ЖБ Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) 5-сынып Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 2017-2018 жыл

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде)
5-сынып

========1========

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
2

========2========

Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР………4 «Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау…………………………………………..5 2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР…….11 «Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау………………………………….12 3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР…….18 «Адамгершілік — асыл қасиет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау………………………………19 4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР…….24 «Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау……………………………………..25
3

========3========

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
4

========4========

«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы, «Қобыланды батыр» жыры
Оқу мақсаты
А/И2 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау Б/С2 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау
Бағалау критерийі
Білім алушы
 Шығармадағы автордың бейнесіне талдау жасайды
 Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен
салыстыра бағалайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
10-15 минут
1-тапсырма
Шығармадан келтірілген үзінділерді пайдалана отырып, автордың негізгі ойын, көзқарасын анықтаңыз.
Асан қайғының (автор бейнесі) жерге айтқан сыны арқылы жердің қандай қасиеттері туралы айтқанына талдау жасаңыз.
Асан қайғының сыны Қандай қасиеттер Автор қандай
туралы айтады? адам? Түркістанның қасында ескі қорған қала
Сауранды көргенде: «Әттеген-ай,
қорғанды ай тақырдың бетіне,
Шөлістанның өтіне салған екен.
Сарқырап аққан суы жоқ, жайқалып
тұрған нуы жоқ, түбі тұрақты қала бола
алмас», — деген екен.
Баянауыл тауын көргенде: «Баянға
жаймай, қой семірмес», — деп, Асан
қазіргі Баянауылды өзіне жайлауетіпті.
Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісудың
ағашының басы сайын жеміс екен,
шаруаға жақсы қоныс екен», — депті.
Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) тұсындағы
Сыр өлкесін көргенде: «Ей, Ақмешіт,
жерің шаң екен, суың жар екен, әр
бұтаның түбінде кесек етің бар екен! Елің
жұтамас, малыңның көзіне сақ бол!» —
депті.
Қарсақбай аймағын көргенде: «Айналаң
жапан түз екен, тауыңның асты жез екен,
екі тауың ел біткенді шақырар, басыңа
байлық қонар, жұртың ашықпас!» — деп
жүріп кетіпті.
5

========5========

2-тапсырма
«Қобыланды батыр» жырындағы батыр бейнесін қазіргі шынайы өмірдегі батыр бейнесімен салыстырыңыз, айырмашылығы мен ұқсастығын сөздер мен сөз тіркестері арқылы жазыңыз.
«Қобыланды батыр»
жырындағы батыр бейнесінің ерекшелігін сипаттайтын сөздер мен
сөз тіркестері
Ортақ
белгілері (ұқсастықтары)
Қазіргі замандағы батыр бейнесінің ерекшелігін сипаттайтын сөздер мен
сөз тіркестері

Бағалау критерийі № Дескриптор
тапсырма Білім алушы
Шығармадағы 1 шығармадан келтірілген үзінділерден жерге автордың бейнесіне қатысты қасиеттерді анықтайды;
талдау жасайды.
үзінділер бойынша автор бейнесіне 5
сөйлеммен қорытынды жасайды;
Шығарма 2 жырдағы батырдың әрекеттері және оны кейіпкерлерінің сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін әрекетін қазіргі анықтайды;
өмірмен салыстыра қазіргі замандағы батырлардың ерекшелігін бағалайды. өз сөзімен сипаттайды;
екі замандағы батырларға тән ортақ
ұқсастықтарды табады.
Барлығы
5
Балл
1
1
1
1
1
6

========6========

«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі
Шығармадағы автордың бейнесіне талдау жасайды.
Төмен
Үзінділерден жерге қатысты қасиеттерді анықтау,
үзінділер бойынша автор бейнесіне 5 сөйлеммен қорытынды жасау қиындық туғызады.
Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды.
Жырдағы батырдың әрекеттері және оны сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін анықтауда, қазіргі замандағы батырлардың ерекшелігін өз сөзімен сипаттауда, екі замандағы батырларға тән ортақ ұқсастықтарды табуда қиналады.
Оқу жетістігі деңгейлері
Орта Жоғары Шығармадан келтірілген Шығармадан келтірілген үзінділерден жерге қатысты үзінділерден жерге қатысты қасиеттерді анықтауда, қасиеттерді дұрыс анықтайды, үзінділер бойынша автор бейнесіне үзінділер бойынша автор 5 сөйлеммен қорытынды жасауда бейнесіне 5 сөйлеммен толық қателіктер жібереді. дұрыс қорытынды жасайды.
Жырдағы батырдың әрекеттері Жырдағы батырдың әрекеттері және оны сипаттайтын сөздер мен және оны сипаттайтын сөздер сөз тіркестерін анықтауда, мен сөз тіркестерін дұрыс қазіргі замандағы батырлардың анықтайды,
ерекшелігін өз сөзімен сипаттауда, қазіргі замандағы батырлардың екі замандағы батырларға тән ерекшелігін өз сөзімен дұрыс ортақ ұқсастықтарды табуда сипаттайды,
қателіктер жібереді. екі замандағы батырларға тән
ортақ ұқсастықтарды дұрыс
табады.
7

========7========

«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
«Қобыланды батыр» жыры
Оқу мақсаты
5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау 5.А/И3. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
 Шығарманың басты тақырыбы мен негізгі ойын
анықтайды
 Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының
мағынасын ажыратады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
10-15 минут
1-тапсырма
«Екі жақты түсіндірме күнделігі» арқылы «Қобыланды батыр» жырының
тақырыбы мен идеясын анықтаңыз.
Кестенің сол жағына мәтіннен тақырыбы мен идеясына байланысты (шығарма бойынша) үзінділер жазыңыз.
Оң жағына үзінділердің түсіндірмесін өз сөзіңізбен жазыңыз.
Жырдан үзінді (цитата)
Түсіндірме
(неге осы ойды таңдады, ол несімен
маңызды болды)
Тақырыбы Идеясы
2-тапсырма
Жырдан төмендегі сөздердің тура мағынасын анықтаңыз, жазыңыз.
Ауыспалы мағыналы сөз
Тура мағыналы
сөз
Бейнеле уіш құрал
түрі
Қара үйлі кедейлер қарқ болыпты да қалыпты. Жылқы біткеннен тігерге тұяқ қалдырмай айдап кетіпті.
Арыстанның апандай аузын көреді.
Қараңғылық серпіліп жүре бергенде… Құстай ұшып, құйғытып барады.
8

========8========

Бағалау критерийі
№ тапсырма
Шығарманың басты тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды.
1
Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын ажыратады.
Барлығы
2
Дескриптор Білім алушы
жырдан тақырып пен идеяға қатысты үзінділер табады; үзінділердің мағынасын өз сөзімен түсіндіреді; үзінділер негізінде жырдың тақырыбы мен идеясын түсіндіреді.
берілген сөздердің тура мағынасын анықтайды; бейнелеуіш құрал түрін анықтайды.
Балл
1
1
1
1
1
5
9

========9========

«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні _____________________________
Бағалау критерийі
Шығарманың басты тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды.
Төмен
Тақырып пен идеяға қатысты үзінділерді табу, мағынасын өз сөзімен түсіндіру, үзінділер негізінде жырдың тақырыбы мен идеясын анықтау қиындық туғызады.
Жырдан тақырып пен идеяға қатысты үзінділерді табуда, мағынасын өз сөзімен түсіндіруде, үзінділер негізінде жырдың тақырыбы мен идеясын анықтауда қателіктер жібереді.
Оқу жетістігі деңгейлері
Орта
Жоғары Жырдан тақырып пен идеяға қатысты үзінділерді дұрыс табады, мағынасын өз сөзімен дұрыс түсіндіреді, үзінділер негізінде жырдың тақырыбы мен идеясын дұрыс анықтайды.
Сөздердің тура мағынасын,
Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын ажыратады.
Сөздердің тура мағынасын, бейнелеуіш құрал түрін анықтауда қиналады.
Сөздердің тура мағынасын,
бейнелеуіш құрал түрін анықтауда бейнелеуіш құрал түрін дұрыс қателіктер жібереді.
анықтайды.
10

========10========

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
11

========11========

«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай Жомарт»
Оқу мақсаты
5.А/И1. Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу 5.Б/С3 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
 Шығармадағы суреттеулер мен қарама-қарсы
суреттеулерді ажыратады
 Шығармадағы кейіпкердің жеке құндылығына
талдау жасай отырып, әдеби эссені жүйелі жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
10-15 минут
1-тапсырма
«Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінен цитаталар келтіре отырып, Қыпшақ Сейітқұл мен ағасының образдарын салыстырыңыз.
Кейіпкерлер
Кейіпкерлер іс- әрекетінен
цитаталар
Екі кейіпкердің образдарына салыстыру (айырмашылығы мен ұқсастығына) жасаңыз.
Қыпшақ Сейітқұл
Сейітқұлдың ағасы
2-тапсырма
Суреттерге назар аударып, «Атымтай Жомарт» туралы әңгіме үзіндісін оқыңыз. Осы шығармадағы автордың ойын жалғастырып, «Бүгінгінің Атымтай Жомарты қандай?» тақырыбында әдеби эссе (сөз саны-100-120) жазыңыз.
1
«Атымтай Жомарт» әңгімесі

«Атымтай Жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын, таныстары сұрады дейдi:
– Жомарт, құдай берген дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйте тұрып, өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың
12

========12========

2
мағынасы не? – деп. Жомарт айтты дейдi:…»
3
4
Бағалау критерийі
Шығармадағы суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді ажыратады.
№ тапсырма
1
Шығармадағы кейіпкердің жеке құндылығына талдау жасай отырып, әдеби эссені жүйелі жазады.
2
Барлығы
Дескриптор Білім алушы
шығармадағы екі кейіпкердің қарама-қарсы іс-әрекетін берудегі салыстыра суреттеулерді табады;
Балл
1
эссенің сұрағына жауап беретін үш дәйексөзді (аргумент есебінде) таңдайды;
эссе құрылымын, сөз санын сақтайды. (кіріспе, негізгі, қорытынды, сөз саны-100-120); стильді (көркем әдеби) орынды қолданады.
1
1
1
4
13

========13========

«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ________________________________
Бағалау критерийі
Шығармадағы суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді ажыратады.
Төмен
Екі кейіпкердің қарама-қарсы іс- әрекетін берудегі салыстыра суреттеулерді табуда қиналады.
Шығармадағы кейіпкердің жеке құндылығына талдау жасай отырып, әдеби эссені жүйелі жазады.
Эссенің сұрағына жауап беретін үш дәйексөзді (аргумент есебінде) таңдауда
эссе құрылымын, сөз санын сақтауда (кіріспе, негізгі, қорытынды, сөз саны-100-120), стильді (көркем әдеби) орынды қолдануда қиналады.
Оқу жетістігі деңгейлері
Орта
Шығармадағы екі кейіпкердің қарама-қарсы іс-әрекетін берудегі салыстыра суреттеулерді табуда қателіктер жібереді.
Жоғары Шығармадағы екі кейіпкердің қарама-қарсы іс-әрекетін берудегі салыстыра суреттеулерді еркін табады.
Эссенің сұрағына жауап беретін үш Эссенің сұрағына жауап беретін дәйексөзді (аргумент есебінде) үш дәйексөзді (аргумент таңдауда есебінде) таңдайды,
эссе құрылымын, сөз санын эссе құрылымын, сөз санын сақтауда (кіріспе, негізгі, сақтайды (кіріспе, негізгі, қорытынды, сөз саны-100-120), қорытынды, сөз саны-100-120), стильді (көркем әдеби) орынды стильді (көркем әдеби) орынды қолдануда қателіктер жібереді. қолданады.
14

========14========

«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
Оқу мақсаты
5.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс- әрекеті арқылы образын ашу
5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
 Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті
арқылы образын суреттеп, сипаттайды
 Шығармадан алған әсері туралы сипаттайтын пікірін
жазбаша жеткізеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Орындау уақыты
10-15 минут
1-тапсырма
Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен портретін талдап, автордың мәтіндегі кейіпкер образын ашуда сөз қолданысына талдау жасаңыз (2-3 сөйлем).
Кейіпкер портреті (Ақтан жас) мен іс-әрекетін ашудағы
өлең жолдары
Жапанға біткен жапырақ,
Жамылсаң тоңар ма екенсің? Жазғы шыққан бүлдірген,
Сұғынсаң тояр ма екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор,
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?
Тұлпар атты жаратып,
Құйрық-жалын таратып,
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Сапы асынар ма екенсің?
Тең құрбымен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніне бал құйып,
өмірде сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің,
Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі, жетерсің.
Автордың кейіпкер образын ашудағы сөз қолданысына талдау
15

========15========

2-тапсырма
өлеңнен алған әсеріңізді білдіре отырып, жетім бала Ақтан жасқа (70-80 сөз
көлемінде) хат жазыңыз.
Бағалау критерийі
№ тапсырма
Көркем
шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.
Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.
1
2
Барлығы
Дескриптор Білім алушы
мәтіндегі кейіпкер образын ашатын сөз қолданыстарын талдай отырып,
2-3 сөйлеммен қорытып жазады;
Балл
1
шығармадан алған әсерін сипаттап жазады;
хат құрылымын сақтап жазады;
1
1
сөз санын (70-80 сөз) сақтайды.
1
4
16

========16========

«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні _______________________________
Бағалау критерийі
Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын суреттеп, сипаттайды.
Төмен Кейіпкер образын ашатын сөз қолданыстарын талдау, 2-3 сөйлеммен қорытып жазу қиындық туғызады.
Шығармадан алған әсері туралы сипаттайтын пікірін жазбаша жеткізеді.
Шығармадан алған әсерін сипаттап жазуда, хат құрылымын, сөз санын (70-80 сөз) сақтауда қиналады.
Оқу жетістігі деңгейлері
Орта Жоғары Мәтіндегі кейіпкер образын Мәтіндегі кейіпкер образын ашатын сөз қолданыстарын ашатын сөз қолданыстарын талдауда, 2-3 сөйлеммен қорытып талдайды,
жазуда қателіктер жібереді. 2-3 сөйлеммен толық
қорытып жазады.
Шығармадан алған әсерін сипаттап жазуда, хат құрылымын, сөз санын (70-80 сөз) сақтауда қателіктер жібереді.
Шығармадан алған әсерін сипаттап жазады, хат құрылымын, сөз санын (70- 80 сөз) сақтайды.
17

========17========

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
18

========18========

«Адамгершілік — асыл қасиет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі
Оқу мақсаты
5. Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы
 Шығарманы сюжеттік желісі бойынша ретімен
орналастырады
 Мазмұн бойынша берілген сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Орындау уақыты
10-15 минут
1-тапсырма
Шығармадағы сюжеттер желісіне қарай оқиғаларды ретімен орналастырыңыз.
Оқиғалар
өле-өлгенше бұл дүниеден шешесін мың бейнеден іздесе де мәңгі бақи таба алмай, арманда өтетін шығар…
Иә, Манап Симбатович секілді ағам бар деген ой, әрине, Қалидың үш ұйықтаса түсіне кірген емес.
Қали костюмге көз қиығын немқұрайды тастады да, миығынан күлімсіреді.
Алыстағы ағаң жыл он екі айда бір рет келеді.
Орындық арқалығын желкесіне жастап, басын артқа тастап жіберді де, көзін жұмды.
Ауыл есіңде ме? Көкем, мен… Қалғұты… тау, қалың орман есіңде шығар?
Хат жазамын. Келер жылы жазда келемін…
Мереке қарсаңында жасөспірім боксшылардың қалалық біріншілігі өтеді.
Реті
2-тапсырма
Әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сұрақ Жауап Қали Манап әкелген костюмді неге киіп
көрмеді?
Қали балалар үйінде немен айналысады?
Манап неліктен Қалиды балалар үйіне тапсырған еді?
19

========19========

Бағалау критерийі
№ тапсырма
1
Дескриптор Білім алушы
шығарманың мазмұны бойынша оқиғалардың ретін белгілейді.
Балл
Шығарманың сюжеттік желісі бойынша ретін орналастырады. Мазмұн бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.
1
2
берілген үш сұраққа мазмұн бойынша жауап береді.
Барлығы
1 1 1 4
20

========20========

«Адамгершілік — асыл қасиет» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні _____________________________________________
Бағалау критерийі
Төмен
Шығарманың сюжеттік Шығарманың мазмұны бойынша желісі бойынша ретін оқиғалардың ретін белгілеу орналастырады. қиындық туғызады.
Мазмұн бойынша берілген Берілген үш сұраққа мазмұн сұрақтарға жауап береді. бойынша жауап беруде қиналады.

Оқу жетістігі деңгейлері
Орта
Шығарманың мазмұны бойынша оқиғалардың ретін белгілеуде қателіктер жібереді.
Жоғары Шығарманың мазмұны бойынша оқиғалардың ретін дұрыс белгілейді.
Берілген үш сұраққа мазмұн бойынша жауап беруде қателіктер жібереді.
Берілген үш сұраққа мазмұн бойынша толық жауап береді.
21

========21========

«Адамгершілік — асыл қасиет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
А.Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
Оқу мақсаты
5. А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу
Б/С 2 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау
Бағалау критерийі
Білім алушы
 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап хат
жазады, құрылымын сақтайды
 өмірмен байланыстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
10-15 минут
Тапсырма
Ақынның «Тұқымын адалдықтың шаштым, ектім…» деген өлең жолдарындағы басты ойын дамыта отырып, өз пікіріңізді білдіріп, замандастарыңызға арнап хат жазыңыз. Шынайы өмірмен байланыстырыңыз.
Бағалау критерийі
№ тапсырма
1
Дескриптор
Білім алушы
хат құрылымын сақтайды;
кіріспе бөлімде автор өлеңінен алған әсерін жеткізеді;
негізгі бөлімде автор айтқан қасиеттердің қазіргі өмірде көрініс табуына өмірден дәлелдер келтіреді;
қорытынды бөлімде замандастарын адамгершілік қасиеттерге шақырады. Шынайы өмірмен байланыстырады.
Балл
Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап хат жазады, құрылымын сақтайды.
1 1
1
1
өмірмен байланыстырады.
1
1. Барлығы
5
22

========22========

«Адамгершілік — асыл қасиет» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ______________________________________
Бағалау критерийі
Төмен
Көркем шығармадан алған Хат құрылымын сақтап,
әсерін сипаттап хат, өлең кіріспе бөлімде автор өлеңінен жазады, құрылымын алған әсерін жеткізу,
сақтайды. негізгі бөлімде автор айтқан
қасиеттердің қазіргі өмірде көрініс
табуына өмірден дәлелдер келтіру,
қорытынды бөлімде замандастарын
адамгершілік қасиеттерге
шақырып, хатты рәсімдеу қиындық
туғызады.
өмірмен байланыстырады.
Шынайы өмірмен байланыстыру қиындық туғызады.
Оқу жетістігі деңгейлері
Орта Жоғары
Хат құрылымын сақтауда, Хат құрылымын сақтайды, кіріспе бөлімде автор өлеңінен кіріспе бөлімде автор өлеңінен алған әсерін жеткізуде, алған әсерін дұрыс жеткізеді, негізгі бөлімде автор айтқан негізгі бөлімде автор айтқан қасиеттердің қазіргі өмірде көрініс қасиеттердің қазіргі өмірде көрініс табуына өмірден дәлелдер табуына өмірден нақты дәлелдер келтіруде, келтіреді,
қорытынды бөлімде замандастарын қорытынды бөлімде
адамгершілік қасиеттерге шақырып, замандастарын адамгершілік хатты рәсімдеуде қателіктер қасиеттерге шақырып, хатты жібереді. дұрыс рәсімдейді.
Шынайы өмірмен байланыстыруда қателіктер жібереді.
Шынайы өмірмен байланыстырады
23

========23========

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
24

========24========

«Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі
Оқу мақсаты
Т/Ж4. Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту
Бағалау критерийі
Білім алушы
 Әдеби шығармалардан шағын көлемді үзінділерді
мәнерлеп оқып, жатқа айтады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Орындау уақыты
10-15 минут
Тапсырма
«Автор орындығын» пайдаланып, «Нағыз әже қайда?» әңгімесі бойынша кейіпкерлер атынан мәнерлеп, жатқа үзінді оқыңыз.
Нұсқау: Білім алушылар жасырылған кейіпкерлер атын таңдап алады. өзіне тиесілі кейіпкерді рөлге ене отырып, дауыс нақышына салып, мәнерлеп (монолог) жатқа оқиды. Кейіпкерлер:
1. Ая (автордың 1-қызы)
2. Райхан (автордың 2-қызы)
3. Азат (автор)
4. Жолдас (досы)
5. Азаттың әйелі
Мысалы: Азаттың әйелі (Жақсы кісілер. Тіпті айтары жоқ, оңды адамдар. Асты-үстімізге түсіп, жандары қалмай жүгіріп жүр. Қонаққа да өңкей тамаша адамдар жиналған екен.)
Бағалау критерийі
№ тапсырма
Дескриптор Білім алушы
жасырылған кейіпкерді таңдайды;
Балл
Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады.
1
1
кейіпкер рөліне енеді;
1
үзіндіні мәнерлеп жатқа айтады.
1
25

========25========

«Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ______________________________
Бағалау критерийлері Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады.
Төмен Кейіпкерді таңдау, рөлге ену,
үзіндіні мәнерлеп жатқа айту қиындық туғызады.
Оқу жетістігі деңгейлері
Орта
Жасырылған кейіпкерді таңдауда
кейіпкер рөліне енуде үзіндіні мәнерлеп жатқа айтуда қателіктер жібереді.
Жоғары Жасырылған кейіпкерді таңдайды,
кейіпкер рөліне енеді, үзіндіні мәнерлеп жатқа айтады.
26

========26========

«Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі
Оқу мақсаты
А/И3. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау Б/С 3.Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
 Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу
құралдарының мағынасын анықтайды
 Кейіпкерді ерекшелігіне талдайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
10-15 минут
1-тапсырма
«Мексика ұлы» әңгімесінің желісі бойынша берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерін суретпен сәйкестендіріңіз.
«Мексика ұлы» әңгімесі бойынша үзінділер
А Гонг қағылды да, айқас басталып кетті. Көрермендер 1
бір серпіліп, алға ентелей қалысты. Шыдамсыздана
шиыршық атып тұрған Дэнни екі аралықты бір-ақ
аттап, Мексика баласын екі шайнап, бір жұту
мақсатымен дүрсе қоя берді. Ол «ә» дегеннен-ақ
Ривераға жұдырықты жаңбырдай жаудырып кеп
жіберді. Тәжірибелі де шебер боксшының тұс-тұсынан
төпелеген соққылары Ривераны жел айдаған қаңбақтай
дөңгелетіп әкеп, керме арқанға жапсырды.
Ә Дауыл толқынтқан теңіз шуындай ду соғылған 2
шапалақтар үнінен селт етіп, басын көтерген Ривера
айналасында құрдай жорғалаған жаттықтырушылар
мен секунданттарын ертіп, орталық алаңға келе жатқан
Дэнни Уордты көрді.
Б
Спайдер Ховерти Ривераның тоқыма көйлегін басынан 3 сыпырған кезде, зал іші күңіреніп кеткендей болды. Қара торы өңі оны барынша арық та әлжуаз етіп көрсетті. Рас, бұлшық еттері оның бар болатын, бірақ қарсыласымен салыстыруға келмейтін. Алайда алабұртқан көпшілік оның апайтөс кең кеудесін байқай алмай қалды.
27

========27========

В
Осыдан кейін ешкім күтпеген керемет оқиға болды. Жұдырықтар дауылы күрт тынды да, Ривера рингте жалғыз қалды. Дэнни, қаһарлы да даңқты Дэнни шалқасынан түсіпті. Ол теңселіп барып немесе тізерлей барып, жайлап жантая құламады, мұрттай ұшты. Оны Ривераның серпе ұрған сол қолы баудай
түсірген екен.
4
Джек Лондон. «Мексика ұлы» http://bilimland.kz/
2-тапсырма
Кейіпкерге сыни тұрғыдан баға бере отырып, 40-50 сөзден тұратын эссе жазыңыз.
Бағалау критерийі
№ тапсырма
Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын анықтайды.
1
Кейіпкерді ерекшелігіне талдайды.
2
Барлығы
Дескриптор
Білім алушы
әңгімедегі автордың тіл шеберлігін, тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер) түсінеді, суретпен салыстыру арқылы анықтайды;
берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерді суреттермен
сәйкестендіреді.
Кейіпкерге сыни баға беріп, эссе жазады.
Балл
1
1
1
2
28

========28========

Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі. «Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ____________________________________
Бағалау критерийі
Шығармадағы тілдік бейнелеу,
Төмен
Әңгімедегі автордың тіл шеберлігін,
Оқу жетістігі деңгейлері
Орта Әңгімедегі автордың тіл
эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтайды.
суреттеу құралдарының (теңеу, тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын шеберлігін, тілдік бейнелеу,
(теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы суреттеу құралдарын (теңеу,
сөздер) түсіну, суретпен салыстыру арқылы анықтау, берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерді суреттермен сәйкестендіру қиындық туғызады.
Кейіпкерді ерекшелігіне талдайды.
Кейіпкерге сыни баға беріп, эссе жазу қиындық туғызады.
эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер) түсінуде, суретпен салыстыру арқылы анықтауда, берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерді суреттермен сәйкестендіруде қателіктер жібереді.
Жоғары
Әңгімедегі автордың тіл шеберлігін, тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер) түсінеді, суретпен салыстыру арқылы анықтайды, берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерін суреттермен сәйкестендіреді.
Кейіпкерге сыни баға беріп, эссе жазуда қателіктер жібереді.
Кейіпкерге сыни баға беріп, эссе жазады.
29

========29========

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *