Обновленка Казахский язык Предшкола 0 класс КСП ДСП краткосрочные долгосрочные планы по новой обновленной программе на 2018-2019 учебный год

№ 1 ҰоҚ

тақырыбы: Сәлем! Сау бол! Мектебі/МҰ:
Күні, айы: педагогтің аты-жөні:
Мектепалды сыныбы/тобы: ҰоҚ-ға қатысқан тәрбие- ленушілер саны: ҰоҚ-ға қатыспаған тәрбиеленушілер саны:
оқу бағдар- ламасына сәйкес оқу мақсаты Сөздегі дыбыс түрлерін ажырату және дұрыс дыбыс- тау.
0.1.2.1. Ықыласпен тыңдау және соған орай дұрыс әрекет ету (мимиканы, ым-ишараны, қимылды қолдану).
0.1.3.1. Лексикалық тақырыптар бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын түсіну.
0.2.1.1. Лексикалық тақырыптар бойынша сөйлеу барысында жаңа сөздерді қолдану.
0.3.1.1. Ақпаратты сурет, иллюстрациядан табу және
сәйкестендіру.
Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер:
Ықыласпен тыңдайды және соған орай дұрыс әрекет етеді (мимиканы, ым-ишараны, қимылды қолдану). Амандасу, қоштасу үлгілерін ажырата алады, мұғалімнің көмегімен қолдана алады, сөздерді дұрыс дыбыстай алады.
тәрбиеленушілердің басым бөлігі:
Лексикалық тақырып бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын, тақырыпқа қатысты сөйлеу үлгісін түсінеді, сол үлгі бойынша сөйлесе алады. Ақпаратты сурет, иллюстрациядан таба алады және сәйкестендіре алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
Амандасу, қоштасу үлгілерін өмірлік жағдаятта еркін және орынды қолдана алады, дұрыс дыбыстай алады. Амандасу, қоштасу үлгілерінің басқа да түрлерін атай алады.
ҰоҚ барысы

8

ҰоҚ кезеңдері Жоспарланған жұмыс ресурстар

ҰоҚ басы
(2–5 минут)

ҰоҚ ортасы
(6–25 минут) (ПК) Тәрбиеленушілердің сабаққа дайындығын тексеру. ҰОҚ-ның баста- луына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. ҰОҚ мақсатымен таныстыру.
(ПК,Ұ) Әліппе-дәптердегі 1-тапсыр- мада педагог балалардың назарын екі баланың амандасу (Сәлем!) және қоштасу (Сау бол!) үлгілеріне, содан кейін бала мен үлкен адамның аман- дасу, қоштасу (Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз!) үлгілеріне аударады. Ба-
лалар «Сәлем!» және «Сәлеметсіз бе!» деген амандасу үлгілерін
тыңдайды, хормен және жеке-жеке қайталайды. Қайталау барысында сөздердің дыбысталуына ерекше назар аударылады. (Ж) Тәрбиеленушілер амандасу үлгілерін сыныптағы ба- лалармен және педагогпен амандасу арқылы тәжірибеден өткізеді.
(ПК,Ұ) Әліппе-дәптердегі 2-тап- сырмада балалар берілген суреттер бойынша амандасу және қоштасу үлгілерін қайталайды. Балалар сурет- тегі әр адамға сәйкес келетін амандасу, қоштасу үлгілерін қолдануы қажет.
Яғни суреттегі екі балаға «Сәлем!»,
«Сау бол!» үлгілері, ал үлкен кісілерге
«Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз!» үлгілері қолданылатынын есте сақтайды.
Сондай-ақ осы тапсырмадағы штрих сызықтарды бастыру және жолдан шығармай сызу арқылы
каллиграфиялық нормаларды сақтауға үйренеді.
(ПК,Ұ) 3-тапсырмада балалар аманда- су, қоштасу үлгілерін қайталауға және есте сақтауға арналған ұйқас жолда- рын қайталайды. Оны әуенмен айту балалардың жаңа сөздерді жылдам әрі қызықты есте сақтауына ықпал етеді.
Әліппе- дәптер. Аудиодиск: 1.1.1
1.1.3

9

(Ұ) 4-тапсырмада балалар амандасу және қоштасу үлгілерін тыңдайды, қайталайды. Қазақ тіліне тән ә, ң дыбыстарын қайталайды. Аудиодиск: 1.1.4
ҰоҚ соңы
(26–30 минут) (Қ) ҰОҚ-ны қорытындылау мақсатында педагог балалармен кері байланыс орнатады. Тәрбиеленушілер ҰОҚ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.

1-БӨліМ: МеН КіММіН ЖӘНе ҚАНдАЙМыН? № 2 ҰОҚ

тақырыбы: Менің атым – Алмагүл Мектебі/МҰ:
Күні, айы: педагогтің аты-жөні:
Мектепалды сыныбы/тобы: ҰоҚ-ға қатысқан тәрбиеленушілер саны: ҰоҚ-ға қатыспаған тәрбиеленушілер саны:
оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 0.1.1.1 Сөздегі дыбыс түрлерін ажырату және дұрыс дыбыстау
0.2.1.1 Лексикалық тақырыптар бойынша сөйлеу барысында жаңа сөздерді қолдану
0.2.3.1 Сұхбаттасын ықылас қойып тыңдау және жағдаятына байланысты, мимиканы, ым-ишараны қолданып, қысқа фразалармен жауап беру
0.5.1.2 Сөйлеу барысында тәуелдік жалғауын
педагогтің көмегі/үлгісі бойынша қолдану
Күтілетін нәтиже Барлық оқушылар:
Сөйлеу барысында тәуелдік жалғауын мұғалімнің көмегімен қолдана алады.
Сенің атың кім? деген сұрақты түсінеді, осы сұрақ бойынша сұхбаттасына қысқа фразалармен жауап
бере алады.

10

оқушылардың басым бөлігі:
Тақырыпқа қатысты сөйлеу/сөйлесу үлгісін түсінеді, сол үлгі бойынша сөйлесе алады, сөздерді дұрыс дыбыстай алады.
Кейбір оқушылар:
Сөйлеу барысында лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздерді және амандасу, танысу, қоштасу үлгілерінің басқа да түрлерін өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.
ҰоҚ барысы
ҰоҚ кезеңдері Жоспарланған жұмыс ресурстар

ҰоҚ басы (2–5 минут) (ПК) Тәрбиеленушілердің ҰОҚ-ға дайындығын тексеру. ҰОҚ басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. ҰОҚ мақсатымен таныстыру.
ҰоҚ ортасы (пК) Әліппе-дәптермен жұмыс. Әліппе-
(6–25 минут) 1-тапсырмамен жұмыс бастамас дәптер.
бұрын педагог амандасу үлгілерін Аудиодиск:
қайталайды. Балалардан осы 1.2.1
тапсырмадағы қызбен қалай аман- 1.2.2
дасатындарын сұрайды. Балалар бұл 1.2.3
өздері қатарлас қыз болғандықтан,
«Сәлем!» деп амандасатындарын
білуі қажет. Осыдан кейін педагог
балаларды «Менің атым – Алмагүл»
деген сөйлеу үлгісімен таныстыра-
ды. Балаларға тыңдату, қайталату
арқылы «менің атым» деген сөз тір-
кесі үйретіледі. Педагог Алмагүлдің
қолындағы алма мен гүлдің су-
ретіне аударады. Бұл балалардың
«Алмагүл» есімін жылдам есте
сақтауларына көмектеседі. Сондай-ақ
балалар Алмагүл деген есім арқылы жаңа сөздерді үйренеді. Алма және
гүл сөздерін тағы бір қайталау үшін
балалар осы тапсырмадағы алма мен
гүлдің суретін өз қалаулары бойынша
бояйды.

11

Бояу барысы кезінде педагог әр баланың қасына барып, оның нені бояп жатқанын сұрау арқылы аталған сөздерді қайталата алады. Сондай-ақ балалар бояп жатқанда, пе- дагог алма, гүл сөздерін баяу әндетіп қоюына болады. Мұндай жұмыс түрі балалардың осы сөздерді жеңіл есте сақтауларына көмектеседі.
(пК,Ұ) 2-тапсырмадағы сурет арқылы
педагог балаларды «Сенің атың кім?» деген сұрақ үлгісімен таныстырады. Балалар педагогтің сұрағына жауап береді. Кейбір балалар үшін қиындау болса, алғашқыда «Сенің атың
кім?» деген сұраққа тек өзінің атын айтқызу арқылы жаттықтыруға болады. Балалар сұрақты түсініп, оған қысқаша жауап бере алудың да жақсы қадам екенін түсіне білгендері жөн.
(Ж) 3-тапсырмадағы диалог жұптық жұмыс болып табылады. Алғашқыда балалар диалогті толықтай тыңдайды, қайталайды. Алғашқыда диалог педагог пен бала арасында жүргізіледі. Содан кейін балалар осы үлгі бойынша бір-бірімен сөйлеседі. Сөйлесу арқылы амандасу, танысу, қоштасу үлгілерін байланыстыра қолданады.
(Ұ) 4-тапсырмада балалар «Сенің атың кім? Менің атым – Алмагүл» деген сөйлеу үлгісін тыңдайды, қайталайды. Қазақ тіліне тән ү, і, ң дыбыстарын қайталайды.
(Ө) лексикалық тақырыпқа сәйкес үлестірмелі материалды (ҮМ: №1 кесте) қолдану арқылы өткен
материал бекітіледі, балалардың өз бетінше жұмыс істеу және қол қимылы дағдылары қалыптастырылады. Сондай-ақ
үлестірмелі материалмен жұмыс істеу балалардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылықтарын арттыра түседі.

Аудиодиск: 1.2.4

ҮМ: №1
кесте.

12

ҰоҚ соңы 26–30 минут (Қ) ҰОҚ-ны қорытындылау мақсатында педагог балалармен кері байланыс орнатады. Балалар ҰОҚ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре
алады.

1-БӨліМ: МеН КіММіН ЖӘНе ҚАНдАЙМыН?

№ 3 ҰОҚ

тақырыбы: Бұл кім? Мектебі/МҰ:
Күні, айы: педагогтің аты-жөні:
Мектепалды сыныбы/тобы: ҰоҚ-ға қатысқан тәрбиеленушілер саны: ҰоҚ-ға қатыспаған тәрбиеленушілер саны:
оқу бағдар- ламасына сәйкес оқу мақсаты 0.1.1.1 Сөздегі дыбыс түрлерін ажырату және дұрыс дыбыстау
0.1.3.1 Лексикалық тақырыптар бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын түсіну
0.2.1.1 Лексикалық тақырыптар бойынша сөйлеу барысында жаңа сөздерді қолдану
0.5.1.2 Сөйлеу барысында тәуелдік жалғауын педагогтің көмегі/үлгісі бойынша қолдану

Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер:
Лексикалық тақырып бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын түсінеді, сөздерді дұрыс дыбыс- тай алады. Кім? сұрағын түсінеді, осы сұраққа жауап беретін сөздер қатарын атай алады. тәрбиеленушілердің басым бөлігі:
Тақырыпқа қатысты сөйлеу/сөйлесу үлгісін түсінеді, сол үлгі бойынша сөйлесе алады. Сөйлеу барысында лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздерді қолдана алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
Кім? сұрағына жауап беретін басқа да сөздер қатарын атай алады, ҰОҚ-да үйренген сөйлесу үлгісін өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.

13

ҰоҚ барысы
ҰоҚ кезеңдері Жоспарланған жұмыс ресурстар

ҰОҚ
басы
(2–4 минут) (ПК) Тәрбиеленушілердің ҰОҚ-ға дайындығын тексеру. ҰОҚ-ның басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.
ҰОҚ мақсатымен таныстыру.
ҰОҚ (пК, Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс
1-тапсырмадағы сұрақ арқылы педа- гог тәрбиеленушілерді кім? сұрағына жауап беретін сөзбен таныстырды. Пе- дагог тәрбиеленушілерді сұрақ және жауап үлгісімен таныстырады. Берілген сөйлесу үлгісін тыңдату, қайталату жұмыстары жүргізіледі, жаңа сөздердің
дұрыс дыбысталуына ерекше назар ауда- рылады.
(ПК,Ұ) 2-тапсырмада балалар ата сөзін қайталайды, сондай-ақ әже және бала сөзімен танысады. «Бұл кім?» сұрағына жауап беру арқылы жаңа сөздер қайталанады. (Ж) Сондай-ақ осы сұрақ- жауап үлгісін жұптық жұмыс ретінде жүргізуге болады. Сөйлесу үлгісіне екі бала шығады. Бір бала (сұрақ қоятын бала) үш суреттің (ата, әже, бала) бірін таңдайды. Содан кейін бірінші бала таңдаған суретті көрсетіп, екінші балаға сұрақ қояды.
(ПК, Ұ) 3-тапсырмада педагог тәрбиеленушілердің назарын тапсырма- да берілген суретке аударады. Тапсырма бойынша суреттегі қыз бала алдынан шығатын адамдармен амандасуы қажет. Олар: әже, ата және бала. Сыныптағы тәрбиеленушілер суреттегі қыздың кіммен қалай амандасатынын айтады. Осы арқылы үлкен кісілермен және өзі қатарлас балалармен амандасу үлгілерін еске түсіреді. Бұл тапсырманы сыныпта ойын түрінде өткізуге болады.
ортасы Әліппе-
(5–25 минут) дәптер.

Аудиодиск:
1.3.1
1.3.2
1.3.4

14

Ойынға үш бала (одан да көп болуы мүмкін) және педагог қатысады. Бір бала қыздың рөлін ойнайды. Яғни ол алдынан шыққан адамдармен аманда- суы керек. Ал басқа балалар мен педагог кезекпен амандасатын баланың алдынан шығады.
(Ж) 4-тапсырма жұптық жұмыс ретінде жүргізіледі. Тәрбиеленушілер берілген диалогті тыңдайды, қайталайды. Со- дан кейін осы үлгі бойынша сөйлеседі. Сөйлесу барысында амандасу, танысу үлгілері қайталанады және «Бұл кім?» сұрағы бекітіледі.
(Ұ) 5-тапсырмада балалар «Бұл кім? Бұл – әже» деген сөйлеу үлгісін тыңдайды, қайталайды. Қазақ тіліне тән ұ, і дыбыстарын қайталайды.

Аудиодиск: 1.3.5
ҰОҚ соңы (26–30 минут) (Қ) ҰОҚ-ны қорытындылау мақсатында педагог балалармен кері байланыс орна- тады. Тәрбиеленушілер ҰОҚ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.

оқу жылындағы барлық сағат саны – 64 сағат.

№ ортақ тақырыптар
Сабақтың тақырыбы Сағат саны
1. Мен кіммін және 1-сабақ. Сәлем! Сау бол! 1
қандаймын? 2-сабақ. Менің атым – Алмагүл 1
3-сабақ. Бұл кім? 1
4-сабақ. Бұл не? 1
5-сабақ. Қандай текше? 1
6-сабақ. Маған доп берші 1
7-сабақ. Неше доп? 1
8-сабақ. Кел, санайық! 1
2. Мектепке не үшін барамыз? 1- сабақ. Мектеп
2- сабақ. Мынау не?
3- сабақ. Менде қарындаш бар 4-сабақ. Сенде кітап бар ма? 5-сабақ. Сөмкеде не бар?
6-сабақ. Балақай, мұнда қара! 7-сабақ. Мен сурет саламын
8-сабақ. Мен мектепке барамын 1
1
1
1
1
1
1
1
3. Менің айналамда кімдер бар? 1- сабақ. Бұл кім?
2- сабақ. Менің отбасым
3- сабақ. Мен бес жастамын 4-сабақ. Табақта бес алма 5-сабақ. Бұл – менің інім
6-сабақ. Бұл – менің досым 7-сабақ. Мен доп ойнаймын 8-сабақ. Ол не істейді? 1
1
1
1
1
1
1
1
4. Менің айналамды не қоршап тұр? 1- сабақ. Мынау – ағаш
2- сабақ. Мен гүл жасаймын 3-сабақ. Сен не саласың?
4-сабақ. Мынау – көбелек 5-сабақ. Мен бояймын
6-сабақ. Мынау – қоян 7-сабақ. Мынау – түйе
8-сабақ. «Ұшты-ұшты» ойыны 1
1
1
1
1
1
1
1
5. Жолдар бізді қайда бастайды? 1-сабақ. Мен үйге барамын 2-сабақ. Мен тауға барамын
3-сабақ. Мен дүкенге барамын 4-сабақ. Мынау не?
5-сабақ. Сен мектепке немен барасың? 6-сабақ. Саяхат
7- сабақ. Бағдаршам
8- сабақ. Аңдар саяхаты 1
1
1
1
1
1
1
1
6. Салт-дәстүрді білу не үшін керек? 1-сабақ. Мен ертегі оқимын 2-сабақ. Мен ертегі білемін 3-сабақ. Жұмбақ
4- сабақ. Асық
5- сабақ. Мен асық ойнаймын 6-сабақ. Киіз үй
7- сабақ. Домбыра
8- сабақ. Наурыз құтты болсын! 1
1
1
1
1
1
1
1
7. Мен үшін не дәмді және пайдалы? 1- сабақ. Мынау – сүт
2- сабақ. Мен сүт ішемін 3-сабақ. Мынау – алма 4-сабақ. Менде алма бар
5-сабақ. Мен алма жеймін 6-сабақ. Мынау – сәбіз
7-сабақ. Мен тамақ ішемін 8-сабақ. Ас болсын! 1
1
1
1
1
1
1
1
8. Денсаулықты қалай сақтау керек? 1- сабақ. Бас. Қол. Аяқ
2- сабақ. Оң қолымда бес саусақ 3-сабақ.Таңертең
4-сабақ. Жаттығу жасайық! 5-сабақ. Бір, екі!
6- сабақ. Таза. Кір
7- сабақ. Не пайдалы? 8-сабақ. Не дәмді? 1
1
1
1
1
1
1
1

1 Reply to “Обновленка Казахский язык Предшкола 0 класс КСП ДСП краткосрочные долгосрочные планы по новой обновленной программе на 2018-2019 учебный год”

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *