ТЖБ «География» 10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыты) пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация

«География» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация
10-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыты)

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты…………………………………..3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат…………………..3
3. Күтілетін нәтиже…………………………………………………………3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі………………………………………………..4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу.6
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері……………………………6
7. Модерация және балл қою…………………………………………………..6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………………………7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ……………………………..13
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ……………………………..20
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ……………………………..28
2
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы
3. Күтілетін нәтиже Біледі:
география ғылымдар жүйесінде геоэкологияның, геоинформатиканың, геосаясаттың, геоэкономиканың, елтанудың орны мен рөлін; табиғатты пайдалану саласындағы, экономикалық, әлеуметтік, саяси география мен геосаясаттың негізгі ғылыми түсініктерін; геосфераларға тиетін антропогендік әсердің факторларын, көздерін және салдарын; экологиялық тәуекелдерді; экологиялық дағдарыстың белгілерін; аумақтардың экологиялық жіктелуін; табиғатты қорғау шараларының жүйесі мен негізгі бағыттарын; табиғатты пайдаланудың аймақтық ерекшеліктерін; табиғатты пайдаланудың негізгі әкімшілік, экономикалық және құқықтық механизмдерін; заманауи экологиялық саясаттың бағыттарын; қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін; өмір сүру сапасының көрсеткіштерін; экономикалық жүйелер модельдерін; дүниежүзілік шаруашылық және дүниежүзі елдері дамуының басты көрсеткіштерін; дүниежүзі елдерінің арасындағы халықаралық қатынастардың жиынтығын; ғаламдану процесін.
Түсінеді:
заманауи әлемнің кеңістіктік алуан түрлілігін, оның жалпы және аймақтық ерекшеліктерін; табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың даму заңдылықтарын; қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесу проблемаларын; табиғи, әлеуметтік, экономикалық және саяси процестердің ерекшеліктерін; қоршаған ортаның жағдайы үшін жеке жауапкершілігін; ғаламдық және жергілікті табиғи және әлеуметтік-экономикалық, экологиялық процестердің серпінін; қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуін оңтайландыру, табиғи ортаға антропогендік қысымды тұрақтандыру жолдарын; қоршаған ортаны қорғауда ғылыми-техникалық прогрестің ролін; аумақтың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының географиялық факторлардан тәуелділік дәрежесін; өмір сүру сапасының қоршаған орта сапасынан тәуелділігін; заманауи әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемалардың және оларды шешу жолдарын; геосаясат субъектілерінің рөлі мен ықпал ету аймақтарын, өзара әрекеттестігінің сипатын.
Қолданады:
геоэкологиялық, экономикалық-географиялық, әлеуметтік-географиялық, саяси-географиялық және геосаяси зерттеу әдістері мен олардың комбинациясын; геокеңістіктік дереккөздерін; геокеңістіктік деректерді іздеу, өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, қажетті контексте деректерді өзгерту, сақтау, тарату және ұсыну дағдыларын; картометрия тәсілдерін.
Талдайды:
сандық және сапалық геокеңістік деректерді; географиялық нысандарды, процестерді және құбылыстарды жіктеу белгілерін; географиялық қабық пен географиялық ортада болып жататын процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды;
3
географиялық нысандардың, процестердің және құбылыстардың орналасу, байланыстары мен басқа да кеңістіктік қатынастарының ерекшеліктерін; адам өмірі мен тіршілігіне географиялық факторлардың ықпалын; қоғамдық өндірістің табиғи және әлеуметтік-экономикалық негіздерін; жоспарланған шаруашылық әрекеттің қоршаған ортаның жағдайы мен адамдардың денсаулығына тигізетін әсерін; экологиялық дағдарыстың белгілерін; қоршаған табиғи ортаны қорғаудың және табиғатты тиімді пайдаланудың ұйымдастырушылық және құқықтық негіздерін; шаруашылық салаларын орналастырудың заманауи факторларын; геоэкологиялық, геосаяси және экономикалық процестерді; халықаралық саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, экологиялық және басқа да байланыстар мен қатынастарын; аумақтық-саяси жүйелерді; мемлекеттік аумақтың құрылымын; мемлекеттік шекараларды, олардың түрлері мен серпінін; елдің ұлттық мүдделері жүйесін; геосаясат субъектілерінің геосаяси белсенділігін; дүниежүзілік геосаяси кеңістікті; Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуының ерекшеліктері мен факторларын, дүниежүзіндегі орны мен рөлін.
Жинақтайды:
модельдері, зерттеушілік және шығармашылық жобаларды, ақпараттық материалдарды; географиялық нысандардың әрекет ету және даму проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстарды; зерделенетін географиялық нысандарды, процестерді, құбылыстарды жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралу мақсатында білімдер мен дағдыларды; географиялық нысандар, процестер мен құбылыстарды түсіндіру, болжау жасау, өзгерістері мен перспективаларын анықтау үшін білімдер мен дағдыларды.
Бағалайды:
геосфералардың параметрлері мен экологиялық жағдайын; геосфераға тиетін антропогендік жүктемені және олардың салдарын; кез келген дәрежедегі аумақтардың географиялық және геосаяси жағдайын, табиғи-ресурстық әлеуетін; табиғи ортаның сапасын; экологиялық тәуекелдерді; экологиялық дағдарыстың дәрежесін; табиғатты қорғау шараларының тиімділігін; қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудағы ғылыми-техникалық прогрестің деңгейін; қоршаған ортаның сапасын; өмір сүру сапасын; түрлі мемлекеттердің халықаралық салыстырулардағы көрсеткіштері мен орнын; дүниежүзілік шаруашылықтың түрлі даму модельдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін; ғаламданудың дүниежүзі елдеріне тигізетін жағымды және жағымсыз әсерлерін; мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін; геосаясат субъектілерінің геосаяси белсенділігінің тиімділігін; халықаралық ұйымдардың қызмет ету нәтижелерін.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларының деңгейі Сипаттамасы Ұсынылған тапсырма түрі
Білу және түсіну Геоэкономиканың мақсаты мен міндеттерін, Негізгі категорияларын түсіндіреді. КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
Қолдану Зерттеу тақырыбына сәйкес салыстыру, сандық әдістерін қолданады, статистикалық деректерді талдау нәтижелері бойынша картограммалар мен картодиаграммаларды жасайды, табиғатты пайдаланудың қажеттілігін түсіндіріп, түрлерін (шаруашылық тұрғысынан) анықтайды және ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
4
графикалық түрде ұсынады, геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, бағыттарын және негізгі категорияларын графикалық түрде көрсетеді, дүниежүзі аумағын ластану және табиғи ортаның бұзылу деңгейі бойынша аудандастырады, табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды жіктейді және графикалық түрде ұсынады, экологиялық проблемаларды шешудегі ғылыми-техникалық прогрестің рөлін анықтайды, елдер мен аймақтардың экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін анықтайды, дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктейді, негізгі геосаяси объектілер мен субъектілерді анықтайды, дүниежүзінің тарихи-географиялық аймақтарын, олардың құрамы мен ерекшеліктерін, географиялық сипаттамасын шығармашылық түрде ұсынады, көрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде дүниежүзі елдерінің рейтингін көрсетеді.
Жоғары деңгей дағдылары Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтап, баға береді, табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайтудың жолдарын ұсынады, геосфералардың ластану деңгейін анықтап, себеп-салдарын зерттейді, табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың азайту жолдарын ұсынады, ғаламдық экологиялық проблемаларды шешудегі әлемдік тәжірибені зерттейді, Қазақстан аумағын экологиялық тұрғыдан аудандастыру негізінде экологиялық проблемалардың шешу жолдарын ұсынады, шаруашылық салаларын орналастыруда факторлар мен алғышарттардың жиынтығын талдайды, дүниежүзі шаруашылығының аумақтық модельдерін талдайды, Қазақстан Республикасы үшін тиімді шаруашылықтың құрылымын, шаруашылық салаларының арақатынасын, шаруашылығының аумақтық құрылымын, экономикалық дамуындағы тиімді көрсеткіштерді анықтайды, геосаясаттағы физикалық-географиялық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, саяси, әскери, технологиялық факторларға баға береді, дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштердің бірін есептеу әдісін түсіндіреді, жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін дүниежүзі елдерінің рейтингтерін графикалық түрде көрсетеді, адамзаттың дамуындағы проблемаларды топтастырады. ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
5
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары
I 66% 34%
II 50% 50%
III 12% 38% 50%
IV 43% 57%
Барлығы 3% 49,25% 47,75%
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы, сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы — 40 минут Балл саны — 25
Тапсырманың түрлері:
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.
7
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларыны ң деңгейі Тапсырма саны* Тапсырм а № * Тапс ырма түрі* Орындал у уақыты, мин* Балл * Бөлімге берілетін балл саны
Географиялық 10.1.1.1. Зерттеу тақырыбына сәйкес салыстыру әдістерін қолдану Қолдану 2 1,4 ҚЖ ТЖ 7 4 8
зерттеулер әдістері 10.1.1.2 Зерттеу тақырыбына сәйкес сандық әдістерді қолдану Қолдану 1 5 ҚЖ 6 4
Картография және геоинформатика 10.2.2.2 Статистикалық деректерді талдау нәтижелері бойынша картограммалар мен картодиаграммаларды жасау Қолдану 1 6 ҚЖ 6 3 3
10.3.1.1 Табиғатты пайдаланудың қажеттілігін түсіндіріп, түрлерін (шаруашылық тұрғысынан) анықтау, графикалық түрде ұсыну Қолдану 2 2,3 ҚЖ 5 3
Табиғатты пайдалану және геоэкология 10.3.1.2 Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтап, баға беру (жергілікті / аймақтық компоненттің негізінде) Жоғары деңгей дағдылары 1 7 ТЖ 9 6 14
10.3.1.3 Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайтудың жолдарын ұсыну (жергілікті / аймақтық компоненттің негізінде) Жоғары деңгей дағдылары 1 8 ТЖ 7 5
Барлығы 8 40 25 25
Ескерту: * — өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
8
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі «География» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Топографиялық карта және жергілікті жердің планындагы бір уқсастыгын анықтаңыз.
жергілікті жердің планы
топографиялық карта
[1]
2. Суретте табиғатты пайдаланудың қандай түрі көрсетілген.
генер
генереатор
і і- і и=а , *
салкын суды 1 ыстык су мен
төменге андау 1 будың жоғарыға
ығысуы
^

[1]
3. Өсімдік шаруашылығында суды пайдалану мөлшері. (1 м су = 1 тонна)
Өсімдік өсіруге кететін су мөлшерін графикалық (бағаналы диаграмма) түрінде сызыңыз.
— 1 т қара бидайға — 750 м3 су;
— 1 т жүгеріге — 3400 м3 су;
— 1 т мақтаға — 5000 м3 су;
— 1 т шиеге — 3000 м3 су;
— 1 т күрішке — 10000 м3 су;
— 1 т жүзімге — 5900 м3 су;
— 1 т картопқа — 2000 м3 су;
Шартты белгілер
[2]
9
4. Дүниежүзі халқы және көмірқышқыл газының атмосфераға тасталуы.
Жыл Халық саны (млн) Көмірқышқыл газдың бөлінуі (млн тонна)
1800 990 32
1850 1360 188
1900 1670 1980
1950 2480 5870
2000 6070 23320
2015 7010 25440
а. 1800 мен 2015 жылдар аралығында атмосфераға бөлінген көмірқышқыл газының мөлшерін қанша есеге өскенін сипаттаңыз.
[2]
Ь. 1800 мен 2015 жылдар аралығында халық санының өсуін сипаттап, қанша адамға өскенін салыстырыңыз.
[1]
5. Қазақстандағы ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымы берілген.
а. Ауыл шаруашылығы жерлерінің пайыздық көрсеткішін анықтаңыз.___________________________
Жайылымдар Жыртылған жерлер Шабындықтар Тың жерлер
182 24 5 5 216 мл.га
100%
[2]
Ь. Сандық мәліметтерді қолданып, ауыл шаруашылық жерлерінің диаграммасын сызып, шартты белгілерін құрастырыңыз.
[2]
б.Әлем елдерінің урбандалу деңгейі (ең жоғары және ең төмен) елдер берілген.
Алатын орны Жоғары елдер (%) Алатын орны Төмен елдер (%)
1 Сингапур 100.0 183 Непал 17.7
2 Катар 99.1 184 Эфиопия 17.5
3 Кувейт 98.3 185 Уганда 16.4
4 Бельгия 97.5 186 Сент-Люсия 16.1
5 Мальта 95.2 187 Малави 16.0
6 Сан-Марино 94.2 188 Шри-Ланка 15.2
7 Исландия 93.9 189 Лихтенштейн 14.3
10
Берілген мәліметтерді пайдаланып, дүниежүзінің қарапайым урбандалу картограммасын жасаңыз. Түстерді (урбандалуы жоғары елдерді көк, төмен елдерді қызыл түс) пайдаланып, пайыздық көрсеткіштерін белгілеңіз.
[3]
7. Қазақстанның экологиялық жағдайына баға беріңіз.
a. Қазақстандағы экологиялық жағдайы төмен аймақтарды атап, себебін жазыңыз.
[2]
b. Таңдау бойынша екі экологиялық аймақты атап, өсімдік пен жануарлар дүниесі топырақ жамылғысына және атмосфераға тигізетін әсеріне баға беріңіз.
[4]
8. Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайтудың жолдарын ұсыныңыз.
a. Қазақстанда пайдалы қазбаларды (мұнай, көмір, металдар) өндіру нәтижесінде қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайтудың жолдарына екі ұсыныс келтіріңіз.
[2]
b. Қазақстанда экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған, табиғатты қорғауға арналған үш іс-шараларға мысал келтіріңіз.
[3]
11
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Жергілікті кіші аумақты ғана бейнелей алады Аумақ бойынша ақпаратты толық бере алады 1
2 Тиімді пайдалау (Геотермалды энергия көзі) 1
3 Бағаналы диаграмманы көп мөлшерден аз мөлшер бойынша дұрыс сызса 1 балл Шартты белгілерді қолданса 1 балл 1 1
4 а. 1800 мен 2015 жыл аралығында атмосфераға бөлінген көмірқышқыл газының мөлшерін 32 млн. т-дан 25402 млн т-ға өсті Атмосфераға бөлінген көмірқышқыл газ көлемі 795 есеге артты Көмірқышқыл газының күрт артқан кезеңі 2000 жылға сәйкес келеді 1 1 Көмірқышқыл газының ауаға бөлінуіні мөлшерінің көбеюін сандық дәлелмен сипаттаса 2 балл
Ъ. Халық саны 5-6 есе артқан. 1950 жылға қарағанда 2000 жылы демографиялық жарылыс болған, халық саны 2,5 есе артқан 1
5 а. Жайылымдар-84,3 Жыртылған жерлер- 11,1 Шабындықтар-2,3 Тың жерлер-2,3 1 1
Ъ.Ауыл шаруашылық жерлерін пайыздық көрсеткіштерін пайдаланса Шеңбер диаграммаға шартты белгілермен түсірсе 1 1
6 Кестеде берілген урбандалу деңгейі ең жоғары ең төмен елдерді географиялық орналасуына байланысты түстермен дұрыс белгілесе Пайыздық көрсеткіштерін көрсетсе 1 1 1
7 a. Арал теңізінің құрғауы Келіп құятын өзендердің суын ауыл шаруашылығына шамадан тыс пайдалану. b. Батыстағы топырақтың мұнаймен ластануы. Батыс, орталық аймақтардағы жанатын пайдалы қазбаларды өндіру нәтижесінде ауа құрамында көмірқышқыл газының көбеюі. Шығыстағы қарағайлы ормандардың жойылуы. Шығыстағы радиациялық ластану нәтижесінде ядролық қару жарылған аймақтарда, топырақ жамылғысы жарамсыз болуы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жойылуы. 1 1 1 1 1 1 Оқушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады.
8 а. Ағаштар егу, зауыттарға тазарту құралдарын орнату қайта өңдеу зауыттарын соғу. 1 1
Ъ.Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарларды қорғау; Қорықтардың жұмысын ұйымдастыру; Жасыл ел бағдарламасы; Халықаралық ұйымдармен бірлесе шешу, жобалар құру. 1 1 1
Жалпы балл 25
12
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы — 40 минут Балл саны — 25
Тапсырманың түрлері:
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының өз жұмысында географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.
13
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырм а саны* Тапсырма № * Тапсырма түрі* Орындал у уақыты, мин* Балл * Бөлімге берілеті н балл саны
Табиғатты пайдалану және геоэкология 10.3.2.1 Геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, бағыттарын және негізгі категорияларын графикалық түрде ұсыну Қолдану 1 1 ҚЖ 5 2 25
10.3.2.2 Геосфералардың ластану деңгейін анықтап, себеп-салдарын зерттеу Жоғары деңгей дағдылары 1 6 ТЖ 5 5
10.3.2.3 Дүниежүзі аумағын ластану және табиғи ортаның бұзылу деңгейі бойынша аудандастыру Қолдану 1 2 ҚЖ 5 3
10.3.2.4 Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды топтастыру және графикалық түрде ұсыну Қолдану 1 5 ҚЖ 4 2
10.3.2.5 Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың азайту жолдарын ұсыну Жоғары деңгей дағдылары 1 7 ТЖ 7 4
10.3.2.7 Ғаламдық экологиялық проблемаларды шешудегі әлемдік тәжірибені зерттеу Жоғары деңгей дағдылары 1 8 ТЖ 7 4
10.3.2.8 Экологиялық проблемаларды шешудегі ғылыми-техникалық прогрестің рөлін анықтау Қолдану 1 3 ҚЖ 2 1
10.3.2.9 Қазақстан аумағын экологиялық тұрғыдан аудандастыру негізінде экологиялық проблемалардың шешу жолдарын ұсыну Жоғары деңгей дағдылары 1 4 ТЖ 5 4
Барлығы 8 8 40 25 25
Ескерту: * — өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
14
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі «География» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Геоэкологияның зерттеу бағыттарын анықтаңыз.______________________________
географиялық экологиялық

[2]
2. Қоршаған ортаның ластануы физикалық, химиялық заттардың ыдырауы, ауа мен суға тасталған әр түрлі өндіріс қалдықтарының мөлшеріне байланысты болады. Атмосфераны ластаушы көздердің көлеміне байланысты үш түрге бөлінеді. Олар, Әлемдік көлемде ластайтындар (қоршаған ортада әлемдік аумақта тарап, ластау көздері). Аймақтық көлемде ластайтын (бірнеше мемлекеттердің территориясы немесе бір елдің едәуір әкімшіліктік бөлігі). Жергілікті көлемде ластайтындар (бір жердің шеңберінен аспайтын аймақ).
Ластанудың деңгей бойынша мысал келтіріңіз
Әлемдік көлемде ластану деңгейі Аймақтық көлемде ластану деңгейі Жергілікті көлемде ластану деңгейі

[3]
3. ЕХРО-2017 көрмесіндегі тың жаңалықтар қандай экологиялық проблемаларды шешеді?
[1]
15
4. Қазақстандағы экологиялық аймақтарды аудандастыру.
а. Қазақстандағы экологиялық қауіп-қатер деңгейі қауіпті, қауіптілігі әлсіз деңгейлі аймақтарды кескін картаға шартты белгілер арқылы түсіріңіз.
Ъ. Бір аймақты таңдап, экологиялық проблемаларды шешудің екі жолын ұсыныңыз.
[2]
[2]
5.Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды топтастырыңыз.
Антропогендік факторлар
Ойланбай жасалынған әрекеттер Саналы түрде жасалатын әрекеттер

[2]
6.Әлемнің ең лас қалалардың тізімінде Бейжің, Мәскеу, Нью-Дели, Лос-Анджелес, Дакка, Каир және Мехико қалалары кіреді екен.
16
a. Суреттерде бейнеленген экологиялық мәселе тудырған құбылысты атаңыз.
[1]
b. Жоғарыда берілген құбылыс Қазақстанның қайсы қалаларында жиі кездеседі? Себебін анықтаңыз.
[2]
c. Аталған құбылыстың адамға, қоршаған ортаға әсерін сипаттап, салдарына баға беріңіз.
[2]
7. XX ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық үдеріс өнеркәсіптің салалары машина жасау, химия өнеркәсібі және энергетика басқаларына қарағанда жоғары қарқынмен дамыды. Өндіріс орындары, транспорт, құрылыс және тұрмыс нысандарынан бөлінген күкірт оксидтері, көміртегі оксидтері, азот оксидтері және күл мен күл-қоқымдар қатты бөлшектердің көбеюі атмосфераны ластауды бастады. Антропогендік факторлар әсерінен күрделі, жылыжай эфектісі, қышқыл жаңбыр, ормансыздану, шөлейттену, су қорларының ластануы сияқты экологиялық проблемалар пайда бола бастады.
Қоршаған ортаға әсер ететін антропогендік факторлардың азайту жолдарын ұсыныңыз
a. Атмосфералық ластанудың азайту жолдарын ұсыныңыз.
[1]
b. Биосфераның ластануын азайту жолдарын ұсыныңыз.
[1]
c. Су ресурстарының ластануын азайту жолдарын ұсыныңыз.
[1]
Ь. Литосфералық ластануды (жер бедері, топырақ) азайту жолдарын ұсыныңыз.
[1]
8. Ғаламдық экологиялық проблемаларды шешудегі әлемдік тәжірибені зерттеу.
Қазіргі таңда өндірістік қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу өзекті мәселелердің бірі. Әлемдік деңгейде Щвеция қалдықтардың 25%, Жапонияда 30%, Германияда 35% қайта өңделіп, пайдалануға беріледі. Ал Қазақстанда тұрмыстық қалдықтардың 2,5% қайта өңделеді. Қалған тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигондарына төгіледі екен.
a. Жергілікті аймақтың тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану деңгейін анықтаңыз.
[1]
b. Тұрмыстық қалдықтар мәселесін шешу мақсатында елімізде жасалып жатқан іс-шараларды атаңыз.
[1]
c. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің қажеттілігіне мысал келтіріп, маңызылығын түсіндіріңіз.
[2]
17
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша
ақпарат
1 Географиялық қабықтардағы өзгерістер, жер бедерлерінің өзгеруі, ластану, биоалуантүрліліктердің азаюы, жойылуы 2 Мысалдар қабылданады
2 Әлемдік көлемде ластану деңгейі: атмосфераның ластануы нәтижесінде ғаламдық жылыну, озон тесігі, Арал теңізі, шөлдену. Аймақтық көлемде ластану деңгейі: белгілі бір аймақтардың ластануы, Семей аймағындағы ядролық қарудың жарылыуы, Нагасаки, Херосима радиациялық ластануы және т.б. Жергілікті көлемде ластану деңгейі: қаланың көліктердің көп болуынан смог, зауыт фабрикалардан қышқыл жаңбырлар, қоқыстан ластануы. 1 1 1 Кез келген дұрыс жауап қабылданады.
3 Жанатын ресурстарды үнемдеу Сарқылмайтын ресурстарды пайдалану Жасыл энергияны тиімді пайдалану Қайта өңдеу технологияларын дамыту 1 Мысалдар қабылданады
4 а. Қазақстандағы экологиялық ахуалы қауіпті. Кез келген
Арал маңы, Семей полигоны, Риддер аймағындағы түсті 1 дұрыс жауап
металлургия, Қарағанды-Теміртау Қауіптілігі әлсіз: Жетісу аймағы (шартты белгілерді қолдану) 1 қабылданады.
Ъ. Арал теңізінің суын молайту жобалары. 1 Кез келген
Қалаларда метролар көбейту. Автокөліктерден шығатын газдардың сапасын жақсарту. 1 дұрыс жауап қабылданады.
5 Ресурстарды тиімсіз игеру, ядролық қаруларды сынау және пайдалану. Көліктерден шығатын газдар, зауыттардан шығатын газдар. Жер шарының физикалық, химиялық, биологиялық сапасының төмендеуі мен экожүйелердегі күрделі өзгерістер 1 1 Мысалдар қабылданады
6 а. Тұмша (смог) 1
Ъ. Алматы, Астана қалаларында тұмша кездеседі. 1
Халық санының артуы, көліктің артуы.
Қалалардың географиялық орналасуына байланысты. 1
с. Аталған құбылыстың адам ағзасына зиянды, тыныс алу 1 Нақты
мүшелеріне, тері ауруларына әкелуі мүмкін. Жергілікті аймақтың флорасы мен фаунасына кері әсер 1 мысалдермен басқа қалалар
етеді. мен зардаптарын сипаттаса қабылданады
7 а. Жасыл экономиканы дамыту 1 Толық 2
Елдімекендерде жасыл желектерді көбейту 1 мысал мен
Зауыт-фабрикалардан шығатын газдардың қауіптілігін қадағалау, сүзгілер орнату ұсыныстары болса 4 балл
Зауыттардан шығатын қалдықтарды қайта өңдеу 1
18
Заманауи технологияларды тиімді пайдалану 1
8 а. Жергілікті елді мекеннің тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану деңгейін анықтаса Ластану деңгейі жоғары, ластану деңгейі төмен, ластанбаған 1 Жергілікті аймақ негізінде өз жауаптарын ұсынады
Ь. Қайта өңдеу зауыттары, көгалдандыру, жасыл ел бағдарламасы, қоқыс палигондарын тиімді пайдалану. 1 Басқа да мысалдары қабылданады
с. Әлемнің көп жерлерінде қоқысты өртеуге тыйым салынған, өйткені тұрмыс қалдықтарынан түрлі улы газдар бөлініп ауаны ластайды. Жапондықтар өртелген қоқыс күлін арнайы құрылғылармен тығыздап, құрылыс заттарын өңдіреді, ғимараттар тұрғызып, тіпті бүтін жасанды аралдар салып жатыр. 1 1
Жалпы балл 25
19
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы — 40 минут Балл саны — 25
Тапсырманың түрлері:
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының өз жұмысында географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.Тапсырма бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.
20
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма № * Тапс ырма түрі* Орындал у уақыты, мин* Балл * Бөлімге берілеті н балл саны
Геоэкономика негіздері 10.4.1.1 Геоэкономиканың мақсаты мен міндеттерін, негізгі категорияларын түсіндіру Білу және түсіну 1 1 ҚЖ 2 1 17
10.4.1.2 Елдер мен аймақтардың экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін анықтау(қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде) Қолдану 1 2 ҚЖ 4 2
10.4.1.3 Шаруашылық салаларын орналастыруда факторлар мен алғышарттардың жиынтығын талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 6 ТЖ 7 2
10.4.1.5 Дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктеу Қолдану 1 4 ҚЖ 4 4
10.4.1.6 Дүниежүзі шаруашылығының аумақтық модельдерін талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 7 ТЖ 6 4
10.4.1.10 Қазақстан Республикасы үшін тиімді шаруашылықтың құрылымын, шаруашылық салаларының арақатынасын, шаруашылығының аумақтық құрылымын, экономикалық дамуындағы тиімді көрсеткіштерді анықтау Жоғары деңгей дағдылары 1 8 ТЖ 6 5
Геосаясат негіздері 10.5.1.2 Негізгі геосаяси объектілер мен субъектілерді анықтау Қолдану 1 3 ТЖ 4 4 8
10.5.1.5 Г еосаясаттағы физикалық-географиялық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, саяси, әскери, технологиялық факторларға баға Жоғары деңгей дағдылары 1 5 ТЖ 7 4
21
беру
Барлығы 8 8 40 25 25
Ескерту: * — өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
22
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі «География» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Геоэкономика ұғымын түсіндіріңіз.
[1]
2. Орта Азия мен Батыс Еуропа аймақтарының экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін анықтаңыз.
[1]
Климаттық және саяси ерекшеліктердің шаруашылықтың және қызмет көрсету саласына әсерін сипаттаңыз.
[1]
3. Геосаяси объектілер мен субъектілеріне екі мысалдан келтіріңіз.
Геосаясат
Объектілер Субъектілер

4. Картада елдерін шаруашылық құрылымы бойынша таралуы берілген.
[4]
Карта бойынша мемлекеттердің шаруашылық құрылымын кестеге жазыңыз.
Қызметтік Батыс елдері Ауылшаруашылық өндірісі елдері Шикі зат өндірісі Индустриалды өндіріс елдері

5. Қазақстанның геосаяси жағдайына баға беріңіз
a. Геосаяси жағдайының екі қолайлы жақтары
b. Геосаяси жағдайының екі қолайсыз жақтары
[4]
[2]
[2]
23
6. Таңдау бойынша (Атырау мұнай өңдеу зауыты, Шымкент химфарм зауыты, Қараганды металл бұйымдары зауыты, Павлодар алюминий зауыты) өнеркәсіп орталықтарының орналасу ерекшелігін талдаңыз
a. Өндірісті орналастыруға әсер еткен физикалық-географиялық факторларды анықтаңыз.
ш
b.Өндіріс орнының орналасуына әсер еткен экономикалық-географиялық факторларды анықтаңыз
[1]
7. Мәтіндегі оқыңыз.________________________________________________________________
Капиталистік әлемнің дамуын Валлерстайн әлем елдерін 3 топқа жіктейді. Олар: орталық, жартылай периферия, периферия елдер деп. Орталыққа дамыған елдері кіреді. Ал жартылай периферия елдеріне, өтпелі экономикада жатқан елдер мен мұнай экспорттаушы елдер кіреді. Перифериялы елдерге көбіне әлемнің дамушы 100 елі кіреді олардың экономикасы
ауыл шаруашылығына тікелей тәуелді._________________________________________________
Картаны пайдалана отырып, орталық, жартылай периферия, периферия елдерді анықтап, шаруашылығын талдаңыз.
Елдер Орталық Жартылай периферия Периферия
Бразилия Ресей Қытай Оңтүстік Африка республикасы

Дамыған шаруашылық салалары (маманданған салалары) Ауыл шаруашылығы, пайдалы қазба өндіру,

[4]
8. Қазақстан Республикасының экономикалық картасын пайдаланып, еліміздің әрбір экономикалық аудандардың дамыған шарушылық түрлерін анықтап, экономиканы дамытуға тиімді жақтарын талдаңыз.
а. Батыс экономикалық аудан
[1]
24
b. Шығыс экономикалық аудан
c. Солтүстік экономикалық аудан ё. Оңтүстік экономикалық аудан
[1]
[1]
[1]
25
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Геоэкономика — елдің экономикалық мүмкіндіктерін анықтайтын жаңа геосаясат түрі. Геоэкономика әлем елдерінің кірісі мен ресурстарын бөлумен айналысатын ғылым. 1
2 Климаттық: Орта Азия климатының құрғақ континетті болуы. Шөлді, шөлетті аймақтардың көп болуы астық шарауашылығының өсіруге қолайсыз. Жылу сүйгіш өсімдіктер мақта, бақша өнімдерін өсіруге қолайлы. Туризм саласы климаттық ерекшелікке байланысты нашар дамыған. Батыс Еуропада қызмет көрсету саласы жетекші дамыған туризм саласы үшін климаты қолайлы. Саяси: Орта Азиядағы кейбір елдердегі саяси тұрақсыздық халықтың әлеуметтік жағдайының төмен болуы экономикалық артта қалуға әсер етуде. Батыс Еуропада саяси тұрақтылық, көршілес елдердің даму деңгейі және достықта болуы елдердегі экономикалық жағдайдың жоғары болуына әсер етеді. 1 1 Нақты мысалдар және жекелеген елдер бойынша салыстырулар қабылданады. Бір климаттық бір саяси ерекшелікті сипаттаса 2 балл
3 Геосаясат объектісі — теңіз және мұхит, таулар, жер қыртысы, қоршаған орта, әуе, яғни ғарыш және мемлекеттер, олардың шекарасы, ресурстар және т.б. Геосаяси субъект — Географиялық геофизикалық және әлеуметтік кеңістікте ресми немесе бейресми билікті алу үшін геосаяси кеңістікті өзгертуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымдар немесе мемлекеттер бірлестігі. 2 2 Екі мысал үшін 2 балл
4 Қызметтік Батыс елдеріне: АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция және т.б Ауылшаруашылық өндірісі елдері:Үндістан, Непал, Колумбия, Бразилия және т.б Индустриалды өндіріс елдері: Жапония, Корея, Бразилия, Сингапур, т.б Шикізат өндірісі елдері: Африка елдер, Ресей, Мексика 1 1 1 1
5 Геосаяси жағдайының қолайлы жақтары Жер көлемінің үлкен болуы, табиғи ресурстарға бай, көрші екі держава мемлекетпен шектеседі. Транзиттік жол торабында орналасуы және т.б 1 1
Геосаяси жағдайының қолайсыз жақтары Мұхитқа шыға алмауы Орта Азиядағы «ыстық нүктелерге» жақын орналасуы 1 1
6 Шикізат көзі, энергияны және су көздері, жер бедері 1
Қаржынының жеткілікті болуы (инвесторлар, капитал) Ғылым (жаңа иновациялық технологиялар)
26
Еңбек күші (кәсіби мамандар мен жұмыс күші) 1
7 Орталық (ядро) елдері: АҚШ, Батыс Еуропа елдері, 1 Нақты
Жапония, т.б мысалдармен
Периферия елдері: Африка Азия, Оңтүстік Америка 1 басқа елдерді
елдері; сипаттаса
Орталық (ядро) елдердің маманданған шаруашылық жауап
саласы: қызмет көрсету саласы, туризм, технология, 1 қабылданады.
машина жасау
Жартылай периферия: жартылай өңдеуші өнеркәсіп 1
8 Экономикалық аудандар:
Батыс: мұнай, табиғи газ және бекіре балығы т.б.
Экспорттық тауарлар арқылы экономиканы 1
тұрақтандыру.
Шығыс: тау-кен өнеркәсібі, түті металдар өндіру, марал
және бал арасын өсіруге маманданған 1
Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу
көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай
өнеркәсібі болып табылады
Солтүстік: бидай өсіру, қара металлургия, машина жасау 1
Еуропа елдеріне экспорт мұнай, ферроқорытпа,
металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен
артып отыр.
Оңтүстік: бау-бақша өнімдері, мақта, күріш өсіру, туризм 1
Экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат
әлеуетін пайдалану болып табылады.
Жалпы балл 25
27
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы — 40 минут Балл саны — 25
Тапсырманың түрлері:
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.
28
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма № * Тапс ырма түрі* Орындалу уақыты, мин* Балл * Бөлімге берілетін балл саны
10.6.1.2 Дүниежүзінің тарихи-географиялық аймақтарын, олардың құрамы мен ерекшеліктерін, географиялық сипаттамасын шығармашылық түрде ұсыну Қолдану 1 1 ҚЖ 3 2
Елтану 10.6.2.2 Дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштердің бірін есептеу әдісін түсіндіру (таңдау бойынша: ЖШӨ, ЖҰӨ, оның ішінде жан басына шаққанда, СҚП — сатып алу қабілетінің паритеті, гендерлік тепе-теңдік және т.с.с.) Жоғары деңгей дағдылары 2 2,3 ҚЖ ТЖ 6 3 13
10.6.2.3 Көрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде дүниежүзі елдерінің рейтингін көрсету (таңдау бойынша) Қолдану 1 4 ТЖ 5 2
10.6.2.4 Жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін дүниежүзі елдерінің индекстері мен рейтингтерін сипаттау (есепке / бағалауға алынатын көрсеткіштер, бағалау субъектісі, нәтижелерінің қолдану аясы) Қолдану 1 5 ҚЖ 5 2
10.6.2.5 Жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін дүниежүзі елдерінің рейтингтерін графикалық түрде көрсету Жоғары деңгей дағдылары 1 6 ТЖ 7 4
Адамзаттың 10.7.1.1 Адамзаттың дамуындағы проблемаларын топтастыру Жоғары деңгей дағдылары 1 7 ТЖ 7 4
ғаламдық проблема- лары 10.7.1.3 Ғаламдық проблемалардың себептері мен салдарын анықтап, топтастыру Жоғары деңгей дағдылары 1 8 ТЖ 7 8 12
Барлығы 8 8 40 25 25
Ескерту: * — өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
29
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі «География» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Еуразия құрлығының кескін картасы берілген.
a. Кескін картаға Оңтүстік Шығыс Азия елдерін түсіріңіз.
[1]
b. Елдердің физикалық-географиялық орналасуының ерекшеліктерін сипаттаңыз
[1]
2.Кестедегі елдердің жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткішін есептеңіз.
Елдің атауы ЖІӨ көлемі.$ млрд (2018 ж) Халық саны (2018 ж) млн.адам ЖІӨ жан басына шаққандағы көрсеткіш.$
Үндістан 2264 1.324.344.631
Сингапур 294,8 5.567.301
[1]
3. Жоғарыдағы мәліметті қолданыңыз.
a. Үндістан мен Сингапур мемлекеттерінің жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіштерінің әр түрлі болуының себептерін түсіндіріңіз
[1]
b. Елдердің жан басына шаққандағы ЖІӨ төмен болуы халықтың әлеуметтік жағдайына қалай әсер ететінін талдаңыз.
[1]
4. Шайды және кофені алдыңғы қатарлы тұтынушы елдердің тізімін қолданып, нүктелі график құрыңыз.
№ Шайды алдыңғы қатарлы тұтынушы елдер Кофені алдыңғы қатарлы тұтынушы елдер
елдер көлемі(кг) елдер көлемі (кг)
1 Түркия 6,87 Финляндия 12
30
2 Марокко 4,34 Норвегия 9,9
3 Ирландия 3,22 Исландия 9
4 Мавритания 3,22 Дания 8,7
5 Великобритания 2,74 Нидерланд 8
Дерек көзі: һйр8://Ье8І-Іор10.ги/Іор-10-8Ігап-ро-роІгеЬ епіуи-коГе.һІші © Ве8і-Тор10.ги
[2]
5.Кестеде дүниежүзі елдерінің әр түрлі көрсеткіштер бойынша рейтингтері берілген.
Елдер Экономика Кәсіпкерлік және инновация Өмір ұзақтығы Әлеуметтік капитал
Норвегия 2 4 4 1
Швеция 5 2 14 9
Австралия 10 8 17 3
Канада 8 16 15 8
Мексика 34 69 52 63
Ямайка 116 57 65 48
Индонезия 43 85 95 27
Кестедегі экономикасы және халықтың кәсіпкерлік және инновация көрсеткіштері бойынша төмен және жоғары елдерді сипаттаңыз.
[2]
6. Картадан дүниежүзі елдерінің жан басына шаққандағы ЖІӨ берілген.
31
а. Картадағы сандарды пайдаланып, ЖІӨ көрсеткіші жоғары және төмен елдердің рейтингтерін графикалық түрде сызыңыз.
Ъ. ЖІӨ көрсеткіштерінің әр түрлі болу себебін түсіндіріңіз.
7. Адамзаттың дамуындағы жаһандық мәселелерді анықтап, мысал келтіріңіз.
Соғыс бейбітшілік мәселелері және Демографиялық мәселе Экономикалық Шикізаттық және энергетикалық

[4]
8. Ғаламдық проблемалардың пайда болу себептерін мен салдарын анықтаңыз.
a. Экологиялық мәселелер
b. Дамушы елдердің экономикалық артта қалу мәселесі
c. Дүниежүзілік мұхит мәселесі
Ъ. Мәселелерді шешудің кем дегенде 2 жолын ұсыныңыз
[2]
[2]
[2]
[2]
32
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 а. Вьетнам, Камбоджа, Лаос, Мьянма, Тайланд, аралды бөлігінде — Бруней, Шығыс Тимор, Индонезия, Сингапур, Филиппин, Малайзия. 1
Ъ. Елдердің физикалық-географиялық орналасуы Қытай, Үндістан және Австралияның орталарында орналасқан континеналды аралдар тобы. Үндіқытай түбегі де кіреді. Малай түбегінде Малайзия. 1
2 Үндістан 1690 Сингапур 52950 1 1 балл есептеу әдісін қоданғаны үшін беріледі
3 а. Халық саны көрсеткіштеріне байланысты ЖІӨ әртүрлі болады Сингапурдың ЖІӨ Үндістанға қарағанда көп. Үндістанның халық саны көп және ЖІӨ аз 1 Мысалдар қабылданады
Ъ. Білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй мәселелерлі көптеп кездеседі ЖІӨ төмен елдерде салыстырмалы түрде экономика төмен болады. Ел экономикасы өңдеуші, өндіруші, қызмет көрсету салаларының төмен болуы. 1
4 Кестедегі ақпаратты дұрыс қолданса Нүктелі график сызса 1 1
5 Норвегия мемлекетінде экономикасы және халықтың кәсіпкерлік және инновация көрсеткіштері бойынша және өмір сүру сапасы алдыңғы қатарларда. Бұл мемлекеттің даму деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді. Ямайка экономикасы бойынша 116 орында, экономикасының үлкен сауда тапшылығы, жұмыссыздық, сыртқы қарызы елдің ЖІӨ көрсеткішінен бір жарым есе артық. 1 1 Кестедегі мемлекеттерді ң екі көрсеткіштері н нақты сипаттаса 2 балл беріледі.
6 а. Картадағы сандарды пайдаланып, ЖІӨ көрсеткіші бойынша елдердің рейтингтерін графикалық түрде сыза алса Мысалы, елдердің көрсеткіштерін дұрыс пайдаланса 64000 жоғары елдер; Норвегия, Щвейцария 500 төмен елдер; Африка елдері 1 1 1
Ъ. Экономикасының деңгейінің әр түрлі болуы; Мемлекет ретінде қалыптасу уақыты; Экспорт пен импорт сальдосының айырмашылығы; Елдегі өнеркәсіптің даму деңгейі; 1 Кез келген дұрыс жауап қабылданады.
33
7 Соғыс және бейбітшілік мәселелері: Азаматтық соғыстар, террористік, экстремистік ұйымдардың иррационалдық қыры саясатқа еш қатысы жоқ қарапайым халықты қыруы көрініс табуда. Нәтижесінде зорлық-зомбылық жер шарының әрбір еліне қауіп төндіруде Демографиялық мәселе: 1975-1990жж 2,2 миллиард халық өсімі шамамен 90%, яғни 2 миллиардтан астамы дамушы елдердің үлесіне. Халық саны көп елдерде тұрғын үй мәселесі, аштық, қарапайым медициналық көмек, білім алу төмен деңгейде Дамыған елдердегі проблема бала санының аз, ал қарттар санының көбеюінен туындайды (процесс депопуляция); Дамушы елдерде керісінше бала санының тез өсуі, азық-түлік пен медициналық көмектің жетіспеуі. Экономикалық: Елдер арасындағы санкциялар Қаржылық санкциялар Банкаралық әрекетке тыйым салу Халықаралық саудада шектеулер мен тыйым салу Саяси өзгерістерге немесе көмек көрсетуде оң нәтиже алынып тасталады Шикізаттық және энергетикалық: Барланған мұнай, газ, көмір қоры шектеулі Тау-кен химиясы өнімдерінің мөлшері төмендеуде Өндіру және тұтыну аймақтарының арасындағы айырманың артуы. 1 1 1 1 Мысалдар қабылданады
8 а. Экологиялық мәселелер қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас нәтижесінде табиғатты қорғау мәселесі. XX ғасырдың ортасында қоршаған ортаға түскен аса көп «күштен» барып туындап отыр. Себебі: адамзаттың өсуі, табиғатқа деген сұраныстың көбеюі, индустрияландыру т.б. Салдары: биосфераның ритмі бұзылып, адамзаттың денсаулығына, қоршаған ортаға, геосфераға қауіп төнуде. 1 1 Әр мәселе бойынша мысалдар келтіріп, ашып жазса 2 балл
Ь. Дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жеңу мәселесі Африка мемлекеттері халық саны дамыған елдермен салыстырғанда 3 есе көп бірақ өнім өндіруі төмен ЖІӨ адам басына шаққанда 15-16 есе аз. Электроэнергетика адам басына шаққанда 1000 есеге аз. 1
Адам жанына шаққанда келетін түсімді дамушы елдер мен дамыған елдерде сәйкестендіру 15 жас және одан жоғары жастағы адамдар арасында сауатсыздық жоғары болуы Орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 40 жас 1
34
с. Әлемдік мұхитты бейбіт игеру және ластану мәселелері Мұхит түбінен минералды ресурстар өндірілуде, көлік жолы көбеюде, биологиялық ресурстары алынуда Негізгі проблемасы жылына 1 млн. тоннадан артық мұнай, ауыр металл қалдықтары, қалалардың лас сулары құйылып, жағалаулары қатты ластануда. Салдары: биоалуантүрліліктің азаюы, мұхит суының ластануы 1 1 1 мәселеге қатысты 2 шешу жолын ұсынса 2 балл
ё. Б¥¥ дүниежүзінде азық-түлік дағдарысы мен аштықтан зардап шегушілердің санын қысқарту үшін дамыған мемлекеттер ауыл шаруашылық саласына бөлінетін инвестиция көлемін арттыру; Халықаралық банк, Дүниежүзілік қор, ауыл шаруашылығы саласына арнайы қаржы бөлу; Экологиялық ластаушы елдерге қойылатын талаптарды күшейту; Жаңа технологияларды тиімді пайдалану; Жасыл экономикаға өту; Дамыған елдер артта қалған елдердің білім және медицина саласын дамытуға үлес қосу; Геосфераға тасталатын улы газдарды әр ел қадағалау және шаралар қолдану; Әлемдік мұхитты қорғауға арналған құжаттардағы ережелерді жүзеге асыру; Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату. 2
Жалпы балл 25
35

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *