Обновленка Әдебиеттік оқу 4 сынып ҰМЖ ҚМЖ КТЖ Ұзақ мерзімдік жоспарлау Қысқа мерзімдік жоспарлау Күнтізбелік тақырыптық жоспарлау Жаңа бағдарлама бойынша мазмұны

Обновленка Әдебиеттік оқу 4 сынып ҰМЖ ҚМЖ КТЖ Ұзақ мерзімдік жоспарлау Қысқа мерзімдік жоспарлау Күнтізбелік тақырыптық жоспарлау Жаңа бағдарлама бойынша мазмұны

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
(Барлығы 102 сағат, аптасына 3 сағат)

Р\с Сабақтың тақырыбы Сағат саны
1-тоқсан
I ортақ тақырып. Менің Отаным – Қазақстан
1 Отаным – бақыт ордасы 1
2 Мен Қазақстан азаматымын 1
3 Отан туралы өлең-жыр оқимыз 1
4 Қасиетті мекенім 1
5 Ер серігі – тұлпары 1
6 Ел шетіне жау келсе 1
7 Ерлік ұмытылмайды 1
8 Туған елге сағыныш 1
9 Жер байлығы – ел байлығы 1
10 Тәуелсіздік күні 1
11 Мен де еліме қызмет етемін 1
12 Өзіңді тексер 1
II ортақ тақырып. Құндылықтар
13 Қазыналы қарттың тәлімі 1
14 Адами асыл қасиеттер 1
15 Ата-баба тәрбиесі 1
16 Ана тілім – дана тілім 1
17 Қазына иесі кім? 1
18 Ақыл – жастан 1
19 Жазу, сызу, өнер – адамның рухани құндылығы 1
20 «Жақсы» деген – немене, «жаман» деген – немене? 1
21 Уақыт – біздің құндылығымыз 1
22 Мен бақытты баламын 1
23 Өзіңді тексер 1
24 Жиынтық бағалау 1

Қысқамерзімді жоспар
І тоқсан. 1-ортақ тақырып. Менің Отаным – Қазақстан

Мектеп:
1-сабақ. Отаным – бақыт ордасы
Күні Мұғалімнің есімі
Сынып 4 Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Оқу бағдарламасына негізделген оқу мақсаты 4.2.3.1 Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу
4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, таныстырылым түрінде ұсыну
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: тақырып, идея жайлы түсініктерін тереңдетіп, өлеңдегі негізгі ойды анықтайды. Тірек сөздерді қатыстырып тілектер айтады.
Оқушылардың басым бөлігі: тақырыпқа қатысты мақалдардың бөліктерін сәйкестендіріп, мағынасын талдайды. Ұйқасқа негіздеп 4 жолды өлең құрастырады.
Кейбір оқушылар: тақырыпқа қатысты өз пайымдауларын ұсынып, дәлелдейді.
Бағалау критерийлері: Тақырыпты және негізгі ойды анықтап үйренеді. Автордың ойын мәтін деректерімен дәлелдейді.
Құндылықтарды дарыту Жауапкершілік,белсенді азаматтық ұстанымын таныту және өз елінің
дамуына үлес қосу.
Пәнаралық байланыстар Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары Автор жайлы деректер іздеу үшін ғаламтор желісі
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім Шығарманың мазмұнын түсініп оқып, нақтылау және себеп-салдарын анықтау сұрақтарын қоя алады. Отан, бейбітшілік, бақыт сөздерінің
мағынасын біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған әрекет Ресурстар
Басталуы (ЖЖ) Сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастырып, жаңа тақырыпқа қатысты ойларын жинақтау мақсатында «Қос шеңбердегі тілектер» әдісін ұйымдастыру. Оқушылар екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бөлініп, бір-біріне жүзін қаратып тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша ішкі шеңбердегі оқушы мұғалім атаған сөзді қатыстырып өз жұбына тілек айтады да, оңға қарай бір қадам жылжиды. Мұғалімнің атаған келесі сөзін сыртқы шеңбердегі оқушы қатыстырып тілек айтады.
Қолданылатын сөздер: Отан, бақыт, Қайырлы таң! Мұғалім сабақтың тақырыбы және мақсатымен оқушыларды таныстырады.
Қызығушылықты ояту.
Жаңа сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында оқулықтағы берілген тапсырмамен жұмыс жүргізеді.
(ЖЖ) «Құрастыр» айдары бойынша
әр жұп «Кластер» немесе «Жүзімнің шоқтары» әдісі арқылы
«Отанға тілек» тақырыбына кластер құрастырады.
Дескрипторы:
Отанына арналған тілектерін құрастырып жазады.
ҚБ: Смайлдар арқылы өзара бағалау.
(Т) «Құрастыр» айдары бойынша Бейбітшілік, тыныштық

Сызбаға арналған ақ парақтар

сөздерін пайдаланып бір-біріне жақсы тілек сөз айтады.
Дескрипторы:
Берілген сөздерді пайдаланып, бір-біріне жақсы тілек айтады.
ҚБ: Смайлдер арқылы өзара бағалау.
Ортасы Мағынаны тану кезеңі.
(Ж) Ә.Табылдының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.
Аты-жөні Әдібай Табылды
Туған жылы 1926 жыл
Туып-өскен жері Жамбыл облысы Рысқұлов ауданы
Шығармалары «Бөбекке сөз», «Қайырлы таң,
балалар!»
Ақпарат Жазушы, ақын, тәрбие тәлімгері

Ғаламтор желісі, ақпараттық- анықтамалық әдебиеттер
(Т) «Оқы» айдарыбойынша оқушылар Ә. Табылдының
«Қайырлы таң, балалар!» атты өлеңін оқып, төмендегі сұрақтар бойынша мазмұнын топта талқылайды:
• Кейіпкер нені мақтан етеді және неге қуанады?
• Өлеңдегі ≪Аман Отан – панамыз≫ деген сөзді қалай түсінесің?
• Неліктен өлең ≪Қайырлы таң, балалар!≫ деп аталған?
• Сен қандай тақырып қойған болар едің?
Сөздікпен жұмыс.
(Ұ)«Жаңа сөздер сандығы» әдісі бойынша арайлап, әрлі
сөздерінің мағынасын ашады.
Арайлап – жарқырап Әрлі – әдемі, көрікті
(Т) «Есіңе түсір» айдары бойыншаоқушылар тақырып және идея ұғымдарына анықтама береді. «Қайырлы таң, балалар!» өлеңінің тақырыбы мен идеясын анықтап, кестеге түсіреді.
Тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы
Идея – жазушының айтқысы келген негізгі ойы

Дескрипторы:
1. «Тақырып», «идея» ұғымдарына анықтама береді.
2. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын кестеге жазады.
(Т) «Қолдан» айдарыбойынша
а) Оқушыларға «Егер бейбітшілік болса…» деп басталатын сөйлемнің бастапқы бөлігі жазылған көгершін, гүл, шар сияқты бейбітшілік символдарының суреттері беріледі. Оқушылар өлеңдегі негізгі ойды үлгідегі сөйлемге ұқсатып жазады да, тақтаға іледі.
Үлгі: Егер бейбітшілік болса, ата-анамыз да аман-есен болады.
Дескрипторы:Бастапқы ойды өздерінше жалғастырады.
ҚБ:«Бағдаршам» әдісі бойынша топтардың бірін-бірі бағалауын ұйымдастыруға болады.

Көгершінң суреті, гүл, шар сияқты бейбітшілік символдары- ның суреттері

Мақсаты: Берілген сөйлемнің бастапқы бөлігін жалғастырып, өз ойын толық білдіреді.
Тиімділігі: Оқушылардың кез келген тақырыпта өз ойын еркін білдіре алу дағдыларын арттырады.
(Т) «Қолдан» айдары бойынша
Оқушылар өлең шумағына лайықты ұйқас сөздің орнын тауып, өлеңді құрастырады:
Отанды біз атамекен Деп аялап, атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен Бабамыз бен атамыз.
Керекті сөздер: атамыз, атаймыз
Дескрипторы:
1. Ұйқас сөздерді табады.
2. Ұйқасқа негіздеп өлең құрастырады.
Мақсаты: Оқушылардың сөз мағынасын дұрыс түсініп, сөйлем құрастыруда дұрыс пайдалана білуге дағдылануларына ықпал ету.
Тиімділігі: Оқушылардың әр сөзді түсініп қолдану дағдыларын арттырады.
(МК, Т) «Есіңе түсір» айдары бойынша
Оқушылар эпитет туралы білгендерін естеріне түсіріп, өлеңдегі эпитет сөздерді табады.
Отан Аялаған өз елің, Отан – биік тауларың
Отан – шексіз кең дала, Жасыл бағың, бауларың Көк шалғының, аунағын.
Дескрипторы:
1. Эпитеттің ережесін еске түсіреді.
2. Берілген өлеңдегі эпитет сөздерді табады.
(Т) «Кластер» әдісі бойынша
Отанға қызмет ету дегенді қалай түсінесің? Ойыңды сызба түрінде топтастырып жаз.
Дескрипторы:
1. Сұрақ төңірегінде әр оқушы өз пікірін білдіреді.
2. Қорытынды ойларын топтастырып жазады.
ҚБ: «Ду қол шапалақ»
Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырмаларды уақыт жеткілікті болса, өз қалауынша орындата алады. Онда берілген тапсырмалар оқулықта алған білімдерін әрі қарай толықтыруға арналған. Бекіту жұмысы ретінде де пайдалануға болады.
Аяқталуы Ойтолғаныс (рефлексия).
(Т) «Қорытындыла» айдарыбойынша
1- топ оқушылары «Өз Отаныңды несімен мақтан етесің?» тақырыбына өз пайымдауларын ұсынады. Картадан Қазақстан жерін көрсете отырып, оның кең-байтақ екенін айтады.
2- топқа Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы ұсынылады. Шартты белгілер бойынша өз Отанының байлығын мақтан етеді. 3-топқа әр ұлт балаларының суреті ұсынылады. Олар ұлттар достығын дәріптейді.
4-топ оқушылары өз Отаны туралы ребус құрастырады.
Дескрипторы: Топ жұмысы бағаланады.
ҚР
физикалық картасы, пайдалы қазбалар картасы

ҚБ:«Ду қолшапалақ» әдісі бойынша дұрыс орындалған тапсырмаға қол шапалақтау арқылы қолдау көрсету жүзеге асады.
Үйге тапсырма: К. Салықовтың «Отан» өлеңіндегі ойды жалғастырып, өлеңге бір-екі жол қосып жаз.
Рефлексия. «Көңіл күй қоржыны» әдісі арқылы жүргізіледі.
Қосымша ақпарат
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау парақтары
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
1.
2.

Мектеп:
2-сабақ. Мен – Қазақстан азаматымын
Күні Мұғалімнің есімі
Сынып Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты 4.2.1.1 Шығарманыдауыстаптүсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу
4.3.2.1 Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Мәтінді мәнерлеп, шапшаң, түсініп оқып, мазмұнын өз сөздерімен баяндайды.
Оқушылардың басым бөлігі: Автордың пікірін мысалдар келтіріп дәлелдей алады.
Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты өлең құрастырып, жарнама жасайды, өз қаласына байланысты викториналық сұрақтар құрастырады. Өз туған жері туралы эссе жазады.
Бағалау критерийлері: Шығармашылық жұмыс істеп үйренеді. Оқу түрлерін қолданады.
Құндылықтарды дарыту Жауапкершілік,белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің
дамуына үлес қосу
Пәнаралық байланыстар Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары Өз өлкесі жайлы жарнама жасап, викториналық сұрақтар құрастыруға
деректер іздеу үшін ғаламтор желісі.
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім Мәтіннің түйінді ойын өмірмен байланыстыра алады.Отан,Қазақстан, азамат, туған жерсөздерінің мағынасын
ұғады.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт Жоспарланған әрекет Ресурстар
Басталуы Қызығушылықты ояту
(Ұ) «Кел, сөйлесейік» айдары«Биопоэма» әдісі арқылы жүзеге Биопоэма
асады. Оқушылардың өзі туралы сауалдарға жауап берулеріне жазуға
тапсырма беріледі. Оқулықта берілген тірек сөздерді арналған
пайдаланып, өзінің өмірбаянын көпшілік алдында әсерлі айтып кесте.
береді. ҚР-ның
Есімім (Өз есімі) картасы
Менің туған жылым (Өз туған күні, айы, жылы)
Менің туған жерім (Дүниеге келген орны) (картадан көрсету)
Менің жетістіктерім
Менің қызығушылықтарым
Мен қызмет еткенде (армандарын айтады)
Мен өскенде
Мен қандаймын (Өзіңізді сипаттайтын 3 сын есім)
Әдістің тиімділігі: балалар бірін-бірі жаңа қырынан танып,
таныстықтары тереңдей түседі.
Сабақтың тақырыбы мен күтілетін нәтижені хабарлайды.
Ортасы Мағынаны тану кезеңі.
(ЖЖ)«Қойын дәптер» әдісі арқылы жүргізіледі. Өтебай Қанахиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.

Оқулық

(Т) «Түсініп оқы» айдары«Джигсо» әдісі бойынша жүзеге асырылады. «Туған жер» мәтінін төрт бөлікке бөліп, топтағы
1-ден 4-ке дейін нөмірленген оқушылар өз нөміріне сәйкес бөлікті оқиды. Басты мақсат – мәтінді оқу, ақпаратпен танысу. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа «сарапшылар» тобы құрылады. Мақсаты – тақырып бөлігінің мазмұнын бірлесе игеру, қиын жерлерін талқылап, бір-біріне түсіндіру.
Бастапқы топқа оралып, әр оқушы мәтіннің өз бөлігін баяндайды:
— тірек сөздер кестесі;
— мәтін жоспарының сызбасы;
— кластерлер;
— мәтіннің мазмұны бойынша кестелер немесе диаграммалар арқылы түсіндірулері мүмкін.

Жұмыс дәптерлері, Оқулық

Дескрипторы:
1. Мәтінді оқып, ақпаратпен танысады.
2. Мәтін мазмұнын топта талқылайды.
3. Тірек сөздер кестесі арқылы түсіндіреді.
ҚБ: Смайлдер арқылы топ ішінде бірін-бірі бағалауын ұйымдастыруға болады.
(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету. Құндақ, ризық, маңғаз, сайып келгенде сөзінің мағынасын ашу.
Құндақ – сәбиді жаялыққа сап, жұмсақтап ораған бөлеуі, жөргек
Ризық – бұйырған нәсіп, ырыс Сайып келгенде – қорыта айтқанда
(ЖЖ) «Ізден» айдары бойынша әр жұп мәтіннен Отан сөзіне синоним болатын сөздер іздеп табады. Мысалы: туған жер, өзен, көл, шалқар су, ауыл, қасиетті топырақ, зеңгір тау, орман-тоғай, атамекен т.б.
Дескрипторы: Мәтіннен Отан сөзіне синоним сөздерді іздеп, табады.
ҚБ: Өзара бағалау.
(Т) «Дәлелде» айдары бойынша «Қосжазба күнделігі» әдісі
арқылы мәтіннен берілген үзіндінің мағынасын ашады. Мақсаты: Берілген үзіндіні өз сөзімен шығармашылық тұрғысынан түрлендіріп жеткізуге мүмкіндік беру
Тиімділігі: Оқушылардың кез келген шығарманың үзіндісін өз сөздерімен түрлендіріп жеткізе алу дағдыларын арттырады.

Дескрипторы:
1. Мәтіндегі негізгі пікірді анықтайды.
2. Автор пікірін мысал келтіру арқылы дәлелдейді.
ҚБ: «Оң көрші» әдісі арқылы әр топ көрші топтың жұмысын дескрипторлар негізінде бағалайды.
(ЖЖ) «Өзгертіп оқы» айдары
Әр жұп оқулықтағы кестеге сәйкес мәтіннің екінші және соңғы абзацын үлгідегідей өзгертіп оқиды.
(ЖЖ) «Түсіндір» айдары бойынша азаматтық парыз, міндет
туралы соңғы абзацты оқып, түсінгендерін әңгімелейді.
Дескрипторы:
1. Мәтіннің соңғы абзацын түсініп оқиды.
2. Өз жұбына әңгімелейді.
ҚБ: «Смайлдер» әдісі
Дәптермен жұмыс.

Оқулық, дәптер
Аяқталуы Ойтолғаныс кезеңі.
(Т) «Қорытындыла» айдары бойынша «Келіңдер, біздің қалаға!» тақырыбына жарнама-постер жасайды. Флипчарт, ақпараттық
әдебиеттер

Дескрипторы:
Тақырыпқа сай жарнама құрастырады. Жарнаманы дауыс ырғағын келтіріп оқиды.
«Галереяға саяхат» әдісі бойынша жұмыс нәтижелерін сыныпқа жариялайды.
ҚБ: «Менің бағам» әдісі бойынша басқа топтар өзі қойған бағаға сәйкес смайлды беріп кетеді.
Мақсаты:
Үй тапсырмасы: «Сен өз ауылыңды/қалаңды білесің бе?» тақырыбында викториналық сұрақтар дайындап жазыңдар.
Рефлексия. «Бағдаршам» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты бағдаршам көздеріне жапсыртады.
Ғаламтор желісі, ақпараттық- анықтамалық әдебиеттер
Қосымша ақпарат
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.
Жіктеу: Джигсо тобына жіктеу жүргізіледі.
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау парақтары, «Басбармақ» әдісі
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.
2.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
1.
2.

Мектеп:
3-сабақ. Отан туралы өлең-жыр оқимыз
Күні Мұғалімнің есімі
Сынып Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты 4.2.3.1 Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу
4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, таныстырылым түрінде ұсыну

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: «Отан» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқып, мазмұнын түсінеді. Өлеңдегі негізгі ойды анықтап, автордың ойын өлеңнен деректер келтіре отырып дәлелдейді. Өз ойларын автор ойымен салыстырып, диаграмма түрінде ұсынады.
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпқа сәйкес кластер сызып, толтырады.
Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты өлең құрастырып, өз ойларын білдіреді.
Бағалау критерийлері: Шығарманың тақырыбын, негізгі ойын анықтайды. Шығармашылық жұмыстар жасап үйренеді.
Құндылықтарды дарыту Жауапкершілік, белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің
дамуына үлес қосу.
Пәнаралық байланыстар Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары М. Мақатаевтың «Отан» өлеңінің аудиожазбасы
Алдыңғы оқу/ Бастапқы
білім Отан, Қазақстан, азамат, туған жер сөздерінің мағынасын ұғады
Жоспар
Жоспарланған
уақыт Жоспарланған әрекет Ресурстар
Басталуы Қызығушылықты ояту кезеңі. (МК) Көп аузынан түспейтін
Отан деген немене? Оның тұлға,түс, кейпін Достым,білгің келе ме?–
дей келіп, Отан жайлы қалам тартып, өлең арқылы Отанына өз сезімдерін білдірген ақындарды оқушылар еске түсіреді Сабақтың тақырыбы мен күтілетін нәтижені хабарлайды.
Ортасы Мағынаны тану кезеңі.
(Ұ, МК) «Есіңе түсір» айдары бойынша М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін тыңдап, адам үшін қажетті үш ұғымды атау тапсырылады.
Дескрипторы:
1. М. Мақатаевтың «Отан» өлеңін тыңдайды.
2. Өлеңде айтылған адам үшін аса қажетті үш ұғымды атайды.
«Қойын дәптер» әдісі жүргізіледі. Тұманбай Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.

(Ж, Т) «Оқы» айдары
Тұманбай Молдағалиевтің «Отан» өлеңін мазмұнына сай мәнерлеп оқу тапсырылады.
Дескрипторы:
-Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнымен танысады.

Өлеңнің аудиожазбасы

Оқулық

-Өлең мазмұнын топта талқылайды. Тірек сөздер кестесі арқылы түсіндіреді.
ҚБ: Смайлдер арқылы топ ішінде бірін-бірі бағалауын ұйымдастыруға болады.
(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету. «Атаның рухына балау» деген сөз тіркесінің мағынасын ашу.
Атаның рухына балау – ата-бабамыз сияқты құрметтеу (Т) «Зертте» тапсырмасы бойынша әр жұп өлеңнен ақынның негізгі ойын тауып оқиды. «Отаныңның өткені,
қазіргісі, келешегі туралы қайдан, неден білдің?» деген сұраққа жауап іздейді.
Дескрипторы:
1. Өлеңнің негізгі ойын анықтайды.
2. Автордың ойын деректер келтіре отырып дәлелдейді.
3. Сұраққа жауап береді.
ҚБ: Смайлдер арқылы топ ішінде бірін-бірі бағалауын ұйымдастыруға болады.
(ЖЖ) «Салыстыр» айдары
«Ақынның Отан туралы түсінігі сенің ойыңмен ұқсас па?» деген сұрақ төңірегінде ойланып, «Венн» диаграммасы арқылы әр оқушы Отан жайлы өз ойын ақын ойымен салыстырады.
Дескрипторы:
1. Отан туралы өз ойын білдіреді.
2. Өз ойын ақын ойымен салыстырады.
ҚБ: Өзара бағалау
(Ж) Дәптермен жұмыс. Оқулықтағы «Отан» өлеңінің мазмұны бойынша үлгіге қарап, Отан сөзіне кластер жасайды. Қазақстан Республикасының астанасы туралы «бес жолды өлең» жазады.
Дескрипторы:
1. Өлең мазмұнына сәйкес «Отан» сөзіне кластер жасайды.
2. «Астана» тақырыбына бес жолды өлең жазады.
ҚБ: «Оң көрші» әдісі
Дәптермен жұмыс. Дәптермен жұмыс мұғалімнің өз қалауы бойынша уақыттың қалуына байланысты орындалады.

Ақ парақтар

Оқулық, дәптер
Аяқталуы Ойтолғаныс
(МК) «Ойыңмен бөліс» айдары.
Әрбір оқушы «Отан ұғымына өзің қандай ой қосар едің?» деген сауал төңірегінде өз ойын ауызша айтып білдіреді.
Шығармашылық жұмыс. «Отан қайдан, неден басталады?» деген тақырыпқа қысқаша эссе жазады.
Дескрипторы:
1. Тақырыпқа сай эссе жазады.
2. Эссені дауыс ырғағын келтіріп оқиды.
ҚБ: «Менің бағам» әдісі бойынша басқа оқушылар смайл беріп кетеді.
Үй тапсырмасы: Өлең мазмұны бойынша, отан ұғымына топтастыру құрып, жаз.
Рефлексия. «Бағдаршам» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты бағдаршам көздеріне жапсыртады.

Смайлдер
Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Қорытынды: Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз
тұстарына қарай жауап береді.
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Смайлдер, «Оң көрші», «Менің бағам»
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

Мектеп:
4-сабақ. Қасиетті мекенім
Күні Мұғалімнің есімі
Сынып Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты 4.1.3.1
Шығарманыңтақырыбыжәнеқорытындыбөлімінегізіндесюжеттіңд амуынболжау, оныңсебебінтүсіндіру
4.3.1.1 Оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Мәтіндегі сюжеттің дамуына болжау жасап, оның себебін түсіндіреді.
Оқушылардың басым бөлігі: Мәтінді бөліктерге бөліп, бөліктері бойынша жоспар құрады.
Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты өз сезімдерін жүйелі жеткізе алады.
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері,
күтілетін нәтиже) Сюжеттің дамуын болжауды және мәтінге жоспар құруды үйренеді.
Құндылықтарды дарыту Көпшіл және жылы шырайлы болу
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі, Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары Ғаламтор желісінен https://www.youtube.com/watch?v=p1TLQb7zcsE
бейнебаян тамашалау
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім Туған жер, атамекен, атақоныс, бабалар елі туралы біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған әрекет Ресурстар
Басталуы Қызығушылықты ояту Сұрақ

(Т) «Пікіріңді айт» айдары бойынша топқа «Сен үшін өмірде не қымбат?» деген сұрақ жазылған қағаз беріледі.
Әр оқушы өз ойын топқа айтып, жауабын қағазға жазып қояды.

Не қымбат?

– Ал ертедегі біздің батыр бабаларымыз үшін не қымбат болған екен? – деп қызықтыру арқылы сабақтың тақырыбы мен күтілетін нәтижесін хабарлап, сабақты бастауға болады. жазылған парақтар
Ортасы Мағынаны тану кезеңі.
(Ұ) «Түсініп оқы» айдары «Аялдамамен оқу» әдісі бойынша жүзеге асады. «Ақдауыл хан» мәтіні оқылып, оқу барысында аялдамалар жасау арқылы мәтінді бөлімдерге бөлуге әзірлік жүргізіледі. (Мұғалім өзі оқыса да немесе оқушыларға оқытуына да болады. «Оңай, қиын сұрақтар» қою арқылы мәтін мазмұнына талдау жасатады).
(Т) «Болжа» айдары «Болжау» әдісі арқылы жүргізіледі. Оқушыларға төмендегі сұрақтарды талдау ұсынылады:
1. Оқиға өте ертеректе болғанын қалай болжауға болады?
2. Ақдауыл хан Тозғантауға барғанда жағдайы қалай өзгеруі мүмкін?
3. Тақырыпқа қарап мәтіннің соңын қалай болжар едің? Саралау: Берілген сұрақтар барлық оқушыларға беріледі. Тиімділігі: Оқушылардың болжауының нақты жауаппен дөп келуі емес, ең бастысы, олардың тақырып бойынша белсенді түрде ой қозғауы екендігін естен шығармай, оқушылардың өз пікірі сынға түспейтіндігіне кепіл болу.
ҚБ: Мұғалімнің қолдау сөздері.
(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету.
Қаймығу – сескену, қорқу Тамыршы, дәруіш – емші Хан көтеру – хан сайлау
Ат ізін салмау – бармай, көрмей кету Зауқы соқпау – көңілі соқпау
Ат жалында ұзақ жыл түн қату – ұзақ уақыт ат үстінде, жорықта болу
(ЖЖ) Ханның туған жерін көргендегі сезімі жайлы өз болжамдарын жұпта талдап, ұжымға жариялайды
Дескрипторы:
1. Әр оқушы өз болжамын ортаға салады
2. Ортақ қорытынды шығарады
ҚБ: «Ду қол шапалақ» әдісі.
(Т) Әр топ «Композиция», «Сюжетті шығарма» анықтамасымен танысып, мәтінмен байланыстырады Оқулық

Дәптер
Композиция – көркем шығарманың құрылысы. Оқи-

ғалы шығарманы сюжетті шығарма деп атайды.
композиция сюжетпен тығыз байланысты.

https://www
.youtube.co m/watch?v= p1TLQb7zc sE

Интербел- сенді тақта
«Ақдауыл хан» ерте- гісінің құрылысы:
1. сюжеттің басталуы
2. Дамуы
3. Шиеленісуі
4. Шарықтау шегі
5. Аяқталуы

1. Ханның ауырып қалуы
2. Ханның ем іздеуі
3. Ханның ашулануы
4. Ханның туған жеріне сапары
5. Ханның ауруынан жазылуы

(Т) «Туған жер» бейнебаянын тамашалап, туған жердің басқа жақтан артықшылығы туралы айтады.
(Т) «Бағала» айдары бойынша:
а) «Ханның әрекетіне қарап, оны қандай адам деп ойлайсың? Сен үшін ≪Не қымбат?≫ деген пікірдің ең бастылары қайсысы?» деген сұрақтар арқылы ханның әрекетіне баға береді. Не қымбат деп есептейтіндерін топта тізіп айтады. Сол пікірдің ішінен ең басты деп есептейтіндерін белгілейді. Әр топтың пікіріне баға береді.
Дескрипторы: Сұрақтарға белсенді жауап береді.
ҚБ: Мұғалімнің қолдау сөздері арқылы жүзеге асады.
Аяқталуы Ойтолғаныс
(МК) «Не қымбат?» деген бастапқы пікіріңнен не өзгерді? – деген сұрақ төңірегінде ойланып, соңғы ойларын да қағаз бетіне түсіреді.
Дескрипторы: Өз пікірін дәлелдермен негіздейді.
ҚБ: «Оң көрші» әдісі арқылы жұптық бағалау жүзеге асады.
Рефлексия. Сөйлемді толықтыр:
Маған … ұнады. Мені … таңғалдырды. Мен … болғым келеді.
Үй тапсырмасы: Ертегі мазмұны бойынша жоспар құрап жаз.
Кесте

Бастапқы парақтар
Қосымша ақпарат
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Қорытынды: Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі
оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді.
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау парақтары, «Бағдаршам » әдісі
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

5-сабақ: Ер серігі – тұлпары
Күні Мұғалімнің есімі
Сынып Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты 4.2.4.1 Аңыз, шешендіксөз, батырларжыры, фантастикалықәңгімелердіңжанрлықерекшеліктерінанықтау
4.2.7.1 Шығармаданәдебикөркемдегішқұралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация,әсірелеу) табужәнеолардықолдану
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажыратып, жырды нақышына келтіріп, мәнеріне сай дауыс екпінімен оқиды.
Оқушылардың басым бөлігі: Батырлар жырындағы әдеби көркемдегіш құралдарды: теңеу, эпитет, әсірелеуді пайдалана алады.
Кейбір оқушылар: «Бірін-бірі оқыту» әдісі кезінде басқаларға анықтаманы өз сөзімен түсіндіре алады.
Бағалау критерийлері: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтайды. Әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігімен танысады.
Құндылықтарды дарыту Әлеуметтік жауапкершілік және жанашыр болу
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі, Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары Youtube com. каналынан бейнефильм көрсету
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім Халық ауыз әдебиеті үлгілерін ажырата алады. Теңеу, эпитет
туралы біледі, қолданады.
Жоспар
Жоспарлан
-ған уақыт Жоспарланған әрекет Ресурстар
Басталуы Қызығушылықты ояту
Сабақты «Қобыланды батыр» мультфильмінен үзінді көрсетіп, қызықтырып бастауға болады. Мультфильм үзіндісін көру сәтінде оқушыларға төмендегі сұрақтарға жауап іздеп отыру тапсырылады.
— Мультфильмнің басты кейіпкері кім?
— Батырлардың тарихтан алар орны қандай?
Балалардың сұраққа жауаптарын мұқият тыңдап болған соң сабақ тақырыбы мен күтілетін нәтиже анықталады.
(МК) «Есіңе түсір» айдарынасәйкес оқушылар оқулықтағы сызбаға қарап, халық ауыз әдебиетінің түрлерін есіне түсіреді. Кейбір түрлеріне уақыт жетсе, мысалдар келтіруіне болады.
Сонымен қатар 3-сыныпта оқыған батырлар жырының кейіпкерлерін атайды.
Дескрипторы: Халық ауыз әдебиеті түрлерін еске түсіріп айтады.
Батырлар жырларының кейіпкерлерін еске түсіреді
ҚБ: Мұғалімнің қолдау сөздері. АКТ
https://ww w.youtube
.com/watc h?v=f7V0 HLMiM8g

Ортасы Мағынаны тану кезеңі
(Т) «Бірін-бірі оқыту»«Үйрете отырып үйренемін» әдісі
бойынша жүргізіледі.
• Батырлар жыры;
• Батырлар жырының басты тақырыбы;
• Жырды жеткізуші жыршылар.

Арнайы кесте

Батырлар жыры ауыз әдебиеті шығармаларының халыққа көп тараған түрі.

Оқулық

Тыңдалым- ға арналған аудиодиск
Батырлар жырының басты тақырыбы елді сыртқы жаудан қорғау
Жыршылар Батырлар жырын жатқа айтушылар және бізге жеткізушілер
Әсірелеу суреттелетін затты шамадан тыс асырып айту тәсілі. Бұл көркемдеуіш тәсіл батырлар жырында, жыраулардың шығармаларында жиі қолданылады.
Дескрипторы:
1. Әдеби көркемдегіш құрал «әсірелеу» туралы түсінік алады.
2. Тақырыпқа қатысты ойлары тереңдейді.
(Ұ) «Түсініп оқы» айдары
«Тайбурылдың шабысы» туралы жырды оқушылар мәнеріне келтіріп оқиды. Мұғалім жырдың қай бөлігіне екпін салып оқу керек екенін анықтайды. Өзі оқып көрсетеді. Содан соң бірнеше оқушы оқып көрсетеді. Сұрақ-жауап арқылы жырдың мазмұнын қалай түсінгендері анықталады.
Жырдың негізгі ойын анықтау жүзеге асырылады.
ҚБ: «Ду қол шапалақ» әдісі.
(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету.
Тайбурыл –Қобыланды батырдың тұлпары
«Бағала» айдары
(ЖЖ) Оқушылар төмендегі тапсырмаларды жұппен орындайды.
-Жырда Қобыланды батырдың тұлпары қалай сипатталған?
-Қайталап көз жүгіртіп оқып, жырдан әсірелеу тәсілін тап.
-Жырды оқығанда қандай сезімде болдың? Қысқаша жаз. ТЖ.Шығармашылық тапсырма
Тайбурылдың шабысын өзің таңдаған дауыс ырғағымен оқы.
«Тыңда» айдары. «Қобыланды батыр» жырының үзіндісін аудиодискіден тыңдау. Үзіндіге өздері тақырып қояды.
(Т) «Қорытындыла» айдарыбойынша
жырдағы тұлпардың бейнесін суретімен байланыстыра сипаттап айт.
ҚБ: «Басбармақ» әдісі
Дәптермен жұмыс.Дәптермен жұмыс мұғалімнің өз қалауы бойынша уақыттың қалуына байланысты орындалады.
Аяқталуы Ойтолғаныс
(Т)«Жазбаша дөңгелек үстел» әдісі
«Ел қорғаны – батырлар» тақырыбына өз ойларын белгіленген уақыт аумағында (1 мин) жазып, уақыт аяқталған соң оң жағындағы көршісіне ысырып береді. Көршілері алдыңғы жолдасының жазғанымен танысып, сол ойды әрі қарай жалғастырады. Әркімнің өз парағы өзіне қайтып келгенде парақ Арнайы парақтар

иесі оқып шығып, қорытынды тұжырым жазады.
Үйге тапсырма: Үзіндінің ұнаған шумақтарын жаттап ал.
Кері байланыс: «Шығу парағы»
Қосымша ақпарат
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Диалог және қолдау көрсету Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау парақтары, «Оң көрші»
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

6- сабақ

Мектеп:
Сабақ тақырыбы: Туған жердің таулары
Күні Мұғалімнің есімі
Сынып Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты 4.2.7.1 Шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды табу және оларды қолдану
4.3.2.1 Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Өлеңнен әдеби көркемдегіш құралдарды тауып, топтастырып қолданады.Өлеңге жаңа сюжеттер енгізіп, суретті мультфильмәзірлейді.
Оқушылардың басым бөлігі: Өлеңде аталған тауларды картадан іздеп тауып, қорытынды жасайды.
Кейбір оқушылар: Өз жеріндегі тауларды сипаттап, өлеңмен салыстырып бағалайды.
Бағалау критерийлері: Көркемдегіш құралдардың қолданысын анықтайды Түрлі шығармашылық жұмыстар жасайды.
Құндылықтарды дарыту Табиғаттың сан алуандығына тамсану
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі, Жаратылыстану
АКТ қолдану дағдылары
Алдыңғы оқу/ Бастапқы
білім Мәтін мазмұнын бөліктерге бөліп, жоспар құра алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы (Ұ)«Кіріспе сұрақтар» әдісі бойынша
– Таулар жайлы не білесіңдер?

– Алатау туралы естіп пе едіңдер?
– Алатау мен Қаратаудың қандай қатысы болуы мүмкін? Сабақтың тақырыбы мен бағалау критерийлерін таныстыру

Ортасы (Ұ) «Құрастыр» айдары
«Топтастыру құра» әдісі бойынша жүзеге асады. Оқушылар: әдемі, асқар, биік, қарлы, зәулім, ақ басты… сөздері мен сөз тіркестерін пайдаланып, топтастыру құрастырады.
Дескрипторы:
1. Көркемдеуіш құралдарды пайдаланады.
2. Топтастыруды жүзеге асырып, дәлелдейді.
ҚБ: Мұғалімнің қолдау сөздері
(ЖЖ) «Қойын дәптер» әдісі бойынша Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.

Арнайы кесте
Аты – жөні М. Мақатаев
Туған жылы (1931–1976 )
Туып-өскен жері Алматы облысы Райымбек
ауданы Қарасаз ауылы
Шығармалары «Үш бақытым», «Отан туралы»,
«Елім», «Сәби болғым келеді»,
«Сарыжайлау»
Ақпарат Ақын, аудармашы
(МК) «Түсініп оқы» айдары
«Таудай болғым келеді» деген М.Мақатаевтың өлеңін түсініп оқиды.
1. Үлкендер балаға неліктен «Таудай бол!» деп тілек білдіреді?
Дескрипторы:
1. Өлеңді түсініп оқиды.
2. Нақтылау сұрақтарына жауап береді.
(ЖЖ)«Түртіп алу» әдісі бойынша оқушылар Айбатыр Сейтақтың «Қазақстан таулары» өлеңін зерттеп оқиды.

Оқулық
Білемін «!» Ойым бөлек
«–» Жаңа ақпарат
«+» Білгім келеді
«?»

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі
(Ұ)«Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың өлең бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету.
Жер жаннаты – Мәди Бапиев –
«Таудың бәрі тағдырлы» – таудың әрбіреуінің өзіндік тарихы, басынан өткен оқиғасы бар.
Білгенге маржан
Тау дегеніміз – етегі, шыңы, басы, жоны, беткейі, өзен аңғарлары бар, жердің тастардан тұратын ауқымды бөлігі. Жер бетінің жазықтан 200 метрден астам биіктікке көтеріліп жатқан

бөлігін тау дейміз. Таудың биіктігі әртүрлі болады.
(Т) «Ізден» айдарына сәйкес
Өлеңде аталған тауларды картадан іздеп табады.
Дескрипторы:
1. Картаны пайдаланып, Қазақстанның территориясында орналасқан тауларды анықтайды.
2. Суреттердегі тау бейнелерінің қайсысы өзінің көрген тауына ұқсас екендігін қорытындылап айтады.
ҚБ: Мұғалімнің қолдау сөздері
(Ұ) «Тыңда» айдары
Н.Әлімқұловтың сөзіне жазылған Н.Тілендиевтің «Алатау» әнін тыңдайды.
Дескрипторы:
1. Өлеңнің мазмұнын өз сөзімен баяндайды.
2. Алатау тауын сипаттайды.
(Т) «Орында» айдары
Әр шағын топ
• Өздері тұрған жер бедерін сипаттап айтады.
• Берілген сөз тіркестерін бір-біріне түсіндіретіндей сызба дайындайды. Мысалы, таудың басы, етегі, беткейі.
• Сөйлеу тіліндегі сөз тіркестердің қатесін табады.
Өздерің тұрған Берілген сөз
жер бедерін тіркестерін бір- Сөйлеу тіліндегі сөз сипаттап біріңе тіркестердің қатесін айтыңдар. түсіндіретіндей табыңдар.
сызба дайындаңдар.
Мысалы, Мысалы, таудың
таулы, жазық, басы, етегі, беткейі Тауға шықтым,
… тауға міндім,
таудан түстім,
шыңға өрмеледім, шыңға шықтым.

(Т) «Салыстыр» айдары бойынша таулар, түндік, көкшетау, дала, Ұлытау, бұлақ сөздерінің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықтарды табады.
Дәптермен жұмыс
Өлеңдегі тау сипатына сүйеніп, суретін сал.
« … Қарлы тау, басы биік, мұнар кетпес, Сырласып бұлттармен болған септес»
(Ж.Жабаев. «Алатау»)
Дескрипторы:
-Оқушылар тауды сипаттайтын сөз тіркестерін талдайды.
-Өлең жолдарына сәйкес сурет салады.
ҚБ: Смаиликтер жапсыру
Аяқталуы (Т) «Суретті мультфильм» әдісі бойынша өлең мазмұнын бөлімдерге бөліп, әр топ өзіне берілген бөлім мазмұнын ашатындай 3 сурет салады. Салынған суреттерді ретімен орналастырып, мультфильм құрастырады. Сынып қабырғасына ілінген суреттер бойынша Қазақстандағы тауларды сипаттай
отырып, мазмұнын ретімен баяндайды. Арнайы парақтар

Дескрипторы:
-Өлең мазмұнына сәйкес 3 сурет салады.
-Салған суреттерден мультфильм бөлігін құрастырады.
-Суретті неліктен осылай салғандарын 2-3 сөйлеммен түсіндіріп жазады.
ҚБ: «Басбармақ» әдісі
Үйге тапсырма: Оқыған өлең, тыңдаған ән бойынша сурет сал немесе бес жолды өлең жазу
Кері байланыс: «Шығу парағы»
Қосымша ақпарат
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Тапсырма: Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай кестелерді
жасайды.
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау парақтары, «Бағдаршам» әдісі
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Мектеп
7-сабақ.Ерлік ұмытылмайды
Күні Мұғалімнің есімі
Сынып Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты 4.2.1.1 Шығарманыдауыстаптүсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу
4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, таныстырылым түрінде ұсыну
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Шығарманы мәнерлеп, түсініп оқып, өз өмірлерімен байланыстыра алады.
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпқа қатысты таныстырылым жасап, мәтінді сахналайды.
Кейбір оқушылар: Батырларды өмір сүру, ерлік көрсету уақытына қарай жіктеп, бүгінгі күнгі батырлық туралы ой қорыта алады.
Бағалау критерийлері: Оқу түрлерін қолданып үйренеді.
Шығармашылық жұмыс орындайды.
Құндылықтарды дарыту Жауапкершілік,белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің
дамуына үлес қосу
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі, Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары Таныстырылым жасауда пайдаланады.
Алдыңғы оқу/ Бастапқы
білім Қазақ елінің батырлары туралы біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған әрекет Ресурстар
Басталуы Қызығушылықты ояту
«Өзіңе тілегенді басқаларға тілеңіз!» ойсергегі арқылы бастауға болады.
(Ұ) «Пікіріңді айт» айдары бойынша:
– Сендер қандай адамды батыр, ер жүрек деп ойлайсыңдар?
– Бейбіт күнде батырлар бола ма?
– Өзіңді бүгінгі күннің батырымын деп санайсың ба? Неліктен?
– Қазіргі таңда батыр болу оңай ма? – деген сұраққа оқушылар өз ойларын білдіреді.
ҚБ: Мұғалімнің қолдау сөздері
Сабақ тақырыбы мен күтілетін нәтижені оқушылар болжайды.
Ортасы Мағынаны тану кезеңі.
(ЖЖ) «Қойын дәптер» әдісі бойынша Хиуаз Доспанованың өмірі жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.

(Ж) «Түсініп оқы» айдары.
Оқушыларға «Қаһарман қыз Хиуаз» мәтінін түсініп оқу тапсырылады.
Дескрипторы:
1. Мәтінді түсініп оқиды.
2. Мәтінді рөлге бөліп оқиды.
3. Мәтін мазмұнын әңгімелейді.
(Т) «Бағала» айдары бойынша соғыста ерлік көрсеткен қазақтың батыр қыздары туралы білгендерін ортаға салады. Дескрипторы:
1. Ұлы Отан соғысы кезіндегі батыр қыздарды атайды
2. Ерліктерін еске түсіреді
(ЖЖ) «Тыңда» айдары бойынша Хиуаз батыр туралы мәтін тыңдап, кестені толтырады

Оқушылар бала Хиуаз бен ұшқыш Хиуаздың бойындағы қасиеттерді жазып, өздеріне қай қасиеті ерекше әсер еткенін баяндайды
Дәптермен жұмыс. Дәптермен жұмыс мұғалімнің өз қалауы бойынша уақыттың қалуына байланысты орындалады.
Оқулық

Оқулықтағы сурет
Аяқталуы Ойтолғаныс
(Ө) «Қорытындыла» айдары бойынша «Хиуаз Доспанова» деген таныстырылым жасайды
Дескрипторы:
Мәтін мәліметтерін таныстырылым жасауда пайдаланады Хиуаз батырдың өздеріне ұнаған мінездерін айтады
ҚБ:«Отшашу» әдісі арқылы жүзеге асыруға болады
Үйге тапсырма: Батырлық, ерлік туралы бір-екі мақал-мәтел жаз.
Кері байланыс: «Көңіл күй» алаңы.

Көңіл күй ағашы
Қосымша ақпарат
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға
қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Тапсырма: Оқушылардың
қажеттіліктеріне қарай кестелерді жасайды?
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау парақтары, «Бағдаршам» әдісі
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

8-сабақ: Туған елге сағыныш
Күні Мұғалімнің есімі
Сынып Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты 4.1.5.1 Өз ойын, сезімін,Көзқарасын өмірде болған өзге шығармадағы ұқсас оқиғалар мен салыстыра отырып білдіру
4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, таныстырылым түрінде ұсыну
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Тақырыпқа қатысты өз ойын білдіріп, мәтінді талдай отырып жеткізеді.
Оқушылардың басым бөлігі: Отанды аңсау, сағыну сезімдерін деректермен негіздейді.
Кейбір оқушылар: Өз сезімдерін шығармашылық жұмыстар арқылы көрсетеді.
Бағалау критерийлері: Мәтіндегі кейіпкер сезімін өз сезімімен салыстырады. Тақырыпқа қатысты таныстырылым жасайды.
Құндылықтарды дарыту Жауапкершілік,белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің
дамуына үлес қосу
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі, Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақтадан таныстырылымды көрсету
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім Қазақ халқының тарихынан хабардар
Жоспар
Жоспарланған
уақыт Жоспарланған әрекет Ресурстар
Басталуы Қызығушылықты ояту кезеңі
«Атомдар мен молекулалар» ойсергегі арқылы топтарға топтасады.
(Ж) «Әңгімеле» айдары «Сөздермен әңгіме құрастыру» әдісі
арқылы жүзеге асады.
– Ең алғаш рет кімді, нені сағындың?
– Өзіңнің басыңнан өткен сағынышты сәттерді есіңе түсір – дей отырып, оқушыларға өз жауаптарын айту ұсынылады. Айтылған сөздер тақтаға жазылады. Шағын топтар бірлесе отырып, осы сөздерді Сағыныш сөзімен қатыстырып, белгіленген уақыт ішінде сөйлемдер құрастырып айтады. Топтағы ең үздік сөйлемдер тақтаға жазылады.
Отанды сүю, жақсы көру, құрметтеу, сағыну, мақтан ету туралы айта келіп, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлауға болады.
Дескрипторы:
1. Сезімді білдіретін сөздерді атайды.
2. Сол сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырады.
ҚБ: «Ду қол шапалақ» әдісі
Ортасы Мағынаны тану кезеңі
(ЖЖ)«Қойын дәптер» әдісі бойынша Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.

Аты – жөні: Сапарғали Бегалин
Туған жылы: 1895 – 1983ж.ж.
Туып-өскен жері: Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Дегелең ауылы
Оқулық

Шығармалары: «Сәтжан», «Бала мерген», «Жас бұтақ», «Ұрыншақ», «Бес батыр»

Ақпарат «Қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы» атанған жазушы, ақын

(Т) «Түсініп оқы» айдары бойынша «Дала сұңқары қиырға қарайды» мәтінін түсініп, кейіпкерлерін анықтап, Шоқанның өз даласына сағынышын қалай білдіргенін тауып оқу ұсынылады. Оқушылар оқып болған соң сұрақ жауаптарын топта талдайды.
Дескрипторы:
1. Кейіпкердің сезімін бейнелейтін үзіндіні табады.
2. Кейіпкер сезімін өз сезімдерімен салыстырады.
ҚБ: «Басбармақ» әдісі
(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету.
Омбы – қазіргі Ресейдің қаласы Есіл-дерті – барлық ойы, көңілі
2.Оқушылар «Мәтіннің басты кейіпкері кім?» деген сұраққа жауап береді.
(ЖЖ) «Есіңе түсір» айдары бойынша әдеби шығармадағы, ертегілердегі кейіпкерлерді еске түсіреді.
Дескрипторы:
Әдеби шығарма кейіпкерлері мен ертегі, мысалдардың кейіпкерлерінің ерекшеліктерін айтады.
4.«Шоқан туралы кинофильмді көрдің бе?» деген сұраққа жауап беріп, мәтін мазмұнымен салыстырады.
(Т) «Өзгертіп айт» кестесін толтырады.

Дәптер

Кестелер, компьютер
Сөйлемдерді 1-жақпен өзгертіп оқы. Қарамен берілген сөздерді мағыналас сөздермен ауыстырып оқы.
Осы кезде оны алыстағы еліне деген сағыныш билеп кетті. Көз алдына жас туған төлдерге қуанысып, жапа- тармағай жүгірген
балалардыелестетеді. Құлағына құстың қиқуы келгендей болды.
Мынадай мәтін болуы тиіс: Осы кезде мені қашықтағы туған жеріме деген сағыныш билеп кетті. Көз алдыма жас туған төлдерге қуанысып, жапа-тармағай жүгірген
балалар елестеді. Құлағыма құстың қиқуы келгендей болды.

Дескрипторы:
1. Үзіндіні бірінші жақта оқиды.
2. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашады.
Мақсаты: Қарамен жазылған сөздерді мағыналас сөздермен алмастырып, сөйлем мағынасын сақтай отырып оқиды.
Тиімділігі: Оқушылардың сөздік қорлары молайып, сөздерді дұрыс қолдана білу дағдылары артады.
(Т) «Жоба жаса» айдары бойынша сағыныш сезіміне толы мысал әңгіменің жобасын құрастырады. Оқулықтағы суреттердің қайсысы сәйкес келетіндігін анықтайды.
Дескрипторы:
1. Суреттерден таңдау жасайды.
2. Өз таңдауын түсіндіреді.
3. Әңгіме жобасын құрастырады.
Дәптермен жұмыс. Дәптермен жұмыс мұғалімнің өз қалауы бойынша уақыттың қалуына байланысты орындалады.
Аяқталуы Ойтолғаныс
«Тыңда» айдары.
Қ. Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін аудиодискіден тыңдайды. Өлеңнің сөзінен не түсінгендерін айтады. Ақынның қай сөзінен сағыныш сезімін байқағанын айтады. Мұндай жұмыс түрлері оқушыларды тыңдалымды мұқият түсініп тыңдауға дағдыландырады.
(Т)«Алыс кетсем, мен сені аңсап жүрем, Сағыныштың сазымен ән сап жүрем, туған жер»…
Өлеңді жалғастырып жаз.
Дескрипторы: Өлең жолдарын жалғастырып жазады.
ҚБ: «Оң көрші» әдісі бойынша бірін-бірі дескриптор негізінде бағалайды.
Кері байланыс: Сәттілік баспалдағы
Үй жұмысы: мәтіндегі кейіпкерлерді сипаттап жаз.
Қосымша ақпарат
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз? Бағалау парақтары
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Мектеп
9-сабақ.Жер байлығы – ел байлығы
Күні Мұғалімнің есімі
Сынып Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты 4.2.4.1 Аңыз, шешендіксөз, батырларжыры, фантастикалықәңгімелердіңжанрлықерекшеліктерінанықтау
4.2.6.1 Кейіпкердің, кейіпкерлердіңіс-әрекеті, мінез- құлқыныңөзгерусебептерінмәтіннентауып, салыстырыпбағалау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: «Мысойған» мәтінін түсініп оқып, жанрлық ерекшелігін анықтайды. Тақырыпқа қатысты эссе жазып, өз ойын білдіреді.
Оқушылардың басым бөлігі: Ребус шешіп, тақырыпты болжайды. Кейбір оқушылар: Қазақ батырының іс-әрекетін тізімдеп жазып, әр әрекетіне баға береді.
Бағалау критерийлері: Әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін ажыратады. Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалап үйренеді.
Құндылықтарды дарыту Жауапкершілік,белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің
дамуына үлес қосу
Пәнаралық байланыстар Жаратылыстану
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта мүмкіндіктері
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім Қазақстан жерінің қойнауынан алынатын қазба байлық туралы біледі.
Ғалым Қаныш Сәтпаев жайлы айта алады.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт Жоспарланған әрекет Ресурстар
Басталуы Қызығушылықты ояту
«Қалайсың сен ойлауға, Ой түбіне бойлауға?
Ақыл керек, бас керек, Ойындарды ойнауға» –
деп Қ. Мырза Әли атамыздың өлеңімен қызықтырып бастап, ойлауды қажет ететін ойындардың түрлеріне тоқталып, сол ойындардың несімен қызық екендігін айтқызу.
«Ойлан» айдары бойынша ребусты шешкізе отырып, осы сөздердің мағынасын ашып, олардың пайдалы қазбаларға жататынын айтады, Дүниетанудан алған білімдерін еске түсіреді. Осы арқылы жаңа сабаққа көпір жасау.
6 Н, мұрын сур«`Н ай сур , Көз суреті` «№, 7«З ,

Жауабы: алтын, мұнай, көмір, жез.

Ребусты интербелсенді тақта арқылы көрсетіп, тақтамен жұмыс жасату.

«Дүниетану» пәнімен байланыс
Ортасы Мағынаны тану кезеңі
(ЖЖ) «Қойын дәптер» әдісі бойынша Тұрсын Жұртбайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.
Аты-жөні Тұрсын Жұртбай
Туған жылы 1951
Туып-өскен жері Шығыс Қазақстан облысы Абай
ауданы Шаған ауылы

Шығармалары «Дулыға», «Қоңыр қаз», «Жүрегiмде
жұмыр жер», т.б. кітаптары бар.

«Инсерт» кестесі

Аудиодиск, ақпараттық- анықтамалық әдебиеттер
Ақпарат Зерттеу еңбектері мен көркем
шығармалары шет тілдерге аударылған.

(Ө) «Оқы» айдары бойынша «Мысойған» мәтінін «Түртіп алу» («Инсерт») әдісімен оқиды. Мәтінді көрсетілген белгілермен (қарындашпен) белгілеп оқиды.
Мақсаты: Кестені толтырғанда мәтіннің мазмұны мен басты идеяларын жеке сөз, сөз тіркестері, қысқа сөйлемдер арқылы жазып көрсетеді.
Тиімділігі: Мәтін мазмұнын детальді түрде талдап оқуға дағдыланады
« — »
«V» « » «?»
Білемін Ойым бөлек Жаңа Білгім келеді
ақпарат
Дескрипторы:
1. Мәтінді белгі қойып оқиды.
2. Кесте бойынша білгісі келетін ақпарат жайлы топта талқылайды.
(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету
Мыс – қызғылт сары түсті, жұмсақ металл Табиғи мыс– қоспасыз, таза мыс
Үш жүз– қазақ халқының ұлыстық жағынан бөлігі Ат-матымен – өзі де, аты да.
«Тыңда» айдары.Балалар аудиодискіден мәтіннің соңғы сөйлеміндегі Жезқазған кенті туралы ақпаратты тыңдайды. Ол ақпаратқа өздері білетіндерін де қосады.
Дескрипторы:
Мәтіннің жанрлық ерекшелігін анықтап, дәлелдейді. Жезқазған кенті туралы ақпаратты баяндайды.
Дереккөздерден алынған мәліметтерді де қосады.
(МК) «Есіңе түсір» айдары бойынша мұғалімнің көмегімен оқушылар аңыз жайлы не білгендерін еске түсіреді. Аңыз кейіпкерлерін атайды.
(Т) «Бағала» айдары бойынша шығармадағы басты кейіпкерлерді анықтап, оларға сипаттама береді.
Дескрипторы:
1. Басты кейіпкерлердің атын жазады.
2. Әрқайсысына сипаттама береді.
ҚБ: «Отшашу» әдісі

Дәптермен жұмыс. Дәптермен жұмыс мұғалімнің өз қалауы бойынша уақыттың қалуына байланысты орындалады.

Аяқталуы Ойтолғаныс
«Жері байдың – елі бай» топтастыру-сызбасын жасайды. Картадан мұнайдың шартты белгісін тауып, қай жерде өндірілетінін анықтайды. Мұғалім көмегімен Отанымыздың жер қойнауынан шығатын қазба байлықтарының бірнешеуін шартты белгісімен кестеге түсіріп сызады.

«Галереяға саяхат» әдісібойынша орындалған топтық жұмыс нәтижесімен басқа топтар да танысып, дескриптор негізінде өз бағаларын береді.
ҚБ: «Жұлдызшалар жапсыру»
Үй жұмысы: Үлкендердің көмегімен атқа мінгесу, тәуекелге бел байлау тіркестеріне анықтама жаз.
Рефлексия. «5-5-1» әдісі бойынша сабақ кезінде меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. 5 сөйлемді 5 сөзге қысқартады.
Соңында оны 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.
ҚР-ның пайдалы қазбалар картасы, ақпараттық- анықтамалық әдебиеттер
Қосымша ақпарат
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау парақтары, бірін-бірі бағалау
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *