Жаңа бағдарлама Қазақ тілі 8 сынып ҚМЖ қысқа мерзімді жоспар Т.Н.Ермекова К.Ә.Бертілеуова Р.Н.Мұнасаева «Арман-ПВ»

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР ҮЛГІЛЕРІ

І БӨЛІМ. КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ. ОРФОГРАФИЯ

Сабақтың тақырыбы: §1. Көне түркі жазбалары – баға жетпес құнды байлық

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 8 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары 8.1.1.1 – мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды;
8.4.1.1 – тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазады.
Сабақ мақсаты Оқушылардың барлығы орындай алады: мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазады.
Оқушылардың кейбірі орындай алады: анықтаған тірек сөздерді шығармашылық жұ- мыстарында еркін қолдана алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер: Түрік қағанаты, Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын кағандар.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: меніңше, болуы мүмкін, өзгелердің пайымдауынша, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
Алған ақпаратты топ ортасында еркін талқылайды.
Жазылым бойынша ұсыныстар: мәтінде берілген мәліметті қорытып, ойды жалғасты- рып жазады.
Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар
(жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Тыңдалымалды тапсырма.
Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа сұрақтар таратылады. Сұраққа жауап беріп, оған қатысты өз ойларымен бөлісу керек.
1-топ: Түркі халықтары деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
2-топ: Көне түркі жазуларының тасқа жазылуының мәні неде?
3-топ: Көне түркі жазуларының бүкіл түркі жұртына ортақ қазына болып есептеледі?
4-топ: Өз өлкелеріңнен осыған ұқсас ескерткіштер, таңбалар кездес- тірдіңдер ме?

Мұғалім кері байланыс жасайды. ОӘК
материалдары
Ортасы 1-тапсырмада оқылым беріледі.
Мәтінді түсініп оқиды, жоғарыдағы суретпен байланысын анықтап, ой тұжырымын жасайды. ОӘК
материалдары

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар
(жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Дескрипторлар:
• мәтінді түсініп оқиды;
• ой-тұжырым жасайды. Тыңдалым тапсырмасы:

Бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жаза білу үшін теориялық білімдер еске түсіріледі.
Бас әріппен жазылатын күрделі құрама атаулар

Кейбір мемлекет одақтарының, географиялық ай- мақтардың, халықаралық ұйымдардың атауларының әрбір сөзі бас әріппен жазылады: Орталық Азия, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы, Қауіп­ сіздік Кеңесі, т.б.
Жеке мемлекет ретіндегі республика аттарының әрбір сөзі бас әріппен жазылады: Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, т.б.
Қысқарған күрделі атаулардың әр сөзі бас әріппен жазылады: АҚШ (Америка Құрама Штаттары), ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы), т.б. Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны қыс- қарған жағдайда алғашқы әріптері ғана бас әріппен жазылады: ҚазҰУ, ҚарМУ, ҚазҰПУ, т.б.
Жер-су, тау, мемлекет, облыс, автономиялы облыс, өлке, аудан, ауылдық кеңес аттары өзіне қатысты атаумен тіркескенде, бірінші сөзі ғана бас әріппен жазылады: Қытай мемлекеті, Жапония елі, Алтай өлкесі, Ненец ұлттық округі, Қарағанды облысы, Ке­ ген ауданы, Жарқамыс ауылдық кеңесі, т.б.
Агенттіктердің, радио, телекомпаниялардың аттары өзіне қатысты атаумен тіркескенде, бірінші сөзі ғана бас әріппен жазылады: «Би­би-си» радиосы, «Азат­ тық» радиосы, «Америка дауысы» радиосы, «Қазақ» радиосы, т.б.

Аудиожазба (01. mp3) тыңдатылады.
1. Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, кө- терілетін мәселені болжайды;
2. Ондағы жер-су атауларын географиялық картадан тауып, көне түркі ескерткіштері табылған аймақтар туралы өз ойларын баян- дайды.
3. Тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атау- ларды орфографиялық нормаға сай жазады.

Аудиожазба (01. mp3)

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар
(жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Дескрипторлар:
• тыңдалым материалын түсінеді;
• жер-су атауларын теріп жазып, олардың бас әріппен жазылу ерек- шелігін біледі;
• көтерілетін мәселені болжайды. Мұғалім кері байланыс жасайды.
Тыңдалым соңындағы тапсырма Топтық тапсырма
1-топ. «Ақпаратты сүзіп алу» әдісімен оқылым, тыңдалым, сұхбат
мәтіндеріндегі бас әріппен жазылған атауларды теріп жазады.
2-топ. «Т кестесі» әдісімен бір сыңары не екі сыңары да бас әріппен жазылатын күрделі құрама атауларды топтастырып жазып, салысты- рады.
3-топ. «Дербес пікір жазу» әдісімен «Артық болмас білгенің» айда- рында берілген ойды эпиграф етіп алып, күрделі құрама атауларды қолдана отырып, ойды жалғастырады.
4-топ. Сабақта алған барлық ақпаратқа синтез жасап, мәтінді жалғас- тырады.

Дескрипторлар:
• бас әріппен жазылған атауларды теріп жазады;
• бас әріппен жазылатын күрделі құрама атауларды салыстырады;
• күрделі құрама атауларды қолдана отырып, ойды жалғастырады;
• мәтінді жалғастырады.

Мұғалім жасалған жұмыстарға, оқушылардың бір-біріне берген баға- сына, айтылған ойларға байланысты кері байланыс береді.
Соңы Кері байланыс.

Үйге тапсырма.
1.Сабақта алған барлық ақпаратқа синтез жасап, мәтінді жалғастырады.
2.Суретті сабақпен байланыстырады, берілген дәйексөзді қатысты- рып, шағын мақала жазады.

Қажетті дәйексөз:
Болмасын деп байлығы басқаға азық,
Кеткен бабам тарихын тасқа жазып. (Б.Бәйітұлы) Ауызша кері байланыс

Қосымша ақпарат
Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы туралы қосымша ресурстар
Саралау «Артық болмас білгенің» айдарымен берілген тапсырманы толықтырады. Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих.
Бағалау «Жетістік баспалдағы» әдісі
Рефлексия Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ/оқу мақсат- тары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Қорытынды бағамдау Тапсырмаларды уақыт мөлшеріне қарай таңдау, топтағы қарым- қатынасты бақылау. Жекелеген білім алушыларды топтық жұмыстарға тарту.

Сабақтың тақырыбы: §2. Құпия таңбалар кілті – ғылым жаңалығы

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 8 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары 8.1.1.1 – мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды;
8.2.2.1 – публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды.
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы орындай алады: мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: публицистикалық және ғылыми стиль ерек- шеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды.
Оқушылардың кейбірі орындай алады: мәтіндегі көтерілетін мәселені шығармашы- лық жұмыстарында еркін қолдана алады.
Тілдік мақсат Оқушылар өз беттерімен жаңа тақырыпты талдай алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер: жұмбақ жазу, Орхон ескерткіштері, Дания ғалымы В.Томсен.
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: менің ойымша…, мен бұл пікірмен келісемін/келіспеймін, мен мынадай қорытындыға келдім…
Алған ақпаратты топ ортасында еркін талқылайды.
Жазылым бойынша ұсыныстар: мәтінде берілген мәліметті қорытып, диалогке түсе алады, жаза алады.
Алдыңғы оқу Қазақ жазуы туралы ойларын ортаға салып, диалогке түсе алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар
(жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Оқу- шылар 3 топқа бөлінеді. Тапсырмадан бұрын оқушыларға тілдік теориялар түсіндіріледі.
Ғылыми стильде сөздер тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Көпмағыналы, образды сөздер мұнда аз кездеседі. ОӘК
материалдары

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар
(жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы тер- мин сөздері болады.
Публицистикалық стильге радио-телехабарлар, газет-журналдар тілі жатады. Қоғамдық-саяси мәселелер қарастырылады, көпшілік халыққа түсінікті болады.
3 топқа 3 мәтін беріледі. Мәтіндерді салыстырып оқиды.Қай бөлігі публицистикалық, қайсысы ғылыми стильде жазылғанын қолданыл- ған тілдік құралдар арқылы ажыратады. Мәтіндерді ретімен орналас- тырып, жүйелеп оқиды.
Дескрипторлар:
• мәтінді түсініп оқиды;
• тілдік құралдар арқылы мәтін стилін анықтайды;
• мәтіндегі көтерілетін мәселені анықтайды.
Оқушылар жұмыстарын өзара бағалатады. Өзге топтар өз кезегінде жұмыстың орындалу барысын бағалайды. Стикерде пікір қалдырады. Әр топ өз ұстанымдарын дәлелдейді.
Ортасы Тілдік мәлімет берілді
Бас әріппен жазылатын біріккен жалқы есімдер:
• Әр алуан мифологиялық кейіпкерлердің, Құдайлардың, әулиелердің аттары;
• Мал-құс, ит, жануарлар аттары;
• Географиялық атаулар.
Тыңдалым тапсырмасы:
«Көне түркі жазбалары» атты бейнежазбаны тыңдап, Күлтегін жыры мен Ақтамберді жыраудың айтқандарын салыстырады, олар көтерген мәселені «Еркін микрофон» әдісімен талқылайды.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
«Жасырын жауап» әдісі
Сынып оқушылары жұптаса отырып, тақырыпқа сәйкес бір-біріне 1 сұрақ дайындайды. Ол сұрақты кімге арнағанын жазады, бірақ сұрақ қоюшының аты аталмайды. Жауап алушы сұрақ кімге қойылғанын біліп отырады.
Сұрақтар:
1. Құпия таңбалар кілтін іздеудің қаншалықты маңызы бар?
2. Көне түркі таңбаларына ұқсас таңбаларды білесің бе?
3. Жұмбақ жазулардың табылу, зерттелу және оқылу кезеңдерінен нені аңғардың?
Дескрипторлар:
• тыңдалым материалын түсінеді;
• көтерген мәселені талқылайды. Мұғалім кері байланыс жасайды. Жалпысыныптық тапсырма:
«Сканерлеу» әдісімен оқылым мәтіндеріндегі бас әріппен жазылған сөздерді теріп жазып, бас әріптің қолданылу себебін түсіндіреді.
Дескрипторлар:
• мәтінді түсініп оқиды;
• бас әріппен жазылған сөздердің жазылу ерекшелігін біледі. Мұғалім жасалған жұмыстарға, оқушылардың бір-біріне берген баға- сына, айтылған ойларға байланысты кері байланыс береді. ОӘК
материалдары (https://www. youtube.com/ watch?v=e2eO_ Xkkw6c).
«Еркін микро- фон» әдісі
«Жасырын жауап» әдісі

«Сканерлеу» әдісі

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар
(жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Аяқталуы Рефлексия. «Раундробин» әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша өз идеялары мен ойларын жазып, оң жағындағы көршіге парағын ысырады. Көршісі алдыңғы жолдасының жазғанымен танысып, сол ойларды әрі қарай жалғастырады.

Үйге тапсырма. «INSERT» әдісі бойынша мәтіндегі ақпаратты қоры- тындылап жазады. «Раундробин» әдісі Стикерлер ОӘК
материалдары
«INSERT»
әдісі

Қосымша ақпарат
Орхон ескерткіштері туралы қосымша ақпараттар
Саралау

Бағалау Жазылым материалы бойынша берілген суреттегі көне түркі таңба- ларының мәтінде баяндалған таңба атауларына сәйкес келетіндерін теріп жазады.

«Бас бармақ» әдісі
Рефлексия Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақ- тарға жауап беріңіз.
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сы­ ныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Сабақ барысында мен келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін қандай факторларды білдім?
Тапсырмаларды уақыт мөлшеріне қарай таңдау, топтағы қарым-қаты- насты бақылау. Жекелеген білім алушыларды топтық жұмыстарға тарту.

Сабақтың тақырыбы: §3. Түркі жазба ескерткіштері – ортақ мұра

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 8 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары 8.1.3.1 – тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды.
8.2.2.1 – публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды.
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы орындай алады: тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсы- нылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: публицистикалық және ғылыми стиль ерек- шеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды.
Оқушылардың кейбірі орындай алады: анықтаған астарлы ойды шығармашылық жұ- мыстарында еркін қолдана алады.
Бағалау критерийлері Ақпараттарды іріктейді, ішінара ізденушілік жұмыстарын жүргізеді.

Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер: Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Қырғызстан Рес- публикалары, 200 миллионнан астам түркі тілдес, туыстас халықтар, «руна» жазуы. Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
менің ойымша, бұл игі бастама, болашақтың сұранысы.
Алдыңғы оқу «Руна» жазуы туралы деректерді біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар
(жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сабағымызды бастамас бұрын сендерді ойсергекке шақырамын. Балалар, «Үндеме» тренингі арқылы көңілімізді көтерейік. Мұғалім барлық оқушыларды «Бірінші» және «Екінші» деп санап, екі топқа бөледі. Тапсырма: екі топ үндемей, тек ишарат пен ыммен ғана тү- сінісіп, туған күндері бойынша сап түзеуі тиіс. Саптың алдында 1 қаңтарда туған оқушылар тұрады да, қалғандары туған күндерінің реті бойынша тізіле береді. Енді сабағымызды бастайық!
Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері танысты- рылады. Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа сұрақтар таратылады. Оқушылар түйін сөздермен өз ойларымен бөліседі.
• Түркі жазба ескерткіштері неліктен ортақ мұра боп саналады?
• «Тайпа» мен «ұлт», сондай-ақ «бауырлас халық» және «көрші халық» ұғымдарын синоним ретінде қолдануға бола ма?
• «Түркі жазуы күнін» белгілеудің қаншалықты маңызы бар?
• «Түркі жазуы күнінде» қандай шаралар ұйымдастырар едіңдер? Мұғалім кері байланыс береді. ОӘК
материалдары
Ортасы Тілдік мәлімет берілді
Бас әріппен жазылатын тіркесті жалқы есімдер:
• Агентттіктердің, радио, телекомпаниялардың аттары;
• Мемлекеттік мекемелердің күрделі атауларының әрбір сөзі;
• Мемлекеттік біркелкі мекемелердің, ұйымдарды,институттардың, т.б. күрделі аттардың бірінші сөзі.
1-тапсырманы орындау тапсырылады.
Мәтінді түсініп оқиды. Картадағы көне түркі ескерткіштері табылған жерлерді анықтап, мәтінді толықтырады, астарлы ойды түсінеді.
Дескрипторлар:
• мәтінді түсініп оқиды;
• астарлы ойды анықтайды.
Оқушылар өзара бағалау жүргізеді. Өз ұстанымдарын дәлелдейді.
Топтық тапсырма
1-топ. «Прожектор» әдісімен мәтіннің қандай стильде жазылғанын тілдік құралдары арқылы дәлелдейді.
2-топ. Мәтіндегі даналық сөздер бойынша «Екі түрлі түсініктеме күнделігін» толтырады.
3-топ. «Еркін жазу» әдісімен анықталған стиль түрін үлгі етіп, тіл туралы басқа мәтін дайындайды. ОӘК
материалдары

«Прожектор» әдісі

«Екі түрлі тү- сініктеме күн- делігі» әдісі
«Еркін жазу» әдісі

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар
(жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Ортасы Дескрипторлар:
• мәтінді түсініп оқиды;
• мәтін стилін тілдік құралдар арқылы анықтайды;
• басқа мәтін дайындайды.
4-тапсырма. Кейс-стади әдісімен ақпаратпен жұмыс жасайды, бе- рілген сұрақ төңірегінде пікір алмасады, топ оқушылары бірлесіп, практикалық шешім шығарады.
Мұғалім жасалған жұмыстарға, оқушылардың бір-біріне берген баға- сына, айтылған ойларға байланысты кері байланыс береді.

Кейс-стади әдісі
Аяқталуы Рефлексия «Тақтадағы сөйлемдерді аяқта» кестесін толтыртады. Оқушылар тақтада (экранда, мониторда) жазылған сөйлемдердің біреуін таңдап, оны әрі қарай жалғастырып, аяқтайды:
 Мен мынаны білдім…
 Маған қызық болғаны…
 Маған қиын болғаны…
 Мен енді…
 Менің ойым мынандай…
 Мен мынаны сезіндім…
 Мынаған таңғалдым…
Үйге тапсырма. Мәтінге тақырып қойып, руникалық жазулар туралы мәліметтерді тұжырымдамалық кестеге түсіреді. Стикерлер ОӘК
материалдары

Қосымша ақпарат
Түркі жазба ескерткіштері туралы баспасөз материалдары
Саралау

Қосымша крите- рийлер арқылы бағалау Қабілетті оқушылар түрлі дереккөздерден Енисей, Талас, Орхон ескерткіштері туралы ізденімдік зерттеу жұмысын жүргізеді. Өз бол- жамдары мен тұжырымдарын жазады.
Қолдауды қажет ететін оқушылар http://bitig.org/?lang=9&mod=1 сайтынан «Түрік бітік» электронды оқулығының «Үйреткіш» бөлі- мін ашып, «Бітіктеу → Таңба жазып үйрену → Сөз жазып үйрену» сатылары арқылы бірнеше сөз жазып үйренеді. Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих.
Рефлексия Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақ- тарға жауап беріңіз.
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Сабақ барысында мен келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін қандай факторларды білдім?
Тапсырмаларды уақыт мөлшеріне қарай таңдау, топтағы қарым-қа- тынасты бақылау. Жекелеген білім алушыларды топтық жұмыстарға тарту.

Сабақтың тақырыбы: §4. Көне мұра сырлары

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 8 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары 8.1.1.1 – мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды;
8.3.5.1 – оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазады.
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы орындай алады: мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: оқылым және тыңдалым материалдары бой- ынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазады.
Оқушылардың кейбірі орындай алады: анықтаған тірек сөздерді шығармашылық жұ- мыстарында еркін қолдана алады.
Бағалау критерийлері Ақпараттарды іріктейді, ішінара ізденушілік жұмыстарын жүргізеді.
Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер: түркілер мекен еткен барлық аймақтардан табылған жазба ескерткіштері, таралу аймағының 3 тобы.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
менің ойымша, болуы мүмкін, ықтимал.
Алдыңғы оқу Түркі жазба ескерткіштерінің даму кезеңдерін біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар
(жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Оқылымалды тапсырма
Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Жалпы сыныпқа сұрақтар таратылып, өзіндік ойларымен бөліседі.
1. Көне түркі ескерткіштерін анықтауда тарихи немесе география- лық фактордың рөлі қандай?
2. Көне түркі ескерткіштерінің алып территорияны қамтуы нені біл- діреді?
Мұғалім кері байланыс жасайды. ОӘК
материалдары
Ортасы Тілдік мәліметтер
Тіркесті жалқы есімдердің жазылуы:
• Кісі аттарының алдынан не соңынан келетін сын есімдер сол кісінің атына тіркесіп жалқы есімге айналады;
• Көше, алаң, парк, шоссе, көпір, канал, жол, тарихи ғимарат аттарының бірінші сөзі
• Жоғары дәрежелі қызмет аттары мен құрметті атақтардың әрбір сөзі.
Оқылым тапсырмасы бойынша
Топтық тапсырма
1-топ. «Іштей оқу» әдісімен мәтінді түсініп оқиды. География, тарих пәндерінен алған білімдерімен байланыстыра отырып, сызбаны мә- тіндегі ақпаратпен толықтырады. «Іштей оқу» әдісі

«ПОПС»
формуласы

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар
(жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Ортасы 2-топ. Орхон-Енисей жазбаларында кездесетін сөздерді топтас- тырып, статистикалық есебін шығарады. Соңына мәтін арқылы өз тұжырымдарын береді.
3-топ. «ПОПС» формуласы бойынша берілген сұраққа жазбаша жауап береді.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, … ».
Екінші сөйлем: «Мен оны былай түсіндіремін: …».
Үшінші сөйлем: «Оны мына мысалдармен дәлелдей аламын: … ». Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім: …».
Дескрипторлар:
• мәтінді түсініп оқиды;
• сызбаны мәтіндегі ақпаратпен толықтырады:
• көтерілетін мәселені болжайды;
• жинақы мәтін жазады.
Оқушылар өзара бағалайды. Әр топ мүшелері өз ұстанымдарын дә- лелдейді.
Мұғалім кері байланыс жасайды.
Аяқталуы Рефлексия. «Плюс- Минус-Қызығамын» кестесі бойынша кері байла- ныс жасайды. «Плюс- Ми- нус-Қызыға- мын» кестесі
«Қызығамын» (?) «Не білгім келеді?» немесе «Бұл мен үшін қызық бола ма?» деген сұрақтарға жауаптар келтіріледі.
Үйге тапсырма. Түрлі дереккөздерден Енесей, Талас, Орхон, ескерт- кіштері туралы ізденімдік зерттеу жұмысын жүргізіп, жинақы мәтін жазу. ОӘК
материалдары

Қосымша ақпарат
Көне түркі жазбаларының 3 кезеңі жөніндегі ғаламтор ресурстары
Саралау

Қосымша крите- рийлер арқылы бағалау «Артық болмас білгенің» айдарымен берілген мәліметті негізге ала отырып, зерттеу жұмысын дайындайды.

Тапсырманы орындау критерийлері;
«Бас бармақ» әдісі Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих.
Рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақ- тарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Сабақ барысында мен келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін тәсілдер туралы не білдім?
Тапсырмаларды уақыт мөлшеріне қарай таңдау, топтағы қарым-қаты- насты бақылау. Жекелеген білім алушыларды топтық жұмыстарға тарту.

Сабақтың тақырыбы: §5. Батыр баба – Күлтегін және патриоттық рух

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 8 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары 8.1.1.1 – мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды;
8.3.5.1 – оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазады.
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы орындай алады: мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: оқылым және тыңдалым материалдары бо- йынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазады.
Оқушылардың кейбірі орындай алады: анықтаған тірек сөздерді шығармашылық жұ- мыстарында еркін қолдана алады.
Бағалау критерийлері Ақпараттарды іріктейді, ішінара ізденушілік жұмыстарын жүргізеді.
Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер: Күлтегін, ескерткіштің көшірмесі, Еуразия Ұлттық уни- верситетінің бас ғимараты.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: менің ойымша, көпші­ ліктің пікірінше, ой түйіні.
Алдыңғы оқу Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихын біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар
(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы Қызығушылықты ояту.

Сыныпты cурет арқылы 3 топқа бөлу. Әр топ өздерінің суреттері бойынша білетін ақпараттарын айту үшін топта 1минут талқылайды. Оқушылар жауабы тыңдалады.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, жетістік критерийі таныстырылады. ОӘК
материалдары

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар
(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Ортасы Тілдік мәлімет берілді
Қысқарған күрделі атаулардың жазылуы:
• Жеке сөздердің басқы әріптерінен қысқарған сөздер;
• Алғашқы сөздің басқы буынынан, соңғы сөздердің бас әріптері арқылы;
• Адамның аты-жөні қысқартылып берілгенде.
Мағынаны тану Оқылым тапсырмасы
«Түртіп алу» әдісімен мәтінді түсініп оқиды.
Оқушылар қажетті ақпаратты дәптерлеріне түртіп жазып алады. Жа- зып алған ақпараттарын сабақ барысында қолданады.
«Жасырын жауап» әдісі
Сынып оқушылары жұптаса отырып, тақырыпқа сәйкес бір-біріне
1 сұрақ дайындайды. Ол сұрақты кімге арнағанын жазады, бірақ сұрақ қоюшының аты аталмайды. Жауап алушы сұрақ кімге қойылға- нын біліп отырады.
Сұрақтар:
1. Күлтегін жыры қандай мағлұмат береді?
2. Жырдың жазылған кезеңі қандай ой тудырады?
3. Қазақтың қандай жырымен ұқсастық байқадыңдар? ОӘК матери- алдары
«Түртіп алу» әдісі
«Төрт сөйлем» әдісі
Дескрипторлар:
• мәтінді түсініп оқиды;
• көтерілетін мәселені болжайды;
Мұғалім кері байланыс жасайды. Ең үздік болжауды анықтайды.
Тыңдалым тапсырмасы
Оқушылар «Күлтегін жырынан» үзінді (02. mp3) тыңдап, түйгенде- рін өз сөздерімен жүйелі баяндайды.
«Төрт сөйлем» әдісімен негізгі сөздік қорға енетін сөздердің Күлте- гін ескерткішіндегі нұсқасы мен қазіргі қазақ тіліндегі қолданысын салыстырып, қорытынды жазады.
Дескрипторлар:
• тыңдалым мазмұнын түсінеді;
• күлтегін ескерткішіндегі нұсқасы мен қазіргі қазақ тіліндегі қол- данысын салыстырады;
• қорытындыны негізге ала жинақы мәтін жазады.
Бағалау. «Шеңбер бойымен бағалау» әдісі. Топтар өз жұмыстарын шеңбер бойымен келесі топқа береді, критерий бойынша бағалайды, комментарий жасайды.
Мұғалім жасалған жұмыстарға, топтардың бір-біріне берген бағасы- на, айтылған ойларға байланысты кері байланыс береді.
Аяқталуы Рефлексия. «Гүлдер» арқылы сабақты қорытындылайды. Оқушылар- ға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі, олар сабақ қорытын- дысы бойынша жасыл түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен?
Үйге тапсырма. Күлтегін жырынан алынған үзіндіні қатыстырып,
«Күлтегін жырындағы және қазіргі замандағы ел бірлігі мен патрио- тизм» тақырыбында жинақы мәтін жазады. Таратпа қағаздар

ОӘК
материалдары

Қосымша ақпарат
Күлтегін жыры туралы қосымша ақпараттар
Саралау Екі топқа бөлініп, «Артық болмас білгенің» айдарында берілген мә- тін мен оқылым материалын сабақтастыра отырып, сұхбат құрады. Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих.
Бағалау Қосымша крите- рийлер арқылы Ізденіс жұмысын бағалау критерийі;
«Жетістік баспалдағы» әдісі
Рефлексия Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақ- тарға жауап беріңіз.
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Сабақты жетілдіруге болатын қандай факторлар бар? Тапсырмаларды уақыт мөлшеріне қарай таңдау, топтағы қарым-қа- тынасты бақылау. Жекелеген білім алушыларды топтық жұмыстарға тарту.

Сабақтың тақырыбы: §6. А.Байтұрсынұлы түзген «Қазақ жазуы»

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 8 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары 8.1.1.1 – мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды;
8.3.5.1 – оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазады.
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы орындай алады: мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: оқылым және тыңдалым материалдары бой- ынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазады.
Оқушылардың кейбірі орындай алады: анықтаған тірек сөздерді шығармашылық жұ- мыстарында еркін қолдана алады.
Бағалау критерийлері Ақпараттарды іріктейді, ішінара ізденушілік жұмыстарын жүргізеді.
Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер: «Байтұрсынұлы жазуы», 1912 жыл, «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
менің ойымша, ендеше, келісемін, салыстырғанда.
Алдыңғы оқу Төте жазу туралы жалпы мәліметті біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар
(жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы Қызығушылықты ояту

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Оқушылар топта төмендегі кестені сәйкестендіріп шығады және дұрыс жауаппен салыстырады. Салыс- тырудан кейін жұмыстарына байланысты өз пікірін білдіреді.

Сәйкестендір.

1929 жылға дейін Латын графикасына негізделген
қазақ жазуы
1929–1940 жылдар Араб жазуы және
аралығында А.Байтұрсынұлының төте жазуы
1940 жылдан қазірге Орыс графикасына негізделген дейін қазақ жазуы

Кестеде берілген ақпаратты және суретті негізге ала отырып, сабақ- тың тақырыбын болжайды.

ОӘК
материалдары

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар
(жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Сабаққа болжам жасау үшін сұрақтар беріледі:
1. Қазақ жазуының бастау арнасы қай жазу болып саналады?
2. Жазу, графика, әліпби ұғымдарының арасында қандай байланыс бар?
3. А.Байтұрсынұлы ұсынған қазақ жазуы неге «төте жазу» деп аталады?

Мұғалім кері байланыс жасайды.
Ортасы Тілдік мәлімет берілді
Қосарланған күрделі атаулардың жазылуы:
• Дефис арқылы жазылатын екі сөзден құралған фамилиялар;
• Орыс тілі арқылы енген географиялық атаулар;
• Орыс және шетел қалалары көшелерінің, алаңдарының аттары. Оқылым тапсырмасы
«Пирамидалық талқылау» әдісі бойынша:
Тік төртбұрыштың сыртқы бөлігіне топтың әр мүшесі мәтін туралы туралы өз тұжырымын 1 сөйлеммен жазады. Ал ішкі төрт бұрышқа төрт пікірге ортақ көтерілетін мәселені болжайтын түйін жазылады. Дескрипторлар:
• мәтін мазмұнын түсінеді;
• көтерілетін мәселені болжайды.
• Мұғалім кері байланыс жасайды. ОӘК
материалы
«Пирамида- лық талқы- лау» әдісі

Түртіп алу» әдісі
Тыңдалым тапсырмасы Топтық тапсырма
Ахмет Байтұрсынұлының жаңа қазақ әліпбиін жасауда сіңірген еңбегі туралы мәтінді (03. mp3) тыңдап, негізгі ойды «Түртіп алу» әдісімен жазып алады. Болжаған мәселені негізге ала отырып, жина- қы мәтін жазады.
Дескрипторлар:
• тыңдалым мазмұнын түсінеді;
• жинақы мәтін жазады.
Мұғалім жасалған жұмыстарға, оқушылардың бір-біріне берген баға- сына, айтылған ойларға байланысты кері байланыс береді.

Жұптық тапсырма
Төмендегі сөздерді А.Байтұрсынұлы ұсынған төте жазу әліпбиімен жазып көреді. Ар, тал, тас, ор, нан, арлан, жаз, жұлдыз, шаң, алғыс, сән.
Жұптық жұмыста оқушылар бірінің жұмысын бірі бағалайды. Мұға- лім кері байланыс жасайды.
Аяқталуы Рефлексия. «Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесін толтырады.

Үйге тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, «Бұрын қолданылған араб жа- зуын А.Байтұрсынұлы не үшін реформалады?» деген сұрақ бойынша жинақы мәтін жазады. «Менің са- бақтан кейінгі әсерім» кестесі Таратпа қағаз- дар.

ОӘК
материалдары

Қосымша ақпарат
Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған «Төте жазу» туралы қосымша деректер
Саралау

Қосымша крите- рийлер арқылы бағалау «Артық болмас білгенің» айдарымен берілген мәліметті оқып, «Еркін жазу» әдісімен ой қорытады.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих.
Рефлексия Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұя- шықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Тапсырмаларды уақыт мөлшеріне қарай таңдау, топтағы қарым-қаты- насты бақылау. Жекелеген білім алушыларды топтық жұмыстарға тарту.

Сабақтың тақырыбы: §7. Қазақ жазуының дамуы

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 8 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары 8.1.3.1 – тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды;
8.3.5.1 – оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазады.
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы орындай алады: тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсы- нылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: оқылым және тыңдалым материалдары бо- йынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазады.
Оқушылардың кейбірі орындай алады: ұсынылған астарлы ойды шығармашылық жұ- мыстарында еркін қолдана алады.
Бағалау критерийлері Ақпараттарды іріктейді, ішінара ізденушілік жұмыстарын жүргізеді.
Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер: қазақ жазуының тарихы, араб жазуы, төте жазу, латын жазу, кириллица, А.Байтұрсынов.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: менің ойымша, …салыс­ тырғанда, өзгелердің пайымдауларынша.
Алдыңғы оқу Қазақ жазуының тарихын біледі

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар
(жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Тыңдалымалды тапсырма
Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Оқушыларға оқылым мәтіні ұсынылады.
«Жасырын жауап» әдісі
Оқылылым мәтінінен соң сынып оқушылары жұптаса отырып, та- қырыпқа сәйкес бір-біріне 1 сұрақ дайындайды. Ол сұрақты кімге арнағанын жазады, бірақ сұрақ қоюшының аты аталмайды. Жауап алушы сұрақ кімге қойылғанын біліп отырады.
Сұрақтар:
1. Латын әліпбиіне көшкен соң қазақ жазуында қандай өзгерістер болды?
2. Қолданыстағы қазіргі жазуымыз қалай аталады?
3. Жазудың өзгеруіне не ықпал етеді деп ойлайсыңдар?
4. Жазуға байланысты қазір қоғамда қандай мәселе бар?
Дескрипторлар:
• тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді;
• ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды;
• мәтін жазады.
Мұғалім кері байланыс жасайды. ОӘК
материалдары

«Жасырын жауап» әдісі
Ортасы Топтық тапсырма
1-топ. Сыныптастарының есімін латын жазуымен жазады.
2-топ. Төмендегі латын қарпімен жазылған мәтінді кириллицамен жазады.
3-топ. Оқуда қиындық келтірген әріптерді бөлек жазып, өз нұсқала- рын ұсынып көреді.
4-топ . Латын әрпімен жинақы мәтін жазады.
Дескрипторлар:
• мәтінді түсініп оқиды;
• латын әрпімен жазуды біледі;
• жинақы мәтін жазады.
Мұғалім жасалған жұмыстарға, оқушылардың бір-біріне берген баға- сына, айтылған ойларға байланысты кері байланыс береді. ОӘК
материалдары
Аяқталуы Рефлексия. Сабақ бойынша алған қажетті мәліметтерді портфельге салады, әлі де зерттеуді қажет ететін мәліметтерді еттурағышқа сала- ды, қажет емес мәліметтерді қоқыс жәшігіне салады.

Үйге тапсырма. «Латын графикасына көшу – заман талабы» деген тақырыпта эссе жазады. Таратпа қағаздар

ОӘК
материалдары

Қосымша ақпарат
Қазақ жазуының тарихы туралы ақпарат көздері
Саралау

Қосымша крите- рийлер арқылы бағалау Мәтінді оқып, қай көзқарасты жақтайтыныңды айқындап алады.
«Қай әліпбиге көшкен дұрыс?» тақырыбында пікірталас жүргізеді. Қорытынды жасайды.

«Жетістіктер баспалдағы» әдісі Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих.

Рефлексия Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақ- тарға жауап беріңіз.
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *