізді. Қазақ
даласында сталиндік бесжылдық жоспарды орындауға көмекке келдік. Бұл бесжылдықта
мешеу Қарағанды Кеңес Одағындағы ірі өндірістердің қатарына қосылады. Жұмыс көп,
қиындықтар көп, бірақ халық күші одан да көп. Ол күшті ұйымдастыра білсек, біз алмайтын
қамал жоқ…

Шығарманың мазмұнын сақтай отырып, әр бөлігінен алынған ақпараттардан аннотация
жазыңыз.
_____________________________________________________________________________
лім алушы
Дескриптор Бі
— мәтін мазмұнын сақтайды;
— мәтіннің әр бөлігінен ақпарат алады;
— шығарма бойынша аннотация жазады.

21 ЖОБА

БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды,
Оқу мақсаты 8.3.6.1
орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік
түзетулер жасау, редакциялау

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

Мәтіннің стильдік ауытқуларын, орынсыз
қ
олданылған сөз оралымдарын талдап, түзету енгізеді

Ойлау дағдыларының Қ
олдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтінге стильдік түзетулер жасап, редакциялаңыз. БАҚ беттерінен
алынған мақалада стилистикалық қателер, орынсыз қолданылған сөз оралымдары бар.

Баламалы энергия үлесі артуда
Қазақстанда баламалы энергия көздерінің үлесі 2020 жылы 3 пайызды, 2030 жылы 10
пайызды, 2050 жылы 50 пайызды жетеді деп жоспарланған. Ал алдағы жылдары энергетика
саласына тартылатын инвестициялардың 97 пайызы жеке секторға қатысты болмақ.
«Болашақтың энергиясын қалыптастыру» ХІ Еуразиялық KAZENERGY форумы – екі
күнге жоспарланды шара. Шараның Қазақстан Үкіметі мен Энергетика министрлігінің
қолдауымен ұйымдастырылған. Форумның ашылуына Чехия, Финляндия, Ресей, Грузия,
Польша елдерінің энергетика салаларының дөкейлері, сондай-ақ Бүкіләлемдік мұнай
кеңесінің елбасысы Тор Файеран қатысты. ХІ Еуразиялық KAZENERGY форумында әлемдік
энергетикалық компаниялар тұрақты энергетика көздерін тиімді басқару, энергия
ресурстарының өндірілуі, сақталуын және пайдаланылуын бақылау, энергия көздеріне қол
созу, климаттың өзгеруі және көмірқышқыл газы шығарындыларын төмендету, баламалы
энергия көздерінің пайдаланылуына ынталандыру, энергиялық тиімділік бойынша
бағдарламаларды және «ақылды» энергетиканы енгізу, уран және атом саласын
инновациялық тұрғыдан дамыту сияқты мәселелер талқылады.

лім алушы
Дескриптор Бі
— стильдік түзетулер енгізеді;
— орынсыз қолданылған сөз оралымдарын түзейді.

22 ЖОБА

Бөлім «Жасөспірім және заң»

қылым стратегияларын қолдану:
Оқу мақсаты 8.2.6.1 О
комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

Мәтінге комментарий жасап, іріктеп, талдап
оқ
иды
Ойлау дағдыларының
деңгейі Қ
олдану

1-тапсырма
Мәтінді оқыңыз.

Жеткіншектер арасында қылмыс азаймай тұр
2017 жылдың он айында Астанада кәмелеттік жасқа толмағандар 146 рет қылмыстық
құқықбұзушылық жасаған көрінеді. Бұл деректі ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәлімдеді. Бірақ кәмелетке
толмағандар арасындағы қылмыстық құқықбұзушылықта алдына «қара салмай тұрған» өңір
– Оңтүстік Қазақстан облысы.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің ресми сайтында құқықбұзушылық картасы орналастырылған. Аталған дерек
көздеріндегі мәліметтерге жүгінсек, кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыс ОҚО
да 415 рет тіркелсе, Шығыс Қазақстан облысында 274, Алматы облысында 254 рет тіркеліпті.
Балалар мен жеткіншектердің тәртіп-тәрбиесі ең жақсы өңір ретінде Павлодар облысын
атауға болады. Кереку жерінде жеткіншектердің арасында 52 қылмыс тіркеліпті. Ал біздің
сөз етіп отырған Астана топ ортасында екен.
Егер Елорданың қай бөлігінде жеткіншектер тәртіп көп бұзады дегенге тоқталсақ,

Алматы ауданы көш бастап тұр. Онда жыл басынан бері жеткіншектер қолымен жасалған
69 қылмыс тіркелсе, Сарыарқа ауданында 64, Есіл ауданында 18 қылмыс болыпты. Демек,
Есіл өзенінің оң жағалауында қылмыс көбірек жасалатын болса керек…
Астанада 14-15 жастағы жеткіншектер 25, 16-17 жастағылар 121 рет қылмыс жасапты.
Соңғы топтың ішінде 40 оқушы, 46 колледж оқушысы, 46 жоғары оқу орындарының
студенті бар екен. Ал 14 адам еш жерде оқымайтын һәм жұмыс істемейтін бозбалалар мен
бойжеткендер болса керек. Әдетте жұмыссыздар мен оқу оқымайтын жастардың арасында
қылмыс көп кездесетіндігі жөнінде стереотип болғанымен, іс жүзінде білім алып жүрген
жасөспірімдер мен жеткіншектер көп қылмыс жасапты. Бір атап өтер жайт, қылмыс
құрамында ұрлық-қарлық пен адам тонаудың үлесі мол болған. Ол тіпті былтырғыға
қарағанда өсіп кеткен көрінеді.

Мәтіннен сандық деректерді іріктеп алыңыз. Оларды автор қандай мақсатта қолданған? Олар
нені аңғартады?

________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________

лім алушы
Дескриптор Бі
— мәтіннен сандық деректерді іріктейді;
— автор қолданысына комментарий жасайды.

23 ЖОБА

2-тапсырма
Берілген сөйлемдерді талдаңыз. Мәселелердің себебі неде?

Сөйлемдер Себебі не болуы мүмкін?

Бірақ кәмелетке толмағандар арасындағы

қылмыстық құқықбұзушылықта алдына
«қара салмай тұрған» өңір – Оңтүстік
Қазақстан облысы.

Демек, Есіл өзенінің оң жағалауында

қылмыс көбірек жасалатын болса керек…

Бір атап өтер жайт, қылмыс құрамында

ұрлық-қарлық пен адам тонаудың үлесі
мол болған.

лім алушы
Дескриптор Бі
— берілген ақпаратты талдайды;
— мәселенің себебін түсіндіреді.

24 ЖОБА

4-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Бөлім «Театр өнері мен мәдениеті»

Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар,
Оқу мақсаты 8.2.7.1
оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану,
авторына сілтеме жасау

лім алушы
Бағалау критерийі Бі
үрлі дереккөздерден алынған деректерді дәлел ретінде
Т
олданады, авторына сілтеме жасайды
қ

олдану
Ойлау дағдыларының Қ
деңгейі

Тапсырма
Театр туралы толғамдармен танысыңыз.

Театр туралы
Театр (грек. theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір
көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен
бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен
қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.

Санасы бос адамның алдында ойнағанша, бос орындықтың алдында ойнаған жақсы.
А. Гиннесс

Театр – өмірлік сұрақтарға шешім табатын жоғарғы интенция.
Александр Иванович Герцен

Адам бүгін театрға ертең адам болып қалу үшін барады.
Робер Лепаж

Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын.
Григорий Ревзин

Егер қоғамда жара болып жатса, оны театр емдеуге, не «бәрі жақсы болады» деп
сендіруге тиісті емес, театр сол жақты саусағымен нұсқап көрсетуі керек. Сонда ғана қоғам
алдындағы парызы өтеледі.
Михаэль Тальхаймер

Ойынды жалған әрекет деп жатады. Алайда бұл жалған әрекет – жалғыз ақиқат.
Сомерсета Моэманың «Театр» романынан

(а) 27 наурыз – бүкіләлемдік театр күні. Сол айтулы күн туралы «Жас өркен» танымдық
сайтының «Ұланның күнтізбесі» айдарына мақала жазыңыз. Мақалаңызда жоғарыдағы
дәйексөздерді қолданып, авторына сілтеме жасаңыз.

лім алушы
Дескриптор Бі
— дәйексөздерді орынды қолданады;
— авторына сілтеме жасайды.

25 ЖОБА

Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық
Оқу мақсаты 8.4.4.4
ерекшелігіне сай қолдану

ілім алушы
Бағалау критерийі Б
ай сөйлемдерді айтылу мақсатына, құрылымдық
Ж
екшелігіне қарай қолданады
ер

олдану
Ойлау дағдыларының Қ
деңгейі

1-тапсырма
Мәтін үзіндісін оқыңыз.

Театр мәдениеті деген не?
Қаланың қарбаласы түсінікті… Көліктер кептелісі. Осы секілді түрлі жағдайлармен
жүріп, сіз кенет театрдағы қойылымның басталу уақытынан аздап кешігіп қалдыңыз. Апыл-
ғұпыл киіміңізді өткізіп, көрермендер залына кіріп келесіз. Сахна жап-жарық, әртістер өз
образында. Қысқасын айтқанда, сахнадағы өмір қыз-қыз қайнап кетіпті. Алдыңыздан театр
қызметшісі шығып, бір орынды нұсқады: «Ана бір бос орынға отырыңыз!». Билетке қарап
сызылатын уақыт та жоқ, жағдай да жоқ. Арғы жақтағы бос орынға отырмақ боп,
көрермендер арасынан өтіп барасыз. Сол кезде не естідіңіз? Естімегеніңіз қалмады ғой, иә?!
Оларды түсінуге болады, сахна ауасымен тыныстап, сондағы тіршілікке еніп отыр. Кінә
сізден!..

Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін мәтін ішінен анықтаңыз.

хабарлы сұраулы лепті бұйрықты

лім алушы
Дескриптор Бі
— жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін
анықтайды.

2-тапсырма
Жоғарыдағы мәтінді өз ойыңызбен жалғастырыңыз. Жай сөйлемдерді құрылымдық
ерекшелігіне қарай қолданыңыз.

лім алушы
Дескриптор Бі
— мәтінді жалғастырып жазады;
— жай сөйлемнің құрылымдық түрлерін қолданады.

26 ЖОБА

Бөлім «Қазақстандағы туризм және экотуризм»

Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене
Оқу мақсаты 8.1.1.1
отырып, көтерілетін мәселені болжау

лім алушы
Бағалау критерийі Бі
әтіннен алынған үзінділерге сүйене отырып, мәселені
М
лжайды
бо

олдану
Ойлау дағдыларының Қ
деңгейі

Тапсырма
Мәтін үзіндісін тыңдаңыз.
Анекдоттан бастайық. Дубай. Бес жұлдызды қонақ үй. Қазақстаннан келген екі
жолдас жүздесіп қалады. Бір-бірін жарылқаған кейіпте хал сұрасқан екеудің пысықтау
келгені: «Бурабайда демалатын ақшаң болмады ма?..» – дейді…
(оқушы болжам жасау үшін кідіріс жасалады, сұрақ қою арқылы жауап күтіледі).

(а) Мәтінде не туралы айтылады? Қандай мәселе көтерілуі мүмкін?
________________________________________________________________________________

Мәтін жалғасын тыңдаңыз.
Бұл анекдоттан біз шындықты ғана көре аламыз. «Бурабайдағы» белгілі
қонақүйлердің бірінде түнеу үшін кемінде 55 мың теңгеге шығындаласыз. Ал Түркиядағы
қымбат қонақүйде 1 күн өткізу үшін 38 мың теңгеңіз болса жеткілікті. Айырмашылықты
анық байқап отырған болуыңыз керек.
Қазақстандық туристік ұйымдар қауымдастығының өкілі Айдар Кенжеғұловтың
пікірінше, ішкі туризм экономиканы көтеретін бірден-бір күшке ие. Сол арқылы біз бүгінгі
қиын жағдайда артта қалған бірнеше саланы аяққа тұрғызып, жұмысын одан әрі дамыта
аламыз.
Жай ғана кіріс туризмінің классикалық есебін шығарайықшы: Бір шетелдік турист
елге күніне 100 доллар шамасында кіріс алып келеді. Ішкі туризмнен де пайда айтарлықтай
көп және ішкі туризм сыртқыға қарағанда халық үшін тиімді һәм қауіпсіз дейді ол.
Иә, бұл – екі маңызды артықшылық. Бірақ неге ел тұрғындары өзіміздің
Швейцариямыз – Бурабайға, болмаса өзге де көрікті жерлерге бармай, турагенттіктердің
табылдырығын тоздырып, Түркия мен Қытайға жолдама алуға асығады?.. Айтпақшы,
Бурабай ел орталығы Астанадан тым алыс жатқан жоқ. Сол себепті курортқа дейін керемет
жол тартылған. Бірақ…
(оқушы болжам жасау үшін кідіріс жасалады, сұрақ қою арқылы жауап күтіледі).

(ә) Сіздіңше, автор не айтқысы келді?
_____________________________________________________________________________
Мәтін жалғасын тыңдаңыз.
Елдегі туристік орындар туралы мағлұматтарды біз алдымен ғаламдық желіден іздей
бастаймыз. Міне, олқылық та, кемшілігіміз де осы жерден байқала бастайды. Айтыңызшы,
отандық демалыс орындары туралы толық әлі сапалы ақпарат беретін бір сайтты
кездестірдіңіз бе?
Сервистік қызмет, қонақ үй бизнесі туризм саласымен тығыз байланысты. Сондықтан
олардың проблемалары да бір: қымбат бағаға нашар қызмет көрсету, кәсіби кадрлардың
жетіспеушілігі, жарнаманың жоқтығы. Айдар Кенжеғұловтың пікірінше, қызмет көрсету
деңгейі ғана төмен емес, бізде туризммен байланысты кәсіпкерлік жұмыстар да дұрыс жолға

27 ЖОБА

қойылмаған. Сонымен қатар, еліміздің индустриясын өркендету, ел брендтерін дамыту
аясында тұрақты шаралар жасау, маркетингті өрлету және заң шығарушы базаны
реформалау керек.

(б) Сіздің болжамыңыз шындыққа сәйкес келді ме? Салыстырыңыз.

Менің болжамым Шын мәнісінде

лім алушы
Дескриптор Бі
— мәтін үзіндісіне сүйене отырып, мәтінде
көтерілетін мәселені болжайды;
— болжамын мәтін мазмұнымен салыстырады.

Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін
Оқу мақсаты 8.2.5.1
бойынша сұрақтар құрастыру

лім алушы
Бағалау критерийі Бі
ерифразаның әртүрлі тәсілдерін қолданып, сұрақтар
П
ұрастырады
қ

олдану
Ойлау дағдыларының Қ
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз.

Астанада экотуризмді дамыту мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Жасыл экономиканы»
қолдау мен «G-Global-ды» дамыту коалициясымен бірлесе отырып, Қазақстандағы БҰҰ
Даму Бағдарламасының қолдауымен Қазақстан Республикасының туристік саласын
дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын талқылау аясында «Қазақстанның ішкі
туризмінің ресурстары, әлеуеті мен даму жолдары» атты республикалық конференция
өткізеді.
Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметінен хабарлады. Іс-
шараның басты мақсаты – ішкі туризмнің қарқынды дамуы үшін мемлекеттің, бизнестің
және азаматтық қоғамның әлеуетін біріктіру.
Конференция аясында Қазақстанның туристік саласындағы көкейкесті мәселелер; ішкі
туризм мен экотуризмді дамыту үшін ұсыныстар әзірлеу; қонақүй мен туристік бизнес үшін
ең жақсы идеялар бойынша конкурс жариялау; ең жақсы туристік жол бағдары бойынша
конкурс жариялау және т.б. мәселелер қаралады.
Конференция жұмысына Қазақстанның әр аймағынан 70-тен аса адам, сонымен қатар
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР инвестициялар және даму министрлігінің
өкілдері, бизнес-қоғамдастық, халықаралық және отандық сарапшылар, үкіметтік емес
ұйымдар, БАҚ пен басқа да мүдделі тараптар қатысады.
Конференция аясында қатысушылар арасында бірнеше меморандумдарға қол қойылып,
Қазақстанның ішкі туризмін дамытудың біртұтас алгоритмі әзірленеді деп күтілуде.

(а) Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз. Сұрақ құрастыру барысында перифразаның түрлі
тәсілдерін қолдануды ескеріңіз.

28 ЖОБА

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

лім алушы
Дескриптор Бі
— перифраза тәсілдерін қолданады;
— мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік
Оқу мақсаты 8.3.3.1
мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын
анықтап жазу

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

Графиктік мәтіндегі деректердің маңызды тұстарын
ан
ықтайды

Мәтін құрылымын сақтайды

Ойлау дағдыларының Ж
ры деңгей дағдылары
деңгейі оға

Тапсырма
Сызбамен танысыңыз.

Жағдаят: Сіз Қазақстан туризмі саласын зерттеп жүрсіз.
Туризм саласы бойынша Қазақстанның әлем елдері арасындағы жағдайын және ішкі
даму/кему көрсеткіштерін талдап жазыңыз.

лім алушы
Дескриптор Бі
— сызбадағы маңызды ақпараттарды анықтайды;
— ақпараттарды талдап жазады;
— мәтін құрылымын сақтайды.

29 ЖОБА

Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс
Оқу мақсаты 8.4.5.1
белгілерін дұрыс қолдану

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

Сөйлем соңына қабаттасып келетін тыныс
бе
лгілерді дұрыс қолданады

Ойлау дағдыларының Қ
олдану
деңгейі

Тапсырма
Cуретпен танысыңыз.

(а) Суретке қарап, сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз. Мәтініңізде сөйлем соңына
қабаттасып қойылатын (?!/ !?/ ,–/ «»,–/!../?..) тыныс белгілерді қолданыңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

лім алушы
Дескриптор Бі
— сурет бойынша әңгіме құрастырады;
— сөйлем соңына қабаттасып қойылатын
тыныс белгілерді дұрыс қолданады.

30

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *