ТЖБ «Қазақстан тарихы» 5-сынып пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы 2017-2018 жыл

«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық
бағалау спецификациясы
5-сынып
1

========1========

Мазмұны
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты……………………………………………………………………..3 2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар………………………………..3 3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер ………………………………………………………….3 4. Ойлау дағдыларының деңгейі………………………………………………………………………………………..4 5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу4 6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі……………………………………………………………………………….5 7. Модерация және балл қою……………………………………………………………………………………………5 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………………6 2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ…………………….11 3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ…………………….16 4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ…………………….21
2

========2========

1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 5 сынып
Білім алушы:
Білу
— ежелгі Қазақстан тарихының кезеңдерін және оқиғалардың хронологиясын білу; — тарихи тұлғаларды білу;
Түсіну
— мемлекеттердің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына тән ерекшеліктерді түсіну;
— тарихи ұғымдарды түсіну;
— тарихи картаны қолдану арқылы саяси-экономикалық және әлеуметтік үдерістерді түсіну;
Қолдану
— әр түрлі тарихи дереккөздерді қолдану;
— ежелгі тайпалық бірлестіктердің аумағын саяси картада көрсетеді; — ежелгі тайпалардың миграциялық бағыттарын көрсетеді;
Талдау
— тарихи оқиғалардың байланысын анықтайды;
— дереккөздегі маңызды ақпаратты табады;
— мемлекеттердің құрылуына әсер еткен факторларды талдайды;
-тарихи оқиғалардың, құбылыстардың және үдерістердің себеп-салдарын және сабақтастығын талдайды;
Жинақтау
— тарихи оқиғалар, құбылыстар және үдерістердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырады;
— алғашқы тайпалық бірлестіктердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін жіктейді;
— тарихи фактілердің маңыздылығын жіктейді;
— тарихи оқиғалардың себеп-салдарын жинақтайды.
Бағалау
— тарихи тұлғалардың рөлін бағалайды; — тарихи үдерістердің маңызын бағалайды.
3

========3========

4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Сипаттама
Тарихи үдерістердің тұтастығы мен ерекшеліктерін сипаттайтын тарихи фактілерді, құбылыстарды, үдерістерді,
ұғымдарды білу.
Тапсырмалар
түрлері
КТБ- Көп таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ — Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
Қолдану
Маңызды тарихи оқиғаларға қатысты
қазіргі зерттеулер мен көзқарастарды білу.
Тарихи картаны қолдану арқылы саяси-
экономикалық және әлеуметтік үдерістерді қажет ететін
түсіндіреді.
ҚЖ — Қысқа жауапты
Әр түрлі тарихи дереккөздерді қолданады. Этноәлеуметтік құрылымын жіктейді. Тарихи оқиғалардың байланысын
анықтайды.
тапсырмалар ТЖ — Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жоғары деңгей дағдылары
Берілген дереккөзге сұрақ құрастырады. Тарихи құбылыс, оқиға немесе үдерісті басқа ұқсас тарихи құбылыстармен уақыт пен кеңістікте байланыстырады және
бағалайды;
ҚЖ — Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ — Толық жауапты
тапсырмалар
Тарихи дереккөздерді талдау және бағалау қажет ететін негізінде дәйекті қорытынды жасайды;
қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның,
құбылыстың, үдерістің маңыздылығын
анықтайды;
Тарихи оқиғалардың сабақтастығы мен өзгерістерін уақыт пен кеңістік шеңберінде талдайды және бағалайды.
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды
бөлу
Тоқсан
Білу және түсіну, %
I
II
III
IV Барлығы
40 50 25 50 41
Қолдану, %
60 50 75 50 59
Жоғары деңгей дағдылары, %
0
0
0
0
0
4

========4========

6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
5

========5========

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут Балл саны – 20
Тапсырмалар түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар; ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 9 тапсырмадан тұрады: соның ішінде 6 көп таңдауы бар тапсырмалар, 3 қысқаша жауап нұсқаларынан тұратын сұрақтар берілген.
Көп жауапты таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырмаларда суреттер, кестелер, сызбанұсқалар ұсынылған.
6

========6========

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім
Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларының
Тапсырма тапсырма*
деңгейі
саны* № Білу және түсіну
6 1-6 Білу және түсіну
Тапсырма
түрі*
Орындау уақыты, мин*
Балл*
Бөлім бойынша
балл
5.4.1.1 Ежелгі адамдардың алғашқы кәсібін сипаттау 5.4.2.1. Еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау
КТБ
10
6
5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
5.2.2.1 Археологиялық ескерткіштерді сипаттау
Қолдану
1
7
ҚЖ
10
5
5.2.2.2 Археологиялық деректерге сүйене отырып, Андронов және Беғазы- Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтау
Қолдану
20
1
8
ҚЖ
10
6
5.2.1.1 Алғашқы адамдардың наным-сенімдерін сипаттау
Қолдану
1
9
ҚЖ
10
3
Барлығы:

9

40
20
20
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
7

========7========

Мысал үлгілері және балл қою кестесі
Көп жауап нұсқаларынан бір жауапты таңдап белгілеңіз.
1. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі: А) қола дәуірі
В) темір дәуірі
С) рулық-тайпалық кезең
D) тас дәуірі
Е) андронов кезеңі

2.Тас дәуірінің (палеолит) қамтитын кезеңі:
А) б.з.б. 12-5 мың жыл
В) б.з.б.5-3 мың жыл бұрын
С) б.з.б. 100-75 ғасырлар
D) б.з.б.75-20 ғасырлар
Е) б.з.б. 2 млн 500 мың-12 мың жыл
3. Қоғамда алғашқы ірі еңбек бөлінісін туғызған жағдай :
А) терімшіліктің дамуы
В) шаруашылықтың егіншілік пе н мал шаруашылығы болып бөлінуі
С) тобырдың қалыптасуы
D) темірді пайдалану
Е) аңшылықтың тууы
4.1938 жылы Өзбекстаннан неандертальдық баланың сүйегі табылған үңгір :
А) Шақпақата
В) Арыстанды
С) Бөріқазған
D) Шабақты
Е) Тесіктас
5. Жамбыл обылысындағы 5 мыңға жуық тас құралдар табылған тұрақтар :
А) Арыстанды, Шақпақата
В) Тесіктас, Семізбұғы
С) Атасу, Пеньки
D) Қарасу, Сексеуіл
Е) Бөріқазған, Шабақты
6. «Қыш құмыралар заманы» деп аталатын дәуір: А) кейінгі палеолит
В) мезолит
С) энеолит
D) неолит
Е) қола дәуірі
[6]
8

========8========

7. Кескін картадағы санмен берілген ескерткіштерді анықтаңыз. Жауабын арнайы жауап кестесіне жазыңыз.
4
2
5
3
1
Жауабы:

1- 2- 3- 4- 5-
[5]
8. Кестені толтырыңыз
Мәдениет атауы
хронологиясы
таралу аймағы
мәдениеттің өзіндік
ерекшелігі
Андронов мәдениеті
Беғазы-Дәндібай мәдениеті
[6] 9. Алғашқы адамдар табынған заттардың (кемінде 3-н) көрсетіңіз.
1.
2.
3.
[3]
9

========9========


1-6
7
1. D 2. E 3. B 4. E 5. E 6. D 1-Арыстанды 2-Шүлбі 3-Майбұлақ 4-Ботай 5-Шақпақата
8
Мәдениет хронол атауы огиясы
Андронов Б.з.б. мәдениеті XYIII-
XII
ғасырл
ар
Беғазы- Б.з.б. Дәндібай XII- мәдениеті VIII
ғасырл
ар Күнге табыну
9
Ай мен жұлдызға табыну;
отқа табыну;
Жалпы балл:
Балл қою кестесі Жауап
Таралу аймағы
Қазақстан
ның батысына н басқа аймақтар
ы Орталық Қазақстан
Мәдениеттің
өзіндік ерекшелігі Қоныстары өзен маңында орналасқан
Жабайы түйенінің қолға үйретілгені дәлелденді
10
Балл 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1
Қосымша ақпарат
6
мәдениеттің өзіндік ерекшелігі бойынша басқа да дұрыс жауаптар қабылданады
1 1 1
басқа да дұрыс жауаптар қабылданады
20

========10========

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут Балл саны – 20
Тапсырмалар түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар; ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 8 тапсырмадан тұрады: 6 көп таңдауы бар тапсырмалар, 2 қысқа жауап беруді қажет ететін тапсырмалардантұрады. 1-6- тапсырмалар жиынтығы нақты деректерді, ақпарат пен сипаттауларды білу және түсіну дағдыларын тексеруге арналған, 7-тапсырмада кестемен жұмыс, 8-тапсырмада мәтіндегі бос орындарды толтыруға тапсырмалар берлген.
Көп жауапты таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
11

========11========

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім
Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларының
Тапсырма
деңгейі
саны*
тапсырма*

Тапсырма
түрі*
Орындау уақыты, мин*
Балл*
Бөлім бойынша
балл
5.4.2.2 Металл өндірісі
жетілуінің шаруашылық
салаларына тигізген ықпалын
түсіндіру
5.3.1.2 Ежелгі мемлекеттік 5.2A Ежелгі бірлестіктердің құрылуын көшпелілер түсіндіру
өмірі
5.4.1.2 Көшпелі мал
шаруашылығы мен
егіншіліктің қалыптасуын
түсіндіру
Білу және түсіну
6
1-6
КТБ
12
6
Білу және түсіну
1
7
ҚЖ
12
6
20
Қолдану
5.2В
Сақтар
5.2.2.4 Есік обасынан табылған «Алтын адам» археологиялық олжасының ерекшеліктерін анықтау
1
8
ҚЖ
16
8
Барлығы:
Қолдану —
8


40
20
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
12

========12========

Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
Көп жауап нұсқаларынан бір жауапты таңдап белгілеңіз
1.Темір дәуірінің қамтитын аралығы:
А) б.з.б. YIII-I ғасыр
В) б.з.б. YIII ғасыр б.з-дың Y ғасыры
С) б.з.б. XIY-YI ғасыр
D) б.з.б. XII-YIII ғасыр
Е) б.з.б. XYI-YIII ғасыр

2. Ерте темір дәуірінде мал басының көбеюіне байланысты қалыптасқан: А) отырықшылық
В) егіншілік
С) көшпелі мал шаруашылығы
D) отырықшы мал шаруашылығы
Е) сауда-саттық
3. Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілерден көшпелілердің айырмашылығы:
А) ру болып өмір сүруі
В) көсемдердің пайда болуы
С) еңбек құралдарын жасай білуі
D) өз шаруашылығында өнім өндіруі
Е) баспана жасай білуі

4. Жылқыны қолға үйретуге байланысты ойлап табылған жаңалық:
А) дөңгелекті ойлап табу
В) ет, сүтін пайдалану
С) көлік ретінде пайдалану
D) терісін пайдалану
Е) үзеңгі мен ауыздықты ойлап табу

5. Сақтар туралы жазбаша дереккөздер қалдырған елдер:
А) Грек, Парсы
В) Үнді, Грек
С) Рим, Парсы,Үнді
D) руна жазулар
Е) Қытай, Парсы

6. Парсы жазбаларындағы «сақ» сөзінің мағынасы:
А) жүйрік атты турлар
В) азиялық скифтер
С) еркін адамдар
D) құдіретті еркектер
Е) көшпелілер [6]
13

========13========

7. Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының қалыптасуына әсер
еткен себептерді атаңыз. (кемінде 3 себепті жазыңыз)
Көшпелі мал шаруашылығының
қалыптасу себептері
Егін шаруашылығының қалыптасу
себептері
[6]
8. Мәтіндегі бос орындарға тиісті сөздерді қойыңыз.
Есік обасы – 1_____________ дәуірінен сақталған ескерткіш. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласының маңында, Есік өзенінің жағалауында орналасқан. 2 _____________жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі 3_____________, мүшелері Б.Нұрмұханбетов, А.Г. Максимовалар) зерттеген.
Антропологтардың анықтауынша, Есік обасына жерленген адам 4_____________жасар, бет бітіміне қарағанда ол сақтарға жатады. 5_____________мол тігілген сәнді киім киінген. Басына түгелдей түрі де, көлемі де әр түрлі алтын қапсырмалармен сәнделген, төбесі шошақ, биік (65-70 сантиметрге дейін) бас киім киген. Бас киімінде жылқы, барыс, таутеке, құс бейнеленген 6_____________алтын қапсырмалармен және тоғалармен сәнделген. Есік жауынгернің мойнында — ұшы жолбарыстың басы іспеттес алтын алқа, сол жақ сырғаларында — перузадан жасалған салпыншақтары бар, көз салған алтын сырға болған. Үстіне мата көйлек кигізілген, оның өңірі мен жеңдері неше түрлі алтын капсырмалар мен тізбелер араластырып, әшекейлеп, кестеленген; көйлектің сыртынан киілген 7_____________бояумен боялған былғары бешпеттің өн бойы 8______________ басы бейнеленген алтын тоғалармен және үш сала жапырақ формасындағы кішкене тоғалармен қапталған.
[8]
14

========14========

Бал қою кестесі
№ 1 2 3 4 5 6
Жауап
В
С
D
Е
А
D
Көшпелі мал шаруашылығы ның қалыптасу
себептері Мал басының көбеюі
Егін
шаруашылығыны
7
ң қалыптасу
себептері Өзен
алқаптарындағы ыңғайлы шаруашылық түрі
Жайылымдық жерлердің қажеттілігі Жылқының қолға үйретілуі
Өнім өндіру үшін
Отырықшылық аймақтардың негізгі шаруашылығы болды
8
1-сақ; 2-1969-1970жж; 3-К.Ақышев; 4- 17-18 жасар; 5-алтынмен; 6- 150-дей; 7- қызыл; 8- жолбарыстың.
Жалпы балл:
Балл 1 1 1 1 1 1
Қосымша ақпарат
Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады
6
8
Білім алушының басқаша үлгіде берген дұрыс жауаптары қабылданады: жылдың немесе жас мөлшерінің бірі болса да қабылданады.
20
15

========15========

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут Балл саны – 20
Тапсырмалар түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар; ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 8 тапсырмадан тұрады: 1-6-тапсырмалар жиынтығы нақты деректерді, ақпарат пен сипаттауларды білу және түсіну дағдыларын тексеруге арналған, 7-тапсырмада картамен жұмыс, 8-тапсырмада кесте толтыруға тапсырмалар берлген.
Көп жауапты таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
16

========16========

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім
Ойлау
Тексерілетін мақсат дағдыларының
Тапсырма
деңгейі
саны* 5.3.2.1 Қазақстан
территориясындағы ерте
көшпелілердің халықаралық
Білу және түсіну
6 сахнадағы орнын анықтау
5.3.1.2 Ежелгі мемлекеттік Қолдану
бірлестіктердің құрылуын 1 түсіндіру
5.2.2.6 Көшпелілердің
әлемдік өркениетке қосқан
Қолдану
1 үлесін түсіну
тапсырма*

Тапсырма
түрі*
Орындау уақыты, мин*
Балл*
Бөлім бойынша
балл
5.3A Сақтар
1-6
КТБ
10
6
6
5.3B Үйсіндер мен қаңлылар
7
КЖ
10
4
14
8
ҚЖ
20
10
Барлығы:

8

40
20
20
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
17

========17========

Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
Көп жауап нұсқаларынан бір жауапты таңдап белгілеңіз.
1. Сақтар туралы мәлімет-жазба қай елдер авторларының еңбектерінде кездеседі?
А) Иран, парсы
В) Қытай, орыс
С) Грек, парсы
D) Грек, қытай
E) Иран, үнді

2. Сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы күресін басқарған кім?
A) Томирис
B) Скунха
C) Спитамен
D) Шырақ
E) Зарина

3. Дарийдің қолбасшылығы мен парсы әскерлерінің сақтарға жорық жасаған уақыты
A) б.з.б. 518ж.
B) б.з.б. 519 ж.
C) б.з.б. 520 ж.
D) б.з.б. 522 ж.
E) б.з.б. 524 ж.

4. Үйсіндер туралы «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» деп жазылған дерек
А) ирандықтар
В) парсы жазбалары
С) Герадот
D) Стробон
Е) Қытай жазбалары
5. Үйсіндер астанасы ретінде аталатын қала
А) Шырық-Рабат
В) Баланды
С) Қойлық
D) Талғар
Е) Қызыл аңғар

6. Үйсіндердің шығу тегі туралы мәлімет қалдырған тарихшы
А) Герадот
В) Страбон
С) Ктесий
D) Полиэн
Е) Сыма Цянь
[6]
18

========18========

7. Кескін картаға үйсіндер мен қаңлылардың территориясын белгілеп астанасын анықтаңыз.
Үйсіндердің астанасы-
Қаңлылардың астанасы-
[4]
8. Үйсіндер және қаңлылардың материалдық мәдениетін сипаттап, кестені толтырыңыз.
Мемлекеттер
Үйсіндер
Қаңлылар
Территориясы
Ескерткіштері
Үй құрылысы
Қалалық мәдениеті
Шаруашылығы
[10]
19

========19========

№ 1 2 3 4 5 6
7
Үйсіндердің астанасы-Чегучэн Қаңлылардың астанасы-Битиянь
Мемлеке
ттер Территор иясы
Үйсіндер
Жетісу
Ескерткі штері
Жетісу
аумағынан он
8
шақты оба табылды. Қапшағай, Өтеген…
Балл қою кестесі
Жауап
C
A
B
E
E
E
Қаңлылар
Сырдария, Арал маңы
Отырар-Қаратау, Жетісу, Қауыншы…
Ба лл 1 1 1 1 1 1
Қосымша ақпарат
Кескін картада көрсеткені үшін әрбір мемлекетке- 1 баллдан жалпы 2 балл;
4
Астаналарын көрсеткені үшін 1 баллдан жалпы 2 балл;
10
Білім алушы жазғы
орталықтарын жазса да қабылданады Білім алушы басқа да сұрақтың мазмұнын ашатын жауаптары қабылданады
Үй құрылыс ы
Балшықтан және Зах қаласы. Үйлер 1-2
тастан тұрғызылған
үйлер табылған
Қалалық мәдениеті
Ақтас
қонысынан бес
тұрғын үй табылған
Шаруашы лығы
Астық өсірді,
жеміс-жидек жинады
Жалпы балл:
бөлмеден тұрған
20 қалашықтың орны
зертелді. Алтынасар ең ірісі
болды.
Мал шаруашылығы мен егіншілікпен айналысты
20
20

========20========

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут Балл саны – 20
Тапсырмалар түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар; ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 8 тапсырмадан тұрады: 1-6-тапсырмалар жиынтығы нақты деректерді, ақпарат пен сипаттауларды білу және түсіну дағдыларын тексеруге арналған. 7-тапсырма кесікін картамен жұмыс жасауға, 8-тапсырма мәтіндегі бос орындарға тиісті сөздерді қоюға арналған.
Көп жауапты таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
21

========21========

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім
Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларының
Тапсырма
деңгейі
саны*
тапсырма*

Тапсырма
түрі*
Орындау уақыты, мин*
Балл*
Бөлім бойынша
балл
5.3.1.2 Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру
Білу және түсіну
5.4A Ғұндар
5.3.2.2 Қазақстан
территориясындағы алғашқы
мемлекеттік бірлестіктердің көрші
елдермен қарым-қатынасын
Білу және түсіну анықтау
6
1-6
КТБ
14
6
6
5.4В Сарматтар
5.3.1.1 Картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсету
Қолдану
1
7
КЖ
6
2
2
5.4.С Ежелгі Қазақстан тарихына шолу Барлығы:
5.4.2.3 Ұлы Жібек жолының пайда Қолдану болуын түсіндіру
1
8
ТЖ
20
12
12

8

40
20
20
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
22

========22========

Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
1. Енисей жағалаулары мен Алтайды мекендеген ежелгі тайпа:
А. Ғұндар
В. Сақтар
С. Үйсіндер
D.Қаңлылар
E. Сарматтар
2. Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғыс қимылдары қанша жылға созылды? A. 100 жылдан астам
B. 200 жылдан астам
C. 300 жылдан астам
D. 400 жылдан астам
E. 500 жылдан астам
3. Ғұндардың шығыстан батысқа қарай жылжуы басталған мерзім:
A. Б.з.б. І ғ.
B. Б.з.б ІІ ғ.
C. Б.з.б. ІІІ ғ.
D.Б.з. ІІ ғ.
E. Б.з. ІІІ ғ.
4. Еділ (Атилла) жауынгерлерінің Галлиядағы Каталаун даласындағы шайқас болған жыл: A. 300 жыл
B. 351 жыл
C. 400 жыл
D. 450 жыл
E. 451 жыл
5. Сармат тайпаларының өмір сүрген мерзімі:
A. Б.з.б. VІІ ғ-б.з V ғасыр
B. Б.з.б VІІІ ғ-б.з V ғасыр
C. Б.з.б. VІІІ ғ-б.з VІ ғасыр
D. Б.з.б. VІІІ ғ-б.з ІV ғасыр
E. Б.з.б. VІІІ ғ-б.з. ІІІ ғасыр
6. Сарматтардың абыз әйелдер жерленген қорымы:
A. Бесоба
B. Сынтас
C. Мардан
D. Бәйте
E. Терең [6]

23

========23========

7. Кескін картада сарматтар мен ғұндардың территорияларын көрсетіңіз.
[2]
8.Мәтіндегі бос орындарға тиісті сөздерді қойыңыз.
Жолдың аты жібек саудасына байланысты шыққан. Жібек мата дайындау үшін табиғи жібек 1|____________ керек. Табиғи жібек талшықтары 2_____________жібек көбелегінен алынады. Ересек көбелек жапырақ бетіне жұмыртқалайды. Ол жұмыртқалар жұлдыз құрт болып дамиды.
Жібек халықаралық саудаға шығарылғанымен, оны өндіруді 3___________ үкіметі өте құпия сақтаған. Соған қарамастан, оны өндірудің тәсілін Қытайдан жасырын түрде алып шыққандар болған. Жібек құртын қуыс қурайдың ішіне тығып, әйел адамдардың 4___________ арасына жасырып алып шықса керек. Содан жібек өндіру біздің заманымыздың алғашқы кезінде 5___________, Соғды сияқты елдерде де жүзеге аса бастаған. 6_____________ жібек өндірудің дамығаны сонша, олар жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен. Қытайдың кейбір қалаларында олардың сауда орындары ашылды. Жібек жолының соңғы нүктесі Жапонияның ертедегі астанасы 7___________қаласында жібек сататын орындар болған.
Ал «ұлы» сөзінің қосылуы жолдың кең-байтақ 8____________ өлкелері мен батыс өлкелерін қосып, байланыстырып жатуынан, жол бойындағы елдердің тіршілігін жандандыруынан. Сондықтан бұл жол «Ұлы Жібек жолы» деп аталады. Жібек матасы қытай жерінде 9 ___________ жылы жасалған. Ал оның сауда жолына шығарылып сатыла бастағаны немесе айырбас саудаға түскен мерзімі 10 _____________ аралығы.
Жібек жолының басы Қытай жеріндегі 11________________ өзенінің аңғарындағы аудандардан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен, 12______________өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік- батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттар болып тармақталады.
[12]
24

========24========

Балл қою кестесі
№ 1 2 3 4 5 6
Жауап
A
C
B
E
B
A
Балл 1 1 1 1 1 1
Қосымша ақпарат
7
2
8
1- матасы;
2- тұт;
3-Қытай;
4-шаштарының; 5-Византия;
6-Соғды;
7-Нарга;
8-Шығыс;
9-б.з.д. 2750 жылы; 10-б.з.д. V-ІІ ғасырлардың; 11-Хуанхэ;
12-Іле.
мәтінің мазмұнына сай жауаптар қабылданады
12
Жалпы балл: 20
25

========25========

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *