Жаңа бағдарлама Қазақ тілі 3 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспары жаңа мазмұны бойынша 2018-2019 оқу жылына арналған

Сабақ : №1- Мектеп:
Күні: Мұғалім: .
Сынып: 3 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу;-
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар : Сөйлеу және тіл мағынасы туралы білімін тиянақтай отырып, ақыл-ойы жітілдірі топпен жұмыс істеуге дағдыланады
Оқушылардың басым бөлігі:Мәтіндегі көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді,қазақ тілінің дыбыстық жүйесін ажыратады
Кейбір оқушылар: Емлелік ерекшеліктерін сақтап, орфографиялық нормаға сай жазады.
Жетістік критерилері Ана тілінің қызметін анықтайды
Мәтіндегі ақпараттарды есте сақтап, негізгі ойды табады
.Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін ажыратады.
Тілдік мақсаттар Пәндік сөздер
мәтін тақырыбы, негізгі ой,тілдік норма,көркем мәтін, жүйелі сөз, жоспар, мазмұндама, ашық және жабық сұрақтар
Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқылау үшін сұрақтар:
Мұндай болжам жасауыңа не негіз болды?
Ерте кез бен қазіргі кездегі адамдардың хабарласу ерекшеліктері қандай? Салыстыра сипатта.(саралау)
Құндылықтарды игерту: Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.
Пәнаралық байланыс: Философия
АКТ-ны қолдану дағдылары: PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл..
Осыған дейін меңгерілген білім 2 сынып .
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер
Сабақ басы
5 мин
Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.
Жұпта тақырыпқа ену үшін сұрақтарға жауап береді:
Ой шақыру
1.Тіл неліктен құралға жатады?
2. «Тіл қарым-қатынас құралы » дегенді қалай түсінесің?
«Мюнстенберг» әдісі арқылы төрт топқа бөлу
1-топ-йцукепідауысты фывкп
2-топ-фывапесм дауыссызкенннщло
3-топ-ячсмитььлбдюжтөлмепн
4-топ-Ячсмикірметьбюлжэ
Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;
Жетістік критерийлерін болжайды;
Жетістік критерийлерімен және дескрипторлармен танысады.

Сабақ ортасы
5 мин

мин

15 мин

10 мин Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Ой қозғар» әдісін пайдаланып, «Ана тілі- ұлт байлығы» сөзіне ассоциограмма құрғызады.

Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тілінен айрылған халық өзіне тән барлық қасиетін жоғалтып, халық болудан қалады. Тіл ана тілі атануы үшін, ол күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы керек.
Тілдің ең негізгі қызметі адамдардың бір – бірімен сөйлесу, бір нәрсе жайында пікір алысу үшін қызмет етуі. Екінші қызметі – адамдардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын тіл арқылы жеткізуі. Үшінші қызметі – адам өзінің бір нәрсе туралы көз – қарасын, күйініші мен сүйінішін, жақсы көру жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 5651 тіл бар.Сөйлеушілерінің саны жағынан алғанда қазақ тілі осы тілдердің ішінде 70 – орынға ие болып тұр.
Сөздік дәптерді қолдана отырып сөздер жарысы, мұғалім орысша сөздерді атайды оқушылар жауабын береді, өткен тақырыптағы сөздерді естеріне түсіру.
Диалогқа түсу /сыныпқа сұрақ қою/
Ана тілі дегеніміз не?
Ұлт тілі,ділі дегенді қалай түсінеміз?
Оқулықтағы жаттығуларды дәптерге орындату
Тіл – адамдар қатынасының аса маңызды құралы. Адам өз ойын екінші біреуге тіл арқылы, яғни сөзбен айтып жеткізеді. Осындай аса маңызды қатынас құралын дұрыс пайдалану, яғни дұрыс сөйлей білу – үлкен өнер. Адамның білімділігі, мәдениеттілігі оның сөйлеген сөзінен көрініп тұрады. Кісінің абыройлы, беделді болуы да оның дұрыс сөйлей білуіне байланысты.
Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстыратын өзгеше құрал. Тілі жоқтың күні жоқ, келешегі жоқ. Мұны ешбір ел, ешбір халық қаламайды. Халықтың жаны – тіл.
Тіл жылдан-жылға дамып, жетіле береді де, оның сөздік қоры молая түседі. Сөйлеген сөзіміз әдемі, тартымды әрі көркем болу үшін, біз әдеби кітаптарды, яғни көркем әдебиет пен прозалық шығармаларды, поэзиялық шығармаларды көп оқуымыз керек. Сонда ғана сөйлеу мәнеріміз, тіл мәдениетіміз жоғарылайды.
Постермен жұмыс Топтық жұмыс
Жаңа тақырыпты талдау арқылы толық мағанасын ашу
1 топ Қазақ тілі туралы ұғым
2 топ Тіл арқылы сөйлеу
3 топ Қазақ тілі-қазақ халқының әдеби тілі
1-2-тапсырма
1.Мәтінді үнтаспадан тыңдап, ақпараттарды есте сақта.
2. Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап бер
Айтылған ойдың мағынасын түсініп, керекті сөздерді тауып, көп нүктенің орнына қойыңдар.
Керекті сөздер: қиыны, күрделісі, қадір тұтпай, ел-жұртыңды, жаны, алғыр. өгей ұлдары, сөз, ой, жанды, қасиеті, өгей ұлдары.
1. Ана тілін тек… … ғана менсінбейді, … … ғана аяққа басады.
(Ғ.Мүсірепов.)
2. Тіл қаруы — … , сөз қаруы — … . Ақыл-ды ой, … сөз адамның ең жоғарғы… .
(Ғ.Мұстафин.)
3. Тіл — ұлттың … . Тіл — идеяның, сезімнің, ойдың, … көрінісі.
(Толстой.)
4. Өз тіліңді… … тұрып, … — … сүйе алмайсың.
(Паустовский.)
5. Сөз өнері — өнер атаулының ең … да… .
(Бальзак.)
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді тауып, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді аяқтаңдар.
Керекті сөздер: құлақ, мәдениеттілік, мылжың боласың, алтын, бос сөз, у, атылған, бұтаққа, ойлап сөйле, ауырмай өледі, айнасы.
1. Тіл — адам ойының … .
2. Аңдамай сөйлеген… … .
3. Ойнап сөйлесең де, … … .
4. Тисе терекке, тимесе… .
5. Айтыл-ған сөз — … оқпен тең.
6. Бал тамған тілден… тамар.
7. Көп сөз — … … .
8. Көп сөз — күміс, аз сөз — … .
9. Жасыңда қылжың болсаң, өскенде… … .
10. Таза сөйлеу — биік… .
11. Көңілсіз… — ойға олақ.
Дескриптор
*ақпараттарды есте сақтап,негізгі ойды анықтайды
*мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
*көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді
ҚБ
Бағдаршам
Жұптық жұмыс
. 1 – жаттығу.
Адамдарға бірін-бір түсінуге көмектеседі. Сөйлеу арқылы адамдар көп нәрсені біледі. Сұрағына жауап алады. Алыстағы адамдармен хат жазып хабарласады.
2 – жаттығу. Ауызша
Артық сөзді табыңыз:
1. Арман, Айдар, Бақыт, Балдыржанов
2. Сүт, ірімшік, ет, қаймақ
3. шаң, жаңбыр, шық, қырау
4. ата, мұғалім, ана, әке
5. туфли, көйлек, бәтеке, етік
6. қайың, қарағай, қарбыз, шырша
Әрбір аяқталмаған сөйлемді оқып, оның астындағы берілген сөздердің біреуін ғана пайдаланып, сөйлемдегі ойды аяқта.
1). Жексенбіден кейін ________________________
( жыл, сағат, дүйсенбі)
2). Алманың ішінде әруақытта ________________________
( құрт, тұқымы, гүл)
3). Тау өзенінің ағысы ________________________
(ақырын, күлкілі, қатты)
4). Бүгіннен кейін ________________________
(биыл, ертең, былтыр)
5). Әкеден кейін ________________________
( немере, бала, шөбере)
6). Сағат тілі ________________________
ҚБ «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
Дескриптор
*Түсіп қалған әріптерді табады.
*Дыбыс түрлерін ажыратады.
ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай»
«Тіл қарым-қатынас құралы »тақырыбында жұбымен шағын диолог құрады
Дескриптор
*Берілген тақырыпта диалог жазады.
*Диалогта дәлел келтіреді

«Миға шабуыл» әдісі бойынша
Тіл туралы қандай мақал — мәтелдер білесіңдер?
– 1. Тіл қылыштан … (өткір).
2. Тіл тас жарады, … (тас жармаса бас жарады).
3. Бас кеспек бар, … (тіл кеспек жоқ).
4. Өнер алды … (қызыл тіл).
5. Басқа пәле … (тілден).
6. Жеті жұрттың тілін біл, … (жеті түрлі ілім біл).
7. Піл көтермегенді, … (тіл көтереді).
8. Ашуың келсе қолың тарт, … (айтпас жерде тілің тарт).
9. Тәрбие басы — … (тіл).
10. Шебердің қолы ортақ, … (шешеннің тілі ортақ).
Бағалау критерийі:бейнебаяндағы тақырыптағы көтерілген мәселені түсінеді, өз ойын білдіреді.
*Дыбыстық жүйенің емлелік ерекшеліктерін сақтап жазады.
Дидактикалық материалдар №1

Дидактикалық материалдар №2-3,
Аудио жазба

Сабақ соңы
5 мин
Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.
Сабақта маған не пайдалы болды?
Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды?
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
Дифференциация үш түрде іске асады:
1- үлгерімі төмен оқушыларға сөздік беру немесе сабақ материалымен алдын ала танысуға мүмкіндік беру арқылы қолдау көрсетіледі.
2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.
Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі. Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.
Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1.
2..
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 Бөлім «Өзім туралы»
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні :
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
Күні:
Сынып: 3
Сабақ 1
Сабақ тақырыбы Жанды табиғат туралы не білетінімді еске түсіремін
Мәтін
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) 3.4.1.1 Тақырыпқа сәйкес сөз бен сөз тіркестерін қолданып сөйлем және қарапайым постер құрастыру.
3.1.3.1 Хабарламаны тыңдау, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оқиға желісі бойынша суреттерді орналастыру.
3.5.1.2 Сөйлеу барысында көптік /тәуелдік/ жіктік жалғауларын қолдану.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Қазақстан табиғаты туралы әңгімелейді. Сөз бен сөзді байланыстырып сөйлемдер жасайды
Оқушылардың көпшілігі:
Тапсырмалар орындауды меңгереді. Сөздік қоры артады.
Кейбір оқушылар:
Берілген тақырып бойынша негізделіп меңгертіледі
Бағалау критерилері 1.Жаңа сөздерді оқып, сөз, сөз тіркесі мен сөйлемдер құрай алады, қарапайым постер құрастырады.
2.Мәтінді оқиды, аударады. Қазақстан табиғаты туралы түсінік береді, сұрақтарға жауап бере алады
3. Тапсырма орындағанда көптік, тәуелдік, жіктік жалғауларын қолдана алады.
4. Диалогты оқып, өз Отаны жайлы қарапайым тілмен әңгімелей алады және сұрақтарға саналы түрде жауап бере алады.)

Тілдік мақсаттар кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер,мәтін
өзгеру, сыныптастар
Тәуелдік жалғау, көптік жалғау
Сыныптасым, сыныптастарым
Құндылықтарды
дарыту — жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға дегени құрмет;
— топтық жұмыстарды орындау барысындағы ынтымақтастық;
— өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;
— топтық жұмыстар, кретаивті шығармашылық ізденістер барысындағыеңбек және шығармашылық;
Пәнаралық байланыстар Әдебиет пәнімен байланыс
Алдыңғы меңгерілген білім «Біздің ауыл» мәтіні бойынша оқығандарын сұрау.
1.Ауыл қандай?
2.Ауылда нелер бар?
Өткен сабақты пысықтау үшін сұрақтар қою.
3. Қазақстанда неше облыс бар?
4. Үлкен қалаларды ата?
5. Қазақстанның астанасы қай қала?
.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақ басы

2 минут

3 минут (Ұ) Ынтымақтастық ортасын құру.
«Ертеңгілік шеңбер»
Қайырлы күн, көздерім!
Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).
Қайырлы күн, құлақтарым!
Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).
Қайырлы күн, қолдарым!
Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).
Қайырлы күн, аяқтарым!
Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).
Қайырлы күн, мұғалім!
Мен ояндым!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады)
/оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, жылы тілектер айтады/
«Мозайка»» әдісі. арқылы топқа бөлу. Оқушылар сандықшадан кезекпен қағазды алып, онда жазылған сандарды анықтайды
Тақырыптарға сәйкестендірілген сөздер жазылған қиындыларын «Мозайка» әдісі арқылы құрастырып, топқа бөлінеді. Сондықтан табиғат туралы жазылған сөздер жайлы үш топқа бөлінеді
«Миға шабуыл» әдісімен жаңа сабақтың тақырыбын ашуға түрткі болатын сұрақтар қойылады.
Қазір қай жыл мезгілі?
-Қыс айлары?
-Қыста ауарайы қандайболады?
-Қыста қандай мерекелер болады?
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Қ.Р елордасы қай қала?
-Президенті?
-ҚР рәміздері?
-Қандай елдермен шектеседі?
-Қанша ұлт өкілдері тұрады?
-Қазақстан неге бай?

(Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Слайд

Слайд
Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

(Т) Суретпен жұмыс.
1 тапсырма Топтық жұмыс. «Джигсо» әдісі арқылы жүргізеді
Оқушылар берілген тапсырманы әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде өздері жеке оқып шығып талқылайды және орындайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында нөмірленген бірдей оқушылар бір топқа жиналады.Нөмерлері бірдей оқушылар бірдей тапсырмаларын талқылап түсінбеген және түсінгендерін бір- біріне үйретеді тапсырмаларын біріге талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, үйретеді
Мәтінмен жұмыс. Оқушылар 3 топқабөлінген, әртопта 5 баладан,бірмәтінді 3 бөліккебөліп әр топқаберіледі, оқушылар оқып танысады түсінугетырысады. Сосынәртоптан шығып басқа топтарға барып сол топтың мәтінімен танысып түсініп өз топтарын ақайтып оралады, алған мәліметті ортаға салады бір тұтас мәтін жинайды.
1)Осы мәтіннен түсінгендеріңді қағаз бетіне түсіресіңдер. Кластер жасап оны қорғайды.
2) Әр топ өзмәтінібойынша 2сұраққұрастырады. Келесі топ сол сұрақтарға жауап береді. Осылай кезектесіп бір-бірінің сұрақтарына жауап қайтарады.
3) Әр топ өз мәтіндерінен септік жалғауы жалғанған сөздерді тауып, септік түрін анықтайды.
1 — топтың мәтіні
Қазақстанның жері бай, табиғаты өте әдемі. Қазақстан жерінде таулар өзен-көлдері бар жерлер көп. Қазақстанда Алатау, Қаратау, Алтай, Баянауыл, Тарбағатай таулары бар.Табиғат пен адам бір –бірімен тығыз байланысты. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды
2- топтың мәтіні
Қазақстанның жері бай, табиғаты өте әдемі. Қазақстан жерінде таулар өзен-көлдері бар жерлер көп.Өзендері: Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық. Көлдері: Балқаш, Зайсаң,Алакөл, т.б. Каспий және Арал теңізі де бар.Табиғат пен адам бір –бірімен тығыз байланысты. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.
3 -топтың мәтіні
Қазақстанның жері бай, табиғаты өте әдемі. Қазақстанның орманды жерлерінде алуан түрлі жануарлар, құстар, жәндіктер мекендейді. Жануарлары: қасқыр, қарсақ, түлкі,қоян, барыс, т.б. Құстары: үкі, аққу, бүркіт. т.б.Табиғат пен адам бір –бірімен тығыз байланысты. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.
Бағалау: Әткіншек әдісі арқылы орындалады
2-тапсырма. Жұптық жұмыс Өлеңді оқу мағанасы түсіндіру
Суретпен жұмыс

«Жұптық бағалау.
Дискрипторлар: жоғарғы балл -5 балл.
1. Мәтінге ат қою +
2. Мәтін құрастыру +
3. Мәтіннің құрылымы:
.3-тапсырма Жеке жұмыс .
№1 «Табиғат- туған үйің» атты түсінікпен тәрбиелік әңгіме жүргізу.
-Туған жер туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
Оқушылар туған жер туралы мақал-мәтел айтады
№2«Қазақстан картасы». Қазақстанның табиғаты туралы түсінік беру. Жаңа сөздерді ауызша және жазбаша жұмыстар арқылы тапсырманы жүйелі ұйымдастыру. Сөздерден сөз тіркесі мен сөйлемдер және қарапайым постер құрастырады.
№3. Мәтін бойынша Қазақстанның табиғаты туралы түсінік беру. Мәтінді аудару.
Қазақстанның жері бай. Табиғаты өте әдемі. Қазақстанда Іле Алатауы, Қаратау, Алтай, Баянауыл таулары бар. Екі үлкен теңізі бар. Олар-Каспий және Арал теңіздері. Үлкен өзендері: Іле, Ертіс, Есіл, Сырдария, Шу, т.б. Ең үлкен көлі-Балқаш көлі.
Қазақстан табиғаты туралы сұрақтарға жауап береді, жыл мезгілдері бойынша бөлік суреттерді орналастыру арқылы Қазақстан картасын шығарады.
№4-. Сызба бойынша берілген тапсырмамен жан-жақты жұмыс. Тапсырма орындағанда көптік, тәуелдік, жіктік жалғауларын қолданады.
Бағалау; Өз-өзін бағалау ауызша жүзеге асады.
Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді:
Кері байланыс
1.Қазақстанның жері қандай?
2.Табиғаты қандай?
3.Қазақстанда қандай таулар бар?
4.Неше теңіз бар?
5.Үлкен өзендерін ата?
6.Ең үлкен көл- қай көл?
Постер құрастыру

Қима қағаздар.

Сабақтың соңы
3 мин (МК)
+ Мен ……………. үйрендім.
-Маған ………….. қиын.
Кері байланыс «Бір +, бір — »
Сабақ барысында сәтті шыққан 1 кезең, сәтсіз шыққан 1 кезеңді айту.
Оқушы мен мұғалім кері байланысы.
Алдымен біз былай деп ойладық…..
Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық………….
Проблеманы шешу үшін……жасадық.
Бұдан біз………………көрдік.
Демек, бұл мынаны білдіреді……………..
Сонымен біз……………..деген шешімге келдік

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:
Қабілеті жоғары оқушылар сұрақтарды өз бетінше құрастыра алады.
Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *