«Қазақ тілі» 8-сынып ҚМЖ пәні бойынша қысқа мерзімдік жоспарлау Арман-ПВ баспасы

Қазақ тілі Арман ПВ баспасы 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат
«Қазақ тілі» 6-сынып ҚМЖ
Сабақтың тақырыбы:
Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы
Күні :
Сынып: 8 Қатысқан оқушылар саны: 11 Қатыспағандар: 0
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.1.1 — мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;
8.4.1.1 — тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу.
Сабақ мақсаты: күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу дағдыларын дамытады;
мәтіннен алынған дәйексөздерді түсініп, айтылмақ ойды одан әрі дамыта болжам жасайды
Құндылықтарды игерту: «Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:
— Тіл мен мәдениет;
— Өмір бойы білім алу;
— Топ мүшесі ретінде жүктелген жауапкершілікті сезіну;
— Топтық және жұптық жұмыста ынтымақтастықпен жұмыс жасау
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады
АКТ-ны қолдану дағдылары: Проектор, ноутбук
Бағалау критерийлері: дәйексөз бен тірек сөздерді анықтау
Тілдік мақсаттар: Көне жазба ескерткіші туралы алғашқы сабақ. Оқушылар бұған дейін қазақ әдебиеті, тарих пәндерінен Орхон –Енесей жазба ескерткіштері туралы хабардар. Бұл сабақта жалқы есімдердің емлесін Көне түркі жазба ескерткіштері туралы мәтіндерден анықтап, тілдік қолданыста пайдаланады.
Дифференциация Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Осыған дейін меңгерілген білім 7-сыныпта өткенді қайталау
Сабақ барысы
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Ресурс

Сабақтың басы Қызығушылықты ояту
Психологиялық ахуал орнату. «Ыстық алақан» тренингін өткізу.
Қызығушылықты ояту:«Суреттер галереясы» әдісі. Сынып қабырғасына көне түркі жазуына қатысты суреттер ілінеді. Оқушылар суреттерді кезегімен көріп, аралайды. Өзіне жақын тұрған оқушымен тарихи ескерткіштер, көне түркі жазуы туралы ойларын айтып әңгімелеседі.

Мұғалім оқушылардың ойын тақырыпқа алып келу мақсатында төмендегі сұрақтарды қояды:
-Көне түркі жазба ескерткіштерінің құпиясы не?
-Қазақстандағы «Мәдени мұра» бағдарламасы қандай мақсатта құрылған?
Сабақтың ортасы

«Болжам кестесі» әдісі
1-қадам. 1-тапсырма
Алдымен, оқушылар мәтіннен берілген үзіндіні тыңдап, көтерілетін мәселеге болжам жасайды

2-тапсырма.
Аудиомәтінді толығымен тыңдап, өз болжамымен салыстырады
Мәтінмен жұмыс кезеңі.
Оқушылардың жұптық тапсырмасы:
Тыңдалым мәтініндегі туындаған мәселені анықтап, төмендегі кестені толтырады.
Үлгі:
Көтерілген мәселе Себептері Менің пікірім
Күлтегін, Білгі қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ Әдебиетші ғалымдар арасында екі түрлі көзқарастың болуы Ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды
— — —
— — —
— — —

Дифференциация: Әдебиетші ғалымдар арасында әр түрлі көзқарастың бірізділігіне зерттеу жүргізеді.
Грамматикалық тапсырма.
Оқушыларға бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу талаптары түсіндіріледі.
Жұптық тапсырма ретінде тыңдалым материалынан (аудиомәтін) оқушылар жалқы есімдерді тауып, атауларын анықтайды.
Мысалы,

Бағалау критерийі:
Т/А8.1.3.1 – Мəтіннен алынған дəйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мəселені болжау Дескриптор Балл
Білім алушы:
Дәйексөздерге сүйеніп, мәселені анықтау
3

Тірек сөздердің қызметін түсіну 3

8-сынып Қазақ әдебиеті оқулығы

Сабақтың соңы
«Түркі әлеміне саяхат» әдісі.
Оқушылар топта зерттеуші, саяхатшы, тілші және суретші мамандықтарының бірін таңдайды.
Міндеттері:
-зерттеуші өз жұмыстары немесе «ашқан жаңалықтары» бойынша есеп дайындайды.
-Саяхатшы Орхан –Енесей жерлеріндегі оқиға жайлы күнделік жазады.
-Тілші өзі көрген, куә болған жайлар туралы репортаж дайындайды.
— Суретші түркі сапары жайлы сурет салады.

Стикерлер, мамандық атаулары жазылған парақшалар







Сабақтың тақырыбы: Археолог – құрметті мамандық Мұғалім:Исина Б.Т. Күні: 27.11.18
8-сынып қазақ тілі Қатысқан оқушылар саны: 11 Қатыспағандар:0
Оқу мақсаттары : 8.1.4.1 — мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;
8.4.3.1 — сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану
Сабақ мақсаты : Оқушылардың барлығы: тұтас және аралас мәтіндердегі ақпараттарды салыстырады.
Оқушылардың көпшілігі : сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолданады.
Оқушылардың кейбірі: сабақта меңгерген деректер мен мәліметтерді шығармашылық жұмыстарда еркін қолдана алады.
Тілдік мақсаттар : Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: менің ойымша, мен бұл пікірмен келісемін/келіспеймін, мен мынандай қорытындыға келдім, жолдастарымның айтуынша, ғалымдардың пайымдауларына жүгінсек;
Алған ақпаратты ортасында еркін талқылайды.
Жазылым бойынша ұсыныстар: мәтінде берілген мәліметті қорытып, диалогке түсе алады, жаза алады.
Алдыңғы оқу Археолог мамандығы туралы ақпаратты біледі.
Жосп. уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер
Сабақ басы
2 минут

5 минут

Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. 3 топқа бөлінеді.
Оқылым мәтіні бойынша топтарға сұрақтар таратылып беріледі.
Әр топ өздеріне берілген сұрақтар бойынша «Фишбоун» әдісі арқылы постер құрайды, қорғайды.
1. Археологиялық қазба жұмыстары сендерді қызықтыра ма?
2. Археолог болу үшін қандай қасиеттерді бойға жинақтау қажет?
3. Археология саласының маңыздылығы туралы ойландыңдар ма?
Топтық бағалау арқылы бағаланады.
ОӘК материалдары
«Фишбоун» әдісі

Сабақ ортасы

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

1-топ. Археология туралы білетін мәліметтерін ортаға салып, «Төрт сөйлем» әдісімен пікір, дәлел, мысал, қорытынды жазады.
2-топ. Археология туралы білетін мәліметтерін ортаға салып, «Сұхбат» айдарымен берілген тапсырманы орындайды. Кесте бойынша топта полилог құрып, термин сөздерге «Болжау» әдісімен сипаттама жазады.
Дескрипторлар :
• пікір, дәлел, мысал, қорытынды жазады;
• сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдана алады;
Мұғалім жасалған жұмыстарға, оқушылардыңғ бір-біріне берген бағаларына, айтылған ойларға қатысты кері байланыс береді. ОӘК материалдары
«Төрт сөйлем» әдісі

«Болжау» әдісі

Сабақ соңы
5 минут
Кері байланыс: «Тазалық» әдісі бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарын чемоданға, бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне, бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салады.

Үйге тапсырма Есік обасынан табылған «Алтын адам» туралы мағлұматтарды тезис түрінде жазады.

Сабақтың тақырыбы: Бояу сыры БЖБ-3 Мұғалім:Исина Б.Т. Күні: 29.11.18
8-сынып қазақ тілі Қатысқан оқушылар саны: 11 Қатыспағандар:0
Оқу мақсаттары: 8.3. 4.1 -эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу.(аргументативті эссе);
8.4.3.1 — сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану

Сабақ мақсаты : Оқушылардың барлығы: мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырады
Оқушылардың көпшілігі: сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдана алады;
Оқушылардың кейбірі: өз ойын дәлелдеп жазады
Тілдік мақсаттар: Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: менің ойымша, мен бұл пікірмен келісемін/келіспеймін, мен мынандай қорытындыға келдім, жолдастарымның айтуынша, ғалымдардың пайымдауларына жүгінсек;
Алған ақпаратты ортасында еркін талқылайды.
Жазылым бойынша ұсыныстар: мәтінде берілген мәліметті қорытып, диалогке түсе алады, жаза алады.
Алдыңғы оқу Бояудың түрлері туралы біледі
Жосп. уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер
Сабақ басы

5 минут

Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады, топқа бөлінеді.
Топпен жұмыс: «Тұжырымдамалық карта» ( Карта тақырыпты ашатындай болуы керек. Картаға сурет, кесте, ойдың түйінді идеясы, график т.б. салуға не дайын материалды жапсыруға болады).
Оқылым мәтіні бойынша топтарға сұрақтар таратылып беріледі.
1-топ: Суретшінің көзқарасына не айта аласыңдар?
2-топ: Сурет өнерін өздерің түсіне алар ма едіңдер?
3-топ: Суретшінің жетістігі неде деп ойлайсыңдар?
Дескрипторлар :
• мәтіннің мазмұнын түсінеді;
• мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырады.
• сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану
Әр топтың жұмысы скритерий бойынша бағаланады, әр топ өз ұстанымдарын дәлелдейді.

ОӘК материалдары

Сабақ ортасы

Тілдік мәліметтер
Көнерген сөздер мен неологизмдер
Тілдегі қолданыстан шығып қалған, тарихи шығармаларда ғана кездесетін көнерген сөздер екі топқа бөлінеді:1) архаизмдер;
2) историзмдер;
Топтық тапсырма
1-топ. «Ақпаратты сүзіп алу» әдісімен «Артық болмас білгенің» айдарында берілген мәтіннен сөздік қор мен сөздік құрамға енетін сөздерді топтап жазады.
Оқушылар бағалайды.
2-топ. «Дербес пікір жазу» әдісімен «Артық болмас білгенің» айдарында берілген суреттер бойынша сөйлемдер құрайды.
Оқушылар бағалайды.
3-топ. Суретші Ә. Қастеевтің суреттері туралы «Төрт сөйлем» әдісімен пікір, дәлел, мысал, қорытынды жазады.
Дескрипторлар :
• сөздердің сөздік қор немесе сөздік құрам екенін дәлелдеп жазады
Мұғалім жасалған жұмыстарға, оқушылардыңғ бір-біріне берген бағаларына, айтылған ойларға қатысты кері байланыс береді.

ОӘК материалдары

«Ақпаратты сүзіп алу»

«Дербес пікір жазу» әдісі

Сабақ соңы
5 минут
Рефлексия. «Раундроин» әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша өз идеялары мен ойларын жазып, оң жағындағы көршіе парағын ысырады. Көршісі алдыңғы жолдасының жазғанымен танысып, сол ойларды әрі қарай жалғастырады.

Үйге тапсырма Ғаламтор желісінен алынған мәтінге стильдік түзетулер жасап, өңдейді

Сабақтың тақырыбы: Байқоңыр – ғарыш алаңы Мұғалім: Исина Б.Т. Күні:04.12.18
8-сынып қазақ тілі Қатысқандар саны: 11 Қатыспағандар саны: 0
Оқу мақсаттары 8.1.3.1 — мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;
8.4.4.1 — сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану
Сабақ мақсаты Оқушылардың барлығы орындай алады: мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды;
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікі сөз тіркестерін ажыратады, қолданады;
Оқушылардың кейбірі орындай алады: анықтаған тірек сөздерді шығармашылық жұмыстарында еркін қолдана алады.
Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер: «Байқоңыр» ғарыш айлағы,метеорологиялық байқаулар, ғылыми және зерттеушілік жұмыстар т.б.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін тілдік бірліктер:
Менің ойымша, салыстырғанда, үлкендердің айтуынша, болашақта әкелер жетістігі мынадай
Бағалау критерийлері Мәтін ойды жалғастырады,ойтүрткі сұрақтарға жауап береді, ішінара ізденушілік жұмыстарын жүргізеді
Алдыңғы оқу Ғарыш туралы біледі туралы біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы Оқушылар сабақтың мақсаты мен бағалау критерийімен танысады, 3 топқа бөлінеді.
«Әліпби желісі»
Әліпби тәртібімен әріптерді пайдалана отырып, қатысушылар алға шығулары керек және кезек-кезекпен берілген тапсырма бойынша негізгі сөздерді дауыстап айтады, сынып өтілетін тақырыпты болжайды.
Оқылым мәтіні бойынша әр топқа сұрақтар таратылады.
«Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі арқылы сұрақ топта талқыланады, қорытылады, жауап береді.
1-топ. Ғарышты бағындырудың Байқоңырмен тікелей байланысты болуы қалай әсер етті?
2-топ. Жасанды серіктерді ұшырудың себебін қалай түсіндіресіңдер?
3-топ. Әлемге әйгілі Байқоңырдың болашағын қалай елестетесіңдер
Мұғалім кері байланыс береді.
ОӘК материалдары

Ортасы Оқылымнан кейінгі тапсырма:
Тілдік мәлімет беріледі
Толық мағыналы, кемінде екі сөздің тұлғалықжәне
Мағыналық жағынан байланысқан тобы сөз тіркесі деп
аталады.
М ы с а л ы: жібек жіп,қысқа айтты, кітап оқыды, досымның күшігі.
Сөз тіркесінің негізгі белгілері:
• Ÿ сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады;
• Ÿ толық мағыналы, кем дегенде екі сөзден тұрады;
• Ÿ белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады;
• Ÿ қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді.
Сөйлем ішіндегі сөздердің әртүрлі байланысуына қарай
сөз тіркесі еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркесі, ал басыңқы сыңарларының жасалуына қарай есімді сөз тіркесі және етістікті сөз тіркесі болып бөлінеді.

Топтық жұмыс: оқылым мәтінінің үш азат жолы бойынша жұмыс жүргізеді. Сөйлемдегі есімді және етістікті сөз тіркестерін ажыратып, «Т кестесін» толтырады.
Дескрипторлар:
• Мәтінде көтерілетін мәселені анықтайды;
• Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажыратады;
Мұғалім кері байланыс жасайды.
Топтық тапсырма- «Өрмекші» әдісі (постерде)
1-топ. «Адамзаттың ғарышты бағындыруы қазақ жерімен тікелей байланысты» бейнежазбасын көріп, «Ақпаратты сүзіп алу» әдісімен.
2-топ. «Байқоңыр» ғарыш айлағының халық үшін пайдасы бар ма?» деген көтерілетін мәселені анықтайды мәселеге қатысты практикалық кейсті шешеді
Дескрипторлар:
• көтерілетін мәселені анықтайды;астарлы ойды анықтайды:
• практикалық кейсті шешеді;
Мұғалім жасалған жұмыстарға, оқушылардыңғ бір-біріне берген бағаларына, айтылған ойларға қатысты кері байланыс береді.

«Т кестесін»

Оқулық

«Өрмекші» әдісі

«Ақпаратты сүзіп алу» әдісі
Соңы Бір сөйлеммен түйіндеу
Оқушылар тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады.
Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін.
Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады, немесе көшіріп жазады, т.б.
ОӘК материалдары

Үй тапсырмасы БАҚ материалдарынан қызықты мағлұматтарды жинақтап, тіркес түрлеріне бес-бестен мысал жазады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *